Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет42/81
Дата07.02.2020
өлшемі1,24 Mb.
#28563
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   81

131
 
№ 4.01.071.03 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жəне тағамдық 
құндылығына қойылатын гигиеналық талаптар» санитарлық 
ережелері жəне нормаларына сəйкес жануар текті өнімдерде 
жануарлардың өсім стимуляторлары, соның ішінде гормональды 
препараттардың қалдықты мөлшері бақыланады, Бірақ бұл бақылау, 
өнімді дайындау жəне сақтауда қолданылатын жануарлардың өсім 
стимуляторлары жəне дəрілік препараттары жөніндегі өндіруші 
(жеткізуші) ұсынатын ақпаратқа негізделеді. Осылайша, егер ойы 
арам жеткізуші еттің «гормональды» технологиямен өсірілгендігі 
жөнінде ақпаратты жасырса, құрамында гормональды препара-
ты бар өнімдердің Қазақстан нарығына ену қауіптілігі туындайды, 
бұл жағдайда гормональды препараттардың қалдықты мөлшерін 
анықтау міндетті емес.
3.7.2. Антибиотиктер жəне басқа да ветеринарлық препа-
раттардың қалдықты мөлшерін бақылау
Ауылшаруашылық өндірісінің дамуы ветеринария саласын-
да мал жəне құсты емдеу жəне сақтандыру мақсатында кейбір 
микробтарға қарсы препараттарды қолдануды қарастырады. Бірақ, 
олардың тиімділігі жеткіліксіз болғандықтан, өндірушілер бірқатар 
жағдайларда рұқсаты болмаса да адамды емдеуге қолданылатын 
антибиотикалық заттарды қолданады (пенициллин, тетрациклин 
жəне левомицетин туындылары).
Препараттарды қолдану барысында құрамында антибиотигі бар 
тағам өнімдерін тұтынатын адамда осы заттарға тұрақты микрофло-
ра дамуы мүмкін. Адамда дисбактериоз дамиды, оған антибиотик-
пен емдеу тағайындалса, емі тиімсіз болады.
Шетелден осындай ет өнімдерінің əкеліну мүмкіндігі жəне 
малшаруашылығы жəне құсшаруашылығын дамыту жұмыстары 
бақылау проблемасын өзекті қылып отыр.
Хлорамфеникол (левомицетин) – малшаруашылығында 
қолдануға тыйым салынған, кең спектрлі əсері бар синтетикалық 
антибиотик.
Препараттың салыстырмалы арзандығы жəне жоғары 
бактерияға қарсы тиімділігі кең ауқымда рұқсатсыз қолданылуына 
мүмкіндік береді, сондықтан ет, бауыр, бүйрек, сүт, сүзбе, қаймақ, 
сыр, жұмыртқа жəне басқа өнімдерде 0,02-0,50 бірл./үлгі грам-
мы концентрациясында (белсенділіктің 1 бірлігі 1 мкг таза затқа 


132
сəйкес келеді) левомицетиннің қалдықты мөлшері жиі байқалады.
Тетрациклин кең спектрлі əсері бар тиімділігі жоғары анти-
биотик болып табылады, медицинада əртүрлі ауруларды емде-
уге, сонымен қатар мал емдеуде микробқа қарсы əсері жоғары 
болғандықтан қолданылады, (хлортетрациклин, окситетра-
циклин) тетрациклинмен ластанған өнімді тағамға қолданған 
адамның берілген антибиотикке микрофлора тұрақтылығының 
дамуына байланысты қауіпті болып саналады. Тетрациклин тобы 
антибиотиктерінің қалдықты мөлшерінің РЕШК-сы ет, сүт жəне 
т.б. тағам өнімдерінде 0,01 бірл./г-ды (өте таза тетрациклинде 1 
бірлік 1 мкг-ға сəйкес келеді) құрайды.
Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын ет өнімдерінің 
қауіпсіздігіне қойылатын талаптарда антибиотиктердің қалдықты 
мөлшері рұқсат етілмейді жəне бір грамм үлгіде антибиотикалық 
белсенділік бірлігі үлесінің деңгейінде (мкг) нормаланады 
(
3.3-кесте).
Қазіргі уақытта антибиотикалық препараттардың қалдықтарын 
аналитикалық анықтау үшін антибиотиктер жəне талданатын 
экстрактінің стандартты сандарының көмегімен микроағзалардың 
тест – дақылдарының өсімін тіркеуге негізделген микробиологиялық 
əдістер; эффектісі жоғары сұйықтық хроматографиясы; масс-
спектрометрлі детекторлы сұйықтық хроматографиясы (МССХ); 
талданатын заттың өзіндік дағы пайда болғанда тіркеуге мүмкіндік 
беретін жұқақабатты хроматография (ЖҚХ); арнайы органикалық 
хромоформы бар  антибиотикті сəулелейтін кешеннің түзілуіне 
негізделген флуоресцентті анализ қолданылады. Антибиотиктерді 
ұшатын жағдайға ауыстыру қиын болғандықтан газдық хроматогра-
фия əдісі қолданылмайды.
3.3-кесте 
Тағам өнімдеріндегі антибиотиктер мөлшерінің рұқсат 
етілетін деңгейлері, бірл./г, көп емес
Өнімдер тобы Тетрацик-
линдік топ
Гризин Бацит-
рацин
Стрепто-
мицин
Пени-
циллин
Низин
Жаңа жəне 
салқында-
тылған ет 
жəне құс еті. 
0,01
0,05
0,02





133
 
3.3- кестенің жалғасы
Субөнімдер жəне 
субөнімдерден 
дайындалған
өнімдер
Жұмыртқа жəне 
жұмыртқа
өнімдері
0,01
0,5
Сүт жəне 
ашыған сүт 
өнімдері, соның 
ішінде құрғақ 
сүт өнімдері; 
сыр жəне сүзбе 
өнімдері; сиыр 
сүтінің майы, 
казеин
0,01


0,5
0,01

Қойылтылған сүт
0,01


0,5
0,01
25
Айта кету қажет, ветеринарлық препараттардың қалдықты 
санын талдау үшін хроматографиялық жəне спектральды 
əдістерді дəстүрлі қолдану сапаны аналитикалық бақылау 
міндетін шешуге мүмкіндік береді, бірақ басқа да бірқатар про-
блемалар бар. Біріншіден, хроматографиялық идентификация 
хроматографиялық пикті ұстап тұру уақыты бойынша нақты 
заттың мөлшерін талдауды қарастырады. Ұстап тұру уақыты жəне 
кейбір заттармен сəйкес келуі мүмкін көптеген себептер бар. Тал-
данатын зат концентрациясы өте аз мөлшерде болса, жиі жағдайда 
анықталатын заттардың ішкі стандарттарын қолданғанның өзінде 
проблема шешілмейді. Хроматографиялық жабдықтардың басты 
өндірушілері бекітілген пикке сенімді екі жақты идентификация 
жүргізуді ұсынады, мысалы, заттардың УК-спектрі немесе масс-
спектрінің жазбасын компьютердегі мəліметтердің стандартты 
базасымен салыстыру қажет. Азық-түлік шикізатындағы қауіпті 
қоспалардың қалдықты мөлшерін анықтаудың мұндай қадамы 
айтарлықтай сенімді, бірақ өте қымбат аналитикалық жабдықты 
талап етеді, сондықтан сериялық талдау жасауға ұсынылмайды.
Азық-түлік мониторингісінің (сезімталдық, əдістің селек-
тивтілігі, нəтижелерді алу жылдамдығы, анализдерді орындау 


жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау