қызығушылыққа негізделген педагогикалық ой дамиды. Ортамен байланысы
кеңи түседі. Мектепте ерікті көмекшілер пайда болады. Іргелі дәстүрлер
жиналады. Кезеңнің мақсаты: қалыптасқан жүйені инновация есебінен қайта
құруды қамтамасыз ету, себебі мектеп тек қана дәстүрлерді қанағат тұтып
отырмайды.
IV кезең – жаңару. Іргелі дәстүрлерге инновация элементтері енгізіледі.
Инновацияны кіргізу дәстүрден бас тартуды білдірмейді – олар әрдайым
жанымызда. Кезеңнің мақсаты: инновацияны кіргізе отыра дәстүрлерге «көз
жіберу» қажет, олар даму бұғауына айналмауы үшін бақылау керек [31].
Жоғарыда келтірілген материал жалпыадамзаттық және ұлттық
құндылықтар мен жаңа педагогикалық тәсілдер негізінде тәрбие беру жүйесін
жаңғыртудың түйіндеме түріндегі келесіәдістемелік жолдарын ұсынуға
мүмкіндік береді:
1. Білім берудің жаңа жүйесіндегі жалпыадамзаттық және ұлттық
құндылықтар негізінде тәрбие беру жүйесінің артықшылықтары:
жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың; ұжым мен тұлға, табиғат пен
социум құндылықтарының үндесуі; балаға білім беру процесінде дамудың жеке
траекториясын еркін таңдау мүмкіндігін беру; әлеуметтік және жекелей
маңызды қызметтердің әр түрлерінде әрбір білім алушының өзін-өзі іске асыру
үшін жағдай жасау; жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде адамгершілік
қасиеттерін таңдау жағдайында дербес шешім қабылдауға даярлау болып
табылады.
2. Маңызды жалпыадамзаттық құндылықтардың қалыптасуына
мектептерде жыл сайынғы Ата Заң Сабақтарын, Құқық сабақтарын, құқықтық
білімнің тақырыптық онкүндігін, «Оқушының құқығы мен міндеттері»
пікірсайын апталығын, кездесулер, «дөңгелек үстелдер», конференциялар,
интернет-форумдар ұйымдастыру және өткізу ықпал етеді.
3. Ұлттық мәдениет, халық тарихы, тіл, дәстүр және салт тарихы
негізінде ұлттық құндылықтардың дамуына: Қазақ тілі күндері, мемлекеттік
тілде тәрбиелік іс-шаралар, қазақ тіліндегі театрлар мен басқа да мәдениет
орталықтарына бару, байқаулар, олимпиадалар, семинарлар, пікірсайыстар,
пікірталастар ұйымдастыру; мектептерде ұлттық декоративті-қолданбалы
өнерге, киіз басу, қазақ халқының аспаздық және ұсталық өнеріне баулитын
орталықтар, үйірмелер ұйымдастыру; ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтарға негізделген білім алушылармен тәрбиелік жұмыстар жүйесін
құру ықпал етеді.
4. Жалпыадамзат құндылығы – балалардың экологиялық мәдениетін
қалыптастыру үшін: білім беру жүйесіндегі оқу ұйымдарында экологиялық
бағыттағы оқу орталықтарын, қозғалыстарын, отрядтарын құру; мектептегі
экологиялық топтар, отрядтардың экологиялық бағыттарында табиғатты қорғау
қызметін құру тәжірибесін жалпыау және танып білу. Жаратылыстану ғылымы
циклі сабақтарында ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды және ғылыми жобалар
дайындауды кеңінен енгізулі қолға алу
52
5. Жастар арасында саламатты өмір салтының құнын, рухани және
шығармашылық қызығушылықтардың ерекшеліктерін насихаттауға белсенді ат
салысатын жасөспірімдер қоғамдастығын, балалардың қоғамдық ұйымдары мен
бірлестіктерін құру.
6. Мектептерге:
Мектепте іс-әрекеттің келесі рухани түрлерін енгізу тиімді:
1. Жеке: оқушылардың өзіндік жетілу, рефлексия, өз ойын, ісін, сөзін
бақылау күнделіктерін жүргізуі.
2. Күнделікті: күнделікті міндеттерді зор ынтамен орындауы.
3. Әлеуметтік: әлеуметтк-маңызды жобаларға ерікті түрде қатысуы.
4. Ағартушылық: рухани-адамгершілік театры, дәрістер, сөз сөйлеу,
мектепте рухани-адамгершілік тәрбие бойынша сабақтар өткізу.
5. Қайырымдылық: балалар үйіне, мұқтаж жандарға көмек.
Оқушылар сурет салу, плакат шығару, ойдан оқиға, тақпақ пен өлең
құрастыру сияқты шығармашылық істерге ерекше қызығушылық танытатынын
тәжірибе көрсетуде, яғни оқушылар өзін-өзі көрсетуге, ал олардың зор
шығармашылық әлеуеті көріну мүмкіндігіне зәру. Мұндай тілек оқушылардың
ішкі әлемін зерттеу қажеттілігімен байланысты, ал заманауи білім беру
негізінен сыртқы әлемге бағдарланған. Балалардың осы мүдделері мен
тілектеріне сүйене отыра ұлтты біріктіруші құндылық – тілді қалыптастыруға
және дамытуға болады.
Қазақ тілі күндері, мемлекеттік тілдегі тәрбие шаралары, қазақ тіліндегі
театрлар мен басқа мәдени орталықтарға бару, байқаулар, олимпиадалар,
семинарлар, пікірталастар, пікірсайыстар ұйымдастыру – оқушыларды
жалпыадамзаттық рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу
жолдарының бірі.
Ең маңызды құндылықтардың бірі өз халқының мүддесін қорғайтын
азамат-патриотты тәрбиелейтін қазақстандық патриотизм болып табылады. Бұл
Қазақстан халқы тудырған ұлттық этномәдени дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды
тану, өткен тарихымызға құрметпен қараудың моральдық нормаларына және
құндылықтарына орнықтырылған патриоттық тәжірибені меңгеру арқылы іске
асырылады.
Барлық адамзаттың басты құндылығы отбасы екені даусыз. Отбасының
негізгі міндеті − тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру. Дәл отбасы аясында
аға ұрпаққа, ата-анаға, балаларға сыйластық және құрмет, бала тәрбиесіндегі
қажеттілік, жауапкершілік, туралық, адалдық, отбасы алдындағы парыз міндеті
сияқты этникалық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақтан ұрпаққа беріледі.
Өзінің түп тамырына, дәстүрлі отбасылық құндылықтарына құрметпен қарау
үйлесімді тұлға қалыптастыруға, отбасының тұрақтылығы мен сәттілігін
сақтауға мүмкіндік береді.
Оқушы өмірінде мектептің отбасымен тығыз ынтымақтастығы, бірлескен
шаралар, кеңестер т.б. ұйымдастыру отбасы рөлін арттырудың бірден бір жолы
болып табылады. Мысалы, әкелердің, әжелер мен аталардың кеңестері. Қарым-
53
Достарыңызбен бөлісу: |