Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 0,62 Mb.
Pdf просмотр
бет2/8
Дата23.11.2018
өлшемі0,62 Mb.
#23975
1   2   3   4   5   6   7   8

 

БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ                          



ҰСТАНЫМДАРЫ, ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ

 

 

 Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  балалармен  жұмысты  ұйымдастырудың 



мазмұны,  әдістері  мен  түрлері  білім  беру  процесінің  негізі  болып  табылатын 

дидактикалық  ұстанымдарға  тәуелді.  Барлық  педагогикалық  ұстанымдар  бір-

бірімен  тығыз  байланыста  және  баланың  жеке  тұлғасын    қалыптастыруға 

бағытталған:  

         -баланың балалық шақтың барлық кезеңдерінде толыққанды өмір сүруі, 

оның дамуын жетілдіру;   

 -мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкестілігі;            

- педагогикалық процесті әрбір баланың жеке ерекшеліктері негізінде құру:  

-  балалар  мен  ересектердің  бірлескен  әрекеті  мен  ынтымақтастығы;                    

-әрекеттің әр түрлерінде балалардың бастамасын қолдау;  

 -мектепке дейінгі ұйымның отбасымен ынтымақтастығы;  

-балаларды қоғамның әлеуметтік мәдени нормаларына тарту;       

-  әрекеттің  әр  түрлерінде  баланың  танымдық  қызығушылықтары  мен 

танымдық әрекеттерін қалыптастыру;  

- балалардың этномәдени даму  жағдайын есепке алу;  

- өтпелі тақырыптар арқылы білім беру салаларын кіріктіру. 

Білім беру процесін құру балалардың жастарына сәйкес жұмыстың түрлері 

мен  әдістеріне  негізделуі  тиіс.  Балалармен  жұмыстың  түрлері  мен  әдістерін 

таңдау мектепке дейінгі ұйым әрекеті бағытына, оның жабдықталуына, өңірлік 

ерекшеліктерге, педагогтің жұмыс тәжірибесіне және шығармашылық әлеуетіне 

сәйкес жүзеге асырылады.       

Білім беру процесінде мынадай әдістер қолданылады:  

- сөздік (әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу және т.б.); 

-көрнекілік  (бақылау,  суреттер,  иллюстрациялар,  ойыншықтар  мен  заттар 

қарастыру; мультфильмдер мен  спектакльдер  қарау); 

-  практикалық  (жаттығулар,  модельдеу,  балабақша  ауласынан  тыс  

экскурсиялар, тәжірибе,эксперимент жүргізу); 

-  ойын  (қимылды,  театрландырылған,  сюжетті-  рөлдік  және  т.б.).  Кіріктіру 

ұстанымына сәйкес бір білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметінде 

бір уақытта басқа білім беру салаларының міндеттері де шешілуі тиіс. Бір өтпелі 

тақырыптың  төңірегінде  білім  беру  процесін  құру  балалардың  дамуына  зор 

мүмкіндіктер береді. Оларда тәжірибе, эксперимент жүргізуге, негізгі дағдылары 

мен ұғымдық ойлауды дамытуға мүмкіндіктер пайда болады.    

Тек мазмұн ғана кіріктірілмейді,  сондай-ақ түрлі ұйымдастыру  формалары, 

балалар әрекетінің әртүрлері де кіріктіріледі.  

 

  



 

 

 

 


 

       ТАБЫСТЫ ЖОСПАРЛАУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН  ШАРТТАР 



 

Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды дамыту және тәрбиелеу үшін жағдай 

жасау:  

       -балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды; 

        - материалдық-техникалық базаның жаңартылған нормативтік құқықтық 

құжаттар талаптарына сәйкес қамтамасыз етілуін;  

- білікті педагогтер және мамандармен қамтамасыз етуді; 

- тәрбиелік, дамытушы және білім беруші міндеттердің біртұтастығын; 

- өтпелі тақырыптарға сәйкес білім  беру салаларын кіріктіруді; 

- білім беру мазмұны  балаларға артық жүктеме түсіруін болдырмауды;  

-  ересектер  тарапынан  қолдау,  балалардың  бір-бірімен  мейірімді  қарым-

қатынасын; 

-  балалардың  бойында  ұлтжандылық  және  толеранттылық  сезімін,  Отанға 

және туған-туысқандарына сүйіспеншілікті қалыптастыруды; 

- білім беру процесін әдістемелік қолдауды қамтамасыз етуді; 

         - баланы тәрбиелеу мен дамыту және  инклюзивті  білім беру мәселелері 

бойынша  педагогтер мен ата-аналарға қолдау көрсетуді қарастырады. 

Табысты жоспарлаудың  шарттары:  

1)  жоспарлау кезінде өз жұмысының деңгейін әділ бағалау; 

2)  жұмыстың  белгілі  кезеңінде  жоспарлаудың  мақсаттары  мен 

міндеттерін айқындау; 

3)   Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын білу; 

4)  жоспарлау кезеңі  жұмыстың нәтижесін көрсетуі; 

5)  алға  қойылған  мақсатқа  жетуге  көмектесетін    тиімді  әдістер  мен 

құралдарды таңдау.                                                                                                                    

          Перспективалық жоспарды топқа  бір жас тобында  жұмыс істейтін екі 

тәрбиеші құрастырады. Бұл шартты орындау балаларға біріңғай тәсілді, біріңғай 

талаптарды қолдануды  қамтамасыз етеді,  жоспар мен бағдарламаны  орындауда 

әрбір  тәрбиешінің  жауапкершілігін    арттырады.  Ауысыммен  жұмыс  істейтін 

тәрбиешілер бір–бірімен   күнделікті байланыста болуы,   балаларды  бақылау 

нәтижелері  бойынша  үнемі  пікір  алмасулары  тиіс:  олар  бағдарламалық  

материалдарды  қалай  игеруде,  өзінің  міндеттерін  қалай  орындайды,  мәдени 

мінез-құлық  дағдылары  қалай  қалыптасуда,    кіммен  ойнайды  және  т.б 

мәліметтерді білуі қажет. Осылайша, жоспардың негізгі бөлігін екі тәрбиеші де 

белгілейді,  бөліктерін  әрқайсысы  жеке  белгілейді.Тәрбиеші  өзінің  тобындағы 

балаларды жақсы біліп, әрбір баланың даму динамикасын зерделеу керек. 

          Білім  беру  процесін  құрудың  тақырыптық    ұстанымдары  мектепке 

дейінгі  ұйымдардың  ерекшеліктерін  ескеруге,  аймақтық  және  мәдени 

компоненттерді енгізуге мүмкіндік береді. 

  

 

 




 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ  ЖОСПАРЛАУ ПРОЦЕСІН 



РЕТТЕЙТІН НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР  

 

1.  Адам құқығы мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенция.   

2.  Бала құқығы туралы конвенция.  

3.  Қазақстан Республикасының Конституциясы.  

4.  «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 

319 Заңы.  

5.  «Тіл  туралы»  Қазақстан  Республикасының  1997  жылғы  11  шілдедегі 

№151Заңы. 

 

6.  «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  рәміздер  туралы»  Қазақстан 



Республикасының 2012 жылғы 28 маусымдағы № 23-V Заңы.  

7.  «Ойыншықтардың  қауіпсіздігі  туралы»  Қазақстан  Республикасының  

2007 жылғы 21 шілдедегі №306 Заңы.  

8.  «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу 

арқылы  қолдау  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2002  жылғы  11 

шілдедегі № 343 Заңы.  

9.  «Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың 

2016  –  2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы»  Қазақстан 

Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 жарлығы.   

10. «Мектепке  дейінгі  ұйымдарға  және  сәбилер  үйлеріне  қойылатын 

санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларын 

бекіту  туралы  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  министрінің 

2017 жылғы 17 тамыздағы   № 615 бұйрығы.            

11. «Қазақстан  Республикасы  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың 

мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты»  Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы.  

12. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары» ҚР БҒМ 

2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы. 

13.  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» ҚР 

БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы.  

14. «Тиісті  үлгідегі  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  үлгілік  қағидаларын, 

оның ішінде балаларға арналған  қосымша білім беру бағдарламаларын 

іске  асыратын  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  үлгілік  қағидаларын 

бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2013  жылғы  17 

мамырдағы № 499 қаулысы. 

15.  Мектепке  дейінгі  ұйымдардың  локальды  актілер  жинағы    (Жарғы, 

ұжымдық келісім шарт, ішкі еңбек тәртіп ережелері). 

 

 



 

 

 




жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау