Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



жүктеу 1,85 Mb.
бет4/8
Дата01.02.2018
өлшемі1,85 Mb.
#8304
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

Міндеттері:

1. Үлгіге сүйене отырып, дайын пішіндерден бейнелерді құрастыра білуге үйрету.

2. Жапсыру техникасы дағдылары мен біліктерін дамыту.

Мазмұны:

Балаларды көкөністер мен жемістерді, азық-түліктерді, ыдыс-аяқтарды, ойыншықтар мен жануарларды бейнелеуге үйрету.



Ересектер әзірлеген ірі және едәуір ұсақ элементтерді орналастырып (алдымен қағаз бетіне құрастырып, содан соң оларды желімдеу) желімдеуге көмектесу.

Заттар мен ою-өрнектердің пішінін, түсі мен көлемін ескеріп, геометриялық пішіндерден өрнектер құрастыруда жазықтықта орналастыру заңдылықтарын (элементтердің бірізділігі мен арақашықтығын сақтау) көрсету.

Әртүрлі пішіндегі қағазға қазақтың «Қойдың ізі», «Құс тұмсық», «Құс қанаты» ою-өрнектеріндегі кейбір элементтерді орналастыра білуге үйрету.

Қылқаламға желімді ұқыпты жағу, клеенканың үстіндегі дайын пішіндерге жағу және желімнің қалдықтарын сүрту үшін сулықпен қолдана білуін дамыту.

Қағаздың ерекшеліктерін нақтылау: жыртылады, бүктеледі, умаждалады.

Жыл соңында жапсыру бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- қағаз бетіне дайын пішіндерден заттардың бейнесін құрастыруды және оларды жапсыруды;

- желіммен қолдануды білуі тиіс.
Сурет салу

Мақсаты: сурет салудың түрлі бейнелеу іскерліктері мен дағдылары арқылы мектепке дейінгі кіші жастағы балаларда эстетикалық талғамдарын тәрбиелеу.

Міндеттері:

1. Ұлттық ойыншықтармен және сәндік қолданбалы өнер туындыларымен, заттар мен өнер туындыларының эстетикалық сипаттарымен таныстыру.

2. Пішінін, түсі мен бөліктердің орналасуын жеткізе отырып қарапайым заттарды, қоршаған болмыстағы құбылыстар мен ертегі кейіпкерлерін бейнелеу тәсілдерін үйрету.

Мазмұны:

Қоршаған ортаның, қазақтың және басқа да халықтардың өнер туындыларының, тұрмыстық заттары мен ұлттық ойыншықтардың әсемдігіне эмоционалдық пікірін дамыту.

Түрлі бағыттарда түзу сызықтар (ленталар, жолдар) жүргізу және оларды қиыстыру (шарбақтар мен сатылар) іскерліктерін дамыту.

Балаларды ертегі кейіпкерлерін, қарапайым табиғат құбылыстарын, жануарларды, ойыншықтарды, ыдыс-аяқтарды, кейбір азық-түлік өнімдерді, көкөністер мен жемістерді бейнелеуге тұжырымдау.

Дөңгелек пішінді заттарды (ауа шарлары, аспанда қалқып жүрген бұлттар) салуға үйрету.

Төртбұрыш пішінді заттарды (орамалдар, дастарқан, кілем, текемет, сырмақ, жалаушалар, сулықтар) бейнелеуге үйрету, оларды дөңгелек пішіндермен (арба, вагон, машина) үйлестіру.

Жануарлардың бейнесін салудың қарапайым түрлерін (екі-үш бөлім) көрсету.

Техникалық дағдылары мен біліктерін дамыту (қарындашпен, бояумен бір бағытта бояу). Заттар мен құбылыстардың бейнелерін беру барысында түрлі бағыттағы қол буыны қимылдарын дамыту.

Қазақ ою-өрнектерінің элементтерін салуға үйрету: «Қойдың ізі», «Құс тұмсық», «Құс қанаты» және дымковтық әшекейлеулер «Нүктелер», «Жапырақтар», «Қиылысатын жолақшалар».

