Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет17/53
Дата13.11.2018
өлшемі1,24 Mb.
#19259
түріМетодическое пособие
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53

4  Жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтар  мен  педагогтердің 
жаңашыл тәсілдері негізінде тәрбие жүйесін жаңарту жолдары 
 
Елдегі  білім  беру  жүйесінің  соңғы  жылдардағы  дамуы  мемлекеттік 
саясатта басым бағыттардың бірі болды.  
Қоғамдағы  оң  өзгерістер  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  тәрбие 
жүйесінде  өз  көрінісін  тауып  отыр.  Ізгілікті  мұраттар  принципі,  ұлттық  және 
жалпыадамзаттық  құндылықтар  идеялары  іске  асырылуда.  Қазақстандық 
патриотизм,  азаматтылық,  руханилық  ұғымдарының  саяси  және  адамгершілік 
мәнін,  ізгілікті-бағдарланған,  әлеуметтік-белсенді,  үйлесімді-дамыған  тұлға 
қалыптасуын  пайымдау  процесі  басталды.  Жалпықазақстандық  менталитет, 
мәдени,  ұлттық-тарихи  дәстүрлерді  ескере  отыра,  ұлттың  зияткерлік,  рухани 
және шығармашылық әлеуетін жаңарту үшін жағдай жасалуда.  
Қазақстандық қоғам үшін тәрбие проблемасы мен тұлғаның азамат, жоғары 
адамгершілік  және  мораль  адамы  ретінде  қалыптасуы  алдыңғы  орында  тұр. 
Осының барлығы қоғамның жаңа тәрбиелік әлеуетін қалыптастыру қажеттілігін 
көрсетеді.  Алайда,  ұлттық  және  жалпыадамзаттық  мәдени  құндылықтарда 
тәрбиеленген  тұлғаның  әлеуетті  бейнесі  әлі  де  болса  қалыптаспаған  және 
нормативті бекітілмеген.  
Білім  беруді  жаңартудың  қазіргі  жағдайларында  тәрбие  проблемаларына 
жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтар  негізінде  назарды  күшейту 
қажеттілігі бірқатар жағдайлармен анықталады: 

білім  беру  жүйесін,  оқу-тәрбие  процесі  әдіснамасын  және 
технологияларын жаңартумен; 

жастарды  жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтар  негізінде 
тәрбиелеу қажеттілігімен; 

білім беру процесінің патриоттық бағыттылығын күшейтумен; 

оқушылардың  қоғамда,  білім  беру  процесінде,  адамның  өзінде  болып 
жатқан өзгерістерді түсіну қажеттілігімен; 

білім беру мазмұнын ізгілендірумен; 

оқу пәндері көлемінің және құрамының үнемі өзгеруімен; 

оқытуды  ұйымдастырудың  жаңа  формаларын,  инновациялық 
технологияларды  үнемі  іздестіруді  талап  ететін  жаңа  оқу  пәндерінің 
енгізілуімен; 

мұғалімдердің  педагогикалық  жаңаруларды  меңгеруі  және  қолдану 
фактілеріне өз қатынастары сипатының өзгеруімен; 

жалпы білім беретін оқу орындарының нарықтық қатынастарға түсуімен; 

жаңа  оқу  орындарының,  соның  ішінде  мемлекеттік  емес  оқу  орындары 
түрлерінің ашылуымен. 
Өкінішке  орай,  жастар  арасында  тәрбие  проблемасының  өткір  тұруы, 
келеңсіз  құбылыстардың  орын  алып  отырғаны  байқалады.  Қазақстандағы 
тәрбие  проблемасын  қазіргі  кезде  зерттеушілер  (У.Әлжанова,  С.Балшикеев, 
Р.Бектұрғанова,  М.М.Бегентаев,  М.Демеуова  және  т.б.)  оқушылардың 
38 
 


азаматтық  бейнесінде  маңызды  қарама-қайшылықтар  байқалатынына  назар 
аударды.  Егер  жастардың  бір  тобы  үшін  бейресми  топтарға,  митингілерге, 
шерулерге  және  т.б.  қатысу  сияқты  жоғары  әлеуметтік белсенділік  тән болса, 
басқалары  түрлі  ақпараттық  құралдарда  қарама-қарсы  бейнеленген  күрделі 
проблемалар  алдында  абыржулық  байқатады.  Астана  және  Алматы  қалалары 
жоғары сынып оқушыларының кәсіби қызмет бағыттылығының салыстырмалы 
талдауы  мен  зерттеуі  осыдан  15  жылдан  астам  уақыт  бұрын  оқушылардың 
басым  көпшілігі  ғарышкер,  дәрігер,  мұғалім,  инженер,  ғалым  болғылары 
келгенін  анықтады.  Сол  кезде  жоғары  сынып  оқушылары  қоғамның, 
мемлекеттің, басқа адамдардың мүддесін өз таңдауының негізгі мотиві ретінде 
көрсеткен.  Өкінішке  орай,  қазіргі  кезде  жасөспірімдер  дүниетанымдық 
бойкүйездікті,  тәрбие  жұмысының  ұйымдасқан  түрлеріне  қатысқылары 
келмейтіндерін байқатты.  
Міне,  сол  себепті  адамның  тұлға  ретінде  қалыптасуы  қоғамнан  тәрбие 
жүйесін  жаңартуды,  жетілдіруді  және  тоқырап  қалған  немесе  стихиялы  түрде 
қалыптасқан  формаларын  жеңуді  талап  етеді.  Тәрбиенің  қалыптасқан 
формаларын  түрлендірудің  мұндай  тәжірибесіне  жалпыадамзаттық  және 
ұлттық  құндылықтарға,  сол  сияқты  жаңашыл  педагогикалық  тәсілдерге 
сүйенбейінше  қол  жеткізу  мүмкін  емес,  оларсыз  тәрбие  процесіне  әртүрлі 
манипулятивтік  әрекет  ықпалының  қаупі  туындайды  және  оның  шынайы 
адамдық  табиғаты  бұрмаланады,  өмірге,  адамға  көзқарасында  прагматизм 
пайда болады.  
Тәрбие  процесі  –  бұл  балалардың  әлеуметтік  болмыстың  қолдағы  бар 
түрлеріне  бейімделуін,  белгілі  бір  стандартқа  келтіруді  білдірмейтінін  атап 
көрсету  керек.  Қызметтің  қоғамдық  өндірілген  түрлері  мен  тәсілдерін  иелену 
нәтижесінде азаматтық позициясы,  яғни күрделі адамгершілік проблемаларды 
шешуде  балалардың  белгілі  құндылықтарға  бағдарлануы,  дербестігінің 
қалыптасуы  одан  әрі  дамиды.  Бұл  кезде  ішкі  қозғаушы  күшін,  адамның 
сұранысы мен оның саналы ұмтылысын ескерудің маңызы зор. 
Осы  орайда  арнайы  тапсырылған  іс-әрекет  арқылы  тұлғаны  дұрыс 
бағалаудың  да  және  тәрбие  жүйесін  тиімді  құрудың  да  мүмкіндігі  пайда 
болады.  Оқушыларды  ересектер  ұйымдастырған,  көпжоспарлы  қарым-
қатынастар өрістетілген қызметке тарту ісі қоғамдық тәртіп түрлерін бекітеді, 
жоғары  сынып  оқушыларын  қызметке  ниеттендіретін  және  өзара  қарым-
қатынастарын реттейтін мотив түріндегі адамгершілік үлгілеріне сәйкес әрекет 
ету қажеттілігін қалыптастырады.  
Сонымен,  оқушыларды  дамыту  негізінде  жатқан  басты  әлеуметтік-
педагогикалық  қасиеттерге  белсенділік,  өзін  жүзеге  асыруға  және  қоғамның 
мұраттарын  саналы  қабылдауға  ұмтылысы,  олардың  осы  адам  үшін  жеке 
құндылықтар, сенім, қажеттіліктеріне айналуы жатады.  
Педагогикалық  және  әдістемелік  әдебиеттер  талдауы,  мектеп 
мұғалімдерінің  жұмысын  бақылау  оқу-танымдық  қызметте  тұлға,  азамат 
тәрбиесіне,  оның  тұлғалық  қасиеттерін  қалыптастыруға  жеткілікті  көңіл 
39 
 


жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау