Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет68/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   211

              134 

 

3.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  сұрақтар  қойып,  шешімін  табуды  қажет  ететін  мәселені 



анықтаудан  басталады.  Америка  педагогі  әрі  философы  Джон  Дьюи  «сыни  тұрғыдан ойлау 

оқушылар  тек  нақты  бір  мәселемен  айналысқанда  ғана  пайда  болады.  Мәселелерге  ерекше 

көңіл  аудару  оқушылардың  табиғи  әуесқойлығын  оятып,  оларды  сыни  тұрғыдан  ойлауға 

итермелейді». 

4.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  көңілге  қонымды,  дәлелге  ұмтылады.  Бұлай  ойлайтын  адам 

мәселені  шешудің  жолын  өзі  іздеп  табады  да,  сол  шешімді  негізі  бар  саналы  дәлелдермен 

нақтылай түседі. 

5.  Сыни  тұрғыдан  ойлау  әлеуметтік  ойлау  болып  табылады.  Барлық  ойлар  ортаға 

салынғанда  тексеріліп,  өткірлене  түседі,  әрі  шыдамдылық,  басқаны  тыңдай  білу  және  өз 

көзқарасына  деген  жауапкершілік  секілді  өнімді  ой  алмасуға  өте  қажет  болатын  сапалы 

өңдеулер  жүріледі.  Сын  тұрғысынан  ойлау  әдіснамалық  жағынан  философияға  негізделіп 

құрылса, оны жүзеге асыруда жүздеген стратегиялар қызмет атқарады. 

Сыни  ойлау  әдісінің  сабақты  жүргізу  құрылымы  дәстүрлі  құрылымнан  өзгеше  болып 

келеді. Мұнда: 

1. Ой шақыру стратегиясы немесе қызығушылығын ояту (мотивация) 

2. Мағынаны тану (жаңа ақпарат) 

3. Ой толғанысы немесе ой корытындысы (рефлексия) деп аталатын үш құрылымынан 

тұрады. Әр кезеңде жеке, жұпта, топта, ұжымда жұмыс жасалады. 

Оқу іс әрекетіне қызығу туғызу, ояту – EVOCATION. Бұл саты – танымдық іс әрекетті 

қалыптастыруда  маңызды.  Яғни,  студенттер  сабаққа  белсене  араласады,  осы  тақырыпқа 

байланысты  білетіндерін  пәнаралық  байланыс  негізінде  еске  түсіреді.  Өз  білімін  талдауға 

ынталы  болады.  Бұрыннан  білетінін  жаңамен  байланыстырады.  Студент  өз  білімінің, 

ұғымының арқасында жаңа ұғым жасайды. Бұрынғы білімінің негізінде жаңа білім алады. 

Меңгерген  білімін  реализациялау  сатысы  –  REALISATION.  Мағынаны  ұғыну,  сабақта 

студенттердің  белсенділігін  арттыру  жалғаса  береді.  Өз  білімдерін,  түсініктерін  жазады, 

айтады.  Жауаптарды  өз  ақпараттарына  сүйеніп  іздейді.  Өзінің  жеке  түсінігін  береді. 

Студенттерде оқу әрекетіне деген қызығу туады және өз пікірлерін қалыптастыруға үйренеді. 

Рефлексиялық  саты  –  REFLECTION.  Өз  іс-әрекетін,  оның  нәтижелерін  ұғыну,  түсіну. 

Өз түсініктерін дамытып, ақпараттарды өңдейді. 

Оқытушы бұл модель бойынша төмендегідей нәтижелерге жетеді: 

1. Оқытуда мақсат қояды. 

2. Студенттерді жаңа ақпаратпен қамтамасыз етеді. 

3. Тақырыпты меңгеруге студенттерді белсене араластырады. 

4. Пікірін алмасуға ынталы болады. 

5. Жақсы пікірсайыс туындайды. 

6. Оқу мотивациясы жоғарлайды. 

7. Рефлексияға дем беріледі. 

8. Студенттерге түрлі  пікірлер айтуға мүмкіндік беріледі. 

9. Студенттерге сұрақ қоюға, оны талдауға, өз түсінігін қалыптастыруға дайындалады. 

10. Студенттердің ақыл-ой белсенділігі артады.  

Сыни ойлау технологиясын пайдалану болашақ маманның танымдық деңгейі мен 

біліктілігін жетілдіруде негізгі күш болып табылатындығы сөзсіз. Студенттердің танымдық 

қызығушылығын қалыптастырудағы басты мақсат – қазіргі білім берудің жаңа парадигмасы 

жағдайындағы оқушылардың жеке тұлғалық сапалық қасиеттерін дамыту, шығармашылық 

ойлауын дамыта отырып, заман талабына сай құзырлылығын қалыптастыру және рухани жан 

дүниесінің дамуына жағдай жасау.  

Сабақ барысында студенттердің танымдық қызығушылығын қалыптастыруда білім 

берудің жаңашылдық сипатына сәйкес, білім мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, 

технологияларын, оған қатысушы субъектілердің бағытын, білімдік ортаны өзгерту арқылы 

ғана мүмкін болатындығына көз жетті. 




              135 

 

 

Әдебиеттер 

1.  Байденко  В.И.  Болонский  процесс:  поиск  общности  европейских  систем  высшего 

образования (проект TUNING). – Москва-Астана, 2006. – 94 с. 

2. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Педагогическое творчество. – М., 1990. – 125 с. 

3.  Меерович  М.И.,  Шрагина  Л.И.  Технология  творческого  мышления.  –  Минск,  2003-

19-25 с. 

4.  Морозов  А.В.,  Чернилевский  Д.В.  Креативная  педагогика  и  психология.  –  М.:, 

Академический проект, 2004. – 560 с. 

 

 

 



 

Н.Ж. Болатбекова  

Г.У. Кенжегузинова  

Астана қ. (Қазақстан) 

 

МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚАРЫМ- 

ҚАТЫНАС ЖҮЙЕСІ 

 

Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықтың атқарар 



рөлі зор. Отбасы мектептің білім туралы заңды табысты жүзеге асыруындағы оқушылардың іс-

әрекеттерін ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Сондықтан да қазіргі уақытта отбасы және мектеп 

арасындағы өзара ынтымақтастықты тереңдете отырып, әкелер мен аналардың бала тәрбиесіне 

байланысты жауапкершілігін арттыру қажет. 

Қоғамдағы  әр  шаңырақтың  босағасы  берік,  мерейі  үстем  болмай,  мемлекетіміз  мықты 

болуы мүмкін емес.  

Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  халыққа  Жолдауында  былай  деген:  «Сіздер  мен  біздер  тек 

болашақ  буынды  ғана  емес,  жалпыадамзаттық  қадір-қасиеттердің  мән-мағынасын  түсінетін 

жаны да, тәні де таза, білімді патриот азаматтар тәрбиелеуге міндеттіміз» [1]. 

Отбасы  –  ошақтың  үш  тағаны  сияқты,  олар:  әке,  ана,  бала.  Үшеуінің  бірлігі  отбасының 

берекесі.  Әрбір  отбасы  бүкіл  ғасырлар  бойы  адам  баласы  тәрбиесінің  құралы  болып  келді. 

Сондықтан ол – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.  

Отбасы  –  белгілі  дәстүрлердің,  жағымды  өнегелердің,  мұралар  мен  салт-  дәстүрлердің 

сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, қоршаған ортамен танысып, мінез-

құлық  нормаларын  игереді.  Сондықтан  үйелмендік  өмір  жеке  адамның  азамат  болып  өсуінің 

негізі.  

Сынып жетекшісінің жұмысы – оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы болу. 

Өйткені, бала тәрбиесінің мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.  

Мектеп  пен  отбасының  ынтымақтастығының  бірнеше  формалары  бар.  Сынып  пен 

отбасының  байланысының  басты  формасы  –  ата-аналар  жиналысы.  Онда  көптеген  мәселелер, 

мысалы,  күнделікті  өмір,  еңбек  демалыс,  оқушылардың  бос  уақыты,  кәсіптік  бағдар,  оқу  және 

тәрбие  жұмысы,  т.б.  талқыланады,  оларды  одан  әрі  жетілдірудің  нақты  жолдары 

қарастырылады. 

Сынып  жетекшілер  мен  ата-аналардың  арасындағы  байланыс  тек  жиналыс  өткізу  деп 

есептесе,  қателеседі.  Ата-аналар  жиналысында  оқу  үлгерімі,  сабаққа  қатысуы  жайында  сөз 

болады. Сол себепті ата-аналар сынып жиналысына аз келеді. Ата-аналар да жұмысбастылыққа 

салынып,  бала  тәрбиесіне  көп  көңіл  бөле  бермейді.  Сол  себепті  мұғалім  ата-аналар 

жиналысында  осы  проблеманы  да  «Сізді  тәрбиелеймін»  деп  емес,  сіздерге  «көмек»  деп  түрлі 

формада өткізсе, баланы ата-анасы жақсы танып, кемшілікті дер кезінде түзер еді. 



жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау