және пайдаланудың, электромагниттік сәулелер мен түрлі сипаттағы шулардың
экологиялық принциптерін түсінуі [2-3];
−
қоршаған нақты дүниемен өзара өнімді әрекет етуді жүзеге асыру
үшін: физикалық, биологиялық және химиялық процестердің қандай да бір
қасиеттерін сипаттау үшін физикалық модельдермен амалдар орындай алуы,
адам игілігі үшін құрылатын табиғи жүйелердегі процестерге ұқсас жасанды
орталардағы физикалық процестердің өту барысын талдай алуы;
−
жаратылыстанымдық білімдерді адамгершілік нормаларға сәйкес
шығармашылықпен пайдалану негізінде: зерделенген құбылыстар мен үдерістер
негізінде оларды сауатты пайдалану тәсілдерін болжай алуы, жаратылыстану
пәндерінен игерген теориялық білімдері мен тәжірибесін басқа жаратылыс-
ғылыми, технологиялық және экономикалық білімдермен бірге адамзат
қызметінің әр түрлі саласында пайдалану үшін қолдана алуы.
«Жаратылыстану» ғылымы саласындағы ашылған өзекті жаңалықтарды
оқытуға сәйкес өзендердің энергиясын, Қазақстандағы электр станциялары
құрылысы мен энергетика жүйесін жасаудың ерекшеліктерін қолдануды
қарастырады, сонымен бірге адамзаттың жаһандану мәселелерін талдау
оқушылардың қоршаған орта табиғаты, экономика және Жер туралы кең әрі
терең түсініктерін дамытуға көмектеседі [2].
Жаңа аспектіде табиғатта, метеостанцияларда метео құралдарды қолданып
жұмыстарды бақылаудың қазіргі әдістерімен оқыту арқылы күрделі физикалық-
географиялық түсініктер енгізіледі. Кіріктіру әдісі барысында есептік талдау
сипатындағы практикалық жұмыстардың саны артуы, Қазақстандағы және
әлемдегі атом энергетикасын дамыту келешегі және икемді технологиялық
процестер, электр энергияларының балама көздері қазіргі өндірістегі
технологиялар бойынша есептерді шешу қарастырылған. Ғаламдық даму және
ғарышты игеру теориясын терең әрі жан-жақты түсіну үшін Әлемнің және
элементарлы бөлшектердің дамуының физика және астрономиядағы рөлі мен
маңызы оқытылады.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сынып оқушыларының оқуға деген
мотивациясын, оқу материалын зерделеуге деген ықыласын жаратылыстану
ғылым салалары мен техника тарихынан мәлiметтердi, күнделiктi өмiрде
пайдаланатын бiлiмдi енгiзу, ғылымның соңғы жетiстiктерi мен жаңалықтарын,
пәнге тiкелей бағытталмаған, олардың болашақ қызметтерiнде пайдалы
болатын материалдарды енгiзу арқылы тудыруға болады.
Әр түрлi бағыттағы сыныптар үшiн мәндiлiгi бiрдей критерийлер мен
принциптер бар. Мысалы, оған оқытудың өмiрмен байланысын жатқызуға
болады. Бұл принцип оқушылардың қабiлеттiлiгi мен мүддесiне тәуелсiз адам
әрекетiнiң әр түрлi саласында өтіп жататын құбылыстарды бақылау мен
түсiндiрумен анықталады, бұл оқушылардың қабiлеттiлiгi мен мүдделерiне
тәуелсiз жаратылыстану пәндерін оқытудың өзектiлiгiмен анықталады
6
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша сұрақ-есептер, ауызша және
сапалық есептер, дағды қалыптастыру сипатындағы есептер ұсынылады..
Физика пәнін зерделеу кезiнде қоғамдық-гуманитарлық бағыттың
оқушыларына әдеби шығарма негiзiнде құрастырылған есептерге назар
аударған дұрыс. Көркем шығармалар қандай да бiр табиғат құбылыстарын
сипаттауға бай және олардың қызықты деректерi болады. Оларда
қарастырылатын ұғымдарды жаңа сипатта ашатын құбылыстар бейнеленедi,
заңдарды қолданудың жаңа салалары iздестiрiледi.
Бағдарлама оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытуға, байқаулар
жүргізу және эксперименттік тапсырмалар орындау біліктерін қалыптастыруға
бағытталған. Мұнда тәжірибелік жұмыстар ерекше орын алады. «Физика» оқу
пәнінің мазмұнында тәжірибелік жұмыстар жеке зерттеушiк және
конструкторлық тапсырмаларға негізделіп беріледі. Лабораториялық жұмыстар
мазмұны мұғалімге оқушыларда физикалық заңдар мен заңдылықтар негізінде
практикалық
тапсырмалар
орындау
біліктіліктерін
қалыптастыруға
көмектеседі.
Эксперимент нәтижесінде туындаған заңдарды оқыту әдістеріне:
а) тәжірибеге сүйене отырып іздену;
ә) заңдылықты ауызша талдаудан өткізіп, дәлелдеу;
б) демонстрациялық материалдарды пайдалану арқылы оқыту
қарастырылады.
Сонымен қатар, физикалық заңдарды оқыту барысында
−
физикалық заңдардың орындалу шартын жете және терең түсіну;
−
физикалық заңдар арасындағы байланысты жете меңгеру және
топтаманың қай түріне жатқызылатынын анықтау;
−
әрбір заңның физикалық мағынасын терең ұғыну;
−
әрбір физикалық заңның қолдану аумағын және қандай мәселелермен
құбылыстарды шешуге мүмкіндігі бар екенін білуге көңіл аудара отырып,
сабақты меңгерудің, физикалық заңдылықтарды ұғып-түсінудің үш алғы
шарттарын енгізуді ескердік. Олар: негізгі ұғымдарды айқындау; негізгі
заңдарға қанық болу; негізгі амалдарды жетік меңгеру. Физика пәнін бейінді
оқыту бұл пәндерді жаратылыстану-математика мамандықтары бойынша оқуын
жалғастыруы үшін жеткілікті болатын деңгейде қарастыруды ескереді.
Оқушылардың болашақ мамандықтарына пайдалы болатын және ойлау
бiлiктерiн қалыптастыру үшiн қажет материалдар енуі және бұл
материалдардың бiр бөлiгi олардың жеке ықыласы бойынша оқытылуы тиіс деп
есептейміз.
7