Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 0,54 Mb.
Pdf просмотр
бет4/10
Дата15.01.2020
өлшемі0,54 Mb.
#26710
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

11 

 

ғылыми  зерттеулерінде)  –  Отан,  адам,  тұлға,  өмір,  адамдардың  бір-біріне 



мейрімділік  қарым-қатынасы,  шыншылдық,  әділеттілік,  білім,  ғылым,  өнер, 

еңбек, адамның өмір сүруіне деген материалдық жағдайдың болуы, т.б. болып 

саналады. 

 

Тұлғаның  бойындағы  патриоттық  құндылықты  айқындауда  жоғарыда 



патриотизмге  берiлген анықтамаларға  және құндылық, адамгершiлiк құндылық  

ұғымдарын    философия,  педагогика,  психология  ғылымдары  тұрғысынан 

саралайтын болсақ, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық дегенiмiз - елi 

мен  туған  жерiн,  Отанын  сүю,  мемлекеттiң  тәуелсiздiгi  мен  бейбiтшiлiгiн, 

әлемдік тыныштықты  сақтау үшiн күресу, өзінің ана тілін, дінін, салт дәстүрін 

бүгінгі заман талабына сай  ұлттық мүдде негізінде жетілдіру, қоғамдағы iзгiлiк 

қарым-қатынасты,  табиғат  пен  адам  арасындағы  мейрiмдiлiктi,  ұлтаралық 

мәдениеттi дамыту. 

Балалардың  бойына  патриоттық  құндылықтарды  қалыптастыруда 

қойылатын негізгі талаптар айқындалды: 

-  балабақшадағы  және  топтағы  жүргізілетін  патриоттық  тәрбие  жүйесімен 

өзара байланыста жүргізілуі, пән аралық байланыс, өткен тақырыптармен жүйелі 

сабақтастық; 

- топтың алдына қойылатын мақсатының нақты болуы және педагогикалық 

тұрғыда негізделуі; 

-  сабақтың  құрылымында  патриоттық  тәрбиеге  арналған  мазмұнның 

қамтылуы,  сабақ  мазмұнының  балалардың  патриоттық  іс-әрекетінің  негізі 

болуы,  берілетін  білім  мен  балалардың  патриоттық  іс-әрекеті  арасында 

байланыстың болуы; 

- балалардың патриоттық сезіміне ықпал ететін материалдардың қамтылуы; 

-  балалардың  танымдық,  белсенділік  іс-әрекеттеріне  ықпал  ету,  топтағы 

қамтылған материалдар олардың санасына, көңіл-күйіне әсерлі болуын ескеру; 

-  сабақтың  құрылымы,  мазмұны,  қолданылатын  әдістері  мен  тәсілдерін 

айқындауда патриоттық бағыттарына  баса көңіл аударылуы керек. 

Патриоттық  тәрбие  мәселесі  адамзат  тарихының  өн  бойындағы  ұрпақтан-

ұрпаққа  жалғасып  келе  жатқан  мақсат  болғандықтан,  балалардың  бойындағы 

Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың 

біртуар  ұлы,  ержүрек  қолбасшы,  жазушы,  Қазақстанның  Халық  Қаһарманы 

батыр  Бауыржан  Момышұлы  ағамыздың  кейінгі  ұрпаққа  үлгі  етіп  қалдырып 

кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше. 

Мысалы, соғыс жылдарында Бауыржан Момышұлы ағамыз Ата мекен жер үшін, 

Қасиетті ел үшін, Әзиз ана, қарт ата, Ботакөз сұлу қарындас Күң, құл бомасын, - 

деген жыр жолдары арқылы жауынгерлерге рух беріп, ерлік істерге шақырады.  

Бауыржан  Момышұлы  өз  шығармаларында  патриотизмге,  ерлікке, 

батырлыққа  байланысты  біршама  терминдерге  анықтама  берген.  Патриотизм 

дегеніміз  –  Отанға  деген  сүйіспеншілік,  жеке  адамның  аман-саулығының 

қоғамдық-мемлекеттік  қауіпсіздікке  тікелей  байланыстығын  сезіну,  ал 

мемлекетті  нығайту  дегеніміз  –  жеке  адамды  күшейту  екенін  мойындау, 

қысқасын  айтқанда,  патриотизм  мемлекет  деген  ұғымды  жеке  адаммен,  яғни 

оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.  




12 

 

Ерлік дегеніміз – табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзінің ар-намысын және 



адамзаттың  қасиетті  абыройын  ұятқа  қалу,  опасыздық  пен  масқара  болу 

сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын орындау 

үшін, осындай адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым 

өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, 

жанға-жанмен,  қанға-қанмен  аяусыз  кек  алу  жолымен  жеке  басыңды  және 

отандастарды қауіпсіздік етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу.  

Батылдық – қимыл, әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық.  

Табандылық – батырлардың қалқаны.  

Өжеттілік, қайсарлық – адамның тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде 

абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс.  

Сондай-ақ, Бауыржан ағамыз халықты ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеуде 

артына көптеген мақал-мәтелдер, жақсы сөздерін қалдырған.  

Мысалы:  

• Намысты нанға сатпа.  

• Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу − сатқындық. 

• Именіп жүріп көрген игіліктен − қарсыласып жүріп көрген бейнет артық.  

• Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше − шындықтың уын ішіп өлген артық.  

• Ерлік − елдің қасиеті, жүректілік − жігіттің қасиеті.  

• Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, 

көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады. 

•  Батырлық  тәуекел  мен  ақылдың  есебінен  шығуға  тиіс.  Тәуекел  кейде 

ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап ала алмайды.  

• Ерлік − тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлықтан шығады.  

• Өршіл рухтан – өлмес ерлік туады. 

• Белдескеннің – белін сындыр, тірескеннің – тізесін бүктір.  

• Ептілік те – ерлік.  

• Қолбасшы болсаң сондай бол – жосылып жатқан жолдай бол.  

Осындай тағы да басқа батырлық, ерлік, тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы 

біздерге өсиет сөздер қалдырған.  

Ұлтжандылық – халықтың рухани және материалдық игіліктерін көбейтуге 

арналған  жігері,  қайраты.  Ұлтжанды  деп  еңбекқор,  іскер,  талапты,  ойшыл, 

ізденгіш,  ұлттық  мұраттар  жолындағы    абзал    істің    иесін    айтамыз»  –  деп 

сипаттайды.  

1999 жылы баспадан шығарылған «Қазақ тілінің сөздігінде» – «Ұлтшылдық 

біріншіден  –  ұлт  мүддесіне  жан-тәнімен  берілушілік,  ұлтжандылық,  ұлтын 

ерекше  сүюшілік.  Екіншіден  –  ұлт  мүддесін,  ұлт  ерекшелігін  қорғау  ұранын 

пайдаланып ұлттар арасына іріткі салушы буржуазиялық кертартпа саясат пен 

идеология».  

«Педагогика  және  психология  сөздігінде»:  «Ұлтжандылық  –  өз  ұлтының 

тілін,  ділін,  дәстүрін  сүюдің  белгісі.  Ұлтжандылық  өз  ұлтының  мәдениетін, 

әдебиетін,  дәстүрін  қадірлейтін,  ұлттық  намысты  қорғай  білетін  адамның 

қасиеті»  –  деген  анықтама  берілген.  Орыстың  ұлы  жазушысы  В.Распутин 

мынадай  түсініктеме  беріп  кеткен:  «Ұлтшылдық  -  өзінің  анасын  жақсы  көру 

сияқты. Әр адамның өз анасы өзіне ыстық. Ол ең дана, ең мейірбан, ең ақылды, 




жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау