Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 0,54 Mb.
Pdf просмотр
бет3/10
Дата15.01.2020
өлшемі0,54 Mb.
#26710
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 

асыл  қасиеттер  ұлттық  патриотизм  деңгейінде  өркен  жайып,  азаматтық 



патриотизм биігіне ұласатын сыңайлы. Әрине, бұл өздігінен бола салатын нәрсе 

емес, ол да нақты тәрбиенің жемісі. Бұл тәрбиенің жемісін еккен әрине, мектеп 

жасына  дейінгі  балалар  үшін  −  тәрбиеші,  ал  орта  білім  мен  жоғарғы  білім 

алушылар үшін – ұстаздар қауымы.  

Қазақстан  азаматтарын  патриотизмге  тәрбиелеу  –  тұлғаның  патриоттық 

сана-сезімін  қалыптастыру,  патриоттық  іс-әрекетін  ұйымдастыру.  Егеменді 

елдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің, әр ұстаздың ең басты мақсаты − дені 

сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, 

ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.  

Адамгершілікті,  тәрбиелі  адам  –  кез  келген  мемлекеттің  байлығы, 

әлеуметтік өмірдегі бейбітшілік пен мәдениеттіліктің кепілі. Ұрпақтан-ұрпаққа 

мирас болып келе жатқан ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар  арқылы 

тәрбие беру бала бойындағы сана-сезiмдi, намысты, парызды қалыптастырумен 

қатар  егемен  елiмiздiң  тәуелсiздiгiн,  ынтымағын,  бiрлiгiн  сақтап  қалатын 

патриот-азамат тәрбиелеуге толық мүмкiндiктердің  бар екендiгі анықталды. 

Қоғамның сұранысына сай  «Қазақстан Республикасының жаңа әлеуметтік 

даму  жағдайында  тұлғаға  патриоттық  тәрбие  берудің  тұжырымдамасы» 

дайындалды. Патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасына талдау жасай отырып:   

1. Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздеріне, 

Қазақстанды  мекендейтін  барлық  халықтардың  тарихына,  дәстүрлеріне, 

мәдениетіне және ұлттық  ерекшеліктеріне құрметпен қарау. 

2.  Мемлекеттік  тілге,  әлемдік  тілдерге  және  ұлтаралық  тіл  болып 

есептелетін орыс тіліне, Қазақстанды мекендейтін басқа халықтардың тілдеріне   

құрметпен қарау. 

3. Халықтар арасында сүйіспеншілік пен достықты,  дін аралық қатынастар 

бойынша түсінушілікті қалыптастыруға ықпал ету. 

4.  Қазақстан  Республикасының  бейбітшілігі  мен  тұтастығын,  Отанның 

экономикалық  байлығын  дамытуға,  Отанды  қорғауға  және  жалпыадамзаттық 

тыныштықты сақтауға әрқашан дайын болу. 

5.  Жалпыадамзаттық  құндылықтар  мен  жалпыадамзаттық  өркениеттілікті 

бағалау,  құрметтеу  (бейбітшілік,  тыныштық,  қауіпсіздік,  еркіндік,  ізгілік,  

тұлғаның еркіндігі мен құқығын қамтамасыз ету). 

6. Мектепке дейінгі жастағы балаларға патриоттық тәрбие берудің жүйесін 

негіздей  отырып,  ұлттық  және  әлемдік  білім  нәрінен  сусындаған  ғылыми- 

техникалық прогресс көшіне ілесе алатын патриот тұлғаны қалыптастыру. 

7.  Мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  патриоттық  тәрбие  беруде 

балабақшадағы қызметкерлердің  өзіндік атқарар міндеті бар.  

 

 




 

 



1-кесте – Мектепке дейінгі жастағы балаларға патриоттық тәрбие беру жүйесі 

 

 



 

 

 

Мектепке дейінгі жастағы балаларға патриоттық тәрбие беру жүйесі 

Балабақша

 

Отбасы 


Әлеуметтік орта 

Мақсаты 


Міндеттері 

Мазмұны 


Қоғамның жаңа әлеуметтік даму жағдайында балалардың патриоттық 

құндылықтарын қалыптастыру. 

Ұлттық тіл, тарих, мәдениетке, ұлттық рәміздерге деген құрметті 



қалыптастыру; 

Отанның бейбітшілігін сақтауға, экономикалық байлығын дамытуға үлес 



қосу; 

Ғылыми-техникалық  дамуға өз үлесін қосатын  патриот тұлғаны 



қалыптастыру. 

Белсенді тәрбие ортасын құра отырып тұлғаның  патриотизмге 



байланысты көзқарастар мен сенімді қалыптастыру;  

Жаһандану және интеграциялы үрдісте  тұлғаның  эмоционалдық 



интеллектуальдық компоненттерін қалыптастыру; 

Ұлтаралық қатынас мәдениеті және патриотизмнің қалыптасуына 



түрткі тудыру; 

Әлеуметтік негізгі құндылықтарды қалыптастыру және дамыту 



(рухани, адамгершілік,  патриоттық,  т.б.); 

Патриоттық дағдыларын қалыптастыру үшін практикалық іс-



әрекеттерді ұйымдастыру. 

Әдістері 

Ұстанымдары 

Әңгімелесу. Дискуссия. Педагогикалық талап қою. Сендіру. 

Жаттықтыру. Ынталандыру. Сауалнамалар.  

Мақсаттылығы. Өмірмен байланысы. Оқушының дара, жас ерекшелігі. 

Жүйелілік. Бірізділік. Үздіксіздік.Тұлғаны  әлеуметтендіру. 

НӘТИЖЕ 

Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтауға, ұлтаралық мәдениетті 

дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарау, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке өз 

үлестерін қосатын адамгершілік мұраты биік, патриот, намысшыл, қаһарман, қайсар, жігерлі азамат. 




10 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ 



ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ 

 

Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың негізгі 

көзі – отбасы, әулет, әлеуметтік орта, аймақ, мемлекет, әлемдік кеңістік болса, 

тұлғаның  бойындағы  патриоттық  құндылық  –  қазақ  патриотизмі,  ұлттық 

патриотизм,  Қазақстандық патриотизм,  жалпыадамзаттық патриотизм арқылы 

көрініс бере отырып, тұлғаның бойында құндылықтың  жоғары көрсеткіштері  -

мемлекет және ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық сана,  

және  ұлттық  тарихқа,  салт-дәстүрге  деген  сүйіспеншіліктері  қалыптасады. 

Психологиялық  тұрғыда  патриоттық  құндылықтар  сапаға  айналып,  iс-әрекет 

(тұлғаның «Менi») тұрғысынан көрiнiс береді (2-кесте).

  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

2-кесте – Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтар жүйесі және оны  



қалыптастырудың факторлары 

Тәрбиенiң негiзi болып саналатын жалпыадамзаттық құндылықтардың бiрi 

–  тәрбиенiң  басқа  адамға  деген  қажеттiлiгi,  басқа  адамдарды  сүйе  бiлу 

қажеттiлiгi болып табылады.

 

Философиялық тұрғыда рухани құндылық, соның 



ішінде  патриотизм  рухани  сұраныстарды  қанағаттандыратын  және  тұлғаның  

рухани әлемін байытуды көздейді. Тұлғаның бойындағы руханилық өлшемдер  

оның 

ой-санасында, 



мінез-құлқында, 

іс-әрекетінде 

ұлттық 

және 


жалпыадамзаттық  құндылықтардың үйлесуі, қалыптасуы деп көрсетеді. 

Жалпыадамзаттық құндылықтар – халықтың, түрлі діннің, әрқилы дәуірдің 

рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс. 

«Құндылық»  (И.Кон,  В.А.Караковский,  А.Г.Здравомыслов,  В.А.Ядов, 

В.П.Тугаринов, С.Қалиев, Ж.Наурызбай, Г.Қ.Нұрғалиева, Р.К.Төлеубекова, т.б. 

Патриоттық тұлға  

Отбасы  

Әлеуметтік 

орта  

Ұлттық 


мәдениет  

Патриоттық 

құндылық 

Ұлттық тіл 

Ұлттық намыс 

Ұлттық тарих 

 

Міндет 


Парыз 

Ұлттық сана 

 

 

Ұлттық салт-дәстүр  



Ұлттық таным  

Ұлттық рух   

 



жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау