Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 0,54 Mb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата15.01.2020
өлшемі0,54 Mb.
#26710
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

17 

 

мәдениеттің  мәнін,  қарқынын,  мазмұны  мен  компоненттерін  көрсетіп,  мәдени 



өзін-өзі  анықтауға  және  сәйкестілендіруге  (идентификациялауға)  шарттар 

тудыру.  Бұл  принцип  бойынша  тәрбие  мен  білім  беру  жалпы  адамзаттық 

құндылықтар негізінде пайда болып, оларға қайшылыққа келмейтін этно-ұлттық 

мәдени  құндылықтар  мен  нормалар  және  аймақтық  дәстүрлерге  сәйкес 

құрылады.  

Өркениелік  тұғырлары  –  өмір  бойы  жалғасатын  біртұтас  үздіксіз  үрдіс, 

оның  даму  барысында  адамның  этнос  субъектісі  ретінде  этностық 

құндылықтарды,  этноәлеуметтік  рольдерді  және  өз  халқының  салт-

дәстүрлерінде  шоғырланған  этностық  нормаларды  меңгеруі,  этностық  өзіндік 

санасын оятып, өз ұлтына, тіліне, тарихына, мәдениетіне деген мақтаныш сезімін 

және  басқа  ұлт  өкілдеріне  сыйластық,  түсіністік  сезімін  қалыптастыру  болып 

табылады. 

Тұлғалық тұғырлар – әр ұлт өзінің ұлт болып қалыптасуында өзінің рухани 

мәдениеті:  әдебиеті,  өнері,  ғылымы  арқылы  мінез-құлық,  болмыс,  сана-сезім 

ерекшеліктерін анық көрсетеді. Сөйтіп, өзінің өмір сүру ұзақтығы, мәдениетінің 

ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп,  ұлт  бастамасы  «баланың»  өз  мәдениетіне  ену 

мүмкіндігімен анықталады. 

Іс-әрекеттілік  –  когнитивті,  аффективті,  мінез-құлықтық  сәйкестілік 

компоненттері арқылы анықталады. Олар:  

Когнитивті 

компонентке 

жас 


ерекшелігіне 

этникалық 

өзіндік 

идентификация,  ана  тілін  үйренуге  талпыныс,  өз  халқының  және  басқа  да 

этностардың тарихын, мәдениетін және ұлттық ерекшеліктерін білу жатады. 

Аффективті компонентке жеке тұлғаның сезімінде көрінетін сипаттамалар 

кіреді.  

Мінез-құлықтық  компонентке  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  балалардың 

әрекетіндегі білім, эмоция, сезімдердің көрінуі, мінез-құлық ережелерін сақтауы 

жатады. 


Әлеуметтік  тұғырлар  –  құндылықтарды,  этноәлеуметтік  рөлдерді  және  өз 

халқының салт-дәстүрлерінде шоғырланған этникалық өзіндік санасын оятып, өз 

ұлтына, тіліне, тарихына, мәдениетіне деген мақтаныш сезімін және басқа ұлт 

өкілдеріне сыйластық, түсіністік сезімін қалыптастырады.  

Корыта  келе,  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  патриоттық  тәрбиелеу 

ерекшеліктері айқындалғаннан кейін, мынадай талаптар туындайды: 

1)  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  тәрбие  мен  оқытудың  мазмұны,  түрі  және 

әдістері  гуманизм  мен  қоғамды  демократияландыру  рухына  сәйкес  құрылуға 

тиіс; 

2)  мектеп  жасына  дейінгі  кезеңнің  ерекшелігі  сол,  бұл  кезеңде  баланың 



адамгершілік  қасиеттері,  білімдік  дағдылары  мен  икемділіктерінің  негізі 

қалыптастырылуы қажет;  

3)  мектеп  жасына  дейінгі  кезеңге  қойылатын  аса  маңызды  талап  − 

балалардың  танымдық  қызығушылықтарын  қалыптастырып,  білімдерін 

жинақтау  мен  жүйелеу,  олардың  айналадағы  құбылыстар  туралы  негізгі 

түсініктері мен қарапайым ұғымдарын қалыптастыру; 




18 

 

4)  балаға  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  педагогикалық  үдеріс  арқылы 



қазақстандық  рухани  құндылықтарға  сай  адамгершілік,  мәдениет  негіздері 

дариды. Ұлттық мінез-құлық, талғампаздық, талғам, ұлттық намыс қасиеттерін 

сіңіріп қалыптастыру; 

5) мектепке дейінгі ұйымдарға оқу және тәрбие мәселелерін шешуде өзіндік 

білімін  пайдалана  алатын,  танымдық  әрекеттері  мен  ойлануы  жеткілікті  даму 

деңгейіне көтерілген, жоғары білікті мамандар даярлау; 

6)  баланың  қоршаған  ортамен  қарым-қатынас  жасауына,  әлеуметтену 

процесіне ерекше көңіл бөлу. 

Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  патриоттық  тәрбие  процесіне  тән 

ерекшеліктер:  

-  мақсатты  бағыттылық  (мақсаттың  түсінікті  болуы  нәтиже  тиімділігінің 

кепілі); 

мақсаттар  бірлігі  (тәрбиеші  мен  тәрбиеленушінің  арасындағы 



қызметтестіктің  көрсеткіші); 

- нәтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нәтиже бірден көрінбейді); 

-  көп  жағдаяттылығы  (тұлға  көп  әрі  сан  қилы  ұнамды  да,  ұнамсыз  да 

ықпалдарға  кезігеді.  Тәрбие  барысында  олар  реттеледі.  Тараптардың  тұлғаға 

болған ықпалы өзара сәйкес келсе, тәрбие нәтижесі тиімді болады. 

-  ауыспалылығы  (тәрбиеленуші  мақсатты,  көзделген  және  кездейсоқ 

әсерлерге бірдей кезігіп отырады). 

 -  үздіксіздігі  (ешқандай  науқанды,  бір  мәртелік  шара  қаншама  жарқын 

болмасын,  аса  ыждағаттылықпен  жүйелі  дайындалған  тәрбие  істерінің  орнын 

баса алмайды); 

 - баламалылығы (тәрбиеленушілер даралық ерекшеліктері және әлеуметтік 

тәжірибесінің  әр  түрлілігімен  ажыралады.  Тәрбие  процесінде  бұлар  ескерілуі 

шарт, себебі әсері бірдей болғанның өзінде де тәрбиелік нәтиже әрқилы болуы 

ықтимал); 

-  екі  тараптылығы  (тәрбиелік  ықпалды  жүргізуші  –  тәрбиеші,  ал  ықпалды  

қабылдаушы – бала); 

- тәрбие процесі − өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы; 

- тәрбиеші тұлғасы – тәрбие барысына ықпалды маңызды жағдаят (тәрбие 

процесінің өнімді болуының кепілі – тәрбиеші ептілігі, шеберлігі, құндылықты 

бағыт-бағдары, қызметтестік қатынасқа түсе білу қабілеті); 

 -  қарама-қайшылықты  болуы  (қарама-қарсылықтар  тәрбиенің  қозғаушы 

күші ретінде қарастырылады). 

Тәрбиенің  негізгі  қайшылықтары  оқу-тәрбие  процесінде  кездесетін 

келесідей құбылыстар арасында көрінеді: қоғамдық өмірдің жаңа шарттары мен 

оған  дайындауға  арналған  әдістер  мен  формалардың  ескіруі;  адамның  табиғи 

даму  мүмкіндіктерінің  шексіздігі  мен  бұл  дамудың  әлеуметтік  жағдайлар 

бағдарламаларына тәуелді шегерілуі; адамның табиғатпен белсенді, әрекетшең 

болуы,  оның  қоғамдық  өмірге  араласу  ынта-ықыласы  мен  өмірлік  процеске 

нақты  қатысу  үшін  қажет  тәжірибе,  білім,  ептілік  пен  дағдылардың  жетіспеуі 

және т.б. 



 

 


жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау