56
жоғарылатуға жəне шығымын озықтандыруға бағытталған
трансгенді ауылшаруашылық жануарлары жəне құстарын алудың
жаңа технологиялары үлкен маңызға ие болуда, олар өз кезегінде
еттің сапасы жəне физика-химиялық жəне функционалды-
технологиялық қасиеттеріне, əсіресе, отандық ет шикізатының
тапшылығы жағдайында өнеркəсіптік жарамдылығына оң əсер етеді.
Интеграцияланған гендердің өзіне тəн қасиеті жəне бағыты
бұлшықет тінінің құрылымын жəне түсін, рН-ын, қаттылығын, ылғал
ұстау қабілетін, майлылық деңгейін жəне сипатын, мəрмəрлігі, соны-
мен қатар консистенциясын, технологиялық өңдеуден кейінгі дəмдік
жəне хош иістік қасиеттерін өзгертуге мүкіндік береді. Гендік ин-
женерия көмегімен тек қажетті көрсеткіштерді алумен қатар, жану-
арлар жəне құстардың қоршаған ортаға бейімділігін жоғарылатуға,
ауруларға төзімді етуге жəне тұқым қуалау белгілерін өзгертуге бо-
лады.
Микроағзалардың гендік инженериясы саласындағы зерттеу-
лер
дің үлкен бөлігі ферменттердің продуценттерін, дəрумендер,
антибиотиктер, органикалық қышқылдар жəне басқаларды таңдау-
ға бағытталған. Генетикалық өзгеріске ұшыраған бактериялар
көмегімен алынған ферменттерді азық-түлік шикізаты қасиеттерін
өзгерту мақсатында, мысалы, протеолитикалық ферменттік препа-
раттарды етті жұмсарту үшін ет өнімдерін өндіру технологиясын-
да, сыр дайындау барысында қолданылуы мүмкін, амилолитикалық
жəне липолитикалық ферменттерді нан-тоқаш өнімдері техноло-
гиясында кеңінен қолданады. Қазіргі уақытта əлемнің көптеген
елдерінде, осындай «дəстүрлі емес» ферменттер көмегімен алынған
өнімдер бекітілген тəртіпте тіркеуден өтуі тиіс.
2.3.1. Генетикалық модификациялық көздерден алынған
та
ғам өнімдерін санитарлы-гигиеналық нормалау, тіркеу
жəне таңбалаудың негізгі қағидалары
Гендік модификациялық көздерден алынған өнімдердің сапа-
сын жəне қауіпсіздігін бағалауды жүргізу қажеттілігіне байланысты
Қазақстанның медицина жəне тағамтану саласындағы институтта-
рында олардың сапасын жəне қауіпсіздігін бағалаудың əдістері жəне
медика-биологиялық критерилері əзірленген.
Бірінші кезекте тағамдық құндылығының көрсеткіштері жəне
қауіпсіздігінің санитарлық-химиялық көрсеткішін қосатын жаңа
57
тағам өнімінің химиялық құрамын əбден зерттеу қажет. Жаңа
дəстүрлі емес көздерден жаңа технология арқылы алынған өнімдер
құрамында белгісіз көмпоненттер болғандықтан, зертханалық
жануарларға токсикологиялық зерттеулер жүргізу қажет, ол
үшін олардың рационына жаңа өнім қосып, жануар жағдайының
интегралдық көрсеткіштерін, қан, зəр жəне ішкі органдарының
биохимиялық көрсеткіштерін, перифериялық қанының гема-
тологиялық көрсеткіштеріне, сонымен қатар ағзаның иммундық ста-
тусына зерттеу жүргізу қажет.
Қажет болған жағдайда арнайы зерттеулер жүргізеді: аллергендік
қасиеттерін, болуы мүмкін мутагенді жəне канцерогенді əсерлерін
зерттейді, өскелең ұрпаққа тигізуі мүмкін зардаптарды бағалайды.
Жүргізілген зерттеулер нəтижесі негізінде жаңа өнім неме-
се тағам компонентін мемлекеттік тіркеуден өткізу жəне кеңінен
қолданылуына рұқсат беруге байланысты сұрақтар да қарастырылуда.
Зиянды зардаптарға рекомбинантты дезоксирибонуклеин
қышқылы (ДНҚ) жəне соның негізінде бейнеленген, берілген өнім
түріне тəн емес жаңа белоктардың пайда болуы жатады. Жаңа бело-
ктар өздігінен ГМК-дің аллергендік қасиеттерін жəне уыттылығын
көрсетуі мүмкін. Бірақ жаңа ГМК-дің көпшілігінің аллергендік жəне
уытты қасиеттері жоқ.
2007 жылғы 21 шiлдеде қабылданған N:301 – Қазақстан Рес-
публикасының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» туралы
заңында генетикалық түрлендірілген объектілер – гендік инженерия
əдістері пайдаланылып алынған, өсімдіктен жəне (немесе) жануар-
дан алынатын шикізат пен азық-түлік, соның ішінде генетикалық
түрлендірілген көздер, организмдер деп көрсетілген. ГМК-дің
мемлекеттік тіркеу жөніндегі ақпараттары болуы тиіс. ГМК-
ден алынған, бірақ құрамында ДНҚ жəне белок болмаған тағам
өнімдерінің тағамдық құндылығы дəстүрлі аналогтарына баламалы
болса, қосымша таңбалауды қажет етпейді.
Сарапшылар бірінші кезекте рекомбинантты ДНҚ жəне (немесе)
солар кодтайтын белоктары бар тағамдардың қауіпсіздігін зерттеуді
ұсынады. Өнімде ДНҚ немесе протеин болмаған жағдайда ГМК-дің
қауіпсіздігін тексеру ұсынылмайды. Құрамында белок жəне ДНҚ
болмайтын тағамдық жəне хош иісті қоспалар, тазартылған майлар,
модификацияланған крахмалдар, мальтодекстрин, глюкоза сиропта-
ры, декстрозалар жəне басқалар жатады.
58
2.3.2. Тағам өнімдеріндегі генетикалық модификациялық көздерді
анықтау əдістері
Қазіргі уақытта ГМК-нің компоненттері бар өнімдерді бақылау
əдістерін қосатын негізгі нормативтік құжаттарға:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі
№969 - Қаулысымен бекітілген «Генді-модификациялық (трансгенді)
өсімдіктер жəне жануарлардан алынған тағам өнімдерінің
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
;
– Генетикалық түрлендірілген объектілердің қауіпсіздігін ғылыми
негізде растау жөніндегі жұмыстар жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сəуірдегі N:346
– Қаулысы;
– Р МемСТ «Тағам шикізаты жəне өнімдері. Өсімдік текті
генетикалық модификациялық көздерді (ГМК) идентификациялау
əдістері»;
– Р МемСТ «Биологиялық қауіпсіздік. Тағам шикізаты жəне
өнімдері. Биологиялық микрочип қолданылған өсімдік текті
генетикалық модификациялық көздерді (ГМК) идентификациялау
əдістері»;
– Əдістемелік нұсқау ƏН 4,2.1913-04 «Тағам өнімдеріндегі өсім-
дік текті генетикалық модификациялық көздерді (ГМК) сандық
анықтау əдістері» жатады.
МемСТ-тарда көрсетілген əдістер сапалық анализ жүргізуге
мүмкіндік береді, яғни талданатын өнімдерде ГМК-дер
компоненттерінің қатысуын немесе болмауын анықтауға мүмкіндік
береді.
Əдістемелік нұсқау ƏН 4,2.1913-04 əдістемелік нұсқауында
сипатталған əдістер тек ГМК-дің сапалық анықтауын жүргізбей, оң
нəтиже алған жағдайда зерттелетін өнімді өндіруде қолданылған
нақты ГМК-ге (пайызбен) сандық анықтау жүргізуге мүмкіндік
береді.
Барлық көрсетілген əдістер полимеразды тізбекті реакцияның
(ПТР) түрлі модификацияларын қолдана отырып рекомбинантты
ДНҚ-ын идентификациялауға негізделеді.
Полимеразды тізбекті реакция əдісінің негіздері. Полимераз-
ды тізбекті реакция əдісін ойлап тапқаны үшін 1983 жылы Кэри
Мюллис («Сегаз» фирмасы, АҚШ) Нобель сыйлығына ие болған.
Қазіргі уақытта ПТР-технология ғылыми-зерттеу жұмыстарында,
Достарыңызбен бөлісу: |