Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі м. Ж. Еркебаев, Қ. С. Құлажанов, Д. Б. Тəттібаева, А. Ы. Мəуленов



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет35/81
Дата07.02.2020
өлшемі1,24 Mb.
#28563
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81

110
оксинмен ластануы орын алады. 1950-1960 жылдардағы химиялық 
қайта қаруландыру барысында бірінші ұрпақтан қалған, негізінен 
хлорқұрамдас иприт жəне леозиттен тұратын, ертеден жинақталған 
қару қорлары жойылды. Сүйек отынды стратегиялық зымырандардың 
бастау сəті (старт) – мықты қауіп көздерінің бірі.
Жұмыстары 800-950°С температурада жүретін күл-қоқыс 
жағатын кəсіпорындар атмосфераны диоксинмен ластай-
ды. Бұл жағдайда диоксиннің өте көп мөлшері түзіледі. 1 кг 
поливинилхлоридті (линолеум, түсқағаз жəне пластикалық 
бөтелкелердің көптеген түрлері) жаққанда 50 мкг диоксин 
бөлінеді. Оларды тек 1150-1200°С-тан жоғары температурада 
тиімді түрде бұзады.
11-сурет. Биосфераға диоксиндердің түсу жолы
11-суретте диоксиннің биосфераға түсу жолдарының принципи-
алды сызбасы келтірілген.
Инвентаризация мəліметтері бойынша бұрынғы КСРО-да 
ПХБ жəне құрамында ПХБ бар препараттар 1939-1995 жыл-
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ԦɇȿɊɄԤɋȱɉ ԦɇȾȱɊȱɋȱ 
ɋԜɃɕԔ ԔȺɅȾɕԔɌȺɊ:     
ɏɅɈɊɅɕ -  ԔȺɅȾɕԔɌȺɊ, 
ɎȿɇɈɅȾȺɊ, ɉȿɋɌɂɐɂȾɌȿɊ 
ȽȺɁ  
ԔȺɅȾɕԔɌȺɊɕ 
ԔȺɌɌɕ 
ԔȺɅȾɕԔɌȺɊ 
ȺɍɕɁ ɋɍȾɕ 
ɏɅɈɊɅȺɍ 
 
ȾɂɈɄɋɂɇȾȿɊ 100% 
ɀȺɇȾɕɊɍ 
ɌȺɆȺԔ ɌȱɁȻȿȽȱɇȱԘ 
ȻɂɈȺɄɄɍɆɍ- 
Ʌəɐɂəɋɕ: 
ȻȺɅɕԔ, ȿɌ, ɋԚɌ ɀԤɇȿ 
Ɍ.Ȼ. (95-98%) 
ɌȱɄȿɅȿɃ ɋɍȾȺɇ, 
ȺɍȺȾȺɇ ɀԤɇȿ 
ɌȿɊȱȾȿɇ (5-2%) 


111
 
дары массалық мөлшерде өндірілді. Олардың көпшілігін «Со-
вол» жəне «Совтол» таңбасымен Дзержинск жəне Новомосковск 
қалаларында орналасқан диэлектрлі сұйықтық өндірісінде 
қолданды. Құрамында ПХБ-дің мөлшері аз материалдар (ПХБ-
дің гексахлорбутадиенмен қоспасы – гексол) біраз уақыт 
бойы гербицидтердің (Уфа) Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу 
институтының тəжірибелік зауытында өндірілді. Сол уақытта 
құрамында ПХБ бар диэлектрлі сұйықтық өндірісінің жалпы 
көлемі жылына 180 мың тонна шамасында болды.
ПХБ жəне «электроизоляциялық Совол» араласпасын конденса-
торларды толтыруға, сымдардың электроизоляциясын жақсартуға 
қолданды; ПХБ жəне «пластификаторлы Совол» қоспасын – 
пластикалық массалар жəне нитроцеллюлозалық лак өндірісінде, 
«Совтол-10» жəне (ПХБ жəне трихлорбензол қоспасын) транс-
форматорларды құюға қолданды. ПХБ-ді антикоррозиялық жабу 
өндірісінде пластификаторлар ретінде қолданылғаны туралы 
мəліметтер бар. ПХБ конденсаторларын толтыру жұмыстары 1988 
жылға дейін Ресейдің Серпухово қаласындағы конденсаторлық за-
уытта жүргізілді.
Инвентаризация нəтижелері құрамында ПХБ бар электро-
техникалық жабдықтардың көп бөлігі (ГЭС, АЭС, ГРЭС, пештер, 
электржелілері) энергия жүйелерінде бар екенін көрсетті. Құрамында 
ПХБ мөлшері біршама аз траснформаторлар жəне конденсаторлар 
машина жəне аспап жасау (18% шамасында) кəсіпорындарында 
қолдануда. Бұдан басқа, мұндай жабдық қара жəне түсті метал-
лургия кəсіпорындарында (14%), тағам өнеркəсібінде (10%), хи-
мия өнеркəсібінде (9%), құрылыс индустриясы, механикалық 
зауыттар, мұнай-газ жəне мұнай өңдеу өнеркəсіптерінде (6%), 
жеңіл өнеркəсіпте (5%), машина жасауда (4%), тұрғын-үй комму-
налды шаруашылығында (3%), көмір өндіру өнеркəсібінде (1%) 
қолданылады.
Қолданыста жəне қорда (резерв) 200 мыңнан астам транформа-
тор жəне конденсаторлар бар, олардың құрамында полихлорланған 
бифенил қосылған май (негізінен «Совол», «Совтол», трихлорбифе-
нил) бар, майдың мөлшері 18 мың тоннаға жуық. Бұл жабдықтың 
негізгі бөлігі қолданыста.
Осылайша, қазіргі уақытта қоршаған ортаға əртүрлі жолдармен 
түсетін диоксиндер жəне полигалогенделген көмірсутегілердің 
əртүрлі көздері бар. Осы түрдің суперэкотоксиканттары халықтың 


112
көпшілігі шоғырланған, өнеркəсібі дамыған елдерде, шығу тегі 
техногендік сипаттағы, əсіресе, қалаларда адамның шаруашылық 
əрекетінің нəтижесінде түзіледі. Қоршаған ортадан адам ағзасына 
түсетін диоксин жəне соған ұқсас қосылыстардың негізгі көздері 
тағам өнімдері, ауыз су, сонымен қатар ана сүті болып табылады.
Табиғи ортада берілген суперэкотоксиканттар хлорорганикалық 
пестицидтер тəрізді айтарлықтай тұрақты болады. Биосферада ПГК-
ді өсімдіктер тез сіңіреді, сонымен қатар физикалық, химиялық жəне 
биологиялық факторлар əсерінен ортасы өзгермейтін топырақ жəне 
əртүрлі материалдар да сіңіреді. Кешен (комплекс) түзу қабілеті бар 
олар топырақтың органикалық заттарымен мықты байланыс түзіп, 
өлген топырақ микроағзаларының қалдықтарында жəне өсімдіктің 
өлі бөліктерінде жинақталады. Диоксиндер жəне басқа ПГК-ді 
топырақтан көп жағдайда механикалық жолмен алады. Тығыздығы 
төмендігімен ерекшеленетін диоксиндердің органикалық заттармен 
кешені (комплекс), сонымен қатар құрамында аталған кешеннің (ком-
плекс) қалдығы бар өлген ағзалар топырақ бетінен желмен ұшып, 
жаңбыр ағындарымен жуылады, нəтижесінде зақымдаудың жаңа 
ошақтарын түзе отырып, ойпат жер жəне акваторияға ұмтылады. 
Жаңа зақымдау ошақтарына жауын суы жинақталған жерлер, 
көлдер, өзендердің бөлінген түптері, каналдар, теңіз жəне мұхитқа 
жақын зоналар жатады.
Табиғатта диоксиндердің жартылай ыдырау кезеңі он жыл-
дан асады. Осылайша қоршаған ортаның түрлі объектілері осы 
токсиканттардың сенімді қоймалары болып саналады.
ПГК-тер бірегей биологиялық белсенділігімен ерекшеленеді, 
қоршаған ортада өзі орналасқан орыннан алыс қашықтықтарға 
дейін таралады. Олар органикалық еріткіштерде жақсы ериді, 
суда ерімейді, адгезиялық қабілетінің жоғары болуы əсерінен 
органикалық заттармен кешен түрінде жинақталып ауа, су 
жəне тағам өнімдеріне түсуіне мүмкіндік туғызады. ПГК ағзада 
жинақталып, тағам тізбегі бойынша миграциялауға қабілетті. 
Тағам тізбегінің əрбір кезекті тізбегінде полихлорланған 
бифенилдердің концентрациясы жоғарылайды, сондықтан 
осы заттардың ең көп мөлшері жыртқыштардың ағзасында 
шоғырланады. Адам ағзасына ПГК негізінен тағам өнімдерімен, 
ең бастысы ет, сүт жəне жануар майымен түседі. Өсімдік май-
ларында диоксиндер дерлік болмайды, себебі өсімдіктердің 
липофильді заттарды сіңіруге қабілеті жоқ.


жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау