Пәннің аты:
Бейнелеу өнері
|
Уақыты: 6. 02. 16ж.
|
Кабинет: № 21
|
Мұғалім:
Смайлханова Ғ.И.
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Мүсін өнері- бейнелеу өнерінің бір түрі (Жемістің мүсіні)
|
Сабақтың мақсаты
күтілетін нәтижеге бағытталған:
|
Оқушылар мүсін өнері жайында мағлұмат алады. Жемістердің мүсін жасап үйренеді. Оқушылардың сыни ойлауы, қиялы артады. Әр түрлі пішінді заттар мен бұйымдарды дұрыс бейнелеуге үйренеді.
|
Сабақтың түрі:
|
Жаңа сабақ
|
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер:
|
Топтық жұмыс, «бағдаршам», «басбармақ» әдісі
|
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:
|
Интербелсенді тақта, слайдтар. Мүсін жайлы оқулық кітаптар, иллюстрациялар.
|
Сабақтың барысы
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Оқушының іс- әрекеті
|
I.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал
|
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
|
Оқушылар дөңгелене тұрып, бір- біріне сәттілік тілейді.
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Қызығушылықты ояту
|
Бейнелеу өнерінің өздеріне таныс жанрлары туралы білетінін айтқызу.
Суреттермен жұмыс жүргізу. Электронды оқулықтан бейнелеу өнері жанрлары туралы тыңдату.
|
Өткен сабақта алған білімдерін естеріне түсіріп берілген тапсырмаларды орындайды. Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
|
Мағынаны тану
|
Мүсін – бейнелеу өнерінің ерекше түрі. Мүсінді үш жағынан кеңістікте көруге болады. Мүсін жасау ерекшелігіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді: кеуделік мүсін, тұлғалық мүсін (статуя) және жартылай көлемді мүсін (барельеф -рельеф). «Мүсін» атауы латынның «қашау» деген сөзінен шыққан. Адамның кеудеден жоғары тұлғалық келбеті бейнеленген мүсін бюст немесе кеуделік мүсін деп аталады. Адамның тұтас бойымен бейнеленген мүсін тұлғалық мүсін (статуя) деп аталады. Жартылай көлемде бейнеленген мүсін барельеф және рельеф деп аталады. Мүсінші деп қарапайым сазбалшықтан бастап мәрмәр тасқа дейін меңгерген, әр түрлі мүсіндерді сазбалшықтан илеп, ағаштан шауып, тастан қашап жасайтын адамды айтамыз.
|
Суретпен жұмыс жүргізеді. Топта талқылайды, пікірлеседі. Түйінді ой айтады.
Ермексаздан мүсін жасауда оқушылар әр түрлі көлемді формасы бар әр алуан заттар пішіндеуге үйренеді.
Мүсін сабағының басты міндеті – бейнені айқын көру, көрген затты дұрыс елестете білу, жабыстыру, созу, жұмырлау, илеу тәсілдерін меңгереді.
|
Сергіту сәті
|
Дене қимылдарын музыка ырғағымен жасау.
|
Оқушылардың бойлары сергиді, шаршағандары
басылады.
|
Ой толғаныс
|
Мүсін сабағына балаларды қызықтыра отырып, олардың ойлау және елестету белсенділігін арттыруға көңіл бөлемін. Ермексазбен жұмыс істейді. Ең алдымен саз балшықты илеп, жұмыр етіп алады, сонан кейін сопақшалап созу арқылы
алмұрттың пішінін жасайды.
|
Мүсін өнері туралы білгендерін ортаға
салады. Ермексазбен
жұмыс істейді.
Алмұрттың мүсінін
жасап үйренеді. Ең
алдымен саз балшықты илеп, жұмыр етіп
алады, сонан кейін
сопақшалап созу
арқылы алмұрттың
пішінін жасайды.
Біртіндеп ұсақ
бөлшектерін жасау
арқылы алмұрттың
толық көлемді мүсінін
жасап шығарады.
|
Үйге тапсырма
|
Басқада жемістерді мүсіндеп келу.
|
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
|
Бағалау
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Оқушылар бағалау парақшасын толтырады.
|
Кері байланыс
|
Оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгендерін, сабақтан алған әсерлерін жабыстырған стикерлер арқылы білемін.
|
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, смайликтерді таңдап, қалаған нұсқаға жабыстырады.
|