134
құны) экспресс-əдістеріне қойылатын талаптарды ескере оты-
рып, иммуноферменттік анализ əдісіне таңдау жасалады, жекелеп
айтқанда оның бір түрі – ELISA əдісі, ол ескі бақылау əдістеріне
қойылатын барлық талаптарды қанағаттандырады.
Иммуноферменттік анализдің негізгі принциптерін (ИФА)
XIX-XX ғасырлар аралығында неміс ғалымы Пол Эрлих болжаған.
Тірі ағзаның қорғаныс жүйесінің қызмет ету механизмін ойлай
отырып, тіндеріне «антигендер» деп аталатын бөгде объектілер
кірген жағдайда ағза өндіретін «антидене» идеясын тұжырымдады.
Ағза, бөгде объектінің нақты түрін жəне басып кіруден қорғану
реакциясының əдісін, кілттің құлыпқа сай келуі сияқты бір-біріне
сай келетін антидене жəне антигендердің өздеріне тəн бірлесіп
əрекет етуі нəтижесінде ғана анықтауы мүмкін. Нəтижесінде,
Эрлих қозғаған фундаментальды идеялар радиоиммундық тал-
дау əдісіне негіз салды, бұл əдісті ойлап тапқан физика жəне
ядролық медицина профессоры Розалин Ялоу 1977 жылы Нобель
сыйлығына ие болды. Қазіргі уақытта радиоактивті изотоптар
жəне айтарлықтай күрделі жабдықтарды қолдануды қажет ететін
талдаудың радиоиммундық əдісі ығыстырып шығарылған, оның
орнына қарапайым əрі қауіпсіз ИФА əдісі қолданылады.
ИФА-ді орындаудың қысқа оңтайландырылған сызбасын қа-
рас тырайық. Тағамдық жəне биологиялық объектілердің хи-
миялық қосылыстарын талдау үшін негізінен «бəсекелесетін»
иммуноферменттік анализ нұсқасы қолданылады, сондықтан ИФА-
дің тек ELISA деп аталатын əдісі жөнінде сөз қозғалатын болады.
Өндіруші ИФА-дің дайын жинағына талдауға қажетті материал-
дар, буферлік жəне стандартты ерітінділер кіргізеді. Химиялық
қосылыстарға (антигендерге) арналған антиденелер (антитела) тірі
ағзаның қан сарысуынан алынған жəне планшеттің қатты бетіндегі
96 шұңқырға сіңірілген (12 а-сурет).
135
12-сурет. Иммуноферменттік анализдің орындалу
сызбасы (ИФА): а – иммуносорбция процесінің басталуы;
б – иммуносорбция процесінің аяқталуы; в – планшетті жуу;
г – тізбекті реакцияның дамуы
Таратқыштың активтендірілген беті, құрамында антигені бар (мы-
салы, левомецитин) ерітіндімен байланысқанда, антиденелердің бір
бөлігі бақыланатын қосылыстың молекулаларымен өзара бірлесіп
əрекет етеді, яғни дезактивацияланады. ИФА-дің бəсекелесетін
нұсқасында бақыланатын ерітіндіні планшет шұңқырында конью-
гат деп аталатын ерітіндімен араластырады, коньюгат-фермент
молекулаларымен химиялық байланысқан (таңбаланған) антиген-
дер молекулаларын құрайды. Планшеттің инкубациялануының
белгілі бір кезеңінде (30 минуттан 2 сағатқа дейін), нақты бір тем-
пературада таратқыштың бетіндегі антиденелер таңбаланған жəне
таңбаланбаған антигендердің иммуносорбциялануы нəтижесінде
дезак-тивацияланады (
12, б-сурет).
Инкубациядан кейін жүретін планшетті жуу іс-шарасынан
кейін таратқыштың бетінде тек сіңген антигендер таралады, ал
таңбаланған жəне таңбаланбаған антигендердің арақатынасы
бақыланатын ерітіндідегі антигендердің бастапқы концентрациясы-
на тəуелді болады (
12, в-сурет).
136
3.4-кесте
Ет өнімдеріндегі əртүрлі əдістермен анықталатын антибиотикте
мөлшерінің минималды деңгейі
Əдіс
Анықталатын
зат
Анықтау
шегі
ШК-
сы,көп мес
Талдау
жүргізу
уақыты, сағ.
ТСХ
Тетрациклин
0,1 мкг/г
0,01 бірл./г
5
Флуориметрия – » –
1 мкг/г
0,01 бірл./г
4
ELISA
– » –
6 пг/г
0,01 бірл./г
3
ELISA
Левомицетин
1нг/г (мкг/кг) 0,01 мг/кг
1
Көрсету кезеңінде планшет шұңқырына субстрат деп аталатын
ерітінді қосады. Шұңқыр бетіндегі таңбаланған антигенмен бірге ко-
ньюгат ерітіндісінен сорылған фермент молекуласының фрагменті
субстраттың боялған қосылысқа айналуының химиялық реакциясын
катализдейді (
12, г-сурет).
Берілген түсті реакцияның даму уақыты аяқталғаннан кейін
планшет шұңқырына тіркейтін реагент қосып, əр шұңқыр ішіндегі
заттың оптикалық тығыздығын өлшейді. Біруақытта талданатын
затпен бірге планшеттің кейбір шұңқырларына стандартты ерітінді
дозаланғандықтан, шұңқырлардың оптикалық тығыздығын өлшеп
болғаннан кейін калибрлі қисықты оңай құруға болады, ол арқылы
талданатын сынамадағы бақыланатын қосылыстың концентрация-
сын қолмен немесе автоматты түрде есептеуге болады.
Антибиотиктер мөлшерін анықтаудың қолданылатын
аналитикалық əдістері антибиотиктің қасиетіне байланысты мини-
малды анықталатын зат деңгейі бойынша ажыратылады (
3.4-кесте).
Тағам өнімдерінің күрделі химиялық токсиканттарына аналитикалық
анықтау жүргізу үшін күрделілігі жəне сезімталдығы бойынша
ажыратылатын əдістер қолданылады. Сезімталдығы, жылдамдығы
жəне құны бойынша үйлесім тапқан иммуноферменттік анализ
– көрсеткіштердің максималды саны бойынша тағам өнімдерінің
скринингін айтарлықтай жылдам жүргізуге мүмкіндік береді. Жұқа
қабатты, газсұйықтық жəне сұйықтық хроматография əдістері
бойынша жүргізілетін стандартты хроматографиялық анализ –
қарапайымдылығы жəне талданатын затты минималды деңгейде
137
анықтайтын болғандықтан ЕLISА əдісінен артта қалады. ИФА
əдісі 0,1 нг/мл деңгейінде зиянды қоспаларды анықтауға мүмкіндік
береді.
ИФА əдісін күрделі органикалық токсиканттар, соның ішінде
гормондар жəне антибиотиктерді анықтауға қолдану тиімді болып
саналады.
3.8. Азық-түлік шикізаты жəне тағам өнімдерінің
микотоксиндермен ластануы
Микотоксиндер (грек тілінен аударғанда mýkēs–саңырауқұлақ,
tόxicon–у деген мағынаны білдіреді) – бұл айқын уытты қасиеттері
бар микроскопиялық зең саңырауқұлақтарының екіншілік
метаболиттері. Микотоксиндердің жоғары қауіптілігі сонда, олар өте
аз мөлшерде уытты əсер береді жəне өнімге терең енуге қабілетті.
Афлатоксиндердің продуценттеріне бүкіл əлемде кеңінен
таралған аспергиллалардың екі түрінің əртүрлі штамдары жата-
ды (Aspergillus fl avus жəне Aspergillus parasiticus). Афлатоксиндер
микотоксиндердің өте қауіпті топтарының өкілдері болып табыла-
ды, олар күшті гепатоксикалық жəне канцерогенді қасиеттерге ие.
Айта кету керек, токсигенді саңырауқұлақтар тек сақтау барысында
емес, өсу процесінде, өнімді жинау, тасымалдау жəне өңдеу бары-
сында əртүрлі субстраттарды зақымдауы мүмкін.
Афлатоксиндер тұқымдасының төрт негізгі өкілі (афлатоксиндер
В
1
, В
2
, G
1
, G
2
,) жəне негізгі топтың туындылары немесе метаболиттері
болып табылатын 10-нан астам қосылыстары бар (М
1
, М
2
, В
2а
, С
2а
,
GМ
1
, Р
1
, Q
1
жəне т.б.). Табиғат жағдайында афлатоксиндер көп
мөлшерде жəне жиірек арахис, жүгері жəне мақта тұқымдарында
болады. Бұдан басқа, көп мөлшерде олар əртүрлі жаңғақтар, майлы
дақылдардың тұқымдары, бидай, арпа, какао жəне кофе дəндерінде,
сонымен қатар ауылшаруашылық жануарларының азықтарында
жинақталуы мүмкін.
Айта кету керек жануар текті өнімдерде, жоғары концентра-
циялы афлатоксиндермен ластанған жеммен азықтанған малдың
сүтінде, тіндері жəне органдарында афлатоксиндер пайда болу
мүмкіндігі бар.
Сиырлар сүтпен бірге 0,35-тен 2-3 %-ға дейін жемнен алынған
В
1
афлатоксинінен жоғары уытты метаболит түріндегі М
1
афлаток-
син бөлетіні дəлелденген. М
1
афлатоксині қаймағы алынбаған сүт
Достарыңызбен бөлісу: |