132
белгілі. Осындай мәселелердің шешімін табуда болашақ мамандарды дамыта оқыту
мәселесінің өзектілігі айқындалады.
Студенттің танымдық әрекетін басқару мен ұйымдастыру, әсіресе дәрістік сабақтарға
арнайы әдістемелік кешендер және дидактикалық нұсқаулар қолдану өте тиімді.
Оқыту барысында нақты семинар немесе дәріс деп бөлмеген дұрыс, ең қолайлы термин
– «сабақ». Сабақ формасын таңдау – әр оқытушының құқығы мен міндеті. Бірақ барлық
оқыту процесі оқытушы мен студент арасында тығыз байланыста және интерактивті
жағдайда болуы керек.
Кредиттік технология негізінде оқыту ұсынады:
- белгілі бір негізгі білім бойынша шешім қабылдау дағдыларын дамыту,
шығармашылық қабілеті мен қиялын жетілдіру;
- тұлғаның даму ерекшеліктері негізінде ойлауды жүйелі дамыту;
- жекелік және топтық жағдайда білімді меңгеру;
- түрлі білім саласы негізінде танымдық деңгейлерін синтездік бақылау;
- эмоционалды қарым-қатынас стилі;
- оқытушылардың позициялары мен рөлі – ұйымдастырушы және көмекші
(аналитикалық,бағыт-бағдар беруші).
Оқыту міндеттері:
- белсенді іс әрекетті-(мобильді) тұлғаны қалыптастыру;
- жағымды позицияда тәрбиелеу;
- коммуникабельдікті дамыту;
- бизнес-мәдениетті меңгеру;
- кәсібилік;
- өз пікірі мен ұстанымының болуы.
Кез келген сабақ құрылымы саналы және жүйелі түрде оқытушының қандай мақсатқа
жеткісі келетіндігі айқын болуы керек. Қойылған мақсатқа жетудің құралдары айқындалып,
содан кейін ғана оқытушы мақсатқа жету үшін қандай әрекет жасауды айқындайды.
Әр сабақ – бүтін оқу үрдісінің тіркесі. Сондықтан да кез келген сабақ 3 деңгейге сәйкес
болуы керек:
1. Қабылдау, түсіну, меңгеру.
2. Білімді үлгі бойынша қолдану.
3. Білімді жаңа ситуацияда қолдану.
Сабақтың нәтижелі өтуі оқытушының сабаққа дайындық деңгейіне байланысты.
Дайындықтың өзі сабақтың пәнаралық байланыс бойынша бірізділігін жоспарлайды.
Сабаққа дайындық барысында мынандай жағдайларды нақтылау керек:
- студент нені меңгеруі тиіс;
- оқылатын білім шеңбері қандай басқа пәндермен байланысты;
- материалды қалай ұстау керек;
- студенттрерге нақты түсінікті материалды жеңіл меңгеруі үшін қойылатын
сұрақтардың мәнділігі.
Сабақты төмендегідей жағдайда ұйымдастыруға болады:
- материалды ұсыну барысында «негізгітірек» сөздерге назар аудару;
- аналитикалық жағдайларға баса назар аудару, түрлі факторлардың өзара байланысы;
- студенттердің қызығушылығын ояту;
- ашық сұрақтар қою;
- бағдарлы шолу мен қорытынды жасау.
Ол үшін студенттің шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін сабақ барысында
басты қағида ретінде ұстану керек. Себебі, жаңа пәндердің пайда болуы, оқу мазмұнына
шығармашылық
тапсырмалардың
енуі,
арнайы
педагогикалық
әдістемелер,
технологиялардың қолданыла бастауы, жоғары оқу орындарында кредиттік білім беру
жүйесі ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуіне үлкен мүмкіндік береді.
133
Шығармашылық педагогикасына байланысты философиялық ойларға, теориялық
еңбектерге, зерттеулерге талдау жасау арқылы нақты жағдайларда шығармашылық іс-
әрекеттің төмендегідей белгілерінің көрінетіндігі айқындалды:
- білім, білікті жаңа жағдайларда өз бетінше қолдана алуда;
- объектінің жаңа қызметін көре білуде;
- таныс әрекет түрлерін өздігінше құрастыру арқылы жаңалық жасауда;
- мәселені шешудің қалыптан тыс жолдарын ашуда.
Бұл шығармашылық күш-қуаты жаңа жағдайға сәйкес әрекет түрлерін өзгертуге, білім,
білікті
жаңа
жағдайға
тасымалдауға
көмектесетін,
ақылдың
алғырлығы, ойдың
оралымдылығы, өнертапқыштық, жаңалыққа ашықтық деп қорытынды жасауға негіз болды.
Жеке тұлғаны адамзат баласының тәжірибесін өз әрекеті арқылы үйрену жағдайына қою –
өзін-өзі тану, өзінің ішкі ақыл-ой, рухани күштерінің оянуына әкеледі.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.
Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай
білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның
рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес,
жаратушы да. Ол өзін-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар өзінен-өзі жойылуға да қабілетті.
Адамның өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін,
қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру – білімнің
басты мақсаты. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен
оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке
басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып
ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру
жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады. Шығармашылық сөзінің төркіні
этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол
арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. «Шығармашылық» – рухани жаңару және
материалдық құндылықтарды жасау жолындағы адам әрекетінің нәтижесі, жемісі. Демек,
шығармашылық ұғымын бұрын болмаған жаңа нәрсені әрекет нәтижесінде тудыру, яғни жеке
тұлғаның шығармашылығының туындысы деп және жеке тұлғаның қабілеті ғылым, өнер, білім,
өндірісі, техника, тұрмыс мәдениеті, саясат және т.б салаларда жаңалық ашу, жаңаны жасау деп
түсінеміз.
Студенттің шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау
психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық
әлемдік
мәдениеттің
барлық
дәуіріндегі
ойшылдардың
назарында
болғандығын
«шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға
болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан
шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты – бүгінгі күн талаптарынан туындаған,
озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапаны қалыптастыру және дамытуда тың жолдар
мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.
Сонымен бірге студенттердің танымдық деңгейін дамытуда сын тұрғысынан ойлау
әдісінің маңыздылығы зор екендігін байқауға болады. Сын тұрғысынан ойлауға
американдық профессор Дэвид Клаустер төмендегідей анықтама береді. Оның анықтамасы
бес пункттен тұрады:
1. Сыни түрғыдан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Сыни тұрғыдан
ойлауда идеяның ерекше болуы міндетті емес, ойлау өзіндік сипатта болу қажет. Ең негізгісі
– оқушы нені ойлау керектігін өзі шешу керек.
2. Берілген ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңы емес, бастапқы пункті болып
табылады. Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар, мәліметтер мен
концепциялар секілді көптеген шикізаттарды өңдеу керек болады. Тек сыни тұрғыдан
ойлаудың арқасында дәстүрлі таным процесі жекелік сипат алып, саналы, үздіксіз әрі өнімді
бола бастайды.