Кез-келген ою-өрнекті пішіндерін, элементтерінің бірізділігін, олардың арақашықтығын ескеріп, кеңістікте орналастырудың заңдылығын көрсету.

Балаларды дәстүрден тыс сурет салу үлгілеріне үйрету (саусақпен, алақанмен, мөртаңбалармен, таяқшамен, сорғышпен және т.б.).

Балаларды қарындаш пен қылқаламды дұрыс ұстауға, бояумен (гуашьпен) ұқыпты қолдануға үйрету, негізгі түстермен және олардың реңктерімен таныстыруды жалғастыру.

Жыл соңында сурет салу бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- негізгі түстерді: (қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ) танып білуді;

- қарындашпен, қылқаламмен, бояумен жұмыс істеуді;

- түзу, доғал, көлбеу, ұзын, қысқа, қиылысатын жолақшаларды қолдана отырып қарапайым заттар мен құбылыстарды бейнелей білуі тиіс.
Музыка

Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың музыкаға қызығушылығын, музыкалық әрекеттің әр түріне эмоционалдық қарым-қатынасын білдіруге талпынысын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Қарапайым табиғи дауыспен күш түсірмей, сазды ән салуға, музыкалық аспаптар мен ойыншықтардың дауыстарын естуге үйрету.

2. Би қимылдары мен музыкалық ойын әрекеттерін орындауға ынталандыру.

Мазмұны:

Музыка тыңдау

Музыкалық шығармаларға эмоционалдық қатынасын тәрбиелеу.

Музыкалық ойыншықтар мен сылдырмақтардың (қоңырау, сазсырнай, дабыл, асатаяқ т.б.) дыбыстарын ажырата білу дағдысын қалыптастыру.

Әнде не туралы айтылғанын әңгімелеп беруге үйрету.



Ән айту

Таза дыбыстау, созып айту, бірге және жеке айту дағдыларын қалыптастыру. Дыбысталу күші бірдей бір қарқынды (қатты-жай) ән айтуға үйрету. Түрлі сипаттағы әндерді орындауда қолдану.

Табиғи дауыспен әннің сөздерін күш түсірмей айтуға, музыкалық фразалар арасында дем алуға, әнді бірге бастап, бірге аяқтауға, әуенін дұрыс бере білуге үйрету. Музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз педагогтің көмегімен бірінші октаваның ре-ля диапазонында айтуға үйрету. Дыбыстарды биіктігі бойынша ажыратып (октава шеңберінде), басталуы мен аяқталуына әсер ету.

Музыканың түрлі бөлімдерін (басы, қайырмасы т.б.) атамай, ажырата білуін дамыту .



Музыкалық-ырғақтық қимылдар

Музыканың би әуенін сезініп, түрлі халықтардың музыкаларымен қарапайым би қимылдарының элементтерін (шапалақтар, топылдату, отырулар, бұрылулар) орындауға үйрету.

Музыка әуеніне сәйкес қимылдарды ауыстыруға, шығарманың аяқталуын сезуге, жаттығуларда, ойындарда, ән айту шеңберлері мен билерде музыка әуенімен қимылдарды үйлестіруге тырысу біліктерін дамыту.

Жыл соңында музыка бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- музыкалық және сылдырмақ ойыншықтарды, балалар аспаптарын (сылдырмақ, қоңырау, дауылпаз бен металлофон) тануды;

- музыканы соңына дейін тыңдауды;

- өзіне таныс әндерді тануды;

- бір-бірінен қалмай және озбай ән салуды;

- би жаттығуларын (шапалақ, тепкілеу, отыру, айналу) жасауды білуі тиіс.
«ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Мақсаты: қарапайым әдептілік ережелерінің негізінде қоршаған ортамен қарым-қатынас пен өзара әрекетке қатысуға дайын мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны:



а) ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:

- қоршаған ортамен таныстыру;

- экология негіздері;

- көркем әдебиет арқылы



б) балалардың өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеу:

- ойын іс-әрекеті;

- қарым-қатынас және өзара әрекет үлгілері;

- шамасы жететін көмек көрсету;

- еңбек тапсырмалары;

- негізгі мейрам күндерін мерекелеуге қатыстыру;

- әлемді, адам сезімдерін, мінез-құлық нормаларын және ережелерін ашатын арнайы ойындар және жаттығулар арқылы жүзеге асады.
Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: балаларда қоршаған ортада өзін-өзі дұрыс ұстау қабілеттері мен қарым-қатынасын, әлеуметтік мәдениет негіздерін қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту.

2. Отаны мен отбасына сүйіспеншілік сезімін ояту және ересектерді құрметтеуге тәрбиелеу.

3. Балабақшада, көшеде, қоғамдық орындарда өзін-өзі дұрыс ұстау ережелерін сақтауға үйрету.

4. Балаларды жақын адамдарының, құрдастарының, жануарлар мен ертегі кейіпкерлерінің жағдайларына эмоционалдық қарым-қатынас жасауға ынталандыру.

Мазмұны:

Мен кіммін?

Өзі туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру (мен – адаммын, менің қолым, аяғым, басым, құлағым, көзім, мұрным, ауызым бар, мен аштықты, суықты сеземін және т.б.).

Өзін құрметтеуге және өзінің дербестігін нығайтуға мүмкіндік жасау.

Балаға қарапайым туыстық қарым-қатынастары, сүйіспеншілігі мен қандай эмоциялық сезімде болатыны туралы пікірін айтуға (Менің әкем, анам, ағам, апам, атам мен әжем, тәтем, көкем бар. Олардың бәрі мені жақсы көреді және маған қамқорлық жасайды) ынталандыру.



Адам - тіршілік иесі

Сыртқы физиологиялық ерекшеліктері туралы (әрқайсысының басы қолы, аяғы, беті, көзі, мұрны, ауызы бар және т.б.) түсінік беру. Балаларға көз, құлақ, ауыз, тіс, тіл, қол мен аяқтың не үшін қажеттігін түсінуге үйрету.

Өзінің эмоционалдық жағдайы туралы әңгімелеуге үйрету (қарным ашты - тойдым, шаршадым - дем алдым, ауырдым - емделдім, ренжідім - қуандым, жыладым - күлдім т.б.).

Отбасы

Отбасы бейнеленген суреттерді қарастыруға, отбасы мүшелері мен олардың әрекеттерін (анам сорпа пісіріп жатыр, әкем үй салып жатыр, атам газет оқып отыр, ағам мектепке барады) атауға ынталандыру. Балаларды «Бұл әке, ана, балалар» деп, рөлге бөле отырып, «Отбасы» сюжеттік-рөлдік ойынды ойнауға ынталандыру.

Балаларды отбасы үшін бөлмені жайғастыру: жиһаздарды қою, ыдыс-аяқтарды орналастыру ойын іс-әрекетіне ынталандыру.

Өзінің отбасы мүшелері туралы, кім не істейді, бір-біріне қалай көмектесетіндері жайлы сұрақтарға жауап беру. Басқалардың да өз отбасы, ата-аналары, олардың өз балаларын жақсы көріп қамқорлық жасайтыны туралы түсінуді үйрету.



Ересектердің еңбегі

Ересектердің еңбегі мен олардың қызметтері (тәрбиеші, дәрігер, аспаз), баланың туысқандарының немен айналысатыны, үйдегі іс-әрекеті («Әжем қатық ұйытады, наурызкөже дайындайды, шұлық тоқиды», «Анам ыдыс жуады», «Әкем орындық жөндейді», «Апайым сабақ оқиды») туралы түсініктерін кеңейту.

Көлік құралдарын түрлі мамандық иелері (жүргізуші, машинист, ұшқыш) басқаратыны туралы түсінік беру.

Ересектердің қызметін құрметтеп, оның нәтижелеріне ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Балаларды ересектермен бірге шамасына қарай бірлесіп еңбек етуге (ойыншықтарды жинау, үстелді жабдықтау, гүлдерді суару, балықтарға жем беру) араластыру.

Балабақша

Топ бөлмесі мен балабақша ауласын еркін бағдарлай білу дағдыларын жетілдіру: балабақша ғимараты мен өз тобын қарау, медициналық кабинетке, музыка залына, асханаға, көрші топқа серуен жасау және т.б.

Топтағы бөлменің жабдықтарымен (ондағы жиһаз, ойыншықтар, ыдыс-аяқтар, тірі табиғат бұрышы, кітаптар бұрышы) танысу. Ұйықтайтын бөлме (жиһаздар мен төсек жабдықтары), жуынуға арналған бөлмелер мен киім ауыстыратын бөлмелердің жабдықтарымен таныстыру. Әр бөлме неге арналғанын түсіндіру.

Балабақшада балалар немен айналысатынын әңгімелеуге үйрету.



Мінез-құлық дағдылары

Ізеттілік дағдыларын (сәлемдесу, қоштасу, көмек қабылдап, оған алғысын білдіру, өз көмегін ұсыну) дамыту. Қарапайым әдеп ережелерін: үлкенді тыңдау, ойыншығымен бөлісу, қоғамдық орындарда мәдениеттілік сақтауды үйрету.



Құрдастарымен және ересектермен ынтымақтасып әрекет ету

Өзінің, ата-аналарының, отбасының басқа да мүшелерінің аты-жөнін атай білуге және өзінің туыстары жөнінде әңгімелей білуге үйрету. Отбасы мүшелеріне мейірім мен сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

Балаларды құрбыларымен бірлескен әрекеттерге қатысуға, ойын барысында басқа балаларға кедергі келтірмей, бірлесіп ойнауға үйрету.

Еңбек тапсырмаларына қызығушылығын дамыту.



Адамгершілік қағидалары туралы түсінік

Өз отбасына, үйі мен балабақшасына сүйіспеншілік сезімін дамыту.

Бала бойына мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік және басқа да игі қасиеттердің орнығуына барынша мүмкіндік жасау. Ересектер қашан да баланы қолдап, оның жетістігіне қуанып, сәтсіздігіне қамығатыны, әрдайым оған қолдау жасап, көмектесетіні туралы түсінік беру.

Балабақшада өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстыру.


Экология негіздері

Мақсаты: қоршаған табиғатқа қамқорлықпен қарайтын, қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерген бала тұлғасын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Табиғат аясында өзін дұрыс ұстау ережелерімен таныстыру.

2. Жануарлар мен өсімдіктерге қамқорлық жасау: өсімдіктерді жұлмау, жануарларға қиянат көрсетпеу т.б. түсініктерін қалыптастыру.

Мазмұны:

Өзін-өзі ұстау дағдылары

Балаларға өзінің эмоциясын көрсету және табиғаттан және тірі табиғат объектілерінен алған әсерлерімен бөлісуді үйрету.

Адамдар табиғат аясында өзін ұстау ережелерімен: қоқыс тастамау, гүлдерді жұлмау, жәндіктерді қолмен ұстамау т.б. таныстыру.

Бала әрекетінің дұрыстығына сенімін күшейтуді қамтамасыз ету үшін оның табиғаттағы өін-өзі ұстау және қылықтарына жағымды бағаға мұқтаждығын қолдау.



Ересектер және құрдастарымен өзара іс-әрекеті

Өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру.

Табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға ересектермен бірлесіп күтім жасауға, қыста құстарды тамақтандыруға қатыстыру.

Ересектер және құрдастарымен өзара іс-әрекеті және қарым-қатынас ережелерін сақтауға: ересектерді аты-жөнімен атау, құрдастарын атымен атау, бір-бірін тыңдау, бірлесіп жұмыс атқаруға, ойнауға, бір-біріне бөгет жасамау, басқа адамдарға қамқорлық жасауға үйрету.

Отбасы мүшелерінің табиғаттағы кейбір еңбек әрекеттері туралы білімдерін қалыптастыру.

Ересектердің басқа адамдарға, табиғатқа, жан-жануарларға, жасаған қамқорлықтарын ерекше атап көрсету.

Адамгершілік нормалары туралы түсінік

Қоршаған өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қызығушылығын дамыту, «ненің болатынын және ненің болмайтынын», «керек, қажет», «жақсы және жаман» түсіне білуі.

Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарай білуді тәрбиелеу.

Балаларды өсімдіктер мен жануарларға күтім жасауға қатыстыру.

Құрдастарының теріс қылықтарына баға беруді үйрету.

Табиғатта өзін-өзі ұстау қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларын үйрету.


Көркем әдебиет

Мақсаты: халық ауыз әдебиеті мен балалар көркем әдебиеті шығармаларына эмоционалды ықыластылығын дамыту, кейіпкерлердің қарапайым өзара қарым-қатынасын бағалай білу.

Міндеттері:

1. Балаларды Қазақстанның және басқа елдердің халық ауыз әдебиеті шығармалары мен балалар көркем әдебиеті арқылы адами сезімдер мен қарым-қатынастар туралы таныстыру.

2. Ересектермен және құрдастарымен сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіншілік жасап, айналадағы адамдар да, олардың мінез-құлқы да әртүрлі және қызықты екенін көрсету.

3. Ертегі, әңгімелер, өлеңдер тыңдап, шығармалардың мағынасын түсініп, кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасын бағалай білуді тәрбиелеу.



Мазмұны:

Өзін-өзі ұстау дағдылары

Балаларды халық ауыз әдебиеті мен танымдық-көркем әдебиет шығармаларымен таныстыру.

Әдеби шығарма кейіпкерлерін үлгі ете отырып қоршаған орта, адами сезімдер мен қарым-қатынасы туралы, балалар мен ересектердің қоғамдағы мінез-құлқы туралы пікірлесуді үйрету.

Шығарманың мағынасын түсініп, әрекеттердің дамуын бақылауға үйрету. Көркем шығармалардың суреттерімен таныстыру. Кейіпкерлердің бір-бірімен қарым-қатынасын бақылауға, оны талқылауға үйрету.

Басқа адамдар, табиғат және жануарлар туралы қамқорлығынан кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен қылықтарын айқындау.

Ересектер және құрдастарымен өзара іс-әрекеті

Ертегілер мен әдеби шығармалардағы кейіпкерлерге жанашырлықпен қарауға, олардың сезімдері мен көңіл күйін өзінікімен салыстыра білуге үйрету.

Ересектер мен басқа балалармен жақындасу ниетін қолдап, дамыту. Құрдастарына ешқашан қиянат жасамай, тиісті жерде көмек көрсетуге тәрбиелеу. Бірлесіп, бір-бірімен татулықта ойнауға тәрбиелеу.

Адамгершілік нормалары туралы түсінік

Әдеби шығармалардың кейіпкерлерінің қылықтары мен мінез-құлқын талдауға үйрету, жақсы қылықтарын атап көрсету, балаға үлкендердің оның жетістіктеріне қуанып, сәтсіздіктеріне көмек беруге дайын екенін түсіндіру.

Сыпайылықтың қарапайым дағдыларын тәрбиелеу (сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау, өз көмегін ұсына білу), қандай жағдайда дұрыс жасауға болатынын түсінуге мүмкіндіктер туғызу.

Ертегілер мен әдеби шығарма кейіпкерлерінің мінез-құлқын талқылау арқылы өз көзқарастарын білдіруге үйрету.



Жыл соңында Әлеуметтік орта білім беру саласы бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- отбасы мүшелері бейнеленген фотосуреттерді қарастыруда отбасы мүшелерін, олардың қарапайым еңбек әрекеттерін «Анам ыдыс жуады», «Әкем орындық жөндейді» атауды;

- балабақша бөлмелері мен ауласында бағдарлай білуді;

- қоғамдық жерлерде өзін жақсы ұстап, бір-біріне бөгет жасамай, қатар ойнау және шұғылдануды;

- басқа адамдарға қамқорлық жасауды;

- табиғатта өзін қалай ұстау керектігін; гүлді жұлмау, ағаштардың бұтақтарын сындырмау, жануарларға тиіспеуді түсінуді;

- өсімдіктер мен жануарларды күтуге шамасы келегенше қатысуды;

- ертегі, әңгіме, өлең тыңдауды, әрекеттің дамуын қадағалауды;

- әдебиет кейіпкерлерінің мінез-құлқы туралы өзінің көзқарасын айтуды, оның жағымды және жағымсыз қасиеттерін бағалауды;



- мінез-құлық дағдыларын: сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау, өз көмегін ұсыну көрсетуді білуі тиіс.

ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ
Мақсаты: балалардың алғашқы бірігіп ойнау тәжірибелерін жинауда, басқа баламен қатар және бірге ойнай білуін дамытуда белсенді тұлға қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Әртүрлі ойындарға қызығушылығын дамыту. Ойынды таңдауда, ойлаған ойын іске асыруда дербестігін дамыту, белсенді іс-әрекетке ынталандыру, сергек және қуанышты көңіл-күйін қолдау.

2. Ойын іс-әрекеті тәсілдерін: ойын әрекеттерін оңайлау сюжеттермен бірлескен ойыншықтармен орындау, ойын үшін 1-2 затты дербес таңдап ала білу, дидактикалық ойындар мен қозғалыс ойындарының қарапайым ережелеріне және үлгілеріне сәйкес ойын әрекеттерімен ойнау.

3. Ересектердің көмегімен ойыншықтар мен заттарды өз орындарына орналастыруды, құрылыс материалдарын қалауды үйрету.

4. Балаларды ойыншықтарды санына, көлеміне, мөлшеріне қарай салыстыруға, заттардың аттарын, ойында қолданылатын кейбір құрылыс материалдарын (текшелер, кірпіштер) дұрыс атауға ынталандыру. Топырақпен, сумен, қармен ойнау барысында балаларда осы материалдардың қасиеттері туралы білімдерін бекіту.

5. Басқа балалармен қатар, бірге ойнай білу, құрдастарының ойынына тілектестік қарым-қатынаста болу: бірге ойнау, басқа балаға бөгет жасамау керектігін түсіне білуін қалыптастыру.

6. Тәрбиеші ұйымдастырған қарапайым топтық ойындарға қатысуға үйрету.

Мазмұны:

Сюжеттік-рөлдік ойындар

Баланың бақылау нәтижелері, қазақ халық ертегілері және басқа халық ертегілері, Қазақстан жазушыларының әдеби шығармалары бойынша жанына жақын тақырыптарға ойын ойлап табуына мүміндік туғызу.

Балаларда: қарапайым сюжеттер ойлап табу, рөл таңдау, оны құрдастарымен бірге орындай білуін, ойын кезінде бір-бірімен байланысты бірнеше әрекет түрлерін атқара білуін (тамақ пісіру, дастарқан мәзірін дайындау, тамақтандыру, ұйықтатуға жатқызу, емдеу) дамыту. Екі қатысушы кейіпкері бар сюжетте өзара әрекетке (анасы - қызы, дәрігер - емделуші, жүргізуші - жолаушы) үйрету. Серіктесімен-ойыншықтармен ойында өзі үшін де, ойыншық үшін де рөлдерді орындау.

Баланың өз бетінше рөлді толықтыра түсетін заттар мен көрсетілімге қажетті ойыншықтар таңдау талпыныстарын мадақтау.

Балаларға ойында құрылыс материалдарын, қарапайым ағаш және пластик конструктор қолдануды үйрету.

Ойын барысында табиғи заттарды (топырақ, су, қар т.б.) әр түрлі мақсатта қолдануға (көпір, үй, жол салу, қардан төбешіктер, қамалдар жасау, ойыншықтарды суда жүздіру т.б.) ынталандыру.



Қимылды ойындар

Қазақ және басқа халықтың қимыл ойындарында балалардың қимылдау белсенділігін дамыту. Ойынды барлық топпен және шағын кіші топтармен ұйымдастыру.

Өрмелеу, еңбектеу дағдыларын дамытатын, қимылдау ептілігін арттыратын доппен, шармен ойнайтын дербес ойындарды мадақтау.

Қимыл түрлері өзгеретін және ережесі күрделірек ойындарды енгізу.

Балаларда қарапайым ережелерді сақтау, қимылдарын үйлестіру, кеңістікті бағдарлай білуін тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар

Ойыншықтар мен заттарды түсіне, көлеміне және пішіні бойынша жию, түсі және көлемі бойынша кезектестіріп, белгілі бір жүйелілікте мұнара және пирамиданы құрастырып, жинай білуін бекіту.

4 бөліктен, содан кейін 6 бөліктен тұратын суреттерді (ыдыс, ойыншықтар т.б.) жинауды, бөлшектелген ойыншықтарды (бөшкелер, матрешкалар, шарлар, машиналар) жинауды үйрету.

Балалардың құрал-саймандармен әрекет етуін: тығындау, винтті бұрау, легеннен ойыншықтарды ойыншық қармақпен аулауды меңгерту үшін жағдай жасау.

Ойын барысында қарапайым ережелерді орындап, ойын әрекетін: әрекетті тәрбиешінің белгісімен бірдей бастап, бірдей аяқтау, рет-ретімен әрекет етуді (мысалы, «Мынау не, ол қайда тұрады?» ойынында түрлі үйшіктерді мекендеушілердің дауысын салып, кезекпен жауап беру) дұрыс орындауға үйрету.

Балаларды музыкалық-ырғақтық ойындарда дыбыс жоғарылығын қабылдауға «Құс пен балапандары», екі музыкалық аспапты тембрі бойынша ажыратуға (сырнай және дауылпаз), мысалы ойында, «Ненің дауысы?» баяу және қатты музыканың дауысын беру, және соған сәйкес такт үлесінің күштілігін ескере отырып, сылдырмақты сылдырату, қоңырау соғуға үйрету.


ЕҢБЕК ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ
Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды еңбек әрекетіне ынталандыру, еңбекке және еңбек ету ниетіне қызығушылығын тәрбиелеу.

Міндеттері:

1. Балалардың еңбек әрекетіне қатысуға қызығушылығын тәрбиелеуді жалғастыру.

2. Ересектерге көмек көрсетуге (тәрбиешіге, оның көмекшісіне, ата-аналарына), оларға ықыласпен қарауға тәрбиелеп, сондай-ақ, олардың еңбектерінің нәтижесіне ұқыпты қарауға ынталандыру.

3. Топ бөлмесі мен балабақша ауласында тазалық сақтауға және тәртіпті қолдау бойынша ересектердің тапсырмаларын орындауға үйрету.

4. Бастаған ісін соңына дейін жеткізуге үйрету.

5. Еңбегінің нәтижелеріне ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.



Мазмұны:

Өзіне-өзі қызмет көрсету

Өз бетінше белгілі бір реттілікпен киіну, шешіну: киімін кию, шешу, бүктеу, ілу, түймелерін ағыту, түймелеу; аяқ киімнің бауын байлай білуді дамыту.

Балаларды тазалыққа тәрбиелеу. Киіміндегі олқылықтарды (ағытылған түйме, қисайған жаға және т.б.) байқауға және ересектердің аздаған көмегімен оларды реттеуге үйрету.

Тұрмыстық-шаруашылық еңбек

Қарапайым тапсырмаларды орындауға ынталандыру: қасықтар мен майлықтарды, нан салғыштар мен табақшаларды орналастыру. Екінші жартыжылдықтан бастап асхана бойынша кезекшілік ұйымдастыру: тәрбиешінің көмекшісіне дастарқан дайындауға көмектесу. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қажетті құрал-жабдықтарын (қарындаштар қорабы, қылқаламдар, мүсіндеуге арналған тақтайшалар және т.б.) дайындауға және оларды реттеуге, ойыншықтар мен құрылыс материалдарын ойнап болған соң өз орындарына орналастыруға үйрету.



Табиғат бұрышындағы еңбек

Табиғат бұрышындағы еңбекке қатысуға талаптарын тәрбиелеу: өсімдіктердің ірі жапырақтарының шаңын сүрту, ересектердің көмегімен балықтар мен құстарды тамақтандыру, бөлме гүлдерін суару.



Табиғаттағы еңбек

Табиғаттағы еңбекке қатысу ниеттерін тәрбиелеу: гүлдер мен бақша дақылдарының ірі тұқымдарын себу, жуа мен көкөністер отырғызу, өсімдіктерді суару, көкөністерді жинау.

Жерге түскен жапырақтар мен өз ауласындағы қоқыстарды жинауға, қыста жолдар мен орындықтарды қардан тазалауға үйрету.


жүктеу 1,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау