36
1. Жұмыс дәптері оқулық негізінде құрастырылады;
2. Осы оқу құрал арқылы оқушылар тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап іздеп,
жаттығу өтеді;
3. Тапсырманы жазбаша орындау үшін арнайы орын қалдырылған.
Жұмыс дәптері арқылы оқушылар тапсырмаларды орындап, өз біліктілігін көтереді.
Жұмыс дәптерде білімдерді үлгі бойынша, сондай-ақ шығармашылық сипатта да
қайта жаңғыртуға арналған тапсырмалар мен жаттығулар жеткілікті. Олар күрделі ойлау
операцияларын – талдауды, дәлелдеуді, өздігінен ой қорытуды талап етеді [1, 2]. Мысалы 6
сыныпта мұғалім ұғымдар мен терминдер жазылған бірнеше жұмыс нұсқаларын ұсынуы
мүмкін:
- терминдерді (оның мазмұнын) түсініктемесімен сәйкестендіру;
- сөйлемдегі бос орындарды толықтыру;
- кестені толтыру;
- әңгіме немесе шығарма жазу;
- сөйлеуді және бейнелі ойлауды жетілдіруге арналған тапсырмалар;
- даулы мәселелермен, өз жорамалдарымен, ұстанымдарын табумен және
негіздеумен, оқиғаларды бағалаумен байланысты тапсырмалар;
- тест тапсырмалары;
- әлемдік мәдениет барлық халықтардың күш-жігерімен жасалды деген түйінге
келтіруге бағдарланған тапсырмалар.
Сонымен бірге шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды да пайдалануға болады:
- сурет бойынша ауызша әңгіме құрастыру;
- қарапайым қауымдастықтардың өмірі туралы әңгіме жазу (қалауы бойынша);
- ардагер-жауынгер атынан тарихи әңгіме құрастыру;
- бітпеген шығарманы аяқтау;
- ат қойып, оқулықтағы иллюстрация мен мәтінге сүйеніп, жазбаша әңгімені аяқтау [1].
Жұмыс дәптері кеңістікті дербес зерттеуге жол ашады. Егер мұғалім нақты мақсат
қойса, мысалы, «Ауызша және жазбаша сөзді дамыту» десе, онда ол таңдаған жаттығулар
интеграциялық сипатта болуы тиіс (әңгіме құрастыру, шығарма жазу). Оқылатын кезеңнің
куәгері, зерттеушісі, кейіпкері ретінде оқушыны қойып, тапсырма беру қажет. Мұғалім
оқушының тапсырмаларды орындауын қадағалауы және онша «күрделі» емес тапсырманы
ұсынуы тиіс. Күрделі деңгейі оқушының білім деңгейіне сәйкес келуі және сонымен бірге
оның біліктілігін дамытуға мүмкіндік береді.
Тарихты құжаттар, археологиялық олжалар, антрополог-ғалымдардың қайта қалпына
келтірулері арқылы зерттеуге баса назар аударудың маңызы зор. Мұндай көзқарас оқушыға
зерттеушінің жолын басынан өткеруге, тарихи оқиғалардың себептеріне ойлана қарауға,
ертедегі тарихи дәуірге көз жүгіртуге, тарихты өз бетінше тануға, сөйтіп оқуды қызықты әрі
көрнекті етуге мүмкіндік береді. Жұмыс дәптері әрбір оқушыға пікірлесуге, әрбір оқушының
бейімділігі мен қабілетін айқындауға ықпал етеді, тілді, әдебиетті, тарихты өз бетінше тануға
көмектеседі [1].
Оқу құралының мақсаттарының бірі біліктілікті қалыптастыру болып табылады, яғни
оқушының шындықты бірдей әрі терең ұғынуына, жағдайды дұрыс бағалауына және өз
білімін орынды қолдануға жетелейді. Біліктілік біліммен ғана белгіленбейді, сондай-ақ
дүниеге көзқарас тұрғысынан, табиғат, қоғам, адам туралы жалпы түсініктермен
анықталады. Осы тұрғыда біз студенттерге арналған «Педагогикалық шеберлік» пәніне
құрастырылған «Модели обучения педагогическому мастерству» атты оқу құралының
жобалауына тоқталайық [2]. Оқу құралын құрастыруы бірнеше кезеңнен тұрады:
1. Мақсаттарды белгілеп оған мазмұнын құрастыру (мазмұнды тандап алу, авторлық
текст құрастыру).
2. Оқу құралының мазмұны мамандықтың құзыреттілігіне бейімделуі керек.
3. Проблемалы сұрақтар мен проблемалық тапсырмаларды құрастыру.
37
4. Әртүрлі әдістердің мүмкіндігін пайдалану.
Оқу құралын жобалауда ең бастысы тапсырмаларды құрастыру. Көбінесе жұмыс
дәптерлерінде сұрақтар ақпараттық сипатта берілгеннен кейін ақпараттық құзыреттілікті
ғана қалыптастыруға болады. Студенттің мамандық құзыреттілігін қалыптастыру үшін
зерттеу сипаттағы сұрақтар мен тапсырмалардың үлесін өсіру керек [2]. Сонымен бірге
сұрақ пен тапсырмаларды орындау барысында оқу құралында белсенді әдістерді, тапсырма
орындаудың алгоритімін ұсынған жөн. Тапсырмаларды бірігіп жұмыс үстеуіне (топпен,
жұппен) ықпал етеді [2].
Жұмыс дәптерін дайындаудың методологиясында келесі өзгерістерді жасауға
болады: көркем әдебиеттерден оқылып жатқан тақырыпқа байланысты үзінді қосу; тақырып
бойынша зеріттеушілік тапсырмалардың үлесін көбейту; тапсырмаларды мәтіннің басында,
ортасында, аяғында беру; жұппен, топпен орындалатын тапсырмаларды ұсыну.
Ұсынылған нұсқаулар оқушылар мен студенттердің оқу-танымдық құзыреттілігін
қалыптастырады.
Әдебиеттер
1. Сарсекеев Б.С. Ежелгі Қазақстан тарихы. Жұмыс дәптері: Жалпы білім беретін
мектептің 6-сыныбына арналған. – Алматы: Атамұра, 2015. – 96 б.
2. Сарсекеев Б.С. Модели обучения педагогическому мастерству. Учебное пособие.
2016. – 59 с.
С.К. Абильдина
К.Б. Копбалина
Қарағанды қ. (Қазақстан)
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫЛАРЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Оқушылардың зерттеушілік білігі мен дағдыларын қалыптастыру бүгінгі күні өзекті
мәселе қатарынан табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды
дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да зерттеушілік
құзыретті дамытуға назар аударылған: «Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін
жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен
мектептегі білімге қолжетімділігін, колледж бен университетте жаңа кәсіби дағдыларды алу,
зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді» [1].
Зерттеушілік іс-әрекет ғылыммен айналысатын адамдарға ғана тән емес, түрлі саладағы әрбір
адамның әрекетіне қажет.
Зерттеуші-оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім келеді, бақылау жасауға
талпыныс жасайды. Тәжірибе жүргізу баланың балалығымен бірге жүретін үдеріс.
Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандыруға, көкейінде
жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Қоршаған ортасын тани алады, жаңа
білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білім ашады.
Бастауыш
сынып
оқушыларының
оқу-зерттеушілік
қызметін
біз
арнайы
ұйымдастырылған, оқушылардың танымдық шығармашылық қызметі, өзінің құрылымы
жағынан ғылыми қызметке сай келетін, мақсаттылықпен, белсенділікпен, логикалылығымен
және саналылығымен сипатталатын қызмет [2].