2
Оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері
Еліміздің бәсекеге қабілетті елдер арасынан табылу жолында алға қойып
отырған мақсаттарына жетуде білімді азаматтардың да алатын үлесі зор екені
айтпаса да түсінікті. Қазіргі заманға сай экономикалық жетістіктерге қол
жеткізу үшін техникалық білімі жоғары мамандардың аса қажет екенін,
ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінен қалыс қалмау үшін техникалық
тұрғыдан терең ғылыми зерттеулер жасау қажеттілігі күн санап өсіп келе
жатқанын күнделікті өмір көрсетіп отыр. Олай болса, техника саласының
білікті мамандарын дайындауға бүгінгі күні мектеп қабырғасында
оқушылардың физика пәнін меңгеру сапасы ықпал ететінін айта кеткен жөн.
Физика пәнін жан-жақты түсіне отырып, меңгеру оқушыларға көптеген
ғылыми-техникалық жетістіктерді өз беттерінше игеріп, келешекте зерттеулер
жасай білуге жол ашады. Бұл оқыту әрекетінің ұйымдастыру жүйесінде
жоғарғы сынып оқушыларының қызығушылығы мен талабы, қабілеттері
ескерілген жағдайда оқушының танымдық, болашақ кәсіби бейініне сәйкес
дербес дамуына жағдай жасалады.
Оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін, олардың қабілеті мен
қызығушылығын, танымдық және өмірлік қажеттіліктеріне, бейімділіктеріне
сәйкес қамтамассыз ету болып табылады.
Физика ғылым ретінде адамзат мәдениетінде маңызды орын алады. Өзінің
мазмұнында деректерді, түсініктерді, заңдарды, теорияларды, модельдерді,
іргелі тәжірибелерді, физика әдістерін және т.б. қамти отырып, адам қызметінің
түрлі саласында кеңінен қолданыс табатын түсініктер, ойлау жүйесі мен
практикалық қызметі үшін тиімді тәсілдер қоры жинақталады. Физиканың
жалпы мәдени мәнділігін және оның негізінде ғылыми дүниетанымды және
көзқарасты қалыптастыру қазіргі кездегі оқу пәнінің басым мақсаттарына
жатады. Осыған орай 10-11сыныптарға арналған «Физика» оқу бағдарламасына
(2013
ж.) енгізген өзгерістер өзекті мәселе болып табылады [1].
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Физика»
оқу пәнін оқытудың басты мақсаты – білім, білік және әдістерді меңгеру
негізінде әлемнің жаратылыстанымдық бейнесін біртұтас қабылдай алуды
қалыптастыру.
Бұл мақсатқа жету келесі міндеттерді жүзеге асыру арқылы қамтамасыз
етіледі:
–
қазіргі «Жаратылыстану» білім саласындағы «Физика» оқу пәнінің
маңызын түсіндіру және физика ғылымының әдістерін меңгерту негізінде
ғылыми дүниетаным білімдерін меңгерту;
–
оқушылардың ғылыми түсініктер жүйесі негізінде сын тұрғысынан
ойлауын дамыту;
–
оқуға жауапкершілікпен қарауға, қоршаған ортаны қорғау және табиғи
қорларын ұтымды пайдаланауға дағдыландыруға; қоғам және адам өмірінің
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін дағдыларды қалыптастыруға;
–
базалық білім негізінде экономикалық және саяси, әлеуметтік, мәдени
қызметтерге ат салысу дағдысына тәрбиелеу.
Қазіргі қоғамға бейімделу үшін базалық деңгей негізіндегі физикалық
ұғымдар мен мен заңдарды меңгеру әрбір адамның тәжірибесіне қажетті.
8
«Физика» пәнін оқығанда пәнішілік және пәнаралық байланыстарды, оқу
процесінің логикасын, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып бөлімдері
және тақырыптарды оқытудың сабақтастығын сақтау және уақытты тиімді
бөлу қажет.
Берілген уақыттың 10% жуығы көрсетілім, практикалық және
лабораториялық жұмыстарды орындауға беру маңызды.. Оқушылардың
білімдерiнiң тексеру үшін 5% уақыт қарастырылуы, оқу уақытының бос
қорынан оқу процессiн ұйымдастыру, оқу процессiн ұйымдастырудың әр түрін
пайдалану, қазiргi оқыту әдiстерін және педагогикалық технологияларды енгiзу
және жергiлiктi жердің жағдайын ескеруге 7% бөлінуі қажетті.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Физика»
пәнінің мазмұнын таңдаған кезде, оқыту нәтижесі қазіргі заманғы әлемнің
физикалық бейнесі туралы түсінігін қалыптастыруға ықпал етіп қоймай,
сонымен қатар оқушының физика ғылымның даму жолдары мен кезеңдері
жайлы, философиялық идеялар және ғылыми ақиқатқа деген философиялық
көзқарасты қабылдауы ескеріледі.
Жалпы білім берудің құрамды бөлігі ретіндегі физиканың гуманитарлық
мәні, ол оқушыны қоршаған дүние туралы объективті білім алуға мүмкіндік
беретін ғылыми таным әдістерімен қаруландырады.
Пәннің мазмұнын анықтауға ықпал ететің факторлар болып оқытудың
мақсаты, оқушылардың танымдық қызығушылығы мен қабілеті табылады.
«Физика» пәнінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бiлiм беру мазмұнда
тарихи материалдар мен айғақтарға айтарлықтай назар аударылады.
Практикалық жұмыс бөлiгiнде стандартты лабораториялық жұмыстардың
ең төменгі саны және шығаратын есептердiң санының көп болуын
қарастырылады.
10-
сыныпта 3 лабораториялық жұмыс, 3 практикалық жұмыс, 2 бақылау
жұмысы; 11-сыныпта 6 лабораториялық жұмыс, 2 бақылау жұмысы өткізілу
қажет.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сынып физика курсының
мақсаты оқушылардың әлемді диалектика-материалистiк тұрғыдан тану
көзқарасын қалыптастыру.
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу қамтамасыз етедi:
−
қазіргі әлемнің бiртұтас физикалық бейнесін ұсыну; физикалық
құбылыстарды әр жағынан және әр түрлі жағдайда қарастыру дағдысы;
−
физикалық жүйені анықтау және олардың арасындағы байланыс
орнату;
−
физикалық құбылыс немесе пән туралы білімін салыстыру және
ақиқатын ашу дағдысын қалыптастыру;
−
физикалық құбылысты танудың теориялық және эксперименттік әдісін
қолдану; физиканың заңдарын практикада қолдану ;
−
әр түрлі қиындық деңгейіндегі сапалық есептер мен қатар, мазмұнды
физиканың есептерін шығару дағдысын дамыту;
−
физиканың жетiстiгін адами өркениеттiң даму игiлiгіне пайдалану және
табиғаттың заңдарын тану мүмкiндiгiне сену; қазіргі жаратылыстану
ғылымының мазмұнының мәселелерiн талқылау кезінде оппоненттiң пiкiрiне
9