Тақырыбы: «Мен елімнің жас патриотымын»
Адал ұл ер болып туса – ел тірегі
«Алтын анам Отаным, сенен аяр жаным жоқ,
сенен іркер күшім жоқ», - деп ер қайратына
міндағы, өрге бас. М.Әуезов
Жоспар
І Кіріспе
Тәуелсіздік – ерлікпен ел қорғаған баба сыйы
ІІ Негізгі бөлім
Елдің қамын ойлаған ер.
Елі үшін еңбек еткен, талмаған
ІІІ Қорытынды
Мақсаты:Оқушыларды бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін-өзі басқаруға, еркін сөйлеуге ерік беру тәрбие сағатының мақсаты.
Күтілетін нәтижелер:
Сұрақтарға жауап бере алады, постер жасап, талдай алады.
Тақырып бойынша білгендерін өз сөздерімен айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады.
Керекті жабдықтар:маркер,плакат
Көрнекіліктер:
Отанды сүю – отбасынан басталады.
Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.
Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.
Сабақ барысы: ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
Тәрбие сағатының өту барысы:
Мұғалім әрекеті:
1. Ұйымдастыру. Тренинг Мұғалім «Мен сендерді көргеніме қуаныштымын» -деп шеңбер бойындағы оң жағымда тұрған оқушыға жағымды сөз айтамын, ол оқушы әрі қарай бұл сөзді басқаларына жеткізеді.
2. Топқа бөлу (түрлі-түсті стикерлер арқылы). Қиық қағаздарға жазылған мақалдар үлестіріледі.
Оқушы әрекеті:
1.Тренинг арқылы тілдерін жаттықтырады, бір – біріне сыйластықпен қарап, сабаққа кіріседі.
2.Оқушылар стикерлер арқылы топқа бөлінеді. Қиық қағаздарға жазылған сөздерден мақалдар құрастырады.
Қызығушылықты ояту
Мұғалімнің кіріспе сөзі. 1. Оқушылармен бірге тәрбие сағатының мақсатын анықтау, әр тапсырмаға бағалау критерийлерін құру, әр жұмысты талдап, әр топ бір – біріне сұрақтар қойып, жауап алу, әр жауапқа толық талдау жасау.
Адал перзент елі десе еміренеді, елі десе тебіренеді. Елін жүрекпен сүйеді, сондықтан намысы мен тәуелсіздігі жолында күреседі, тіпті жанын пида етуге бар. Міне, біздің сонау Керей мен Жәнібек бабамыз құрған қазақ деген қайсар еліміз ұлан-байтақ жерін қорғауда
жанын аяған емес. Намысты ту етіп, шыбын жанын шүберекке түйіп жеріміз жат қолында кетпесін деп күні-түні қорғаған барша ерлеріміздің еңбегінің жемісі, нәтижесі, міне, осы күн. Дәл осы – бейбіт күндер. Дәл осы – Тәуелсіздік еді. Ия, Тәуелсіздік -расында құнды сыйымыз, ең бағалы құндылығымыз, бабадан жеткен асыл мұрамыз, киеміз. Бабаларымыз осы күнді қанша аңсады, «тәуекел болмаса, тәуелсіздік бола ма» деп талай рет, жауға қарсы белін бекем буып келді, ұрпақтарының Асан Қайғы айтқандай қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған «Жерұйық» секілді мекенде, бейбіт өмір сүргенін қалады. Сол мақсат жолындағы талай құрбандық қажет болды, талай адамның өмірін қиған бостандық жолындағы күрес өз нәтижесін беріп, міне енді біз бейбітшілік туы астында күн кешудеміз. Алтынға да айырбастамас асылымыз- Тәуелсіздік.
Ес жиып, ел болғалы өзіміздің бағытымызды айқындап, жарқын болашаққа бет бұрдық. Түнекті, бұлтты күндерді артқа тастап дана көсеммен бірге алға өрлеп келеміз. Елбасымыз – еліміздің басына біткен бағы, елін ол қалай сүйсе, ол да елін солай сүйеді. Елін алға сүйреп жүрген ұлтымыздың адал ұлы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елі үшін жасап жатқан жақсылығы халық есінде, ел жадында. Оның өзге мемлекеттерге әр сапары, келісім-кездесулері баласына қомдана тамақ тасыған қарлығашты еске түсіреді. Елбасы да ел үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей еңбек етіп жүр. Ақ киізге көтеріп, сайлап алған қара қылды қақ жаратын әділетті президентін мақтаудан халқы ешқашан жалыққан емес, жалықпайды да. Бір бойына бірнеше өнерді қатар жинақтаған Елбасы – көреген саясаткер, дарынды көшбасшы әрі Қазақстан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы. «Ер ел үшін туады» деген сөз бар емес пе? Нұрсұлтан атамыз қазақтың дара жұлдызы секілді. Қабылданып жатқан стратегиялар, жүйелі ұйымдастырылған жоспарлар- бәрі Елбасының еңбегі екені даусыз. Оның дана көсем екендігі, халық қалаулысы екендігі бірнеше қайтара сайлауда жеңіске жетіп, елінің сүйіспеншілігінен де байқалады. «Бостандық таңы атты, қазағым көріңдер, Арға ие басшының соңынан еріңдер» деп Шәкәрім бабамыз жырымен армандаған бостандық дәуірі осы күні туды. Ақыры, халық сеніп, артынан ерер әрі сенер перзенті Елбасыдай адам елімізді басқарып отыр. Еліміз президентті жақсы көреді, сыйлайды, сенеді, соңынан ереді. 1 желтоқсанды «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні» деп жариялау халықтың Елбасына деген ыстық ықыласы мен шексіз ризашылығының белгісі деп есептеймін. Абылай мен Кенесарының сара жолын жалғаған адал да абзал тұңғыш басшымыздың әр еңбегі – халық жадында. Әсіресе, Елорданы Алматыдан Асатанаға ауыстыру, Астанаға мемлекетіміздің бас қала мәртебесін беруінің ұтымды болғаны айтып жеткізгісіз ұлы жаңалық болды. Есіл жағасындағы ерке қала бүгінде әлем көз тіккен сәні мен салтанаты жарасқан сұлу қалашыққа айналды.
Аман жүр Астананы салған батыр,
Алдыңда асқар-асқар арман жатыр.
Бәрін ал алам деген қамалыңның
Бәрін де дер кезінде алған мақұл,- деп Тұманбай Молдағалиев жырға қосқандай, Елбасымызды батырға теңемеске бола ма!? Сондықтан да Астана десе Назарбаевты, Назарбаев десе Астананы айтпай қалу мүмкін емес. Екеуі байланысты ұғым іспеттес.
Ел деген – алтын бесік. Біз сол бесікте тербелеміз, сол елде өсіп-өнеміз, жетілеміз, бойымызға күш жинаймыз. Түптеп келгенде, сол қажыр-қайратымызды ел болашағы жолында жұмсаймыз. Еліне пайдасын тигізу - әр адамның қасиетті борышының бірі. Өз елімізді, біз, оның халқы, көркейтпесек, кім көркейтеді? Елді дамыту жолында аянбай күресу үшін әуелі бойымызда Отанға деген шексіз сүйіспеншілік орнауы қажет. Ел үшін жан беруге де дайын ететін – осы сүйіспеншілік қана. Осы сәтте ойыма АҚШ-тың Президентінің пікірі оралып отыр. ДЖ. Кеннеди «елім маған не береді деп ойлама, мен еліме не бере аламын деп ойла» деп айтып кеткен еді. Өте орынды, дәл айтылған сөз. Әрқайсымыз «елім үшін не істей аламын» деп ойлап, бір мақсат қойып, оны орындау жолында бар күшімізді салар болсақ, еліміздің әлі жаңа белестерді бағындырып, дамудың жаңа сатысына түсері анық. Отанға деген сүйіспеншілікті баланың бойына жас кезден бастап қалыптастырып, ұлтына деген шексіз махаббатты насихаттау қажет секілді. «Отанды сүю ана тілін, отбасын сүюден басталатынын ұмытпаған жөн. Қазақ елі – қорғанымыз бен панамыз, қазақ халқы – жаны жайсаң ұлтымыз, қазақ жері – кең-байтақ мекеніміз, қазақ тілі – тәуелсіздігіміз бен тірлігіміздің айғағы.
Ең бастысы, қадірлі де қастерлі тәуелсіздігіміз бар, бір ту астына жұмылдырған бірлігіміз бар, көңіліміз секілді кең жеріміз бар, бізге бұдан асқан еш нәрсе керек емес. Тек Қазақстанның әр азаматының бойында жалындаған отты жігер мен елімді дамытамын деген биік мақсат тұрса болғаны. Ел тірегі – мына біз, жастар. Болашақты кемелдендіретін де – біз. Мен елімнің болашағының жарқын екеніне кәміл сенемін. Сен де сен, жас дос. Елімізді бірге гүлдендірейік!
Мағынаны ашу
«Ойлан.Жұптас.Бөліс»әдісі
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Мен елімнің жас патриотымын».
Отаным, елім – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама берейік.
- Балалар «патриот» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Постермен жұмыс. Әр топқа тапсырмалар беріледі. Топпен жұмыс жасап сол тапсырманы жан- жақты қорғау қажет.
І топтың жұмысы. «Осы күннің батырлары» тақырыбы туралы
ІІ топтың жұмысы « Патриот болу үшін ер бала бойындағы қандай қасиеттер болу
(Сұраққа жауапты постерге түсіру. Бөлінетін уақыт – 5 мин.)
Мұғалім сөзі: (Оқушылардың жауабын толықтырады)
Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі. Н.Г.Чернышевский айтқандай: "Өз Отанына салқын адам бүкіл адамзатқа да опа бермейді".
Патриотизм – отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.
Патриотизм – туған жерге Отанға, ата-баба жатқан жерге, «перзенттік» махаббат.
Патриот – Отанның мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам.
Мирза Фатали Ахундов
« Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ».
Патриотизм – қажет уақытта өзіне әрбір адамның «бұйрық» беріп, «сын сағатта істей алмаймын» дегенді жеңе білу.
Патриотизм - өз Отанына деген махаббат, адалдық.
Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деп атап өткен болатын. Ел Президентінің бұл сөзі жастарға серпіліс беріп және оларға үлкен сенім артатынының дәлелі. Елім, жерім, тілім деген әрбір қазақты патриот дейміз.
1-оқушы. Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –біздің туған еліміз, туған жеріміз, достарымыз, туған -туысқандарымыз. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан біздерді анамыздай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, өз еліміздің патриотымыз!
2-оқушы. Патриот –ол өз елінің мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам.
3-оқушы.
Ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот Бауыржан Момышұлы атамыз : «Барлық халық пен ұлт ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс» деген болатын.
- Ауған соғысы 1979-1989 жылдарда яғни 10 жылға жуық созылған . ауған соғысына қатысқан қазақстандықтардың саны 22269 жауынгер болды. Солардың бір мыңға жуығы ауған жерінде қаза болып, 21 жауынгер іс- түссіз жоғалып кетті. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында. Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше кеңес заманында мемлекет тарапынан бұларға айтарлықтай көңіл бөлінді.
Ауған соғысының ардагері :Оспанов Жанайдар Саветұлына сөз береміз.
Ауған соғысының ардагеріне қойылатын сұрақтар :
1- Сұрақ:
Қазақ жастары арасында әскерге шақырылған жігіттер Отан алдындағы борышын өтеуден көбісі қашады. Себебі неде деп ойлайсыз?
2- Сұрақ :
Сіздер Ауған соғысына барғанда шын өзіңіз ниетіңізбен бардыңыз ба , әлде Кеңес Одағының тапсырмасы болды ма?
3- Сұрақ :
Ауған соғысында көрген қиыншылықтарыңыз көп болды ма, Сіздің есіңізде қалған бір оқиға бар ма?
4- Сұрақ :
Ауған соғысы ардегерлеріне қазіргі уақытта қандай көмек берілуде?
- Қазақ халқының қасиетті ұғымдарының бірі- Отан. Отанын сүюге тәрбиелеу қазақ отбасындағы тәрбие өзегі. Өз Отанын сүйетін , ұлтына қызмет ететін ұрпақ тәрбиелеу- басты міндетіміз.
- Ауған соғысы (27.12.1979 — 15.02.1989) — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демокр. үкіметті” қолдап, көршілес елдің соц. бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты.Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді.
Әр топ «Мен елімнің жас патриотымын» тақырыпта шығармашылық өлең немесе бір аңыз- әңгіме айтып қорғау қажет.
Халқымыздағы қазақы мінез- құлық пен адами іс- әрекеттердің рухани негізі ұлттық салт- дәстүр болатынын ақиық ақынымыз М. Мақатаев өз өлеңінде :
Анам маған үлкенді сыйла ,- деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
Атамнан қалған мұра- ізеттілік,
Арымды соған қойғам күзеттіріп.- деген жолдарымен халықтық дәстүр сабақтастығын ұлттық мақтанышпен жетілдіруге үндейді.
Қорытынды сөз Мектеп директоры : Шакиров А.Т беріледі.
Бүгінгі кешіміздің қонағы ауған соғысының ардагері Оспанов Жанайдар Саветұлына ой бөлісіп, сыр сұхбат бергені үшін рахметімізді айтамыз. Бүгінгі «Мен елімнің жас патриотымын» атты кездесу кешіміз аяқталды. Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |