48
жылы 42-ші орын). Бұл соңғы бес жылда елдің аталған бағалау жүйесіндегі ең төменгі
көрсеткіш.
Қазақстанның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтінгісінде (бұдан әрі - ЖБР)
халықтың жоғары біліммен қамтылуы секілді статистикалық көрсеткіш пен 4 сауалнамалық
көрсеткішті қолданады: зерттеу және білім беру қызметтерінің қолжетімділігі, білім беру
жүйесінің сапасы, университеттер мен бизнестің ҒЗТКЖ саласындағы ынтымақтастық [2].
2016 жылы ЖБР-ның жоғары білім беру бойынша көрсеткіштері айтарлықтай
жоғарылаған. 2014-2015 жылдары «Университеттер мен бизнестің ЗҒТКЖ саласындағы
ынтымақтастығы» көрсеткіші бойынша Қазақстан тұрақты орын алса (88 орын), 2016 жылы
бұл көрсеткіш 22 позицияға жақсарды, «Кәсіпорындар деңгейінде технологияларды енгізу»
бойынша көрсеткіші 71 орында бекітілген және «Ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы»
көрсеткіші 18 позицияға жақсарған [1]. Бұл жақсарулар – білім беруді дамытуға бағытталған
мемлекеттік бағдарламалардың іске асыруының арқасында болып отыр. Осыдан мемлекеттің
бәсекелік қабілеттілігін қамтамасыз етудегі жоғары оқу орындарын дамытудың қажеттілігі
айқын байқалады.
Қазір бірқатар дамыған елдер жоғары мектептердің қарқынды түрде даму барысында
инновациялар мен технологиялық прогресс орталықтарына айналып жатқанын анық көруге
болады.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында елдің жоғары
оқу орындарын инновациялық қызметке көшірудің тетіктерін әзірлеу міндетін тапсырды [3].
Өйткені қазіргі ғаламдану жағдайында сапалы білім, терең ғылым, жетілген техника мен
ақпаратты технологияны игермей, бәсекеге қабілетті экономиканы құру оңайға түспейді.
Қазіргі кезде ҚР жоғары оқу орындарын дамытудың шешуші факторы болып біліктілігі
жоғары қызметкерлерді қалыптастыруға бағытталған «Білім-ғылым-инновациялар» үштігін
қалыптастыру.
«Білімдер үшбұрышы» үштігінің бірлігі туралы идеясы жаңалық емес. Мәселен, кеңес
үкіметі кезеңінде ғылым, жоғары мектеп пен кәсіпорындардың ынтымақтастығын орнатып,
оны пайдалануға байланысты үлкен тәжірибенің болғанын байқауға болады. Егемендігін
алған Қазақстанда да жоғары оқу орындарының кәсіпорындармен ынтымақтастық жасау
үдерісі түрлі ұйымдық нысандар арқылы жүзеге асырылуда: технологиялық парктер, бизнес
инкубаторлар, зерттеу университеттері, консалтингтік фирмалар және т.б.
Мұндай интеграциялық модель әлемнің көптеген елдерінде жүзеге асырылуда және
оның экономика үшін болашағы зор екенін көрсетуде. Бұл орайда Американдық интеграция
тәжірибесі ең тиімді тәжірибелердің бірі болып табылады, ондағы жоғары оқу орындары мен
кәсіпорындардың арасындағы өзара сенім дәрежесінің артуы арқасында университет
ғалымдарының
зерттемелері
елдің
ғылыми-техникалық
дамуын
қамтамасыз
етіп
кәсіпорындар мен жоғары оқу орындарына көптеген миллиондаған табыс әкеліп,
технологиялық компанияларда конвейерлік өндіріс ұйымдастыруға болатындығын көрсетті
[4]. Осындай ынтымақтастықтың негізінде атқарылған жұмыстары үшін жоғары оқу
орындарының кейбір түлектері Нобель сыйлығының лауреаты атағын алды. Сонымен
университет бизнеспен өзара іс-қимыл жасаудың интеграциялық құрылымының қажетті
құрамдас бөлігі болып табылады. Осыдан университет интеграцияның басты элементі болуы
тиіс пе? Ол қандай болуы керек және оның қандай іспен айналысуы қажет? Кез келген
университет бизнесте жетекші рөл атқаруға сәйкес келе ме? Университет бизнеспен өз
қатынастарын қалайша және қандай негізде құруы тиіс? Бұл сұрақтар дереу жауап беруді
талап етіп отыр.
Университеттің өнеркәсіппен және бизнеспен интеграциялануы қажет пе деген
сұрақтың өзі «интеграция» термині мәнін терең түсіндіруде әзірше пікірталас тудыруда.
Университет пен бизнестің жалпы түрдегі интеграциясы оның құрылымының әрбір бөлігі
өзінің тиімділігін айтарлықтай арттыра алатынын анық білдіреді. Бизнес өз жағынан кадрлық
ғылыми-техникалық міндеттерін шешу жолында университеттегі білім мен ғылыми
49
зерттеулердің сапалы болуына мүдделі. Ал жоғары оқу орны өзінің ғылыми зерттеулерінің
нәтижелерін енгізу, сонымен бірге өз түлектерінің жұмысқа орналасуы үшін кәсіпорындар
мен ұйымдарды заманауи ғылыми-технологиялық жаңалықтармен қамтамасыз етуге мүдделі.
Университет пен бизнестің мүдделері барған сайын өзара біріктірілуде және олардың өзара
дамуы интеграциядан айтарлықтай артықшылықтар алуда. Университет өнеркәсіппен өзара
іс-қимыл
жүргізуден
ең
алдымен
өзінің
зерттемелерін
коммерцияландыру
мен
университеттегі жастардың инновациялық белсенділігін қолдау көрсету мүмкіндігін алады.
Студенттер нақты жобаларға қатысып, шағын инновациялық бизнесте өз күштерін байқап
көреді, осылайша ғылым мен шығармашылық саласында ғана емес, сонымен бірге бизнес
пен кәсіпкерлік саласында да практикалық тәжірибе алады және өздерінің біліктілігін
дамытады.
Олардың
ішінде
үздіктері
университетпен
ынтымақтастық
жасайтын
кәсіпорындар мен компанияларда жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.
Біздің ойымызша, білім, зерттеу қызметі мен өндірістің интеграциясы – ұзаққа
созылатын, көп элементті үдеріс. Бұл үдеріс келесі мақсаттардың орындалуын көздейді:
1. Студенттердің жаңа білімдер мен тәжірибелік дағдылар алуы.
2. Осы білімдерді ғылыми-зерттеу қызметінде пайдалануы.
3. Практикалық нәтиже алуы.
4. Алынған тәжірибелік нәтиже технологиялық үдерісте іске асырылғанға дейін
онымен тәжірибе жасау.
5. Технологиялық үдерісті мақұлдау.
6. Технологиялық үдерісті топтамалық өндірісте іске қосу.
Технологиялық жаңалықты корпорацияға табысты енгізу – бұл бұрыннан
пайдаланыста келе жатқан кәсіпорынның немесе жаңа кәсіпорынның тәжірибесі, осының
аясында туындайтын әсердің арқасында венчурлық кәсіпорындар байқалып жатқан жаңа
коммерциялық бірліктің пайда болатынын көруге болады. Ынтымақтастықтың тараптарына
қатысты коммерцияландыру үдерісі табыс әкелуі үшін көптеген күрделі мәселелерді шешуге
тура келеді. Университтердің инновацияларында жылдам және көп табыс табу мүмкіндігін
пайдалану үшін уақыт пен ерекше кәсіпкерлік мәдениет қажет.
Жоғары оқу орындарының көрсететін өздерінің қызметін жүзеге асыратын өңірдің
қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы барлық дүние жүзіндегі жоғары білім берудің
дамуының басымдықты үрдісі болып табылады. Экономикасы дамыған елдерде
университеттер өңірлік еңбек нарығының құрылымына жан-жақты күшті ықпал етіп
отырады. Осыған орай біздің елімізде де ғылымды және инновациялық қызметті
ынталандыруға бағытталған белсенді мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясат
жүргізілсе, жоғары оқу орындары мен бизнестің ынтымақтастығы үлкен нәтиже беретіні
айқын.
Қазірдің өзінде кампустарда дәрістер өткізуге арналған аудиториялар, сонымен бірге
тікелей зерттеу қызметі жүретін, тәжірибелік дағдылар алатын зертханалармен қамтамасыз
етілген зерттеу университеттерінде білім мен ғылымның интеграциясында өздерін жақсы
жағын көрсететін жағдай қалыптасты. Сонымен қатар кейбір зерттеу университеті
жаңалықтарды әзірлейтін және тәжірибеге сүйенген ғылыми орталыққа айналуға ұмтыла
бастады. Осындай жоғары оқу орындар Қазақстанның барлық жоғары оқу орындары
қауымдастығының бизнеспен тиімді интеграциясының үлгісіне айналуы тиіс.
Әдебиеттер
1. Reports.weforum.org/global-competitiveness-index/
2. Култуманова А. Индикаторы и показатели: пункт назначения или путь, который
необходимо пройти. // Журнал Образование, спецвыпуск. – 2016.
3. www.akorda.kz/ru/addresses/poslanie-prezidenta-respubliki-kazakhstan-nnazarbaeva-
narodu-kazahstana-30-noyabrya-2015-g