50
ағзалар көрнекі түрде «Қызыл тасқын» деп аталатын жылдам өсу
(гүлдену) кезеңінен өтеді. Ағзалар концентрациясы көп болса (1 мл-
де 1 млн-ға жуық) су қызыл түстің əртүрлі реңктеріне боялады. Кон-
центрациясы төмен болса, күндізгі уақытта теңіз суының «гүлденуі»
байқалмауы да мүмкін. Бірақ, түнде осы ағзаларға тəн люминисцен-
ция нəтижесінде олардың жинақталуы толқындардың жотасында
тұтанатын от түрінде анық көрінеді.
Паралитикалық у құрамында токсині бар динофлагелляттармен
қоректенетін кез келген теңіз ағзаларында шоғырланады. Токсин-
дер ағзаларына əсер етеді. Сондықтан, егер жағалауда өлген балық,
крабтар жəне басқа ағзалардың саны көп болса, «қызыл тасқынның»
барын болжай беруге болады. Динофлагелляттардың концентра-
циясы судың 1 мл-де 200 жасушаға дейін болса, қос қақпалы мол-
люскалар өте улы болатыны анықталған. Уыттылығының себебі
динофлагелляттардан бөлініп шығатын күшті əсер ететін нейроток-
синдер –
сакситоксин жəне сакситоксинды аналогтардың (го-
наутоксиндер) əсерінен болады. Ауырлықтың орташа деңгейімен
уланғанда паралитикалық у ерін, бет жəне мойын айналасында
шаншып ауыру немесе тіл байлануын, бас ауруы, бас айналу жəне
жүрек айнуын тудырады. Уланудың қиын жағдайларында аяқ-
қолдың қозғалмай қалуы немесе жансыздануы жəне біруақытта
жалпы əлсіздік, пульстың жиілеуі жəне тыныс алудың қиындауы
байқалады. Бұлшықеттік салданудың ауыр түрлерінде жəне тыныс
алу қиындағанда 24 сағат аралығында адам өліп қалуы мүмкін. Жиі
жағдайда ауруға дұрыс диагноз қойылмайды, себебі оның симптомы
мастық күй белгілерімен ұқсас болады. Адам осы уға шектелген им-
мунитет өндіруі мүмкін деген пікір бар, бірақ уға қарсы дəрі белгісіз.
Моллюскалар дəстүрлі тағам рационына кіретін елдер үшін бұл
проблема маңызды эпидемиологиялық мəнге ие.
Тетродотоксинмен улану. Тікен бауыр балықтарының токсині –
тетродотоксинмен улану – уытты балықты қолданумен байланысты
уланудың тағы бір түрі.
Океания аралдарында тікен бауыр балықтарының улылығы жайын-
да деректер ежелден (шамамен, біздің эраға дейін 2500 жыл) белгілі.
Еуропалықтар арасында бірінші деректі белгілі теңіз жүзушісі Т. Кук
берген, ол өзінің 1774 жылы жер шарын айналған екінші саяхатында
16 жолсеріктерімен бірге тікен бауыр балықтарымен уланған. Жапони-
яда тікен бауыр балықтар – фугу деликатес болып саналатындықтан,
тетродондық улану түйінді проблема болып табылады. Өткен жүз
51
жылдықтың 60-жылдарынан бастап Жапонияда фугу балығымен
уланған 50-100-ге дейін жағдайлар тіркелді, мұндай уланулардың
нəтижесінде өлім барлық тағамдық уланулардың 60-70%-ын құраған.
Фуганың ұрық безі, уылдырығы, бауыры өте улы, ал терісі жəне ішегі аз
деңгейде уланған. Жапонияның денсаулық сақтау органдары балықтан
өте уытты бөліктерін алып тастау əдісін меңгерген адамдарға куəлік
беру арқылы, осы проблеманы шешуге тырысқан.
Тетродондық улануды тудыратын – тетродотоксин суда ерімейтін
термотұрақты зат, тыныс алудың салдануы нəтижесінде 1,5-8 сағат
аралығында адамдардың сіңірі тартылып, өлімге алып келуі мүмкін.
Қайнау барысында токсин залалсызданбайды. Уға қарсы дəрі
белгісіз.
Галлюциногендермен улану. Балықтың кейбір түрлері: ке-
фаль, сұлтан балық, ұйқы балығы – галлюцинациямен байланысты
улануларды тудырады. Галлюциноген – токсиндермен уланудың
бірінші ұшқыны 1927 жылы Жапонияда тіркелген. Əсіресе, ұйықтау
кезінде күрделенген науқастардың негізгі симптомдары галлю-
цинация жəне шатасулар байқалған. Галлюцинациялаушы токсин
балық басында жинақталатыны анықталған. Аз деңгейде уланғанда
тағам қабылдағаннан кейін тамақтың қышуы жəне күю сезімдері,
бұлшықет əлсіздігі пайда болып, аяқ жартылай салданады. Сим-
птомдар 0,5-2 сағаттан кейін байқалады. Интоксикация деңгейіне
байланысты науқас 12-24 сағаттан кейін сауыға бастайды. Айта кету
қажет, шикі жəне пісірілген балықты қолдану барысында осы ток-
синмен улану жағдайы туындауы мүмкін.
Ихтиотоксиндер, ихтиокринотоксиндер жəне хтиохемотоксин-
дермен улану. Ерекше топқа кейбір балық түрлерінің əр
бөліктеріндегі токсиндер тудыратын уланулардың бірнеше түрлерін
бөледі. Оларға ихтиотоксиндер, ихтиокринотоксиндер жəне ихтио-
хемотоксиндер жатады.
Ихтиотоксиндер – балықтың көбею органында (уылдырық
жəне ұрық безі) болатын токсиндер. Мұндай балықтардың 50-ден
астам түрі белгілі. Ихтиотоксиндермен уланудың симптомына
асқазандағы ауру жəне диарея жатады. Ошағы Еуропада байқалған
«барбус тырысқағы» осындай уланудың айқын мысалы. Балық (шар-
май балық, қаяз балық жəне осман балық) уылдырығында болатын
ципринидин уы артериальды қысым жəне дене температурасын
төмендетіп, тыныс алу жүйесінің салдануын туындатады. Удың до-
засы уытты болса жүрек тоқтап қалуы мүмкін.
52
Ихтиокринотоксиндер – бұл токсиндерді кейбір балық түрлерінің
(тас алабұғасы, мурен жəне т.б.) тері бездері немесе жекелеген жасу-
шалары өндіреді. Ереже бойынша, бұл токсиндердің дəмі ащы, басқа
балықтар үшін уытты жəне гемолитикалық əсері бар.
Ихтиохемотоксиндер – бұл токсиндер атланттық қазанбас балық,
сельд балықтары, хамса балық, тунец, теңіз жəне тұщы су жылан
балығының қан сарысуында болады. Əдетте, осы балықтардың жаңа
қандарын тағаммен қабылдағанда адам уланады. Улану симптомда-
ры құсу, ретсіз пульс, бұлшықет жəне тыныс алу жүйесінің салдану-
ымен білінеді, ауыр жағдайларда өлімге əкеп соқтыруы мүмкін.
Сигуатера интоксикациясы. Сигуатера – тропикалық жəне
субтропикалық елдердің риф балықтары тудыратын өлімге алып
келмейтін тағамдық уланудың аты. Бірақ бұл термин дəл емес. Ер-
теде, Кубадағы испан қоныстанушылары тұщы су ұлуы сигуаны
тағамға пайдаланғанда жиі жағдайда асқорыту жəне жүйке жүйесінің
бұзылысын тудыратынын білген. Ғылыми əдебиетте «сигуатера»
термині 1787 жылы пайда болған. Қазіргі уақытта сигуатоксинді
балықтардың 400-ден астам түрлері белгілі.
Осы балықпен улану нəтижесінде жыл сайын көптеген адам-
дар ауырады. Сигуатоксинді балықпен уланудың 4497 жағдайы
тіркелген, оның 542 жағдайы адам өлімімен аяқталған. Сигуатера
есепке алынбағандықтан, мұндай уланулардың нақты саны белгісіз,
бұдан басқа дəрігерлер бұл ауруға дұрыс диагноз қоймайды. Сим-
птомдары бойынша ол фосфорорганикалық заттармен улануға ұқсас.
Мысалы, Виргин аралдарында улану жағдайларының 10-15 %-ы
ғана тіркеледі. Денсаулық сақтау органдары күніне ең аз дегенде,
30 улану жағдайы болады деп есептейді, олардың тіркелген 20-дан
астам өлім жағдайлары тағамға барракуда етін қолдану нəтижесінде
болады.
Осы улану түріне ұқсас симптомдардың бастапқы кезеңінде
асқазан – ішек бұзылыстары (іш ауруы, жүрек айну, құсу жəне іш
өту), содан кейін неврологиялық бұзылыстың (еріннің, тіл жəне аяқ-
қолдың шаншуы жəне жансыздануы, бас ауруы, ұстамалар) созыл-
малы кезеңі басталады. Көп жағдайларда бұл симптомдар бірнеше
сағаттан бірнеше аптаға дейін созылады, уақыт өткеннен кейін
қайтып кетеді. Ауыр интоксикация жағдайларында симптомдар
20-25 жылға дейін созылуы мүмкін. Аурудың шығу тегі осы күнге
дейін белгісіз токсиннен туындайды. Оларды придонды көкжасыл
балдырлар өндіреді деген болжам бар. Осы болжамға байланысты,
Достарыңызбен бөлісу: |