19
«МЕНІҢ ЕЛІМ – МЕНІҢ ЖЕРІМ» ТӘРБИЕ-БІЛІМ БЕРУ ЖҰМЫСЫНЫҢ
ІЛГЕРІЛЕМЕЛІК ЖОСПАРЫ – АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС
Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне
деген жылы сезім, махаббаттан бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп
ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның
бүкіл ғұмырына жалғасып жатады.
Махаббат, мейірімділік туралы, әсіресе, «Мейірбанды бала», «Шеше мен
бала», «Аурудан аяған күштірек» деген Ыбырай Алтынсариннің үш әңгімесін
алуға болады.
Махаббат, мейірімділік ата мен ананың үй-ішіне деген махаббатынан
басталады. Адамгершілікті ту қып көтерген ұлы адамдар да алдымен өз атасын,
өз туғандарын сүйеді. Олардың кейбіреулері өсе келе тек «атасының баласы
болмай, адам баласы» бола біледі. Тек өзіме ғана болсын деген мещандық
көзқарасты аттап өтіп, адам деген ардақты атқа ие болушылардың шын бақыты
үшін қол созады.
«Мейірімді бала» әңгімесінде 13 жасар қыз патшаның үкімі бойынша қолы
кесілуге бұйырылған әкесі үшін патшаға арыз етіп, өз қолын кесуге ұсынады.
Қыз: «Тақсыр, жұмыс жасап, бала-шағаларын асырайтын атамның қолын
қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз», - дейді. Мұнда жас қыздың тек қана
атасы емес, анасы мен бауырларына деген де махаббаты суреттеледі.
Ананы қандай түрде бағалап, қалай сүюдің айқын үлгісін жазушы «Аурудан
аяған күштірек» деген әңгімесінде айқын көрсеткен. Бұл әңгімеде аяғы сынған
Сейт деген бала жанына аяғының ауруы қанша батса да, анасын ренжітпеу үшін
қабақ шытпағандығы айтылады. Автор бұл көріністі былай суреттейді: «Сейт
орам-ораммен жүгіріп бара жатқанда, бір арбалы келіп, аңдаусыз соғып кетіп,
аяғын сындырыпты. Ойбайлап жылап жатқан баласын көріп, шошынғаннан
шешесі талып қалыпты. Мұны көрген соң Сейт жыламақ түгіл, сынған аяғын
орнына салып таңып жатқанда да дыбысын шығармай, қабағын да шытпай
жатты. Сонда сынықшы кісі: «Аяғың ауырмай ма, қабағыңды шытпайсың?» - деп
сұрайды. Сейт шешесі шығып кеткен соң, демін алып, сынықшыға сыбырлап:
«Ауырмақ түгілі, жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын
көрсе, әжем де қиналып жыламасын деп жатырмын», - деді.
Сейт шын мәнінде мейірімді бала болып суреттеледі. Мұндай жастарда
жалпы адамды сүйетін жақсы мінездің біртіндеп өсетіндігі сөзсіз. Бала кезінен
әлпештеп өсірген анасының қадірін білген жас, алақанына салып аялап, тәлім-
тәрбие беріп отырған ұлы анасы – Отанын сүйетін, ол үшін де өз жанының
ауырғанына ыңқ етпейтін нағыз отаншыл болып шығады. Ыбырайдың бұл
әңгімесінің идеясы – осы.
Әрбір сабағымызда Қазақстан елінің күнделікті тұрмыс-тіршілігі, оның
жетістіктері туралы айтып отырсақ, оқушылардың да өз еліне деген
сүйіспеншілік сезімдері қалыптасады. Менің ойымша мұндай ұстанымдар
«шынайы патриотизм» түсінігінің мәнін ашып көрсетеді. Еліміздің әрбір
азаматы өз елінің патриоты болсын десек, оның бойындағы патриоттық сезім
отбасында, балабақшада қалыптасуы тиіс деп ойлаймын (5-кесте).
20
5-кесте – Патриоттық құндылықтары қалыптасқан тұлға
Бала тәрбиесі – өте күрделі процесс. Оның күрделігі бесіктен бастау алып,
үнемі уақытпен, бала көңіл-күйімен, жеке қабілетімен, икемділігімен, тізгінді
үнемі қадағалау қажеттігімен ұғындырылады. «Тәртіптің ең тамаша мектебі –
отбасы», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»- дейді халқымыз.
Ұрпақтың тәрбиесі – қоғамның болашағы және оған аса зор
жауапкершілікпен қарау әрбір саналы азаматтың борышы. «Ел боламын десең,
бесігіңді түзе»,- деп М.Әуезов көрегендікпен дәл айтты емес пе?! Бала
тәрбиесінің дұрыс жолға түсуі оны қоршаған ортаға, әсіресе, отбасы мен
ұстаздар қауымының парасаттылығына байланысты. Мемлекетімізде қазіргі
Патриоттық құндылықтары қалыптасқан
тұлға
Қазақстанның
әлемдегі
бәсекеге
барынша
қабілетті 50
елдің қатарына
кіруге өз
үлесін қосатын
патриот –
азамат
Жалпыазам
аттық және
ұлттық
құндылықт
арды
меңгерген
ҚР
мемлекеттік
рәміздеріне,
халықаралық
мәдениетіне,
тарихына,
дәстүріне,
тіліне, дініне
құрметпен
қарау
Халықтар
арасында
достықты
нығайту
Ұлттық және
әлемдік нәрінен
сусындаған,
ғылыми-
техникалық
прогресс көшіне
ілесе алатын
ҚР
экономикалық
байлығын
дамытатын
21
таңда сапалы білім берумен қатар, болашақ жастарды рухани-адамгершілікке
тәрбиелеудің де зор қажеттігі туындап отыр. Әлеуметтік жағдайлардың өзгеріске
ұшырауы білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарын тоқырауға әкелді.
Қазіргі кезеңде тәрбиеге және тәрбие жұмыстарына деген жаңаша көзқарас
қалыптасуда, олардың ізгілік мәні тереңірек ашылуда.
Тәрбие жұмыстары әр баланы қайталанбас тұлға ретінде қарап, оның өзгеше
қасиеттерін дамытуы қажет. Әрбір бала – тұлға, өзінше бір әлем, ал, әр
педагогтың міндеті әр тұлғаны көре білу, жүректеріне жол табу. Бүгінгі күнде
барлық педагогтардың алдындағы мақсат өмірдің барлық саласында белсенді,
шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу болып табылады.
Халықтың болашағы – ұрпағы, ұрпақтың тәрбиесі – педагогтарда,
педагогтардың мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Ал,
толыққанды азамат қалыптасу үшін – ақыл-ой тәрбиесі, имандылық, еңбек,
эстетикалық, тілдік қатынас, дене тәрбиесі, сонымен қатар, экологиялық,
экономикалық, патриоттық тәрбие берілуі тиіс.
Тәрбиенің қалыптасуы – педагог, бала, ата-ана еңбегімен байланысты
екендігі айқын. Демек, бұлар береке-бірлікпен жұмыс істеп, бұзылмайтын,
айнымайтын темір тәртіпке бас игенде ғана іс оң нәтиже таппақ. Бұл ұлдың
еркіндігіне, қыздың шіркіндігіне қойылатын жоғары талап. Сондықтан да, осы
үш негіз бірлесе отырып жұмыс жасаса өкінбейтініміз анық.
Тәрбие мәселесін тек бала бақша мен педагогтар қауымының мойнына арта
салумен іс бітпейді. Оның нәтижелі болуы ата-аналар мен қоғамдық ортаның
тәрбие ісінен шет қалмай белсене араласуына, адам тәрбиелеудегі
жауапкершілікті бірлесе көтеріп, жұмыла істеуге тікелей байланысты. Ол
жөнінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заң жобасында: «Ата-
аналар балалардың өмірі мен оқуы үшін олардың денсаулықтарын, рухани әрі
дене қуатының қауіпсіз дамуын, адамгершілігі жағынан дұрыс қамтамасыз етуге
міндетті»,- делінген.
Тәрбие үрдісінде педагогтың білім өрісі мен әдіскерлік шеберлігі, жеке
басының үлгісі, шешуші роль атқаратынын ұмытуға болмайды. Балалар өз
тәрбиешілерінің жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, дүниетану
көзқарасына еліктемей тұра алмайды. Орыстың ұлы педагогы К.Ушинский:
«Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген.
Ешқандай жарғы да, бағдарлама да, ешқандай орынның жасанды әрекеті де оның
орнын баса алмайды»,- деп текке айтпаған.