Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 0,62 Mb.
Pdf просмотр
бет1/8
Дата23.11.2018
өлшемі0,62 Mb.
#23975
  1   2   3   4   5   6   7   8


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ     

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  ОРТАЛЫҒЫ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ 

ЖОСПАР МЕН ЦИКЛОГРАММАНЫ ҚҰРАСТЫРУҒА  

 

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР 

 

 

 

 

 

 

МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ 

 

ПО СОСТАВЛЕНИЮ ПЕРСПЕКТИВНОГО ПЛАНА И 

ЦИКЛОГРАММЫ В ДОШКОЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЯХ 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Астана ,2018 ж. 




 

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығында әзірленген 

 

 

 

      Мектепке дейінгі ұйымдарда перспективалық жоспар мен циклограмманы 

құрастыруға әдістемелік ұсынымдар - Астана, 2018 ж – 53 бет. 



 

 

 Пікір жазғандар: 



 А. Салиева, п.ғ.к. 

 А. Мухамеджанова, меңгеруші 

 Г. Алиева, әдіскер 

 

 

 

Әдістемелік  ұсынымдарда  мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесінің 

жаңартылған  мазмұнына  сәйкес  мектепке  дейінгі ұйымдарда педагогикалық 

процесті жоспарлаудың негізгі тәсілдері ұсынылған. 

Аталған  құрал  мектепке  дейінгі  білім  беру  саласындағы  педагог  қауымға, 

педагогикалық ЖОО мен колледждердің студенттеріне арналған. 

    

 

Әдістемелік ұсынымдар ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі 

балалық  шақ»  республикалық  орталығының  ғылыми-әдістемелік  кеңесінде 

қаралып,  ұсынылған (2018 ж. 5 сәуірдегі № 3 хаттама). 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

«Мектепке дейінгі балалық шақ»  



                                                                                республикалық орталығы, 2018


 

                                            ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА 



 

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016-

2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  айқындалған  мектепке 

дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі міндеттері: 

-мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту; 

-балаларды  сапалы  мектепке  дайындауға  бағытталған    иннновациялық 

әдістер мен технологияларды енгізу; 

-мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  біліктері  мен  дағдыларының  дамуын 

бақылау бойынша индикаторлар жүйесін енгізу.  

Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  жоспарлаудың  қолданыстағы  тәжірибесін 

талдау,  бұл  мәселенің  қызметін  жаңа  бастаған  педагогтер  үшін әлі  де  күрделі 

екендігін  көрсетті.  Дәстүрлі  түрде  «балаларды  үйрету»  жұмысы  бүгінгі  күн 

талаптарына  сәйкес  келмейді.  Себебі  Циклограммада  педагогтер  мысалы 

«балалар өзбетінше шешімдер қабылдау үшін жағдайлар жасау» сияқты басқа 

тәсілді көрсетуі мүмкін, педагог балаларға бұрынғыдай дайын шешімді ұсынуға 

асықпайды, оларға ойлануға, талаптанып көруге және өздері  шешім қабылдауға 

мүмкіндік береді.  

 

Аталған  әдістемелік  ұсынымдар педагогикалық  процесті  жоспарлауда 



педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында әзірленді 

 

Міндеттері:

 

 

-Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 

стандартын іске асыруды қамтамасыз ету;   

-  мектепке  дейінгі  ұйымның  бағытын,  әдістемелік  проблемасын,  өнірлік 

ерекшеліктерді ескеріп, жоспарды құрастыру;  

-жоспарда  нақты  әдістемелік,  білім  беретін  және  тәрбиелік  іс-шараларды, 

олардың орындалу мерзімін, орындауға жауаптыларды анықтау;              

-ұжымның әрбір мүшесін жауапкершіліке тәрбиелеу.  

Әдістемелік  ұсынымдарда  жылдық  және  перспективалық  жоспардың 

құрылымы, циклограмма, сондай-ақ ортаңғы топтың перспективалық жоспары 

мен циклограммасы үлгі ретінде ұсынылады.    

Жоспарлау  тәртібі  тәрбиешілерге  балалардың  мектепке  дейінгі  ұйымда 

болған барлық уақыты ішінде білім беру қызметін жоспарлы және дәйекті түрде 

ұйымдастыруына  септігін тигізеді.    

Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  перспективалық  жоспар  мен  циклограмманы 

құрастыруға  әдістемелік  ұсынымдарды    қолдану  педагогтерге  баланың 

толыққанды  дамуына  жағдай  жасауға,  оның  дұрыс  әлеуметтенуі  үшін 

мүмкіндіктерін іске асыруға, тұлғасын дамытуға, ынтасы мен шығармашылық 

қабілеттерін, ересектермен және құрдастарымен балалардың жастарына сәйкес 

ынтымақтастығын    дамытуға мүмкіндік береді.  

 Аталған жоспарлаудың түрі педагогтерге өтпелі тақырыптарға сәйкес білім 

беру салаларын кіріктіруді, сонымен қатар күн тәртібіндегі балалар әрекетінің 

барлық түрлерін іске асыруға көмектеседі.     

 



жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау