бөлінбейтінін көрсетті. Нәтижесінде мұғалімдердің оқытудың тәрбиелік
қызметін іске асыру даярлығы төмен деңгейде қалады.
Мұғалімдер тәрбиенің басты міндеті – белсенді тұлға тәрбиелеуді
сыныптан тыс жұмысқа қалдырады, олар тәрбие өзара байланысты және бірін
бірі толықтыратын жан-жақты білімді (ғылыми, сондай-ақ идеялық,
адамгершілік және т.б.) қажет ететінін, әдейі, мақсатты, жүйелі, ұзақ,
балалардың барлығы қамтылатын жан-жақты іс-әрекетте ғана мүмкін болатын,
оларға оң қарым-қатынас пен жоғары адамгершілік тәжірибе талап етілетінін
назардан тыс қалдырып жатады.
Оқушының құндылықты-бағдарлы ішкі позициясы кейбір «педагогикалық
ықпалдардың», немесе тіпті тәрбие жүйесінің қорытындысы ретінде емес, ол
қатысатын қоғамдық тәжірибені ұйымдастырудың нәтижесінде пайда
болатыны анықталды. Білім алушының тек тұтастық тәжірибелік мәнмәтіндегі
қарым-қатынас ішінде оған әсер ететін барлық әдістер ғана педагогикалық
мәнге ие болады.
Тәрбие жүйесін жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар мен
педагогтердің жаңашыл тәсілдері негізінде жаңартудың негізгі жолдарын
қарастырамыз.
Тәрбие – тұлғаның азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік
позициясының қалыптасуы, оның азаматтық құзыреттілігі және үздіксіз білім
беру контексінде қоғамдық-пайдалы қызмет тәжірибесін алу үшін жағдай
жасауды білдіреді.
Тәрбиені жеке оқу пәндері арқылы іске асыру мүмкін емес. Бұл – оқу
орнының оқу, сондай-ақ оқудан тыс салаларын қамтитын және бірінші кезекте
оқытудың практикаға бағдарланған және ннтерактивті әдістерін қолдануды
болжайтын біртұтас жүйе.
Тәрбиедегі құзыреттілік тәсіл құзырлылық оқытудың тәрбиенің маңызды
нәтижесінің бірі ретінде (жалпыадамзаттық құндылықтар және тәжірибемен
қатар) көрсетілуі тиіс екенін болжайды.
Құзыреттілік бірқатар басты біліктіліктер арқылы ашылуы мүмкін,
олардың әрқайсысы осы құзыреттілікті құрайтын қабілеттер жиынтығымен
бекітіледі:
•
Зерттеушілік құзыреттілік – ағымдағы әлеуметтік жағдаяттың талдауы
және бағалауымен байланысты.
•
Әлеуметтік таңдау құзыреттілігі – нақты әлеуметтік жағдаятта, нақты
әлеуметтік проблемалармен беттескен кезде таңдау жасау және шешім
қабылдаумен байланысты қабілеттер.
•
Әлеуметтік әрекет құзыреттілігі – жасалған таңдау, қабылданған шешімді
іске асыру міндеттерімен байланысты қабілеттер.
•
Коммуникативті құзыреттілік – басқа адамдармен (толеранттылықты қоса
алғанда) ең бастысы әлеуметтік проблемаларды шешуде өзара қарым-қатынас
жасау қабілеттері.
40
•
Оқу құзыреттілігі – үнемі өзгермелі әлеуметтік жағдайларда одан ары
білім алу қажеттілігімен байланысты қабілеттер.
Жоғарыда аталғандармен байланысты келесі проблемалар туындайды:
1)
оқушы тәрбиесіндегі оқу пәндерінің рөлі
Білім берудің мақсаттары мен міндеттері барлық пәндер шеңберінде кірігу
негізінде (әдіснамалық, мазмұндық, технологиялық және т.б.) іске асырылады.
Әлеуметтік-гуманитарлық цикл пәндері оқушыларға қоғам туралы жүйелі білім
береді және тікелей азаматтық, рухани-адамгершілік, құқықтық және т.б.
құзыреттіліктердің қалыптасуына бағытталады. Осы цикл пәндерін оқытудың
тура жүретін нұсқасы (оқытудың барлық кезеңінде оқытылатын бір пән),
немесе олардың білім беру деңгейлері бойынша тиімді үйлесімі нұсқасы (бірін-
бірі жүйелі түрде алмастырып отыратын пәндер) таңдалуына байланыссыз оқу
процесінде жүзеге асырылатын бұл пәндер білім беру жүйесінің негізі болуы
тиіс.
Сонымен бірге, олар басқа пәндермен, сондай-ақ оқушылардың сабақтан
тыс қызметімен, сол сияқты өмір тәртібін дамыту бойынша іс-әрекетпен тығыз
байланысты болуы тиіс. Бұл орайда сабақ оқу орнында демократияландыру
процестерін іске қосу, немесе іс-әрекет пен мінез-құлық тәжірибесін талдау
орны болуы тиіс.
2)
тәрбиедегі оқу орнының рөлі
Мектептің демократиялық тәртібін қалыптастыру – бірдей білім беру
кеңістігін жасаудағы алғашқы қадамдардың бірі болуы тиіс. Азаматтық тәрбие
–
бұл барлық оқу орындары үшін бейне бір әлеуметтік жоба. Демократиялық
тәртіп азаматтық қоғамның үлгісі ретінде түрлі қызметтер жиынтығында
азаматтық құзыреттілік қалыптастырудың, оқушылар мен педагогтардың
демократиялық мінез-құлық тәжірибесін, белсенді позиция тәжірибесін алудың
шарты болады.
Білім беру және әлеуметтік кеңістіктерге бала қатысқан тәжірибені енгізу
демократиялық өмір тәртібін айтарлықтай тереңдетеді және кеңітеді. Бұл
мектептің қосымша білім беру мекемелерімен, әлеуметтік және қоғамдық
ұйымдармен тығыз байланыс орнатуын талап етеді.
3)
педагогтерді білім беру идеяларын іске асыруға даярлау мәселесі.
Оқу орнындағы тәрбие сапасы, өмір тәртібінің сипаты білім беру ұйымына
қандай педагог келгеніне байланысты. Мұғалім тек өзі жан-жақты мәдениетті
тұлға болып және жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, азаматтық
құзыреттілікті меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар ол өз оқушыларында тиісті
құзыреттіліктердің және құндылықтардың қалыптасуына жағдай жасауы тиіс.
Бұл міндеттерді педагогикалық білім беру ұйымдары бірлесе күш салған кезде
ғана шешу мүмкін.
Белсенді позиция тұлғаның адамгершілік ұмтылыстарына қарсы келмейді,
олармен тығыз байланысты, себебі ол өзгелерді ескерместен, тек қана өз еліңді
және өз халқыңды сүюге және құрметтеуге болмайды деген жалпыадамзаттық
құндылықтарға негізделген. Сондықтан мұндай позицияны қалыптастыру –
41
Достарыңызбен бөлісу: |