109
1. Светловская, Н.Н. Обучение детей чтению. Детская книга и детское чтение в современной
начальной школе: учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / Н.Н.
Светловская. – Москва., 2011. – 250 с.
2. Львов, М.Р. Методика преподавания русского языка в начальных классах / М.Р. Львов, В.Г.
Горецкий, О.В. Сосновская. – М., 2002. – 461 с.Светловская, Н.Н. Обучение детей чтению:
практическая методика: учебное пособие для педвузов / Н.Н. Светловская. – Москва., 2001. –
288 с.
3. Светловская, Н.Н. Наука становления личности средствами чтения-общения: Словарь-
справочник / Н.Н. Светловская. - Москва., 2011. – 213 с.
4. Джежелей, О.В. Чтение и литература / О.В. Джежелей. – Москва., 2005. – 197с.
5. Светловская, Н.Н. Обучение детей чтению: практическая методика: учебное пособие для
педвузов / Н.Н. Светловская. – Москва., 2001. – 288 с
6. Буктрейлер[Электронный ресурс], 2017. – Режим доступа: https://ru.wikipedia.org/wiki/
ӘӨЖ 372.3
ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАСЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ
БАЛАЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Нұрлан Ж.Н.
(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қоғамның
идеялық бірлігінде» атты еңбегінде халықтар арасындағы бірлікті нығайту,
отансүйгіштікке тәрбиелеу, тіл мәдениетін орнықтыру мәселелеріне тоқталып: «Біздің
тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – Қазақстандық Отансүйгіштікке
тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру. Шынайы
Отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан
айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді»
- делінген [1].
Халық педагогикасы – бұл ұлттық қазына. Ұлттық тәрбие беру мәселесі Әл-
Фарабидің, Ж. Баласағұнидің, М. Қашқаридің еңбектерінде көрініс табады.
Ұлтымыздың ұлы тұлғалары түркі халықтарының тәрбиелік ерекшеліктеріне үлкен мән
бере отырып, ұлттық тәрбие берудің әдіснамалық негізін жасады. Халқымыздың
кемеңгер ағартушылары Ш. Уәлихановтың, Ы. Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың, Ш.
Құдайбердиевтің, М. Жұмабаевтың, А. Байтұрсыновтың, Ж. Аймауытовтың, М.
Дулатовтың, т.б. педагогикалық мұрасында тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы
ұлттық тәрбиенің маңыздылығы мен мазмұны ашып көрсетілді [2].
Патриоттық тәрбие – отбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына,
еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап,
жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Оны зорлықпен, нұсқаумен
жүргізу мүмкін емес. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың: «Әрбір адам біздің
мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін
мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің
проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір
адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен
де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн»,
– деуі патриотизмге баулудың жарқын үлгісі іспетті. Қазақстандық патриотизмнің
анықтамасы да осынау парасатты ойдан бастау алатындай.
Қазіргі таңда шетелдің ықпалы күшейіп, жастарымыз арасында батысқа
еліктеушілік белең алып бара жатырғанын көреміз. Ежелден қазақ халқы тәрбиеге
ерекше көңіл бөлген халық. Ата-бабаларымыз өскелең ұрпаққа тәрбиені мақал-мәтел,
110
ертегі, өлең-жыр түрінде, ақын жыраулардың, шешендердің сөздері, өсиет өлеңдері
арқылы ұғындырып отырған. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның өсіп, дене бітімінің
дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне назар аударған. Шыр етіп дүниеге
келгеннен бастап, оның сөйлей бастағанын әдетке, мәдениетке баулу, жақсыдан
үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу отбасынан басталар мақсатты халықтық
педагогика заңдылығы. Балаға үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылы оларды дұрыс
жолға бағыттау өмір заңы. Талап, ақыл, күш, ойдың дамуымен білім дүниесіне
көзқарас, наным, келешекке үмітпен қарау баланың қабілетін ашады. Бала өскен сайын
көп нәрсені үйрене келе, өзінің халқының, ұлтының кім екенін айқын түсіне бастайды.
Ол «мен қазақпын» деген үлкен ұғымды иеленеді. Бірақ еліміз үшін білімдендіру
саласын жаһандану ақпараттық өркениеттің талаптарына лайықтап, педагогикалық
технологиялар мен инновациялық қызметтің әлемдік деңгейін қамтамасыз ете
отырып,оны халқымыздың ұлттық рухани құндылықтарымен үйлестіре оқытып,
тәрбиелейтін этностық мәдени құндылықтарымен білім жүйесін құру бүгінгі күннің
негізгі мәселесі. Қазіргі заманымыздың келелі келбетінің басты көріністерінің бірі —
жас ұрпақ тәрбиесі. Әбу Насыр Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру
керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат
әкеледі» деген. «Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы — жақсы тәрбиеленген
адам», тәрбиеленген адам — тамаша адам [3].
«Ұлтыңды
сақтаймын десең,
қызыңды тәрбиеле,
Рухыңды сақтаймын десең, ұлыңды тәрбиеле», — деп халықтың даналық
сөзінде
айтылғандай, егеменді ел болып, өркениетті мемлекеттердің қатарына енуде ата-
бабамыздың көне дәуірден сақталып келе жатқан төл тәлім-тәрбиесін, ұлттық ұлағатты
қасиеттерімізді, өнегелі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтарын
санасына сіңіре берсек, ұлттық мәдениетті игерген, иманжүзді, инабатты ұрпағымыз
жалпыадамзаттық асыл қасиеттерге ие болатыны сөзсіз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың отансүйгіштік тәрбиесін дамытып, санасын
қалыптастыру үшін тәрбиеші түсіндіру, білім беру, үлгі-өнеге көрсетуде үнемі қазақ
халық педагогикасын басшылыққа алады. Бұл әсіресе, көркем әдебиет сабағында іске
асатыны белгілі. Отансүйгіштік тәрбиесі мақсатқа сай жүргізілсе, ол баланың
логикалық ойлауын, танымдық қабілетін дамытып, ой қорытындысын жасай білуге
жеткізеді. Сондықтан, тәрбиеші көркем әдебиеттің мазмұнына сәйкес сабақтың
мақсатын айқын, нақты қоя білгені жөн. Сонда ғана, халық ауыз әдебиеті өзінің
тәрбиелік міндетін атқара алады. Ақыл-ой жағынан бала неғұрлым белсенді болса,
сұрақтарды да соғұрлым көбірек қояды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды өз елін, жерін, Отанын, отбасын қорғауға,
сүюге тәрбиелеуде көркем шығарманың алатын орны ерекше. Елін, жерін, Отанын
қорғаған халық батырлары туралы, олардың батырлық, ерлік істерін паш ететін
әңгімелер, өлеңдер, аңыз-ертегілерді оқып, оның мазмұнын түсіндіруде тәрбиеші
кездесулер ұйымдастырып, баланың қиялын шарықтатып, ерліктерге баулиды. Көркем
шығармаларды сахналату, рөлдерге бөліп ойнату арқылы бала кейіпкерге еніп, яғни
оның іс-қимылын, жүріс-тұрысын барынша бейнелеуге тырысады.
Мектеп жасына дейінгі балалар тез әсерленгіш келетінін ескере отырып, халық
қаһармандары туралы өлең немесе әңгімелерді өткенде, олар туралы фильмдерден
үзінді көрсету, батырлармен кездесулер ұйымдастырған өте тиімді екенін көрсетті.
Сондай-ақ, балабақшада өтетін мерекелерде әсіресе, «Наурыз», «9 мамыр жеңіс күні»
ерекше көрініс табады. Балаларда батырларға еліктеуге құмартып мереке күндері өте
белсенділік танытады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанынан бері халық
қаһармандары Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Роза Бағланова т.б. ел