110
- білім беру нәтижелерінің объективтілігі және қазақстандық мектеп түлектерінің ел
сыртындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсаты;
- білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағасына және оны бағалауға бірыңғай
талаптарды әзірлеу қажеттілігі.
Білім алушылардың жетістіктерін бағалаудың ұтымды нұсқасы болып критериймен
бағалау жүйесі табылады.
Критериалды бағалау технологиясының қолданысы білім алушылардың жетістіктерін
нақты анықталған, алдын ала белгілі критерийлермен салыстыруды көздейді. Сонымен
қатар, оқу материалының қаншалықты сәтті меңгерілгенін, практикалық дағдының
қаншалықты қалыптасқанын анықтап, әр білім алушының жалпы дайындығы деңгейіндегі
өзгерістерді де, оның түрлі танымдық аяларындағы жетістікке жету динамикасын анықтауға
мүмкіндік береді.
Педагогикалық тәжірибеде дәстүрлі бес балдық жүйемен бағалау білім алушының
жетістігін саралауға қабілетсіз және бағалардың объективтілігін қадағалауға мүмкіндік
бермейді. Өйткені білім алушылардың өз жетістіктерін өздері бағалауын қолдайтын және
дамытатын, сонымен қатар, білім беру үрдісінде білім алушы өзінің сәттіліктері мен
сәтсіздіктері туралы жетістіктерін жақсарту үшін ұсыныс түрінде алып отыратындай, кері
байланысты жүзеге асыратын нақты және анық критерийлері жоқ.
Критериалды бағалау жүйесінің білім беру үрдісіндегі қолданысы білім алушылардың
жетістіктерін бағалау жүйесін жеке пәннің мақсатты нұсқамаларымен байланыстыруға,
сонымен қатар білім алушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін
белгілі параметрлерді (критерийлерді) қолдану арқылы анықтап, көтеруге мүмкіндік береді.
Әр оқушының дайындық деңгейін, оқудағы жеке ілгері басуын критериалды бағалау
жүйесімен анықтау, тек оқушылардың білім алуға деген мотивациясын ғана емес, мектептегі
білім беру үрдісінің де сапасын көтеруге мүмкіндік береді [1].
Бүгінгі таңға дейін бағалау үрдісі оқушының жетістіктерін басқа оқушының
нәтижесімен салыстыру арқылы жүзеге асырылып отырды, ал бұл бағалаудың бірқатар
кемшіліктері бар:
− білім беру жетістіктерін бағалайтын нақты өлшеулердің жоқтығы;
− педагог әр оқушының жетістігін алдын ала айқындалған өлшеулер негізінде емес,
жалпы сыныптың орташа білім деңгейіне қарап бағалайды;
− оқушыларға қойылған баға оқу бағдарламасының жекелеген бөлімдері бойынша
алынатын нақты білімді, білікті, дағдыны көрсете алмағандықтан, әр оқушының жеке білім
алу траекториясын анықтауға мүмкіндіктің болмауы;
− қорытынды баға қоюда ағымдағы бағалар есепке алынады, бірақ ол оқытудың
қорытынды нәтижесін әділ бағалау болып табылмайды;
− оқыту процесінде мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс болмағандықтан,
оқушының білім алуға деген белсенділігі төмендейді.
Бағалау жүйесі және оқушылардың оқу жетістіктерін тіркеу білім беру процесінің
құрамдас
бір
бөлігі
болып
табылады.
Бағалау
жүйесі
оқытудың
мәселелерін
диагностикалаудың және оқушы және мұғалім мен ата-ананың арасында кері байланыс
жасаудың негізгі құралы.
Критериалды бағалау үдерісі бойынша:
- оқушы оқытудың негізгі субъектісіне айналады;
- оқушы бойындағы үрейленуді басады;
- мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, ол кеңес беруші, маман, бағыттаушыға
айналады.
Критериалды бағалау мұғалімдерге арналған қағидаттық ұстанымдарды тұспалдайды:
баға арқылы оқушының өзі емес жасаған жұмысы ғана бағаланады; оқушының жұмысы
басқа оқушылардың жұмыстарымен салыстырылады; нақты тапсырмалардың түрлілігі және
жақсы орындалған тапсырманың анық және дұрыс сипаттамасының болуы; оқушыларға
111
өлшемдер алдын ала айтылады; оқушы өзінің жетістік деңгейін өзі анықтап, өзін бағалай
алатындай баға коюдың нақты алгоритмі әзірленуі керек. Өзін-өзі бағалау оқушылардың өз
жұмыстарын рефлексиялауды көздейді. Рефлексия оқушының тұлғалық дамуының, оқушы
ретінде дамуының қажетті құраушысының міндетті шарты болып табылады; өзін-өзі
бағалауға ауысуға талпыну мақсатында, бағалау процесіне оқушыларды қатыстыру; нені
оқытты соны ғана бағалауға болады, сондықтан бағалау критерийлері – оқу мақсатының
нақты көрінісі; пән бойынша жалпы оқу мақсаттары аталмыш пән бойынша оқушылардың
жетістіктерін бағалаудың критерийлері болып табылады және оқушылардың жеке
жұмыстары барысында анықталған нәтижелерін жалпылауға мүмкіндік туғызады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі оқу пәнінің
мақсаттары мен міндеттеріне, пән бойынша оқу бағдарламасын оқытудағы күтілімді
нәтижелерге сәйкес құрастырылады. Оқытудың үлгерімі және оқу жылы барысында білім
алушылардың оқудағы алға басуы туралы мәліметтер жинау үшін екі түрлі бағалау іске
асырылады: қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және жиынтық бағалау (ЖБ).
Критериалды бағалау жүйесі мұғалімге өздігінен сапалы нәтижелер алуға жағдай
жасайтын критерийлерді құрастыруға және әрбір оқушының жеке ерекшеліктері мен
қабілеттерін ескере отырып, жеке басының траекториясын құрғызуға, және де бағалаудың
әртүрлі құралдары мен тәсілдемесін қолдануға мүмкіндік береді. Білім алушылар бағалаудың
жаңа жүйе аясында ойлау іс-әрекетінің әртүрлі типін және қабілеттерін, түсінігін көрсетуде,
оқудағы өзінің нәтижелерін жобалауда, өзін және құрбыластарын рефлексиялауға қатысуда,
және де алған білімін нақты міндеттерді шешу үшін қолдана алады. Ата-аналар туралы
айтатын болсақ, бағалаудың жаңа жүйесінің артықшылықтарын, тағы да бөліп көрсете
аламыз, ата-аналар өз баласының оқығандық деңгейінің объективті дәлелін көреді, бала
оқуындағы прогресті қадағалай алады және оқу барысында баласына қолғабыс көрсете
алады [2; 3].
Қорыта айтқанда, бағалаудың жаңа жүйесі білім беру үрдісіндегі мұғалімнің де
рөлінің өзгеруіне ықпал етеді. Тұлғалық-бағдарлы технологиялар оқу үрдісін субъектілер
арасындағы әріптестік (бірлескен қызмет) негізінде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мұғалім мен білім алушылардың өзара әрекеттесуі үзілмей, оған қоса, көтермелеумен қолдау
тауып отырады. Бағалау үздіксіз жүреді, сапалы нәтижеге қозғалыс үрдісінің өзі бағаланады.
Білім алушылар өзінің біліміндегі ақаулықтарын өз бетінше және саналы анықтап,
мұғаліммен бірге оларды жою бойынша жұмыс жүргізеді [4].
Әдебиеттер
1. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Оқушылардың оқу
жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік
негіздері, Әдістемелік құрал, 09.07. 2015 ж.
2. Государственная программа развития образования РК на 2011-2020 гг. Указ
Президента Республики Казахстан №1118. – Астана: Акорда, 7 декабря 2010 г.
www.nkaoko.kz/documents/law_of_education/
3. Педагогический диалог. Информационно-методический журнал. – Астана: АОО
НИШ - С. 6-11.
4. Суртубаева Д.А. К вопросу о критериальном оценивании учебных достижений
учащихся. – Астана: НЦПК «Орлеу». 2014