Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



жүктеу 10,08 Mb.
Pdf просмотр
бет29/211
Дата24.12.2019
өлшемі10,08 Mb.
#24860
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   211

              58 

 

диалогтік  қарым-қатынасқа  үйретудің  негізгі,  бастапқы  құрылымдық  бірлігі  біреуі  – 



ынталандырушы  реплика,  екіншісі  –  жауап  репликасы  болып  табылатын  екі  репликадан 

құрылатын диалогтік бірлік болып табылады. 

Диалог  –  тікелей  қарым-қатынастың  генетикалық  негізгі  және  ең  жетілдірілген 

формасы  («Мен  және  әңгімелесуші  серіктес»).  Бұл  қарым-қатынас  түрінің  ерекшелігі 

коммуникативтік  тұрғыдан  оның  негізінде  диалогтық  бірліктің  жатқандығында:  диалогтің 

құрылымында  көрініс  табатын ойды жеткізу  және  қабылдау,  оларға  деген  көзқарас.  Диалог 

әңгімелесушілердің өзара байланысты репликаларынан тұрады [2]. 

Екі  жақты  қарым-қатынас  жасау  процесі  әрбір  қатысушы  кезектесіп  тыңдаушы  мен 

сөйлеушінің рөлін атқаратын нақты жағдаятта жүзеге асырылады. Ақпаратты қабылдау және 

оны  жеткізу  нәтижесі  әрбір  қатысушының  мақсатына  байланысты  қиыстырылатын  және 

нысаналы  пікірлерді  құрауы  мүмкін  белгілі  бір  пікірлер  (анкета,  сауалнама,  интервью)  мен 

жауаптарды  (әңгіме,  есеп)  кұрайтын  репликалардың  тіркесуі  болып  табылады.  Егер 

студенттердің  қойылған  сұрақтарға  берген  жауаптарын  бір  бүтінге  жинақтар  болсақ, 

жалпылаушы сипаттағы байланыстырушы пікір пайда болады. Диалогтерден біз құрылымды 

сұрақ  қоюшылардың  сұрақтарының  нақтылығы  мен  оның  әңгімелесуші  серіктесінің 

жауабының анықтығына байланысты болатын ұжымдық монолог құра аламыз. 

Диалогтік  қарым-қатынас  тек  оның  қатысушыларының  қандай  да  бір  сөйлеу 

әрекетінің  түрі  ғана  болып  есептелмейді,  ол  сөйлеу  және  тыңдау-сөйлеу  әрекетінің 

ажырағысыз байланысты түрі болып табылатын сөйлеу актісі (ақпарат алмасу). 

Психологиялық  тұрғыдан  диалогтік  қарым-қатынас  келесідей  сипаттамаларға  ие  – 

диалогтік сөйлеу әрқашан дәлелді  болады. Яғни, біз әрқашан сыртқы немесе  ішкі түрткілер 

бойынша  анықталатын  қандай  да  бір  себептен,  қандай  да  бір  мақсатта  сөйлейміз  дегенді 

білдіреді.  Диалогтік  сөйлеудің  бұл  психологиялық  сипаттамасын  диалогтік  сөйлеуге 

үйретудің  бастапқы  кезеңінде  ескерген  жөн.  Оқушыда  сөйлеуге  деген  қызығушылықты, 

қажеттілікті ояту керек, ал ол үшін оқушының тек қана қайта оқу процесінде жиі кездесетін 

басқа адамның пікірін жаңғырту, яғни жаттап алынғанды қайталау ғана емес, қандай да  бір 

өз пікірін, өз ойын, сезімін білдіру үшін қызығушылығын ояту қажет. Ол үшін аудиторияда 

оқытушы  мен  оқушылар  арасында,  оқушылардың  өз  арасында  жағымды  психологиялық 

климат қалыптастырған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін: 

- диалогте  сөз  әрқашан  тыңдаушыға  бағытталған,  аудиторияға  жолданған. Бұл  біздің 

әрқашан  өз  ойымызды  жеткізу,  пікірімізбен  бөлісу,  дәлелдеу,  сұрау,  сұрану  және  т.б.  үшін 

біреумен қарым-қатынас жасайтындығымызды білдірді; 

- диалогте  сөз  әрқашан  эмоционалды  тұрғыдан  боялған,  себебі  сөйлеуші  сөйлеп 

жатқан адамға өз ойын, пікірін, сезімін білдіреді; 

Сөйлеуге  үйрету  кезінде  алғашқы  пікірден  бастап  барынша  осы  ерекшелікті  ескеру 

қажет. Ол сонымен қатар алдыңғы екеуімен де байланысты. 

Егер  оқушы  шектеулі  тілдік  материалдармен  болса  да  өзі  туралы  немесе  өзінікі 

туралы әңгімелейтін болса, онда оның сөзі эмоционалдық тұрғыдан боялған, ол сөйлеушінің 

айтып жатқан затына немесе қадамына деген қарым-қатынасын білдіріп тұрады.  

-  диалогте  сөз  әрқашан  жағдаяттық  тұрғыдан  дәлелді,  себебі  ол  белгілі  бір  жағдаят 

барысында орындалады. Оқу процесінде оқытушыға шынайы жағдаяттарды қолдану арқылы 

немесе  көрнекілік  заттарды  пайдалану  арқылы  не  болмаса  жағдаятты  вербалды  ауызша 

сипаттау  арқылы  оқушылардың  диалогтік  қарым-қатынас  жасауға  деген  қызығушылығын 

арттыруы тиіс [3]. 

Қазақ  тілін  оқытудың  әдістемесінде  пайдаланатын  психологиялық  заңдылықтар  мен 

деректердің  жиынтығы  оқытудың  психологиялық  негіздеріне  кіреді.  Тілді  оқыту 

психологиясы  –  қазіргі  педагогикалық  психологияның  үлкен  бір  арнасы.  Мұнда  әдістеме 

үшін  пайдасы  бар  көптеген  мәліметтерді  кездестіруге  болады.  Атап  айтқанда,  әлеуметтік 

психология  мен  этнопсихология,  үйренушінің  жас  ерекшелігі  мәселесі,  психолингвистика 

мен педагогикалық психология мәселелері. 




              59 

 

Қазақ 



тілінде 

диалогтік 

сөз 

мәдениетін  қалыптастыруда 



жоғарғы 

сынып 


оқушыларының  тілдік  қатынастық  құзыреттілігін  жетілдіру  үшін  диалог  түрлерін  ұсынуда, 

оларды оқыту аяларына сәйкес орнымен пайдалануда психологиялық факторларды білу өте 

маңызды.  Тілді  үйретудегі  кез  келген  оқыту  әдісі,  оқыту  құралдары  дұрыс  жолға  қойылып, 

дұрыс  іріктеліп  пайдаланылғанда  ғана  өз  жемісін  береді.  Ал  оқушыларға  орнымен  дұрыс 

ұсынылмаған  оқу  материалы  оларды  психологиялық  дағдарысқа  әкелуі  мүмкін.  Сондықтан 

оқу, сөйлеу мәтіндері мен жазып тыңдауға арналған тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін әр 

деңгейге  сай  дұрыс  іріктеу  ғана  оқушының  тілді  үйрену  барысындағы  тілдік  қатынасқа 

құзыреттілігін  дамытып  қалыптастырады  десек  қателесеміз.  Мұнымен  бірге  оқып-

үйренушілердің  жастарына  қатысты  психологиялық  ерекшеліктерді  білу  де  өте  маңызды. 

Бейіндік мектеп оқушылары – есеюдің алғашқы баспалдағына аяқ басқан жеткіншектер. Осы 

жастағы  оқушылардың  бойындағы  психологиялық  ерекшеліктерді  көптеген  психолог-

ғалымдар (И.А.Зимняя, М.Жұмабаев, А.А.Леонтьев, А.А.Реан, Путиловская,) өз еңбектеріне 

арқау еткен [4]. 

Тілді  меңгеру  жолдары  сан  алуан.  Әрбір  үйренуші  өз  жолын  өзі  таңдайды. 

Психологтар  мынадай  үйренудің  екі  жолын  көрсетеді:  қарым-қатынасқа  бейім  адамдар 

немесе  бейім  еместер.  Қарым-қатынасқа  бейім  адамдар  тілді  сезім  мен  интуиция  арқылы 

алады. Олар ықылас пен назарды оқыту үрдісіне емес, оның мазмұнына аударған да табысты 

жұмыс  істейді.  Мұндай  үйренушілер  тілдік  болжам  жасауды  шебер  пайдаланады,  тілдесу 

сюжетінің даму бағытын оңай айқындайды, кез келген серіктеспен оңай тілдесіп кете береді, 

олар  топ  болып  орындайтын  тапсырмаларды,  әртүрлі  ойындарды  жақсы  көреді.  Ал  қарым-

қатынасқа  бейімделуі  қиын  адамдар  тілдесуден  гөрі  тілдік  материалдарға  талдау  жасауды, 

тілдің  логика-грамматикалық  заңдылықтарын  шығаруды,  ереже  жаттаса  да  саналы  түрде, 

түсініп барып жаттауды қалайды. Тілдесуден гөрі мәтіндердің мазмұнын түсініп оқу, сөйлеу 

үлгілеріне  талдау  жасап,  түсінуді  қалайды.  Ал  әңгімеге  араласуға  асықпайды.  Бұларды 

тілдесуге шығару үшін топтан оның өзі құрметтеп сыйлайтын біреуді әңгімелесуші-серіктес 

ретін  де  ұсыну  керек.  Және  тілдесу  барысында  белсенді  серіктеске  екінші  ойлауды  жақсы 

көретін  серіктесінің  айтуына  жеңіл  сөздер  мен  сөйлемдерді  іріктеуіне  көмектесуін,  дәл  сол 

айтылысқа қажет синонимдерді табатындай сөздермен сөйлеуін қамтамасыз етуін талап ету 

керек.  Оқытушы  өзінің  сабағын  осы  екі  типтің  де  сұранысын  қанағаттандыратындай  етіп 

жоспарлауы  тиіс.  Ең  бастысы,  оқушыларды  қызықтыра  білуі  тиіс.  Қызықтыра  білудің  мәні 

табысты оқытуда екенін белгілі педагогтардың көпшілігі растайды. Психолог Қ. Жарықбаев: 

«Адамның  қызығуы  бірнәрселерге  асыра  зейін  қоюдан, оған  құмартудан,  соны  үнемі  ойлап 

жүруден көрінеді. Тұрақты қызығу ғана адамның бүкіл бойын билеп, қандай бөгеттер болса 

да жеңе білуге, небір ауыртпашылықты көтере білуге жәрдемдеседі»,- деп жазды [5]. 

Жас адамның интеллектуалдық жағынан дамуы оның жеке тұлға ретінде қалыптасуы 

мен  өзара  байланыста  жүреді.  Ал  жеке  тұлғаның  қалыптасуы  жас  адамның  өзінің  жеке 

көзқарасының дамып жетілуімен, кез келген мәселеде өз бетінше шешім қабылдай алуы мен 

және  өз  міндеттерін  терең  түсінуімен  байланысты  жүреді.  Оқушының  шынайы 

интеллектуалдық мүмкіндігі оларға пайдалы болатын тапсырмаларды жүйелі түрде күрделі, 

бірақ  шамасы  жететіндей  нұсқада  ұсынғанда  ғана  дамып,  көрінеді.  Бұл  туралы  ғалым  Г.А. 

Китайгородская:  «....  действительный  потенциал  интеллектуальных  функций  проявляется 

лишь  в  случае  систематических,  полезных  для  них  нагрузок»,-  десе  [6],  Реан:  «В  таких 

условиях  (оптимальный  нагрузки,  сенсибилизации,  усиленной  мотивации,  операционных 

преобразований  функции)  происходит  эволюция  функций,  достигающая  новых,  более 

высоких  уровней  развития...»,-  деп  жазады  [7].  Осыған  орай  оқытушы  міндеті  –  оқушыны 

оның интеллектуалдық дамуына тиімді ықпал ететін оқу жүктемелерімен қамтамасыз ету. 

Сонымен,  әдеби  мәдениетті  сөйлеу  әдебі  диалогтік  қатысым  барысында  тілдік 

құралдарды іріктеу мен қолдануда дұрыс дағды қалыптастыру керектігін түсінеміз. Басқаша 

айтқанда,  тілдесім  барысында  тілдік  қатынасқа  қатысушылар  өздерінің  алдына  қойған 

мақсаттарына  жету  үшін  қажетті  тілдік  құралдарды  дұрыс  таңдай  білуге  тиіс.  Мұндай 




жүктеу 10,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   211




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау