Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет65/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   211

              128 

 

5.  Проблемалық  мәселелердің  дұрыс  шешілгендігін  тексеру,  тиісті  қорытындылар 



жасау. 

Дәстүрлі  оқыту  әдісі  бойынша  педагог  сабақ  тақырыбын  хабарлайды,  мазмұнын 

түсіндіреді,  есептер  шығартады,  талдау  жүргізеді,  қорытынды  жасайды.  Ал,  балалар 

педагогтың  әңгімесін  тыңдайды,  тапсырмаларды  орындайды.  Мұнда  игеруге  тиісті  оқу 

мазмұны  күні  бұрын  дайындалған  күнінде  балалардың  қабылдауын  талап  етеді.  Мұндай 

оқыту жүйесі репродуктивтік немесе дайын білім беру әдісі деп аталады. 

Проблемалық  оқыту  әдісінің  екі  түрлі  айырмашылығы  бар:  біріншісі,  оқыту 

мақсатына  байланысты,  мұнда  оқу  материалының  мазмұны  зерттеледі,  ол  белгілі  бір 

дәрежеде  қорытылады.  Нәтижесі  практикада  сыналып,  оқу  бағдарламаларына,  оқулықтарға 

және  қосымша  оқу  құралдарына  жазылады.  Екіншісі,  педагогикалық  үрдісті  ұйымдастыру 

қағидасы тұрғысынан қарастырылады. Бұл кезде әдебиеттерде дайындалып көрсетілген білім 

мазмұнының көшірмесін қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді. 

Проблемалап оқыту әдісінде мұғалім кейбір теориялық материалды баяндай отырып, 

тақырыпқа  байланысты  мәселелерді  балалардың  өздерінің  шешуіне  жағдай  жасайды,  яғни 

проблемалық ахуал туғызады. Демек, дәстүрлі оқыту жүйесінде балаларға ғылымның дайын 

қорытындылары  берілсе,  ал  проблемалық оқытуда  бала    жаңа  білімді  оқу-танымдық  ізденіс 

әрекеті арқылы игереді. 

Проблемалық  сабақтың  құрылымын  қарастырайық.  Сабақ  құрылымы  тақырыптық 

және  сабақ  жоспары  негізінде  құрылады,  сабақтың  логикасын  болжайды.  Құрылым  деп 

объектіні  функциялау  процесінде  туған  құбылыс  элементтері  арасындағы  өзара  қатынас 

нұсқаларының әртүрлілігі түсіндіріледі. 

Проблемалық сабақтың құрылымдық элементтері: 

1.  Оқушылардың бұрынғы білімдерін белсендіру; 

2.  Жаңа білімді және әрекет тәсілдерін меңгерту; 

3.  Білік пен дағдыларды қалыптастыру; 

Бұл  құрылым  оқытудың  негізгі  кезеңдері  мен  қазіргі  заман  сабағын  ұйымдастыруда 

көрінеді. 

Оқу  проблемаларының  белгілері  келесілер:  проблемалық  сипаттың  болуы, 

субъектінің  шешімді  іздеуге  дайындығы,  проблемалық  оқытуды  жүзеге  асыруда  біркелкі 

емес жолдың мүмкіндігі. 

Проблемалық  сабақтың  көрсеткіші  ретінде  оның  құрылымында  ізденістік  әрекет 

кезеңінің  болуы,  яғни  нақтырақ  айтқанда  соның  дәл  өзі  проблемалық  сабақ  құрылымының 

ішкі бөлігі болып табылады. 

Бірінші  кезең.  Проблеманы  қабылдауға  дайындық.  Бұл  кезеңде  оқушылар 

проблеманы  шешуге  қажетті  білімді  белсендіреді,  яғни  керекті  дайындықсыз  олар  шешім 

табуға кірісе алмайды. 

Екінші  кезең.  Проблемалық  жағдаятты  құру.  Алайда  проблема  оқушылардың  жасы 

мен шамаларына сай және ол анық құрылған болуы керек. 

Үшінші  кезең.  Проблеманы  құру  –  бұл  туылған  проблемалық  жағдаяттың 

қорытындысы. Бұл мұғалімнің оқушылар алдында қоятын танымдық тапсырмасы. 

Төртінші  кезең.  Проблеманы  шешу  процесі.  Ол  бірнеше  басқыштардан  тұрады:  а) 

болжамдарды  ұсыну;  ә)  әрбір  болжамды  тексеру  үшін  шешу  жоспарын  құру;  б)  болжамды 

бекіту немесе теріске  шығару; 

Бесінші  кезең.  Таңдалынып  алынған  шешімнің  дұрыстығын  дәлелдеу,  егер  мүмкін 

болса тәжірибеде бекіту. 

Мұғалім  проблемалық  оқытуды  жүзеге  асыруда  сыныппен  қарым-қатынасты 

оқушылар  өз  ойларын  айта  алатындай,  дұрыс  емес  болса  да  өз  болжауларын  ұсына 

алатындай етіп орналастыруы керек. Әрбір болжам негізделген болуы мүмкін. 




              129 

 

Сабақ  кезінде  проблемалық  оқытуды  кез  келген  кезеңінде  қолдануға  болады,  алайда 



оқу материалының құрылымы мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне тәуелді әртүрлі жүзеге 

асырылады. 

 

Әдебиеттер 



1.  Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  білім  беруді  дамыту  Тұжырымдамасы 

//Қазақстан мектебі. №2, 2004. 

2. Махмутов М.И. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру. – Алматы, 1981 

3.  Проблемность  в  школьном  обучении  //  под  ред.  В.И.  Загвязинского.  –  Тюмень, 

1974. 

 

 



 

 

 



А.К. Бейсенбаева  

Қарағанды қ. (Қазақстан) 

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН 



ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

Қазақстан 



Республикасының 

2019 


жылға 

дейiнгi 


бiлiм 

берудi 


дамыту 

Тұжырымдамасында бастауыш мектепте бiлiм берудiң маңыздылығын атай келiп, қазақ тiлiн 

оқытудың басты ұстанымдарын: «Бастауыш мектептiң негiзгi мiндетi – баланың жеке басын 

бастапқы  қалыптастыруды  қамтамасыз  ету,  оның  қабiлеттерiн  анықтау  және  дамыту.  Осы 

сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәждi қалыптастыруға, оқу қызметiн бiлуі, оқу, жазу, санаудың 

берiк  дағдыларын  үйренуге,  тiлдiң  қарым-қатынастық  қарапайым  тәжiрибесiне,  өзiн-өзi 

шығармашылық тұрғыдан таныта бiлуге бағдарланады», - деп белгiленген [1]. 

Мемлекеттік  тіл  өмірді  танудың,  адамның  ойлауына,  елесіне,  сезіміне  белсенді  әсер 

етудің ерекше құралы болып табылады. 

Қоғам өміріне тіл мәселесінің саналы түрде араласуы, жеке адамнан бастап мемлекетке 

дейінгі  деңгейде  сан-салалы  ықпал  жасаудың  мүмкіндіктерін  қамтиды.Тіл  сабақтары  –  кіші 

жастағы оқушыларды әдебиет әлеміне апаратын, сөз өнеріне баулитын баспалдақ. Балаларға 

ана тілінде тәрбие беру және оқытудың басты нысанасы тіл мәдениетіне бағытталуы тиіс. 

Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселесіне кезінде Ы. Алтынсарин, А. 

Байтұрсынұлы,  М.  Жұмабайұлы,  Ж.  Аймауытұлы  т.б.  ұлы  педагогтар  ерекше  көңіл  бөлген 

болатын.  Бірақ,  қазақ  мектептеріндегі  тіл  дамыту  мәселесі  әсіресе,  егеменді  ел  болғаннан 

кейін  ғана  ғылыми  зерттеу  пәніне  айналды.  Бұл  жөнінде  бастауыш  сынып  оқушыларының 

тілін  дамытуға  арналған  С.  Рахметова,  Т.  Әбдікәрімова,  Г.  Уаисова,  Ә.Жұмабаева,  С.  Әбілдина 

сияқты т.б. ғалымдардың зерттеулері мен еңбектерін айтуға болады. 

Сөз мәдениеті дегеніміз – тілдік норманың жетілу, ширау, даму дәрежесі. Яғни, оның 

негізгі  арқауы  –  тілдік  норма.  Ол  тілдің  ішкі  жүйелері  негізінде  дамып  қалыптасады.  Тіл 

мәдениетінің  негізгі  зерттейтін  объектісі  –  сөз,  сөздің  дұрыс  айтылуы,  дұрыс  жазылуы, 

дұрыс қолданылуы, айтайын деген ойдың анық, әсерлі болуы – сөз синонимінің көп болуы. 

Бастауыш  мектеп  оқушыларының  сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыру  –  бүгiнгi  күннiң 

кезек  күттiрмес  мәселесi.  Ертеңгi  күнгi  тiлiмiздiң  хал-жағдайын  бүгiннен  ойлап,  алдымен 

ауызша сөйлеуге балаларды бірінші сыныптан бастап дағдыландыру арқылы ғана қазақ тiлiн 

таза күйiнде сақтауға болады. Бұл қажет те. Бұл тұрғысында академик Р.Сыздықова былайша 

пайымдаған:  «Қажеттiктiң  бiр  себебi  –  жалпы  мәдениетiмiздiң,  оның  iшiнде  тiлiмiздiң 

әлеуметтiк  қызметiнiң  дамуында  болып  отыр.  Сол  дамуға  талаптың  да  күшеюiнде  болып 

отыр.  Бұл  –  бiр.  Екiншi  жағынан,  бұрынды-соңды  қазақша  тiл,  сөйлеу  мәдениетi  деген 




жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау