ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ КІШІ ЖАСТАҒЫ
(3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі)
БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН
«ЗЕРЕК БАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ
АСТАНА 2010
УДК 372.3/4
ББК 74.102
М41
Құрастырушы-авторлар: Т.М. Калашникова, Г.Н. Новогренко, Н.И. Матвиенко, Г.Ю. Жигайло
Рецензенттер:
Н.Н. Ниязбаева - педагогика ғылымдарының докторы, ҚМУ-нің педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі
Б.М. Өтегенова - педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚМПИ-ның педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі
М41 Мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы. - Астана, 2010. - 115 б.
ISBN 9965-810-42-7
Мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы ҚР МЖМБС талаптарына сай жаңа бағдарламалар кешенінің бөлімі болып табылады.
Бағдарлама мазмұны мектепке дейінгі кіші жастағы баланың біртұтас тұлғалық және физиологиялық, танымдық, қатынастық, шығармашылық және әлеуметтік дамуына бағытталған.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің қызметкерлеріне, педагогикалық жоғарғы оқу орындары және колледж студенттеріне ұсынылады.
ISBN 9965-810-42-7
УДК 372.3/4
ББК 74.102
© «Мектепке дейінгі балалық шақ»
Республикалық орталығы, 2010
МАЗМҰНЫ
1
|
Түсіндірме жазба
|
4
|
2
|
Мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
|
7
|
3 жастан бастап 4 жасқа дейінгі балаларға арналған бағдарлама
|
3
|
Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
|
9
|
4
|
Күн тәртібінің үлгісі
|
12
|
5
|
«Денсаулық» білім беру саласы
|
13
|
6
|
«Қатынас» білім беру саласы
|
19
|
7
|
«Таным» білім беру саласы
|
23
|
8
|
«Шығармашылық» білім беру саласы
|
30
|
9
|
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы
|
34
|
10
|
Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
|
39
|
11
|
Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
|
41
|
4 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларға арналған бағдарлама
|
12
|
Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
|
42
|
13
|
Күн тәртібінің үлгісі
|
45
|
14
|
«Денсаулық» білім беру саласы
|
46
|
15
|
«Қатынас» білім беру саласы
|
53
|
16
|
«Таным» білім беру саласы
|
58
|
17
|
«Шығармашылық» білім беру саласы
|
68
|
18
|
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы
|
74
|
19
|
Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
|
81
|
20
|
Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
|
83
|
21
|
Мерекелер мен ойын-сауықтар
|
85
|
22
|
Ата-аналармен жұмыс
|
86
|
23
|
Әдебиеттер
|
88
|
24
|
Қосымша
|
90
|
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қазақстан Республикасында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне шығуы - білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын да заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ететін кез келді.
Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы мектеп жасына (3-5 жас) дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамуының мазмұнды қырын ашады.
Бағдарлама мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың дене және психикалық денсаулығын сақтауға, балалар дамуының негізгі көрсеткіші ретінде балалардың негізгі құзыреттілігі міндеттерін шешуді қалыптастыруға, әртүрлі өмірлік жағдайларда жинаған тәжірибелерін қолдануға бағытталған.
«ЗЕРЕК БАЛА» бағдарламасына белгілі бір ұстанымдар енгізілген:
- оқыту әдістері және мазмұнының, мақсатының әлеуметтік шарттарға сай жаңарып отыруы;
- тәрбие мен оқыту әдістерінің, мазмұндарының бірлестігі және қолжетімділігі;
- баланы тәрбиелеу мен оқытуды жеке тұлғалық ұйымдастыру;
- стратегиялық білім беру қағидаларының жолдарын таңдау еркіндігі және оны жүзеге асыру әдістері, түрлері және вариативтілік ұстанымы.
- балаларды әлеуметтік қорғау, педагогикалық, психологиялық процестерінің мазмұны мен ұйымдастырылуының әрекеттілік және шығармашылық қатынасы.
- тәрбиелеу мен оқыту үдерісін қарым-қатынас, зерттеу-іздестіру, ересектермен және құрдастарымен ынтымақтастық негізінде құру.
Бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа ҚР МЖМБС негізінде құрастырылған және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының негізгі функционалды тасымалдаушысы болып табылады.
Бағдарламаға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ҚР МЖМБС сәйкес бес білім беру саласы: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» енгізілді және 3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балалардың мүмкіншіліктерін ашуға бағытталған.
Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі міндеттері:
- әрбір баланың жеке тұлғалық сапасын жетілдіру және оларды әрі қарай дамыту;
- практикалық, танымдық, шығармашылық және балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерінің тәжірибесін қалыптастыру;
- әрбір баланың интеллектуалдық қабілеттіліктерін, шығармашылық әлеуетін дамыту;
- Қазақстан Республикасының патриоттық, мәдени-тарихи салт-дәстүрлер негізінде мәдени және адамгершілік құндылықтарды дарыту;
- ұжымда тәрбиеленушілердің ұлтаралық мәдениетін қалыптастыру;
- баланың толыққанды дене бітімінің дамуына, негізгі құзіреттіліктің маңыздылығын қалыптастыруға мүмкіндік беретін қолайлы, заттық-дамытушы ортасын құру;
- баланы тәрбиелеу және дамыту мақсатында отбасы, мектепке дейінгі ұйым ортасының ынтымақтастығы.
Мектепке дейінгі кіші жастағы баланы дамыту мен тәрбиелеудің нәтижесі негізгі құзіреттілікке ие, ересектер және құрдастарымен өзара әрекет ете білетін, дене шынықтыру және салауатты өмір салты негіздеріне ие тұлға болып табылады. Бес білім беру саласының базалық мазмұны балалардың танымдық қабілеттіліктерін, жеке басының бейімділігін, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамытудың негізі болып табылады. Барлық білім беру салалары және оның тараулары өзінің мазмұнында мазмұны қоршаған әлемнің қыр-сырын, адамдардың ішкі жан дүниесін, қоғамдық, әлеуметтік және жеке қатынастар, табиғи және маусымдық құбылыстар, техника және ойыншықтар әлемі, әдебиет, өнер, сезім, көңіл күй және т.б. қамтиды.
Бағдарламаның айырмашылық белгісі пәнаралық байланысқа және мектеп жасына дейінгі балалардың білімі мен білігінің тұтастығын қалыптастыруға негізделген білім беру материалдарының мазмұнын біріктіру болып табылады.
«Зерек бала» бағдарламасының құрылымы:
- түсіндірме жазба;
- балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама;
- күн тәртібінің үлгісі;
- бес білім беру саласының базалық мазмұны: «Денсаулық», «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта»;
- әрбір жас кезеңдері үшін ойын және еңбек іс-әрекетіндегі баланың даму бағыты.
Бағдарламада әрбір тарау бойынша бағдарламаның базалық мазмұнын меңгеру көрсеткіштері ұсынылған.
Қосымшада:
- дидактикалық және қимыл-қозғалыс ойындар тізімінің үлгісі;
- ұсынылған көркем әдебиет шығармалары;
- зерттеу-іздестіру және бейнелеу өнері іс-әрекеті бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыптар үлгісі;
- бейнелеу өнерімен танысу үшін шығармалар үлгісі;
- музыкалық репертуар және музыкалық дидактикалық ойындары ұсынылады.
Бағдарлама баланың дамуына, оның мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталған. Бағдарлама мазмұнын жүзеге асыру әрбіреуінде өзінің базалық мазмұны мен бағытына ие дербес тараулары бар білім беру салаларының жұмысын қарастырады.
«Денсаулық» білім беру саласында педагогикалық іс-әрекетінің міндеттері, мазмұны және шарттары анықталған, олар, балалар денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтының қарапайым ережесін қалыптастыруға, балалар ағзасының, қимыл дағдыларының мүмкіндіктерін жетілдіруге, дене және ерік қасиеттерін дамытуға әсер етеді.
«Қатынас» білім беру саласында мектепке дейінгі кіші жастағы баланың коммуникативтік қабілеттерін, байланыстырып сөйлеуін дамыту бойынша міндеттері мен жұмыс мазмұны анықталған.
«Таным» білім беру саласында баланың қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту және байыту бойынша; зерттеу, салыстыру, талдау, қарапайым іздестіру әрекетімен шұғылдана білуін дамыту бойынша; қолжетімді ақпарат көздерінің жұмыс дағдыларын меңгеруі бойынша педагогикалық жұмыстардың міндеттері, мазмұны және шарттары анықталған.
«Шығармашылық» білім беру саласында балалар шығармалары арқылы көркемдік қабілеттіліктерін қалыптастыру бірлігі, балалардың бейнелеу және музыкалық іс-әрекеттерінің алуан түрлілігінің өзара әрекеттестігі, баланың дүниеге эстетикалық көзқарасы және оның өнер құралдарымен дамуы ұсынылған.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы баланың әлеуметтік және мәдени тәжірибелерін кеңейту және байыту, оны қоғамдық қатынас жүйесіне қосу, тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін – еңбек дағдыларын, білімін, нормаларын, ережелерін қалыптастыру бойынша педагогикалық қызмет міндеттері, мазмұны және шарттары анықталған.
Әрбір білім беру саласының мазмұнында мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды дамытуда күтілетін нәтижелер анықталды.
«ЗЕРЕК БАЛА» бағдарламасы мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды дамыту және тәрбиелеу мақсаттары мен міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру мазмұнын таңдау және шарттарын анықтау негізінде «АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ» және «БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ» бағдарламаларының арасындағы сабақтастық міндетін шешуді қарастырады.
Бағдарлама дамыта оқыту негізінде құрылған, жеке әдісті іске асыру ұсынылады. Онда мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың тұлғасын дамытуға және қалыптастыруға бағдарлы педагогикалық процессті басқару механизмдері салынған.
Бағдарлама мазмұнын жүзеге асыру баланың қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне бағдарланған, оның құзіреттілік дамуына бағытталған педагогикалық процессті ұйымдастыруда қазіргі жаңа әдістерді пайдалануды болжайды. Ал бұл өз кезегінде оқыту әдістемесіне ғана емес, сондай-ақ көбінесе өзінің қызметінде жобалау әдістеріне, баланың даму процесін болжайтын, оның дамуын бақылау және бағалау әдістеріне ие терең ойлы, шығармашыл педагогті талап етеді.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ КІШІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Педагогикалық процесс ересектердің балалармен бірлескен іс-әрекеті мен баланың өз бетінше еркін іс-әрекеті негізінде құрылуы тиіс.
Ересектер ешқандай психологиялық қысым көрсетпей-ақ, өзі сол іс-әрекетке қатысуға қызығушылық сыңай таныту арқылы балаларды ұйымдастырылған танымдық іс-әрекетке тарта алады.
Білім беру салалары шеңберіндегі ұйымдастырылған танымдық іс-әрекет әртүрлі бағытта жүзеге асуы мүмкін:
- тақырыптық орталық сынды мектепке жасына дейінгі балалардың өз бетінше еркін іс-әрекет түрлерін орындауға арналған көпжүйелі орта ұйымдастыру (әртүрлі қызығушылықтар мен әртүрлі даму дәрежесіндегі балалардың өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасау);
- балалардың мүмкіншіліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып, ұйымдастырудың әртүрлі нысандарын қолдану (жұптасып, шағын топтармен, бүкіл топпен);
- балалардың ересектермен бірлескен іс-әрекет түрлерін жүргізуге күн тәртібінен арнайы уақыт (7-30 минутқа дейін) бөлінеді.
Осы бағыттарға сәйкес педагогикалық процесс төмендегідей құзіреттіліктерді қамтиды:
1. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қарым-қатынас, ойын, зерттеу-іздестіру, ересектермен және құрдастарымен ынтымақтастық негізінде құру (базистік оқу жоспарына сай әртүрлі, бірін-бірі қайталамайтын, әр сипатты іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру).
2. Балаларды тәрбиелеу мен оқытуға бағытталған іс-әрекет түрлері:
а) балалардың өз бетінше еркін іс-әрекеті:
- ойын;
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- жапсыру;
- көркемдік-тілдік іс-әрекет;
- құрастыру;
- дидактикалық ойындар мен жаттығулар т.б.
б) ересектердің балалармен бірлескен іс-әрекеті:
- ойын іс-әрекеті;
- бейнелеу іс-әрекеті;
- танымдық-зерттеу іс-әрекеті;
- тәжірибе жасау іс-әрекеті;
- қатынас іс-әрекеті;
- музыкалық-сергіту іс-әрекеті;
- мерекелер мен сауықтар;
- дене шынықтыру және сауықтыру іс-әрекеті;
- жобалау іс-әрекеті және т.б.
Күн тәртібінде педагогтің бейресми қарым-қатынас негізінде әр баламен жеке байланыс жасауына да уақыт қарастырылуы керек.
Күнделікті ересектермен ойнауына да арнайы уақыт бөлінуі тиіс. Бұл ойындар баланың қалауымен ұйымдастырылып, ересектер тарапынан қолдау көрсетілуі керек.
Ұйымдастырылатын ойын және оқу іс-әрекеттері күн сайын өзінің ұйымдастырылу сипатымен, өткізілетін орнымен, түрлерімен ерекшеленіп, баланы жалықтырмайтындай, қызықты етіп жүргізілуі қажет.
Жоғары интеллектуалдық және физиологиялық жүктемесі ауыр ойындар мен сабақтар аптасына 1-2 сабақтан артық болмауы керек. Бұл егер күн тәртібі балаларға білім беру жұмыстарының жоспарымен сәйкес болса, мүмкін болады.
Балалардың шаршаған сырттай белгілерін ескеру қажет (қызығушылық деңгейі, алаңдау жиілігі, зейінінің жоқтығы және т.б.) және олардың көрінген бірінші белгілерінде-ақ ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізуге болмайды.
Зейінді белсендіру, ынталандыру тәсілін енгізу арқылы балалардың жұмысқа қабілеттілігін көтеруге талпыну.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен басқа да жұмыс түрлері баланы шаршап-шалдықтырмайтындай, жүйке жүйесіне күш түсірмейтіндей, жалықтырмайтындай бекітілген уақыт мөлшерінен ауытқымай жүргізілуі тиіс.
Күн тәртібінде емдік-шынықтыру шаралары мен психологиялық тренингтер, сергіту мен музыкалық үзіліс сәттеріне, баланың өз қалауымен еркін жүріп-тұруына уақыт бөлінуі керек.
Баламен қарым-қатынаста және жұмыс істеуде баланың қызығушылығын және белсенділігін төмендететін артық жиі қайталаулар болдырмау қажет.
Жұмыс аптасына жеңіл «кіруді» және одан жеңіл «шығуды» қамтамасыз ету үшін, дүйсенбі мен жұма күндері физиологиялық және интеллектуалдық жүктемесі бар іс-әрекет түрлері жүргізілмеуі тиіс.
Егер бала шаршаса, жұмыс істеуден бас тартса, зейіні шашыраңқы болса, тапсырманы міндеттеп орындатуға болмайды.
Баланың жүйке жүйесіне күш түсіретін, шаршататын қажетсіз білімдермен және ақпараттармен оларға артық салмақ түсірмеу қажет.
Оқу іс-әрекетінің барысында, зейінін тұрақтандыратын, оны қызықтыратын, ынтасын арттыратын тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы балалардың жұмыс істеу қабілетін арттырып отыру қажет.
Балаларды ұзақ уақыт, бір орында қозғалыссыз ұстауға болмайды.
3 ЖАСТАН БАСТАП 4 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІНЕ СИПАТТАМА
Сюжеттік-рөлдік ойындар 3 жастан бастап 4 жасқа дейінгі баланың тұлғалық, интеллектуалдық, жалпы психологиялық дамуында ерекше орын алатын жетекші іс-әрекет болып табылады. Бұл кезең баланың тілге, оның дыбысталуы мен мағынасына ерекше қызығушылығымен, сезімталдығымен ерекшеленетіндіктен, баланың тілін дамытуға өте қолайлы.
Мектепке дейінгі кіші жастағы балалар ересектермен қарым-қатынас жасауға өте ықыласты болады, әртүрлі сұрақтар қойып, өздері білетін ертегілерді бар ынтасымен айтып береді, танымдық қызығушылығы белсенді болады. Ересектермен қарым-қатынас жасау қажеттілігі қанағаттанбаған кезде, олардың арасында эмоционалдық жатырқаушылық пайда болады. Төрт жасқа қарай бала құрдасын ортақ іс-әрекетке қатысушы есебінде қабылдайды.
3-4 жасар баланың өзін-өзі бағалауы өте жоғары деңгейде, бұл ол үшін әбден заңды, өйткені біреу оның тұлғалық қасиеттерін дұрыс бағаламаған кездегі өз-өзін қорғаудың «тұлғалық» тетігі болып табылады.
3 жас пен 4 жас аралығында баланың сенсорлық процесінің сапалы жаңа қасиеттері қалыптасады: фонематикалық есту, түсті ажырату, көз қырағылығы, заттардың пішінін ажырату қабілеттері жетіле түседі.
Балалар заттарды ұстап көріп танудан, көзбен көру арқылы тануға көшеді.
Тіл - 3-4 жастағы балалардың сенсорлық процестерін дамытуда жетекші орын алады. Балалар тілін заттардың сынын, бір-бірімен қарым-қатынасын білдіретін, мазмұнды қабылдауын қалыптастыратын жаңа сөздермен байытады.
3-4 жастан бастап баланың есі еріксіз сипатта болады. Бала материалды өзі іс-әрекетке тікелей қатысу арқылы есіне сақтайды. Бұл жастағы баланың ойлау қабілеті сапалық өзгешелігімен ерекшеленеді: оған қиял мен шындықты ажырату қиынға соғады. Ол - өзімшіл. Оған анимастикалық түсініктер тән: айнала қоршаған заттардың бәрін өзімен салыстырады, олар да өзі сияқты ойлауға және сезінуге қабілетті деп ойлайды. Нысандарды қарастыра отырып әдетте, ол заттың ең айқын бөлігін ажыратады.
Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларда кеңістік, уақыт, сан туралы қарапайым түсініктері қалыптаса бастайды.
3-4 жасар балалар ауа райы құбылыстары мен оның салдары арасындағы қарапайым байланыстарды түсіне бастайды. Тек өзі ғана емес, басқа да тіршілік иелері де тағам мен судағы қажеттілігі бар екенін түсінеді. 3-4 жасар балаларда құрастыру әрекеті әлі де ойынмен бірге ұштаса отырып жүргізіледі. Әр түрлі материалдармен тәжірибе жасау барысында балалар олардың қасиеттері мен құрылысын танып-біледі.
Бұл кезеңде балалар қарапайым қол еңбегі түрлерінің әдістерін (бүктеу, умаждау, жырту және ұсақ-түйектерді қолдан жасау) меңгереді.
4 жасқа қарай балалар көркем шығарма мәтінін эмоционалды және тұтастай қабылдайды. Оның материалды қаншалықты түсінгендігі сөйлеу тілінде ғана емес, заттарды ажырату және ойын әрекеттері үстінде байқалады.
Бала үшін бейнелеу іс-әрекеті - бұл өзі жасаған бейнелер. Бұл бейнелер жарқылдақ, аңғал, ашық, ауыз әдебиетті еске түсіреді.
Мүсіндеу, жапсыру, сурет салу барысында сызықтар мен пішіндер тіріліп, баланың көз алдында жағу, сызу арқылы бейнеге айналады.
Бала сызықтарды, пішіндерді, түсті дақтарды, жағуларды қолданып, қарапайым сюжеттерді бейнелей алады.
Бұл кезеңде балалардың көпшілігінің музыкаға ықыласы жоғары деңгейде болғандықтан, бұл жаста музыка мәдениетін меңгерту өте қолайлы.
Мектепке дейінгі кіші жаста баланың моторлық қызметтері қарқынды дамиды. Балалардың қозғалыс белсенділігі іс-әрекет дербестігінің жоғары деңгейлігімен сипатталады.
3 жастан бастап нақты және саналы қызығушылығы біліне бастайды, бұл кезеңде бала өзіндік еркі бар жеке адам екенін түсіне бастайды. Ми қызметі мен психикалық қызметі қарқынды дамуын жалғастырады, мінез-құлқында өзгерістер пайда болады. Көркем шығармаларды қабылдауы мен музыкаға деген ықыласы артады. Бұл баланың қызығушылығы мен қабілеттерін анықтауға мүмкіндік береді. Көпшілікпен ойнайтын ойындарға қызығушылығы арта түседі. Үш жасар бала - қажымас қайраткер, ол желімдеуге, мүсіндеуге, сурет салуға дайын, бірақ ұзақ әңгімелер мен түсіндірулерді қабылдай алмайды.
3-4 жасар баланың тұлғалық дамуының базистік мазмұны өзінің көпқырлылығымен, әрдайым даму үстінде және әр жас кезеңінің өзіндік мазмұнының ерекшеленуімен сипатталады. Дер кезінде тұлғаның базистік сипатын қолайлы қалыптастыру жағдайының жоқтығынан әрі қарай айтарлықтай деформация пайда болуы мүмкін.
3-4 жастағы балалардың базистік сипаттамасына: құзыреттілік, эмоционалдылық, ынталылық, дербестік жатады.
Құзыреттілік бала төрт жасында әлеуметтік құзыреттіліктің белгілі деңгейіне жетеді: басқа адамға қызығушылығын білдіреді, оған сенеді, ересектермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасауға тырысады. Басқа адамдармен байланыс орнату үшін қатынасудың тілдік және тілдік емес (көзқарастар, ым, ишара, мәнерлі қылықтар мен қозғалыстар) тәсілдерін қолданады. Өзінің қай жынысқа жататынын түсінеді («Мен ұлмын», «Мен қызбын»).
Достарыңызбен бөлісу: |