Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет30/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   211

              60 

 

мақсатпен  қажетті  тілдік  құралдарды  таңдауды  тілдің  сөйлеу  мәдениетінің  қатысымдық 



саласы  қарастырады.  Диалогтік  қатысым  кезінде  әңгімеге  кем  дегенде  екі  адам 

қатысатындықтан айтушының (адресаттың) сөзі, ол негізгі ақпаратты беруші болғандықтан, 

тыңдаушы  (адресантқа),  негізгі  ақпаратты  қабылдаушыға,  анық,  түсінікті,  ұғынықты 

болумен  бірге,  таза,  бай,  көркем  сөйлемдермен  берілуге  тиіс.  Айтушы  өз  сөзіне 

тыңдаушысын  қызықтыра  білуі  тиіс.  Мұндай  қатысымдық  сапаларға  сөздің  дәлдігі, 

түсініктілігі, байлығы, тілдің тазалығы, айқындылығы сияқты мәселелер жатады. 

 

Әдебиеттер 



1.  Практикум по методике преподавания иностранных язьпсов [Текст]: учеб. пособие 

для  студентов  пед.  ин-тов  /  под  ред.  К.И.  Саломатова,  С.Ф.  Шатилова.  –  Москва: 

Просвещение, 1985. – 224 с. 

2.  Спиваковская,  А.С.  Игра-это  серьёзно  [Текст]/  А.С.  Спиваковская.  –  Москва: 

Просвещение, 1981. – 336. 

3.  Рогова  Т.  В.,  Верещагина  И.  Н.  Методика  обучения  английскому  языку  на 

начальном этапе в средней школе. - Москва: Просвещение, 1988. – 138 – 140 с. 

4.  Зимняя  И.А.  Психология  обучения  неродному  языку.  –  Москва:  Русский  язык, 

1989. – 220 с. 92 

5.  Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы: Мектеп, 1970.-324 б. ]. 

6.  Китайгородская  Г.А.  Интенсивные  обучение  иностранным  языкам:  Теория  и 

практика. – Москва: Русский язык, 1992. – 254 с. 

7.  Реан  А.А.  (  общ.  редакция)  Психология  человека  от  рождения  до  смерти.  –  С-

Петербург: Прайм-Еврознак, 2001. – 656 с 

 

 

 



 

Т.С. Нурбатырова  

Астана қ. (Қазақстан) 

 

ФИЗИКАНЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТТА ОҚЫТУ 

 

Қазақстан  егемендік  алғаннан  кейін  физиканы  оқыту  орта  мектепте  екі  бағытта 

жүргізілетін  болды:  қоғамдық-гуманитарлық  бағыт  және  жаратылыстану-математикалық 

бағыт.  Оқулықтар  да  осы  екі  бағытта  дайындала  бастады.  Бүгінгі  күні  осы  салалар  жетілді 

деп айтуға болады, себебі қазір еліміз бойынша бірнеше баспадан осы екі бағыттағы физика 

оқулықтары  шығып,  мектептерде  оқытылып  жатыр.  Ал,  жоғары  мектепте  де  физика 

оқытылады, олар арнайы оқу министрлігі бекіткен типтік бағдарламалар бойынша мамандық 

бағытына қарай оқытылады. Сонда, күні бүгін көзіміз жеткені, жоғары оқу орындарында да 

осы  бағытты  басшылыққа  алу  қажеттілігі  айқын  байқалады.  Өйткені,  біздің  университетте 

биотехнология, 

азық-түлік  өнімдерінің 

технологиясы,  қайта  өңдеу  өндірістерінің 

технологиясы,  геодезия  және  картография  мамандықтарына  физика  пәнін  оқытуда  осы 

гуманитарлық бағытта оқытуды басшылыққа аламыз. 

Физика  өзінің  зерттеу  объектісі  –  табиғатпен  тікелей  емес,  мәдениет  жүйесі: 

философия,  өнер,  дін,  құқық  және  мораль,  өмір  салты  және  дәстүр  арқылы  байланысады. 

Осы  идеяны  білімгерлерге  жеткізу  жолдарының  бірі  төмендегі  мәселелер  кешенін 

қарастырғанда қандай да бір дәуірге шолу жасау әдісі болып табылады: 

-  дәуірдің жалпылай сипаттамасы; 

-  осы кезеңдегі мәдениеттегі құндылық бағдарлар жүйесі; 

-  осы құндылық бағдарлардың ғалымның ойлау тұрғысына әсері; 

-  қарастырылатын кезеңдегі ғылым және мәдениеттегі әлемге деген көзқарас; 




              61 

 

-  сәйкестік  әдістемелік  принципі  негізінде  нақты  құбылыстар  табиғатына 



көзқарасына тарихи дамуы. 

Физика 


курсы 

аясында 


дәуірдің 

ішкі 


әлемі 

қарастырылмайтындықтан, 

мәдениеттанушылық  идеясы  әдістемелік  идеямен  үйлесе  жүргізіледі.  Бұл  дегеніміз  – 

мәдениеттанушылық  идея  оқу  материалы  деңгейінде,  оның  ішінде,  негізінен  студенттердің 

өзіндік жұмыстарында үйрететіндігі. 

Экологиялық  идея  адамгершілік  идеясын  ұйғарады:  қоғамды  ізгілендіру,  мәдениетті 

көтеру, алдыңғы шепке моральдық және жалпыазаматтық құндылықтарды, тұлғаның рухани 

дамуын шығару және адам табиғаттың ажырамас бір бөлігі екенін көрсету. 

Экологиялық  идеялардың  негізгі  қағидаларын  білімгерлерге  жеткізуде  басты 

жауапкершілік  осы  ғылыми-жаратылыстану  саласына  жүктеледі.  Бұл  жерде  ол  «Табиғат  – 

қоғам  –  адам»  жүйесі  дамуының  баламалы  жолдарын  анықтаудың  негізі  болып  табылады. 

Білім  беруді  гуманитарландыру  жағдайында  білімгерлердің  санасына  әр  адамның  және 

қоғамның  табиғатты  пайдаланудағы  жауапкершіліктері  мен  міндеттерін  жеткізуде  осы 

ғылым  саласы  негізгі  рөл  атқарады  деуге  болады.  Сондықтан  да  жаратылыстану  саласында 

білім  беру  білімгерлердің  санасын  нақтылы  деректермен  толтыру  емес,  оның  рухани 

дүниесін дамыту болып табылады.  

Сонымен,  оқу  материалдарын  таңдау  кезінде  әдістемелік  және  экологиялық 

идеялардың  синтезі  білімгерлерге,  біріншіден,  алған  білімдерінің  негізінде  қоршаған  орта 

заңдылықтарын 

түсінуге 

мүмкіндік 

берсе, 


екіншіден, 

жаратылыстану 

пәндерінің 

гуманитарлық  потенциалын  ашу  арқылы  білімгерлерді    жалпыадамзаттық  құндылықтарға 

бағдарлайды. Гуманитарлық бағыттағы сыныптарға арналған физика курсында оқушыларды 

физикалық  теориялармен  таныстыру  кезінде  қарастырылатын  ұғымдардың  теориялық 

негіздемелері азайтылған. Жаңа ұғымдар тәжірибе деректерін талдау негізінде енгізіледі, ал 

бұл  қарастырылатын  ұғымдардың  білімгерлерге  түсінікті  болуына  себептеседі.  Бұл 

бағыттағы  оқитын  білімгерлерге  қиын  материалды  түсіндіргенде,  таза  дәлелдемелерге  көп 

арқа  сүйей  бермей,  көрнекілікке,  көркемділікке,  нақтылыққа,  өмірмен  байланыстыруға 

көбірек назар аударған абзал.  

Қолданбалы материал теориялық материалды зерделеу кезінде қарастырылады. Оның 

мазмұны,  негізінен,  адамзат  қоғамындағы  физика  ғылымының  рөлін  көрсетуге, 

білімгерлерде  ғылым  жетістіктерін  әртүрлі  көзқарас  тұрғысынан  бағалай  алуға,  ғылыми-

техникалық  прогреске  байланысты  туындайтын  экологиялық  проблемаларды  түсінуге 

бағытталған.  

Курстың  әрбір  бөлімі  қорытынды  дәрістермен  аяқталады,  онда  білімгерлердің 

физикалық  теориялармен  әлемнің  физикалық  бейнесі  туралы  білімдері  жүйеленеді.  Бұл 

сабақтардың  мақсаты  зерделенген  теориялардың  қолдану  аясын  және  олардың  қазіргі 

заманғы әлемнің физикалық бейнесіндегі орын көрсетуі болып табылады.  

Механика 

бөлімін 


бастағанда 

ең 


алдымен, 

өлшем 


бірлік 

туралы 


ұғым 

қалыптастырудан  бастаймыз,  сонда  ұлттық  өлшем  бірліктер  туралы  студенттерге  сұрақтар 

қойылады:  

–  Қандай  ұзындық  өлшем  білесіңдер?  Біздің  ата-бабаларымыз  қандай  өлшем 

бірліктерді пайдаланды? Масса бірліктері ше? Студенттер білгендерінше жауап береді, сонан 

соң  арнайы  слайд  арқылы  олардың  жауаптарын  қорытып,  мына  материалдармен 

таныстырамын. 

Ата-бабаларымыздың  қолданған  ұзындық  өлшем  бірлігі  «Шақырым»  қазіргі  кезде 

қолданып  жүрген  атауымыз  «Километр».  Ертедегі  қазақ  қыздары  таққан  орамал  өлшемі 

кезінде  –  «Шаршы».  Осы  өлшемнің  қазіргі  кездегі  қолданылып  атауы  «Квадрат  метр». 

Ертедегі ата-бабаларымыз қолданып жүрген масса бірлігі пұт – 16 кг-ды білдіреді. Уыс, қос 

уыс, қадақ – жуық шамамен 400 грамға тең. 1 пұт – жуық шамамен 16 кг. Батпан – 12 кг. Бұл 

– ұлттық масса бірліктері. 



жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау