Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



жүктеу 0,62 Mb.
Pdf просмотр
бет5/8
Дата23.11.2018
өлшемі0,62 Mb.
#23975
1   2   3   4   5   6   7   8

12 

 

Жуыну біртіндеп, шағын топтармен ұйымдастырылады.  



Тамақтану  кезінде  педагог  балаларды  мәдени-гигиеналық  дағдыларға, 

құралдарды қолдана білуге баулиды. Тамақтанып болған соң қолдарын жуады, 

киімдерін  шешіп,  ұйқыға  дайындалады.  Педагог  балалардың  тыныш 

ұйықтауына қолайлы жағдай жасайды.  

Ұйқыдан тұрғаннан кейін педагог шынықтыру және сауықтыру шараларын 

өткізеді. 

Балалар бесін ас  ішеді және содан соң тәрбиеші топтың заттық-дамытушы 

ортасында  дербес  ойын  әрекетін  ұйымдастырады,  балалармен  жеке  жұмыстар 

жүргізеді.  

Серуенге  дайындық.  Балалар  киініп,  серуенге  шығады,  серуен  барысында 

түрлі қимылды ойындар ұйымдастырылады.  

Серуеннен келген соң гигиеналық шаралар жүргізіледі. Педагог ата-аналарға 

баласының жетістіктері туралы ақпарат, ата-аналарды қызықтыратын сұрақтары 

бойынша кеңестер беруі тиіс.  

Білім  беру  әрекетінің  тиімділігін  қамтамасыз  ету  мақсатында  педагог 

балаларды  тәрбиелеу  мен  оқытудың  түрлерін,  құралдарын,  әдістері  мен 

тәсілдерін анықтайды.   

Ұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымы: 

І. Кіріспе бөлім (тақырыпқа ену, өткен материалды қалай игергенін білу үшін 

жетелеуші сұрақтар, жаңа тақырыпқа біртіндеп көшу).    

II. Негізгі бөлім (жаңа тақырыпты ашу). 

III. Қорытынды бөлім (қайталау және бекіту). 

Жоспарлауда  топ  педагогтері  мен  мектепке  дейінгі  ұйым  мамандары 

құрастырған: серуен, таңертеңгі гимнастика, бақылау, саусақ гимнастикасы және 

т. б. картотекаларын циклограммаға қосымша ретінде қолдануға болады.       

Циклограмманың  құрастырылуын  бақылауды  әдіскер  мына  белгіге  сәйкес 

жүзеге  асырады:  Тексеру  күні.  Жазу:  «Жоспар  тексерілді,  кеңес  берілді, 

ұсынылды: 1…., 2….., 3…..және т.б.».   

Ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес тәрбиеші белгіленген құжаттарды дер 

кезінде толтыруға және ұқыпты жүргізуге, тәрбиелеу-білім беру процесін  нақты 

жоспарлауға,  Бақылау  парағын  жүргізуге  және  Баланың  жеке  даму  картасын 

толтыруға,  баланың  жеке  басын  құрметтеуге,  оның  жеке  ерекшеліктерін 

зерделеуге, бейімділіктері мен ерекшеліктерін білуге, тұлға болып қалыптасуы 

мен дамуына көмектесуге міндетті. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 


13 

 

ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАРДЫ ҚҰРАСТЫРУДА 



ҚОЛДАНЫЛАТЫН 

ӨТПЕЛІ ТАҚЫРЫПТАР 

 

 



Күнтізбелік  айдағы  тақырыптар  саны  мемлекеттік  және  ұлттық 

мерекелерге, маусымдық шараларға, аймақтық және климаттық ерекшеліктерге 

және т.б. байланысты өзгеруі мүмкін.  

Өтпелі  тақырыптарды    мақсатты  тұжырымдау  жас  тобына,  білім  беру 

салаларына, ұйымдастырылған оқу қызметтері түрлеріне  байланысты.  

Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  баланы  жан-жақты  дамытуға  Үлгілік  оқу 

бағдарламасын тиімді іске асыруға бағытталған мынадай өтпелі тақырыптар 

ұсынылады, олар:  

1.«Балабақша»  –  балалардың  бойында  балабақшаға,  балаларға, 

ересектерге  сүйіспеншілік  сезімді  қалыптастыруға;  бірлескен  әрекетке 

қызығушылықты дамытуға бағытталған. 

2. «Менің отбасым» – отбасы, ана, әке, әже, ата, аға, әпкенің рөлі; отбасы 

мүшелерінің  міндеттері  туралы;  отбасындағы  жағымды  өзара  қарым-

қатынасқа  тәрбиелеу,  өзара  көмек,  отбасының  барлық  мүшелеріне 

сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. 

3.  «Дені  саудың  жаны  сау»  –  баланың  денсаулығын  сақтауға  және 

нығайтуға,  мектепке  дейінгі  ұйымда,  тұрмыста,  көшеде,  табиғат 

жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және негізгі 

қимылдарды  жетілдіру  арқылы  балалардың  қимыл-қозғалыс  тәжірибесін, 

шығармашылық,  танымдық  және  сөйлеу  қабілеттіліктерін  қолдана  отырып, 

балалардың белсенді әрекетке қажеттіліктерін байытуға бағытталған.  

4.  «Менің  Қазақстаным»  –  балалардың  жас  және  жеке  мүмкіндіктеріне 

сәйкес  білім,  білік,  дағдыларды,  рухани-адамгершілік  құндылықтарды 

қалыптастыруға,  "Мәңгілік  Ел"  жалпыұлттық  идеясына  негізделген  жалпы 

адамзаттық қасиеттерді, патриотизм мен толеранттылықты тәрбиелеуге ықпал 

етеді. 


5.  «Табиғат  әлемі»  –  тірі  және  өлі  табиғат  заттары  мен  құбылыстары, 

маусымдық  өзгерістер,  өсімдіктер  туралы    білімдерін  кеңейтуге;  жануарлар, 

жәндіктер  мен  өсімдіктердің  барлық  түрлерін  сақтаудың  қажеттілігі  туралы 

түсініктерін  қалыптастыруға;  табиғатпен  тікелей  байланысты  тәжірибені 

игеруге;  қоршаған  ортаға  ұқыпты  қарауды  және  тіршілік  ету  ортасының 

маңызын түсінуге бағытталған. 

6. «Бізді қоршаған әлем» – қоршаған ортамен өзара әрекет етуге қажетті 

танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларына ие баланың тұлғасын дамытуды, 

адамгершілік  нормаларын,  төзімділікті  және  адамдарға  құрмет  танытуды 

сезінуін қамтамасыз етеді. 

7.  «Салт-дәстүрлер  және  фольклор»  –  Қазақстан  Республикасында 

тұратын  қазақ  және  басқа  халықтардың  салт-дәстүрлерімен  таныстыруға, 

адамдарға мейірімді және сыйластық қатынасты қалыптастыруға бағытталған. 

8.«Біз еңбекқор баламыз» – қарапайым еңбек дағдыларын қалыптастыруға, 

еңбек сүйгіштікке, еңбек адамдарына құрмет сезімдерін тәрбиелеуге, адамның 



14 

 

қолымен  жасалғанның  барлығына  ұқыпты  қарауға;  балалардың  сөйлеуін, 



зейінін,  қиялын  дамытуға;  шығармашылық  қабілеттерін  және  ойлауын 

қалыптастыруға ықпал етеді. 

9.  «Әрқашан  күн  сөнбесін»  –  балалардың  бойында  адамгершілік 

қасиеттерін  жақын  адамдарына  сүйіспеншілік,  оларға  қамқорлық  жасауға 

ынтасын,  өзінің  туған  еліне,  қаласына,  ауылына  құштарлық  сезімді,  оның 

тарихына қызығушылықты тәрбиелеуді қарастырады.    

10. «Өнер көзі – халықта» – адамгершілік-патриоттық тәрбие, өзін-өзі тану, 

қоршаған ортамен, Қазақстан халқының және басқа елдердің салт-дәстүрімен, 

өнерімен таныстыру.   

11.«Мен  және  қоршаған  орта»  –  табиғатпен  таныстыру,  экологиялық 

тәрбие, тіршілік әрекетінің қауіпсіздік негіздерін қалыптастыру, адамдар және 

олардың мамандықтарымен таныстыру. 

12.«Тірі  және  өлі  табиғат»  –  тірі  және  өлі  табиғатпен  таныстыру, 

табиғатпен өзара әрекет ету, оларға ұқыпты қарау білімдері мен дағдыларын 

қалыптастыру.  

13.«Жабайы  табиғат  әлемі»  –  ғаламшардағы  флора  мен  фаунамен 

таныстыру, экологиялық тәрбие. 

14.«Біз  мектепке  барамыз»  (мектепалды  даярлық  топқа  арналған)  – 

мектеппен таныстыру, мектепке әлеуметтік бейімделуге даярлау. 

15.«Қош  келдің  Алтын  күз!»  –  күздегі  табиғат  құбылыстарының 

өзгерістерімен,  Қазақстан  өңірлеріндегі  түрлі  климаттық  жағдайларымен 

(оңтүстік  пен  солтүстіктегі  күзгі  ауа-райы),  күздің  түрлі  мезгілімен 

таныстыру: ерте күз, алтын күз, кеш келген күз – астық өнімін жинау мезгілі.  

16.  «Қызықты  қыс  мезгілі!»  –  қыстағы  табиғат  құбылыстарымен,  оның  

өзгерістерімен,  қыстың  қызықты  мерекелерімен  және  ермектерімен 

таныстыру.  

17. «Алғашқы тамшылар» – түрлі өңірлердегі көктемнің түрлі мезгілімен, 

көктемдегі жеміс-жидектерді отырғызу, олардың табиғаттағы өзгерістерімен 

таныстыру.  

18.  «Жайдары  жаз  келді!»  –  жаздағы  табиғат  құбылыстарымен,  оның 

өзгерістерімен  таныстыру,  жаз  –  адам  ағзасына  жеміс-жидектер  арқылы 

келетін табиғат дәрумендерінің мезгілі.  

       19. «Жомарт күз» - бау-бақшалардан, егін алқабынан мол өнім жинау 

туралы білімдерін қалыптастыру, татулыққа, бірлікке, өзара көмек көрсетуге, 

еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.   

       20. «Ас атасы-нан» -  егін науқанына дайындық: егін алқабын жырту, 

бидай тұқымын себу, нанның дастарханға қалай келетіні туралы түсінік беру; 

дихан,  наубайшы  еңбегімен  таныстыру,  олардың  еңбегін  құрметтей  білуге 

тәрбиелеу.    

21.  «Жыл  құстары»  -  жыл  құстары,  олардың  жылы  жаққа  ұшып  кету 

себептері  туралы  білімдерін  кеңейту.  Жыл  құстары  көктемде  туған  жерге 

қайта оралып, ұя салады, балапан басып шығарады.   




жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау