12
командалық жұмыс стилін, әр түрлі мамандардың (психолог, логопед, арнайы
педагог, әлеуметтік педагог), мұғалімдер мен ата-аналардың өзара тығыз
байланысын көздейді.
Арнаулы сүйемелдеу ішкі және сыртқы (мектепте қажетті мамандар
болмаған жағдайда штатында, мысалы, сурдопедагог, тифлопедагог, емдік
дене шынықтыру жөніндегі маман) болуы мүмкін.
Іштей
сүйемелдеу
командалық
жұмыс
ретінде
консилиумді
пайдаланатын
психологиялық-педагогикалық
сүйемелдеу
қызметінің
мамандарымен жүзеге асырылады. Сыртқы сүйемелдеу аудандық
психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің мамандарымен жүзеге
асырылады.
Бесінші шарт – ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу
жетістіктерінің
мониторингі
және
психологиялық-педагогикалық
сүйемелдеудің жеке бағдарламасын толықтыру.
Жалпы білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар
баланың оқу үрдісі мен әлеуметтік бейімдеуінің табыстылығы таңдап алған
оқу
бағдарламаның
оқушының
танымдық
және
функционалдық
мүмкіндіктеріне сәйкестігіне және нақты оқу жетістіктерін тұрақты бақылау
арқылы қол жеткізіледі. Көрсетілген бақылау білім беру ұйымдарында жүзеге
асырылуы үшін тиісті білім беру мониторингі жүзеге асырылуы керек. Білім
беру мониторингінің мәліметтері мұғалімге оқыту барысында балаларда
туындайтын қиындықтарға дер кезінде араласуға және оларды жоюға, білімін
толықтыру бойынша қажетті іс-шаралар ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламаларын меңгерудегі туындайтын қиындықтарды талқылауға
сүйемелдеу қызметінің мамандары (психолог, логопед, мұғалім-дефектолог)
қатысады, олар қиындықтардың себептері мен жою жолдарын анықтауға
көмектеседі. Егер қажет болса, жеке түзету сабақтарының мазмұнына
өзгерістер енгізеді.
Осылайша, жалпы білім беру процесіне енгізілген ерекше
қажеттіліктері бар оқушылардың жоғары білім сапасын қамтамасыз ету үшін
жағдайлар жасалады. Білім беру мониторингінің көмегімен педагог оқушыда
қалыптастырылған дағдылар деңгейін анықтайды және оған сүйеніп, баланы
табысты оқытуға жағдай жасайтын жеке білім беру бағдарын жасайды.
Әр оқу жылының соңында оқушылардың оқу жетістіктері
оқушылардың психологиялық-педагогикалық карталарында сақталатын
арнайы жетістіктер карталарында тіркеледі.
13
2 Жалпы білім беру жағдайында ерекше білім беруге қажеттілігі
бар балаларды оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар
2.1
Естімейтін, нашар еститін, кейіннен естімей қалған
оқушыларды оқытуды ұйымдастыру
Естімейтін (саңырау) балалардың ерекшелігі
Саңыраулықта есту аппараты бөлігінің дыбысты қабылдау қызметі
бұзылады, негізгі сөйлеу жиілігі 80-85 дБ-ден төмен емес орташа қабылдау
шегінде аудиометрдің үнді қабылдауы көбінесе 125 – 4000 Гц арасында
өзгеріп отырады.
Бұл есту күйі арнайы апаратсыз баланың сөзді қабылдауына мүмкіндік
бермейді. Естімеуі немесе нашар естуі баланы ең маңызды ақпарат көзінен
айырады, әсiресе егер ол ерте жаста естуден айырылса сөйлеу және
психикалық дамуының тежелуіне әкеледі.
Психофизикалық дамуында артта қалушылықты көрсету дәрежесi әр
түрлi себептерге, есту қабілетінің нашарлау уақыты мен ауырлығына
байланысты болады.
Есту қабілеті ерте бұзылса және ауыр болса баланың психологиясы
және сөйлеу тілі тежелуі айқын. Сөйлеу тілінің дамымауы есту қабілеті
нашар балалардың психологиялық процестерінің дамуына теріс әсер етеді,
олардың танымдық қызметінің өзгеруіне алып келеді.
Қазiргi уақытта сурдопедагогикада жалпы бiлiм беру деңгейінде
естімейтіндердің еститiндермен тең дәрежеде оқуына мүмкiндiк беретін, есту
қабілетінің бұзылу салдарын жеңілдететін арнайы тәсілдер әзірленген.
Тілдің лексикалық қорын, оның грамматикалық заңдылықтарын
меңгеру, қарым-қатынас құралы ретінде тілді меңгеру естімейтін әлемдегі
өмірдің әлеуметтік проблемаларын кеңінен шешуге мүмкіндік береді.
Белгілі болғандай, оқу-танымдық қызмет есту қабілеті тұрақты
бұзылған балаларға даму мүмкіндіктерін береді.
Ол естімейтіндердің танымдық қызығушылығын және зияткерлік
қабілеттерін дамытады, оқуға әлеуметтік себептерін қалыптастырады.
Меңгерген ғылыми білімі, жалпы оқу және арнайы біліктілігі
балалардың ой-өрісін кеңейтеді, жан-жақты дамуы үшiн жағдай жасайды.
Қалыптасқан ауызекі сөйлеу және психикалық процестерді дамыту,
толығымен естімейтіндердің білім деңгейін жетілдіруге ықпал етеді, негізгі
орта білім беруді қамтамасыз етеді.
Барлық жоғарыда аталған естімейтін балаларды дамыту ерекшеліктері,
және оларды еститіндермен тең білім алу құқықтарын қамтамасыз ету
қажеттілігі арнайы әзірлемелердің маңыздылығын анықтайды.
Оқытудың әрбір кезеңіндегі нақты психологиялық-педагогикалық
міндеттерді нақты шешуге мүмкіндік беретін жағдайлар естімейтіндерді
бейімдеуге және әлеуметтік оңалтуға мүмкiндiк туғызады.
14
Нашар еститін балалардың ерекшеліктері
Нашар еститін балалардың естімейтін балалардан айырмашылығы
қалдық есту мүмкіндігін оқу процесінде қоршаған ортаны тану және
адамдармен қарым-қатынаста жеткілікті деңгейде тиімді пайдалануы мүмкін.
Есту қабілеті жоғалған бiрақ сөйлеу тілі сақталған, кейіннен естімей
қалған балалардың да артықшылықтарын атап кету керек. Осы балалардың
сөйлеу қабілетінің сақталу дәрежесі бірқатар төмендегі факторларға әсер
етеді: естімеуі басталған уақыт, баланың өсуі мен даму ерекшеліктері, қалдық
есту қабілетінің деңгейі, баланың ауызша сөйлеуін дамыту жұмысының
сапасы.
Дамудың кейінгі кезінде пайда болған естімей қалу, егер балада оқу
және жазу дағдылары қалыптасқан болса, айтарлықтай түрде сөздік қорын
бұза алмайды.
Нашар еститін балалар 75 дБ аспайтын сөйлеу жиілігінің аймағында
(500-ден 2000 Гц) есту қабілетінің төмендеу дәрежесінің тәуелділігіне қарай
дыбысты ажыратады.
Сөзді нашар еститіндердің дамымаған және бұрмаланған сөздiк
қорының жұтаңдығы байқалады, сөздердің лексикалық мағынасы дұрыс
меңгерiлмеген, грамматикалық құрылымдарды дұрыс емес, мысалы: әртүрлi
санаттарды араластырған, олардың мәнін дұрыс түсінбеу және соның салдары
ретінде өз сөзінде оларды дұрыс пайдалана алмауы.
Нашар еститіндердің ішінара естуі сөйлеуді қалыптастыруға мүмкіндік
туғызады, бірақ сөйлеу қоры және сөзді түсінуі бұрмаланған.
Соның салдарынан сөйлемдерді өзгеше қабылдайды және бұрмаланған
түсінік пен ұғымдар қалыптасуы мүмкін.
Сөзді түсінуі және қабылдауы өзінше көрініс береді, бала ұғымдарды
бірыңғай біріктіре қабылдай алмайды, көп жағдайда қоршаған орта туралы
жаңсақ пікір қалыптасады.
Бұл танымдық iс-әрекетте көрініс табады: салыстыру, талдау, жинақтау
әрекеттері ерекшеленіп тұрады.
Сөздік қорының аздығы, баланың сөзді бұрмалау сипаты, естуді
қабылдауы бұзылғанда қалыптасады, танымдық қызметінің дамуы барысында
өзіндік ерекшелігі болады.
Естуі ішінара бұзылған баланың даму ерекшелігінің биологиялық
(естудің физикалық ақауы) себептері әлеуметтiк зардаптарға алып келедi
(қарым-қатынастың бұзылуына, психологиясының қалыптасуында ауытқуға
әкеліп соқтырады).
Осының салдарынан пайда болған көріністер функционалдық сипат
береді (сөйлеудің дамымай қалуы, ойлау ерекшеліктері, есте сақтауы, зейіні,
қабылдауы, көзқарасы).
Сондықтан, кемшіліктердің дамуына тосқауыл қою, өзінің табиғаты
жағынан тұлғаға тұтастай әсер ететін әлеуметтік жолдарды және арнайы
құралдарды, ұйымдастырылған оқыту жағдайын талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |