Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет71/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   211

              140 

 

даму  кезеңі  болып  табылады.  Сондықтан  мектеп  барлық  жағдайда,  мүмкіндіктерді  пайдалана 



отырып, оқушылардың денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз етуі қажет.  

Дене  жаттығулары  сабақтары  ең  алдымен  адам  ағзасына  әсерін  тигізе  отырып  денесін 

шынықтыру  денсауылығын  нығайту  міндеттерін  жүзеге  асырады.  Сондықтан  көптеген  сабақтар 

таза ауада өткізіледі, ал жабық орында өткізілетін сабақтар қажетті гигиеналық талаптарды қажет 

етеді.  

Денсаулықты  нығайту,  шынықтыру  үшін  жаратылыстың  табиғи  күштері  кеңінен 

қолданылады. Оқушылардың денсаулығын жақсарту барысындағы міндеттерді орындау үшін мектеп 

оқушылардың жүйелі және белсенді түрде дене жаттығуларымен айналысуын талап етеді [3]. 

Дене тәрбиесі сабағында санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуында мұғалімнің, 

мектептің  барлық  қызметкерлерінің  жеке  басының  үлгісі  шешуші  орын  алады.  Алға  қойған 

міндеттерді шешуде мұғалімнің оқушылармен қысқаша түрде әңгімелесуді үлкен рөл атқарады. 

Мұндай  түрдегі  әңгімелесуді  дене  шынықтыру  сабағында,  сыныптан  тыс  орындалатын  іс-

шараларда  және  тағы  басқа  сабақтарда  өткізуге  болады.  Балалар  дене  шынықтыру  жөніндегі 

білімді  дене  шынықтыру  сабағында  және  сыныптан  тыс  іс-шараларда  алады.  Алынған  білім 

балалардың  сабаққа  деген  қызығушылығын  және  саналы  көзқарасын  туғызады.  Сондай-ақ 

балаларды  қолданбалы  сипаттағы  әртүрлі  жаттығуларға  үйретуде  маңызды  рөл  атқарады. 

Балалармен әртүрлі ойын түрлерін ұйымдастыру қимыл-қозғалыс түрлерін дамытады. 

Жоғарыда  аталғандардың  барлығы  балалардың  дене  шынықтыруы  жөнінен  жан-жақты 

дамуын, еңбекке дайындығын қалыптастырады. Педагогтың міндеті оқушылардың жүйелі және 

белсенді түрде дене жаттығумен айналысуын қамтамасыз ету. Әр адамға қажетті қасиеттер күш-

қуат,  жылдамдық,  ептілік  шыдамдылық.  Дененің  сапалық  қасиеттері  балалардың  қимыл 

дағдыларын  қалыптастырумен  тығыз  байланысты.  Дене  жаттығуларының  әртүрлі  екпінде 

өткізілуі  дененің  сапалық  қасиеттерін  дамытады.  Батылдық,  табандылық,  ептілік,  адалдық, 

жолдастық  сезім,  ұжымда  жұмыс  істей  білу,  мәдени  тәртібін  қалыптастыру  –  еңбекке,  қоғам 

мүлкіне деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.  

Дене  тәрбиесіндегі  педагогиканың  үрдісі  бағалы  морольдық  және  ерік-жігер  қасиеттерін 

тәрбиелеудің маңызы зор. Көптеген дене жаттығулары және ойын түрлері арқылы табандылық, 

өзара достық сезімдері тәрбиеленеді.  

Мектептің  міндеті  балаларды  әртүрлі  дене  жаттығуларына  тек  мектепте,  отбасында  ғана 

емес, күнделікті өмірде маңызды міндетті шешу балалардың қызығушылығын арттыра отырып, 

берілетін  материалдардың  мазмұнына,  түріне  жағдайына  айналысушылардың  өзара  қарым-

қатынасына көңіл бөлу керек. Аталған құндылықтарды жетік білу, мән-мағынасын терең ұғыну 

– шығармашылық дағдысын қалыптастырудың алғышарттары болып табылады. 

 

Әдебиеттер 

1.  Бұзаубақова  К.Ж.  Жаңа  педагогикалық  технология.  Оқу  құралы.  –  Алматы: 

Жазушы, 2004. – 208 б. 

2.   Беспалько  В.П.  Педагогика и прогрессивные  технологии обучения. –  М:.  Высшая 

школа. – 1995. – 336 с. 

3.  http://www.group-global.org/ 

 

 



М.А. Менлибекова  

Астана қ. (Қазақстан)  

 

ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ТАБИҒАТТЫ 



БЕЛСЕНДІ ҚОРҒАУҒА ТӘРБИЕЛЕУ 

 

Адам – табиғатпен егіз. Адам ауырса, одан табиғатқа келіп-кетер ештеңе жоқ шығар, 

ал табиғат ауырса, адам онымен қоса ауырары хақ. Сондықтан да, қоршаған ортаны қорғау, 



              141 

 

табиғатты сақтау, оған қамқор болу адамзат баласы үшін маңыздылығын жойған емес. Егер 



сіз табиғатқа қамқорлық жасасаңыз, оны табиғат үшін емес өзіңіз үшін, келешек ұрпақ үшін 

жасалған  сауапты  іс  деп  түсінгеніңіз  жөн  шығар.  Біз  –  тумасынан  табиғатты  сүйіп  өскен, 

қоршаған  ортаға  үлкен  ілтипатпен  қараған  халықпыз.  Бұған  күні  кешеге  дейін  туған 

өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Қаһарман халқымыз 

тауды  бұзып,  тасты  жарып,  жерді  терең  қазып,  өзен-көлді  бұғалықтап,  ел  үшін  біраз  игі 

істерді  жүзеге  асырды.  Көптеген  көп  тонналық  өнеркәсіптер  іске  қосылды.  Сол  кездерде 

мұның қызығын да көрді. Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және 

шапшаң  дамуы,  адамзаттың  барған  сайын  аш  көздікпен  табиғатты  тонауы,  биосферадағы 

жаратылыстың  тепе-тендік  заңдарын  бұзды.  Осылардың  нәтижесінде  жеріміздің  ауасы 

тарылып,  өзен-көлі  бүлініп,  жайылымдардың  топырағы  тілініп,  қоршаған  ортамыз  көз 

алдымызда  азып-тоза  бастады.  Мұның  соңы  азынаған  желге,  ащы  да  улы  жаңбырға, 

ормандардың  мезгілсіз  қурауына,  ауа-райының  бұзылуына,  ластануына  әкеліп  соқтырады. 

Міне  енді  осы  экологиялық  апаттан  қалай  құтылуға  болады?  Табиғатты  қалай  сауықтыруға 

болады?  Бұл  –  өте  күрделі  мәселе.  Бұл  үшін  ең  алдымен,  адамдардың  табиғатқа  деген 

көзқарасын  өзгерту  керек,  тәрбиелеу  керек.  Ол  үшін  балалар  бақшасынан  бастап, 

мектептерде,  жоғары  оқу  орындарында,  адамдардың  табиғатқа,  қоршаған  ортаға  деген 

көзқарасын өзгертіп, қалыптастыру керек. Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. 

Егер біз жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесек көп нәрседен 

ұтылатынымыз  айдан  анық.  Әрбір  тәрбиеші,  мүғалім,  маман,  басшы,  экология  негіздерін 

жақсы  білуі  қажет.  Сонда  ғана  әрбір  адамның  миында,  қанында,  көзқарасында  қоршаған 

ортаны  бүлдірмеу  керектігі  туралы  негіз  қалыптасады.  Адамдар  сонда  ғана  туған  өңір 

табиғатын  қорғауда  белсенділік  көрсете  алады.  Газет-журналдарға  мақала  жазу,  баяндама 

жасау,теледидардан  мәліметтер  беру,  жазушылармен,  ғалымдармен  кездесулер  өткізудің 

нәтижелері  мол  болады.  Адамдардың  көздерін  адамды  табиғаттың  бір  бөлшегі  екендігіне 

жеткізу өте маңызды.  

Экология  –  жаңа,  жас  ғылым  саласы.  Бұған  соңғы  он-жиырма  жылға  дейін  тіптен 

көңіл  бөлінбей  келген.  Әбден  табиғатымыз  азып-тозғанда  ғана,  бұл  ғылым  саласына  бет 

бұрдық.  Енді  болашақта  экология  саласында  білім  берудің  аясын  кеңейте  түсу  қажет.  Ең 

негізгісі, «экология» пәнін балабақшалардан бастап барлық мектептерде, орта және жоғарғы 

оқу  орындарында  ашылуын  қамтамасыз  ету  қажет.  Сонда  ғана  ертеңгі  күннің  белсенді 

табиғат  корғаушыларын  дайындауға  мүмкіндік  аламыз.  Қазақстанның  көптеген  аудандары, 

бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, 

республикамыз  біршама  мөлшерде  мемлекеттік  және  орталықтандырған  түрде  күрделі 

қаржы бөліп отыр. Қазіргі заман қоғамының сұранысы және еліміздің жаңарған идеологиясы 

жас  ұрпақтың  табиғатты  қорғауға  әзірлігін  дамыту  қабілетін  мектептен  бастап  жаңа  сапаға 

көтерілуіне  міндет  қойып  отыр.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  қоршаған 

ортаны  қорғау  әрбір  қазақстандықтың  абыройлы  мақсат-міндеті  болып  саналатыны  атап 

көрсетілген. Онда: «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған 

ортаны  қорғауды  мақсат  етіп  қояды»  -  делінген.  Ата  заңымыздың  басты  талаптарының  бірі 

табиғатты  қорғауды  күшейтіп,  табиғи  қорларды  тиімді  пайдалануды  жолға  қою  болып 

табылады.  Осыны  негізге  алған  республикалық  экологиялық  білім  жүйесі  мен  табиғатты 

қорғау  қоғамдары,  мекемелері  өндірісті  ұйымдастыру  ісінде  экологиялық  талаптарын 

орындауды  білім  жүйесінде  ел  болашағы  жастарды,  жас  ұрпақты  табиғатты  қорғауға  баса 

назар  аударады.  Мемлекетіміздің  тәуелсіздігін  нығайтып,  асқақ  руханият  пен  азаматтықты 

өркендету,  шынайы  мәдени-этникалық  мұраны  жандандыру  мен  болашаққа  аманаттау, 

ұлттық тектілікті сақтау, ең алдымен мектеппен байланысты. Шәкіртті мектепке алғаш қадам 

басқаннан  бастап,  өзінің  ата-анасын,  ұстаздарын  құрметтеп  сыйлауға,  айнала  қоршаған 

табиғатты,  туған  өлкесін  сақтап-қорғауға,  сол  арқылы  адамгершілік  мінез-қасиетті 

орнықтыруға  баулу  –  мектептің  қоғам  алдындағы  атқаратын  қызметі.  Қазіргі  мектептің 



жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау