2
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген
Пікір жазғандар:
Ә.Е.Жұмабаева, пед.ғылым.докторы;
Ф.Н.Жұмабекова, пед.ғылым.канд., доцент;
А.Т.Төлеуова, әдіскер
«Менің елім – менің жерім» мектепке дейінгі жастағы балаларды
патриоттық тәрбиелеу бойынша әдістемелік ұсыным. −Астана, −2014 ж. – 32 б.
Әдістемелік ұсынымда мектепке дейінгі жастағы балаларға патриоттық тәрбиені
ұйымдастыру және оның ерекшеліктері, патриоттық тәрбиенің заманауи әдістері мен
ұйымдастыру формалары, ата-аналармен жұмыс жоспарын ұйымдастырудың үлгісі
берілген.
Әдістемелік ұсыным мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог қауымға арналған.
«Мектепке дейінгі балалық шақ»
республикалық орталығы, 2014
3
КІРІСПЕ
Н. Назарбаев өзінің дәстүрлі Жолдауында: «Қазақстанның отаншылдық
сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу
орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып
табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу –
мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» - деп көрсеткен.
Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік
мүдделері болады. Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік»,
«патриотизм», ұғымдары сол заманның ақиқаты – наным-сенімінен туындайды.
Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы –
қазақстандық патриотизм болып есептелген. «Қазақстандық патриотизм» ұғымы
біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік
ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың
өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған Отаны және бұдан
былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы
Қазақстанды ата-жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және
материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық
патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып
келеді. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан
азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм – Отан
– анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы
білім мен білікті, ақыл-парасатты ел игілігіне жұмсау, атамекен мүддесіне арнау
болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу де
осы қазақстандық патриотизм құрамына кіреді.
Демократиялық бағыт ұстанып отырған қоғамда, балалар мен жастардың
тағдыры өздеріне, отбасының материалдық ахуалына байланысты болып
отырған жағдайда патриотизмнің маңызын айқындау басты мәселелердің бірі
екені даусыз.
Өсіп келе жатқан жас буындардың бойында қазақстандық патриотизм
сезімін қалыптастыру үшін: әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып
білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс.
Балалардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда ана тілі пәндерінің
алатын орны ерекше. Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны
қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс
тұлғалары, ақын-жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге
шақырған өлең жырлары, шешендік сөздері балалардың бойында патриоттық
сезімді қалыптастыруда маңызы өте зор.
Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Шоқан
Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев шығармаларынан да байқауға
болады. Балаларға патриоттық рух беретін, халық үшін қызмет етуге үндейтін,
өз елін қорғау үшін керек десе, жанын қиюға дейін баруға болатынын іспен
көрсететін және үстем таптың озбырлық ниеттерін айқын әшкерелеп, оған қарсы
күрес жүргізуге шақыратын Махамбеттің қуаты күшті шағын өлеңдерінің
балалар үшін маңызы ерекше. Ыбырай атамыз да бар үмітін жас ұрпаққа артты.
4
Ыбырай атамыздың соңында қалған мұрасының жас ұрпаққа патриоттық тәрбие
беру ісіне тигізетін әсері зор. Өйткені патриотизм қашанда, қандай қоғамда да
өзінің әлеуметтік мәнін, маңызын жоғалтпайтын ұғым.
Патриотизм туралы идеяларды кезінде өздерінің шығармаларында қазақ
даласының ойшылдары Әбу - Насыр әл - Фараби, Хас Хажиб Баласағұн, Махмұд
Қашқари, жыршы - жыраулары Асан қайғы, Доспамбет жырау Қалқаманұлы,
Махамбет Өтемісұлы айтқан болатын. Аталған ғұламалардың еңбектері
еліміздің егемендік алуымен байланысты педагогикалық тұрғыда зерттеліп, бір
жүйеге келтірілді.
Патриотизм идеясының дамуына француз материалистерінің, неміс
философтарының да қосқан үлесі мол.
Орыс революционер – демократтары да көптеген құнды идеялар көтерді.
Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Яссауи, Әбу Насыр Әл-Фараби, Махмуд
Қашғари т.б. еңбектерінде келелі, пікірлер айтылған.
Патриоттық тәрбиені зерттеуші Ресей ғалымдарының бірі Ю.Н.Галанин
«Патриоттық тәрбие – тұлға бойына негізгі рухани құндылықтарды
қалыптастыру. Патриоттық сезімін тәрбиелеу, ерлік дәстүрлерге және әлемдік
жаһандандыру үрдісіне Ресейдің ғылыми техникалық және мәдени тұрғыда
қосқан үлесіне мақтаныш, әр түрлі әскери жағдайларда отанға шын берілген,
отан үшін жанын қиюға дайын болу», – деген тұжырым жасай келе, патриоттық
тәрбиенің негізгі бағыттарын айқындайды. Бұл: азаматтық тәрбие; азаматтық
патриотық тәрбие; ұлттық патриоттық тәрбие; ерлік-патриоттық тәрбие; әскери-
патриоттық тәрбие деп бөліп қарастырады.
Азаматтық тәрбие – азаматтық сезім, сана, тұлғаның азаматтық сапасын,
нақты азаматтық бағытын, халқына саналы түрде, өз еркімен қызмет етуге дайын
болу. Азаматтық тәрбие азаматтық, азаматтық мәдениет, азаматтық бағыт
тұрғысынан сипатталады. Азаматтық, азаматтық мәдениет тұлғаның бойында
мектептен, әсіресе бастауыш мектепте қалыптасады дейді.
Азаматтық-патриотық тәрбие – жастарға қажетті құқықтарын іс жүзінде
қамтамасыз етуге, жастар мен мемлекет арасындағы қатынастарды қамтамасыз
етуге бағытталады.
Ұлттық-патриоттық тәрбие – оқушылардың бойында кіші отанға деген
сүйіспеншілік сезім, ұлттық дәстүр мен мәдениетке құрметпен қарау, өз халқына
деген мақтаныш сезімінің қалыптасуы (аз халық болса да).
Дәстүрлі халықтық мәдениет ұлттық мәдениеттің негізгі бөлімі дей келе,
халықтық дәстүрлер өмірді түсіну мен бағалауда негізгі орын алатынын
еңбектерге талдаулар жасау арқылы нақтылайды.
Ерлік-патриоттық тәрбие – ата дәстүрлердегі ерлік құндылықтарды бағалай
білу, оған деген мақтаныш сезім, әскери мамандықтарды, айрықша тарихи
күндерді насихаттау. Тарихи күндерді насихаттау, ұлы адамдардың өмірін
таныстыру арқылы
оқушылардың бойында патриоттық қасиеттерді
қалыптастыруда негізгі орын алады.
Әскери патриоттық тәрбие – ерлік–патриоттық тәрбиемен тығыз
байланыста оқушылардың бойында терең патриоттық сананы қалыптастыру,
отанға қызмет ету және оны қорғау идеясы, Ресейдің әскер тарихына деген