17
43.
«Техника және біз» - техника әлемімен, оның ерекшеліктерімен және
түрлерімен таныстыру; механизмдердің құрылысы, олардың әрекет ету
принциптері туралы түсінік беру, заманауи техника адамға қоршаған ортаны
өзгертуге, түрлендіруге септігін тигізеді, адамның күрделі ойлануын талап
ететін жұмысын жеңілдетуге көмектеседі, құрастыруға және нақты
техникалық мамандықтарға қызығушылық тудыру.
44. «Ертең сабақ басталады» - баланың мектепте оқуға психологиялық
дайындығын, жаңа өмірге, алдағы болатын өзгерістерге, жағдайларға
ережелерге, талаптарға оң көзқарасын қалыптастыру.
45.
«Өнер көзі – халықта» - өз халқының тарихы мен мәдениетіне, өнер
туындыларына, мәдени мұраны тануға қызығушылықты қалыптастыру, халық
кәсібімен таныстыру, ұлттық мәдениетті, туған өлкенің тарихы мен салт-
дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
46. «Мен және қоршаған орта» - экологиялық мәдениет негіздерін және
шығармашылық ойлауды, қоршаған орта туралы бастапқы түсініктерін
қалыптастыруды; табиғатқа қамқорлық танытуды, қоршаған ортаға
жауапкершілікпен қарауды, табиғаттағы және тұрмыстағы қауіпсіз мінез-
құлық дағдыларына баулуды қарастырады.
47. «Теңіздер мен мұхиттар әлемінде» - планетаның су ресурстары, су асты
әлемі, оны мекендеушілер, олардың құрылысы мен жауларынан қорғану
тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру, білуге құмарлықты, танымдық
қызығушылықты дамыту, табиғатқа қамқорлықпен қаруға тәрбиелеу.
48. «Әрқашан күн сөнбесін» - Отанға, отбасына, туысқандарына,
достарына сүйіспеншілік сезімді қалыптастыру, патриотизмге тәрбиелеу,
айнласындағы адамдармен тілектестік қарым-қатынаста болуға, оларға
қамқорлық жасауға баулу.
49. «Көлік» - көлік түрлері, көлік жүргізуші, көлік бөліктері туралы
білімдерін кеңейту, көлік құралдары арасындағы айырмашылықты (қоғамдық,
жеке және т.б.) табуға үйрету, ойлауды, қабылдауды, зейінді, есті дамыту,
көлікте жұмыс істейтін адамдарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
50. «Ғажайыптар әлемінде» - балалардың шығармашылық қабілеттерін,
ақыл-ой әлеуетін, ойлауын, қиялын дамытуға, дербес әрекетке ұмтылысын,
белсенді әлеуметтенуін қалыптастыруға, адамгершілік және эстетикалық
сезімдерін оятуға бағытталады.
18
ҚОРЫТЫНДЫ
Жүйелі құрастырылған жұмыс жоспары айқындықты көрсетеді, қиындықты
болжайды, уақытты үнемдейді, жауапкершілікті арттырады, жұмысты
жеңілдетеді. Жоспарлаудың маңызды міндеті-әр баланы дер кезінде жан-жақты
дамыту және денсаулығын қорғау, эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру.
Педагогикалық процесті жоспарлау педагогтен жоғары деңгейдегі
кәсібилікті, жалпы мәдениетті және шығармашылық әлеуетті талап етеді.
Тәрбиеші білім беру салаларын кіріктіре білуі, нақты бағдарламалық
міндеттерді шешу үшін балалар әрекетін ұйымдастырудың неғұрлым нәтижелі
түрлерін таңдай білуі, балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, түрлі
әдістер мен тәсілдерді педагогикалық негізде үйлестіре білуі тиіс.
Тәрбиелік - білім беру процесі балалар контингентін, олардың жас және жеке
ерекшеліктерін, ата-аналардың әлеуметтік тапсырысын ескере отырып құрылуы
қажет. Ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлауда тәрбиелік, дамытушылық
және білім беру міндеттерінің бірлігін қамтамасыз ете отырып, сонымен қатар
Үлгілік бағдарламаның қажетті және жеткілікті материалында балаларға артық
жүктеме берілмеуі тиіс.
Перспективалық
жоспарлау
оқу
жылына
құрастырылады.
Ұйымдастырылған оқу қызметтерінің саны Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың үлгілік оқу жоспарындағы апталық оқу жүктемесінің көлеміне сәйкес
болуы тиіс. Өтпелі тақырыптар барлық білім салалары арқылы кіріктірілуі
қажет. Тақырып заттық-кеңістіктік дамытушы ортада жүзеге асырылуы тиіс.
Педагог өтпелі тақырыптардың тізіміне, тақырыпшаларды қосып,
өзгерістер енгізе алады. Ұсынылған жоспарлау түрін үлгі ретінде қарастыруға
болады. Педагог мақсатқа жетудің түрлерін, әдістері мен құралдарын түрлі
ерекшеліктерге (кәсіби, өңірлік, материалдық-техникалық, мектепке дейінгі
ұйымдардың ерекшеліктері және т.б.) байланысты анықтайды.
19
МАЗМҰНЫ
1. Түсіндірме жазба...........................................................................................3
2. Білім беру процесін ұйымдастыру ұстанымдары, түрлері мен
әдістері...........................................................................................................4
3. Табысты жоспарлауға ықпал ететін шарттар............................................5
4. Мектепке дейінгі ұйымдардың жоспарлау процесін реттейтін
Нормативтік құжаттар.................................................................................6
5. Жаңартылған мазмұн жағдайында білім беру
процесін ұйымдастыру...............................................................................8
6. Перспективалық жоспарды құрастыруда қолданылатын өтпелі
тақырыптар .................................................................................................11
7. Қорытынды.................................................................................................18
8. Қосымша.....................................................................................................20