Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігі


Дипломдық жұмыстың құрылымы



жүктеу 116,94 Kb.
бет8/10
Дата06.01.2022
өлшемі116,94 Kb.
#36894
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
stud.kz-92540

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

1 Ұжымдастыру және оны іске асыру әдістері


1.1 Кеңес мемлекетінің ХХ ғ. 20 жылдарындағы аграрлық саясаты және қазақ шаруаларын отырықшыландыру

1917 жылы қазан социалистік революциясының жеңісі нәтижесінде билікке большевиктер партиясының келуі экономикалық дамудың төменгі сатысында қалған отар халықтарға, сол сияқты қазақ халқына да, әлеуметтік теңдік әпермекші болды. Әрине, мұны іске асыру үшін ең алдымен елдің іс жүзіндегі экономикалық артта қалуын жою әділет жолымен шешу, өнеркәсіп саласын дамыту, мәдени артта қалушылық пен сауатсыздықты жою, бір сөзбен айтқанда отарлық езгі қалдықтарын жоюдың орасан зор маңызы болды.

Кеңес мемлекеті тарихи аренаға шығысымен-ақ «Бітім туралы Декрет» және «Жер туралы Декрет» сияқты атақты заңдарымен қарапайым халықты өзіне тартты. 1917 жылы 26 қазанда Кеңестердің Бүкілроссиялық ІІ съезінде В.И.Ленин қол қойған «Жер туралы Декрет» халық арасында осындай зор құрметке ие болды. Онда жер шаруаларға беріледі, помещиктік жер иеленушілік жойылады деп жарияланды. Халықтың кеңестер жағына шығуының басты себептерінің бірі осы еді. Ленин ешқандай өкіметтің бұл Декреттің күшін жоюға, жерді помещиктерге қайтарып беруге әлі келмейді, бұл Қазан революциясының ең маңызды жетістіктерінің бірі болды және аграрлық революция елде іске асады, ол бүгіннен бастап күшіне енеді деп айтуы жер мәселесінде түбегейлі өзгерістер болатынын көрсетті.

Бұл Декрет бойынша помещиктік имениелер болыстық жер комитеттерінің және шаруалар депутаттарының уездік кеңестерінің қарамағына көшті де, біртіндеп жер кеңестік реформалар негізінде қайта бөліне бастады. «Жерді кім өз еңбегімен өңдейді – жер соныкі» деген Коммунистік партия мен кеңес үкіметінің ұраны шаруалардың жалпы саяси белсенділігі төмен болса да, оларды өзіне тартты. Алайда оларды бірден коллективтік шаруашылыққа көшіру туралы ол кезде мәселе қойылған жоқ. Керісінше, шаруалардың жерді өздерінің игеруінше пайдалануына, яғни әрбір отбасы өзінше дербес, немесе қауым, артель (кооперация) түріне пайдалануына ерік берілді [32,25 б.].

Бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да “Жер туралы Декреттің” жүзеге асуы жергілікті жерлерде кеңес өкіметінің орнауына тікелей байланысты болды. Қазақстанда кеңес өкіметінің кешірек орнауы, азамат соғысы салдарынан жерді мемлекет меншігіне алып, жалпы жер пайдалануды ретке келтіру Россияның ішкі облыстарына қарағанда едәуір кешігіңкіреп, бірнеше жылдарға созылды. Бұл тарихи құжат қазақ қоғамы үшін жер мәселесін әділ шешуге жол ашатын және отаршылдық зардаптарын жою деп қабылданды және бірте-бірте шаруалардың кеңестік жағдайда отырықшылыққа көшуіне кең жол ашты. Осы декреттің негізінде Түркстан АКСР Халық Комиссарлары Кеңесі 1918 жылы наурызда “Кенсай” және “Қапланбек” деп аталатын ірі жер имениелерін мемлекет меншігіне алу туралы жарлық шығарды [33,47 б.]. Алайда жер Декреті негізінде көшпелі шаруалардың отырықшылыққа өтуіне әлі уақыт керек болатын. Декрет мұның тек алғашқы қадамы еді. Себебі көшпелі шаруалардың отырықшылыққа өтуіне материалдық-техникалық база қажет әрі қолайлы жер қайта бөлініп берілуі тиіс болды.

Қазақстанда 1920 жылдары жалпы шаруалардың оның ішінде көшпелі шаруалардың да, жерді әділ бөлініс арқылы пайдалануына мүмкіндік беретін бірнеше заңдар мен қаулы-қарарлар қабылданды. Бұл өмірге қажет шаралардың құқықтық негізі жер туралы декретке байланысты еді.

Жер туралы декретті іске асыру Қазақстанда большевиктер жүргізген қатаң тап күресі арқылы жүзеге асырылып отырды. Жергілікті жердегі өкімет билігі жұмысшы – шаруа депутаттары кеңестерінің қолына өтісімен, жер туралы декретті іске асыру болыстық, уездік, губерниялық атқару комитеттері арқылы жүргізілді. Осыған байланысты және жалпы биліктің кеңестерге өтуін, ондағы іс-шараларды насихаттау әртүрлі жергілікті съездер шақырылды. Мысалы, 1918 жылы қаңтарда Қостанай уезінде шаруалардың съезі шақырылды. Бұл съезге орыс шаруалары, көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларының өкілдерімен қатар басқа да көптеген ұлттардың өкілдері қатысты. Олар съезде Кеңес өкіметінің жер туралы декретін барынша мақұлдады. Жер мәселесінде еркіндік алған көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары мұнан көп үміт күтті, өздерінің отырықшылық жағдайға өтуге ынталы екендіктерін білдірді және аграрлық өзгерістерді толық мақұлдайтынын айтты. Съезд “Кеңес өкіметін қолдау туралы” қаулы алды. Қаулыда: “Еңбекші халықтың қолына жерді тегін алып беруді тек Кеңес өкіметі ғана іске асыра алады”, - деп жазылды[33, 47 б.].

Алайда кеңес мемлекетінің, оны құрушы большевиктер партиясы әуел бастан-ақ жер мәселесіне байланысты саясатты халықты жікке бөліп, тап күресін шиеленістіру арқылы іске асырды. Сондықтан жер мәселесіндегі кеңес өкіметінің ұрандары іс жүзінде қарапайым халықты өлшеусіз зардаптарға әкелуге жол ашты.

Олар жер туралы декрет қазақ кедей шаруаларының, әсіресе, көшпелі және жартылай көшпелі шаруалардың бір жерге тұрақты қоныстанып, егіншілікпен де айналысуға, тұрмыс жағдайын жақсартуға негізі болады деп сенді. Әрине, кедей шаруаларға жерді тегін пайдалануға беру, оларды әртүрлі алым-салықтардан құтқару, батырақ, жалшы ретінде қанауға заң күшімен тыйым салу, байлардан берешек еңбекақыларын алып беру, кедейлерге экономикалық жағынан көмек ұйымдастыру және басқа шаралар шаруалардың тұрмыс жағдайының жақсаруына сенімін арттырды. Аталған және басқа да шаралар Қазақстанның ауылдық жерлерінде жерге орналастыру жүйесін құруды қамтамасыз етті. Бұл алғашқы аграрлық реформалар арқылы шаруалар өмірін кеңестік социалистік негізде қайта құру жолында жасалған экономикалық және саяси-әлеуметтік алғышарт болып саналды. Бұл шаралардың қазақ шаруаларын біртіндеп, экономикалық жолмен отырықшыландыру үшін де маңызы өте зор болды. Себебі отырықшыландыру барысында кеңес өкіметінің жіберген қателіктері әлі алда болатын.

Кеңес өкіметінің аграрлық саясаты бүкіл еңбекші шаруалардың, олардың ішінде көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларының мүддесіне толық сай келеді деп есептелді. Олар ең алдымен жер мәселесіне байланысты отаршылдық қалдықтары жойылады деп сенді. Шынында да жер мәселесінде Жайық пен Ертіс бойындағы патша өкіметінің казак-орыстарға берілген артықшылықтарын жою, Жетісудағы жер-су реформасы, 1916 ж. патша жазалаушыларының жер мәселесіндегі зорлық-зомбылықтарын жою сияқты науқандар қазақ шаруаларының көңілінен шықты.

Жалпы жер мәселелеріндегі Декреттен туындаған шаралар негізінде Қазақстанның болыстары мен уездерінде помещиктердің ірі имениелері, шіркеулік және қазыналық жерлер кәмпескеге жатты. Осы жерлер мемлекет меншігіне алынып, шаруалардың тегін пайдалануына берілді. Осыған орай, заң бойынша жеке меншіктік жерлерді мемлекетке алып, шаруаларға бергенде оны күтіп ұстау және оның барлық құрал-саймандарының бүлінбеуі талап етілді.

Жаңа орнаған пролетариат диктатурасы мемлекеті қазақ шаруаларының кедей және орта ауқаттыларын барынша қолдады. Бұл таптық принцип еді. Сонымен қатар өкімет қазақ қоғамындағы шаруашылықтың бұрыннан қалыптасқан түрі көшпелі шаруашылық жүйесін бұзған жоқ. Себебі отырықшылыққа өту оңай бола қоятын шаралар емес еді. Сондықтан кеңес мемлекеті қазақ халқының ежелден қалыптасқан шаруашылық ерекшеліктерімен санасты. Мұның себебі кеңес мемлекетінде жерді шаруаларға тең бөліп беру саясатынан басқа реформа жобасы әлі жоқ болатын. Жер мен мал серіктестіктері негізінде кооперация құру азамат соғысынан кейінгі міндет еді.

Қазақ өлкесінің өнеркәсіп орындарынан алшақ жатуы, өз өнеркәсібінің болмауы оның жалпы экономикасына әсер етті. Мұнда экстенсивті мал шаруашылығы басым болды. Халық көшпелі мал шаруашылығы қамымен әр жерде бытыраңқы түрде туысқан отбасылары топ болып көшіп жүрді. Олардың көшу маршруты тым қашық болды. Мысалы, Адай уезіндегі, Балқаш, Қарсақпай жақтағы шаруалар он күннен бір айға дейін жылжып көшіп жүрді. Олар ерте көктемнен бастап қыстауға оралғанға дейін 500-1000 шақырым жолдан өтетін. Шаруалардың бәрі бірдей ауқатты болған жоқ. Олар бай ағайындарының төңірегіне топтасып патриархалдық-феодалдық тұрмыс жағдайында солардың малын бақты. Өз күндерін көрді. Мұның бәрі қазақ аулындағы әлеуметтік құрылымның қиыншылықтары еді. Сондықтан да қазақ аулының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық даму жағынан мешеу қалуы оның ежелден қалыптасқан, мал шаруашылығына негізделген экономикасына байланысты болатын. Сондықтан оны жаңа жағдайға бейімдеп өзгерту қажет болды. Кеңес мемлекетінің аграрлық саясатын жергілікті жерде іске асыру үшін «Болыстық жер комитеттерінің қызметі туралы», «Жер комитеттері туралы» заңдар шықты. Осы заңдарға сәйкес жергілікті Кеңестердің жанынан жер комитеттерімен жер-су комитеттері құрылды. Олар жаңа өзгерістерді іске асырумен айналысты.

Өзінің жұмысында Жер-су комитеттері шаруалардың пайдаланылуына берілетін жердің көлемін белгілеп, жерді пайдалану ережесінің орындалуына бақылау жүргізді, жерге мұқтаж болып отырған шаруалардың есебін алды, жер-суды пайдалану кезінде шыққан елдің арасындағы даулы мәселелерді реттеумен айналысты.

Кеңес үкіметі Қазақстанда алғашқы аграрлық өзгерістерді іске асыруда өлкенің ұлттық және табиғи-географиялық жағдайда қалыптасқан дәстүрлі шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты көптеген қиыншылықтарды ескеруі тиіс болды. Мұндай қиыншылықтар өлкенің жалпы бір жақты экономикалық дамуының салдарынан, қазақ аулындағы қалыптасқан қауымдық-рулық қатынастардың әсерінен туындаған еді. Сондықтан шаруалардың көпшілік жағы әсіре тап күресін шиеленістіруге ынтасы болмады. Сондықтан, көп жылдарда халық таптық күресті қабылдамады.

20-жылдардың алғашқы жартысында аграрлық саланың дамуына айрықша жол ашқан кооперация қозғалысы еді. Өйткені ол осындай қалыптасқан тарихи жағдайда шаруалардың революциядан кейінгі жылдарда кеңес үкіметінің сол кездегі жаңа экономикалық саясатына негізделген аграрлық мәселе жөніндегі принциптеріне сүйенді. Ауыл шаруашылығын «социалистік негізде қайта құру» үшін ұжымдық шаруашылықтар ұйымдастырудың қажеттігі туындады. Көшпелі шаруашылықтарды отырықшыландыруда оларға көршілес отырған жер серіктестері, мал өсіру серіктіктері сияқты ұжымдық шаруашылықтың үлгісіне сүйенудің пайдасы зор еді.

Революцияға дейін отарлық негізде қоныс аударып, Орталық Россиядан көшіп келген орыс шаруалары мен казактары селосында негізгі тұлға орта шаруалар және ауқатты кулактар болса, қазақ аулында, әсіресе көшпелі және жартылай көшпелі ауылдарда халықтың көпшілігі кедей шаруалар болды. Сондықтан да кеңес үкіметі Қазақстан сияқты ұлт аймақтарының мәдени және экономикалық артта қалушылығын жоюға айрықша көңіл бөлді.

Жалпы сол кездегі тарихи үрдістер барысын ескерсек, көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларының біртіндеп отырықшылыққа ауысуының әуел бастан объективтік себебі бар еді. Өйткені Қазақстанда іске аса бастаған аграрлық өзгерістердің, алғашқы реформалар мен шаралардың, таптық негізде болса да, қазақ шаруалары үшін сайып келгенде маңызы зор болды. Патшалық билік кезінде жерінен айрылған қазақтар жерге ие болды. Енді көшпелі және жартылай көшпелі шаруалардың отырықшылануының эволюциялық түрде өтуіне жол ашылғандай болды. Ал сол аграрлық өзгерістердің принциптік негізі, сайып келгенде, Кеңес мемлекетінің «Жер туралы» декретіне негізделді. Алайда, бұдан қазақ шаруалары тек көшпелі тұрмыстан отырықшылыққа ауыса салды деген ұғым тумайды. Бұл 20- жылдардағы кеңес мемлекетінің аграрлық саясаты негізінде біртіндеп қазақ шаруаларын отырықшыландыруға жасалған бетбұрыс болатын.

Қазақ өлкесіндегі аграрлық өзгерістерді іске асыруға бағытталған шаралардың бастысы 1920 жылдарда жүргізілген жерге орналастыру және соған байланысты көшпелі, жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыруға әзірлік мәселесі болды. Жерге орналастыру науқаны кеңс мемлекетінің ауыл шаруашылығында жер қатынастарын социалистік негізде реттеу жөніндегі нұсқауларына сүйене отырып, ауыл мен деревнядағы жерді пайдаланудың жаңа тәртібін жүзеге асыруға бағытталды. Бұл үшін тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Мысалы Жер (егіншілік) Комиссариатының жерге орналастыру басқармасында оның жергілікті органы ретінде республиканың көшпелі және жартылай көшпелі аудандарында шаруаларды жерге орналастыру бөлімі құрылды [34, 45 б.].

Бұл Қазақстан жағдайында жерге шаруаларды орналастырудың шаруашылық-экономикалық негізделуін және практикаға енуін даярлайтын орган болды. Ол маңызы бар аса ірі шаралардың бірінен саналды. Оның мәнісі Қазақстанның өткендегі отарлық жағдайымен байланысты еді. Бұл мәселеде республикадағы қазақ басшы қызметкерлері С. Сейфуллин (1925 ж. Күзіне дейін Совнарком төрағасы), Н. Нұрмақов (С. Сейфуллиннен кейін үкімет басшысы), Ж. Сұлтанбеков, С. Қаратілеуов және басқалары 20 жылдардан бастап жерге орналастыру жөнінде ұлттық мүддені қорғауды дәйекті түрде іске асырды. Олар қазақ шаруалары бірінші кезекте жермен қамтамасыз етілуі керек деді. Бұл орыс қауымы (республикадағы) және республикада қызмет еткен орыс басшы қызметкерлерінің қатты наразылығын тудырды. Қазақ басшы қызметкерлері ұлтшыл-уклонистер деп айыпталып, қызметтен босатылды. Ал қазақ шаруаларын бірінші кезекте жерге орналастыру туралы олардың шешімі күшін жойды.

Дегенмен, көшпелі шаруашылықтарға мал жайылымдық өрістердің берілуімен қатар, олардың отырықшылық тұрмысқа өтуіне қажетті егістік жермен де қамтамасыз етілуі туралы мәселе де дұрыс шешімін тапты[35,18б.]. 1921-1922 жж. Жетісуда О. Жандосов, С. Қожановтардың Жер басшылығымен өткен су реформасының нәтижесінде Жетісу облысында қазақ және қырғыз шаруалары мұнда 1916-1917 жж. казак-орыс тартып алған бір миллион десятинадан астам жер алды. Жерге орналастыру және сол негізде отырықшыландырудың барысында ұжымдық серіктестіктер құруға кеңінен жол ашылды. Бұған шаруалардың өздері тілек білдіріп отырды. Себебі жеке дара шаруашылық жүргізу қиын болатын. Кеңестік жер органдары құрылған уақыттан бері бірлесіп кәсіп ету идеясы еңбекші халықтың арасында қызу қолдау тапты. Мысалы Семей өңірінде 1921 ж. 70-тен артық шаруашылық коллективтері жұмыс істеді. Ал көшпелі шаруашылығы басым аймақ Қарқаралы уезінде, мал шаруашылығы негізінде әртүрлі қауымдық серіктестіктер [35,18б.]. Сөйтіп қазақ шаруаларының бұрыннан қауым болып өмір сүру тәжірибесі енді жаңа негізде бірсыпыра жерлерде ұжым болып мал өсіру жән егін салу әдісіне өткенін көреміз. Алайда, бұл алғашқы серіктестіктер әкімшілік жолмен емес, өздерінің ынтасымен кооперация негізінде құрылған болатын.

Қазақ шаруаларының отырықшылануы ең алдымен олардың жеке дара емес, ұжымдық, артелдік негізде бірігуіне байланысты болды. Сондықтан шаруаларды мемлекет тарапынан жерге орналастырмайынша олардың отырықшылануына да жағдай болмайтын еді. Алдымен материалдық-техникалық база қажет болды. Оны өкімет толық қамтамасыз ете алмады. Ал шаруалар қауым болып туысқан бай ағайындарына қарсы шыға алмады. Мысалы кедей шаруалармен осы жерге қоныстану туралы әңгіме бола қалса, олардың отырықшылық тұрмысты қалайтыны, бірақ бұл жер бай жақын адамның меншігінде болғандықтан, олар қоныстана алмайтын жағдайлар сирек болған жоқ [35,19 б.]. Кеңес өкіметі мен большевиктік партия мұны ауылдың патриархалдық-феодалдық жағдайдағы саяси деңгейі, бай-кулактардың осындай үстемдігінен шаруаларды босату үшін қажет деп таптық инстинктті оятуға кірісті. Қалың жұртшылық арасында кеңес мемлекетінің жүргізіп отырған саяси-экономикалық шараларын кеңінен насихаттап, ауылда тап тартысын өршіту қажет деп тұжырым жасады. Осыған байланысты жер-жерге үгіт бригадалары жіберілді. «Қызыл отаулар» қазақ кедейлері мен жалшы батрактардың арасында «саяси санасын ояту» үшін түсінік жұмыстарын жүргізді.Оған партия, кеңес қызметкерлері де қатысты. Мұнда отырықшылық тұрмысқа өту және жер алу тақырыптарына да әңгіме, лекциялар өткізді. Болыстар мен уездерде шаруалардың, кедей-жалшылардың жиылыстары, конференциялары шақырылды. 1921 жылы Қостанай уезінде өткізілген шаруалардың осындай жиналыстарына әртүрлі елді мекендерден 1323 шаруа қатысты. Ал болыстық конференцияға 1721 адам, уездік конференцияға 362 адам шақырылды. Бұлардың көпшілігі кедейлер болды[27,19б]. Сол кездегі ресми өкімет саясаты бойынша партия-кеңес органдарының өкілдері шаруашылық саяси тақырыптарға әңгімелер өткізумен қатар шаруалардың отырықшылыққа өтуі туралы да түсінік жұмыстарын жүргізіп, халықты үгіттеді. Осы шаралардың бәрі жаңа мемлекет жүйесі шаруаларды байлардың ықпалынан босатып, шаруашылықтың жаңа түріне өтуге себеп болады деген мақсатқа қызмет етті. Алайда бұл 20-жылдардың соңында өршіген тап күресінің бастамасы еді.

Отырықшылыққа ауыстыру алдымен жер бөліп беруге байланысты болды. Жерге орналастыру, отырықшыландыру шаралары 1923 жылдан бастап Қазақ АКСР-ның жерді пайдалану ережесі бойынша жүргізілді. Осы ереже бойынша шаруалардың жер алып, орналасуы туралы өтініші қаралатын болды. Оның өтініші қабылданған соң, орналасатын жерін белгілеу, жер телімінің жобасын жасау және оны жер иелеріне көрсету, сондай-ақ ол жоба бойынша жер иесінің келісімі арқылы оған қажетті құжат жазып беру жұмыстары іске асырылды[35,19б.]. Жерге орналастыру жұмысын жүргізу туралы осы ережеге сәйкес барлық губерниялар мен уездерде шаруаларды жерге орналастыру үшін дайындық жұмысы жүргізілді.

Шаруаларды жерге орналастыру және отырықшыландыру үшін республика басшылығы Жер-су Халық Комиссариатының жерге орналастыру бөлімінен, Мемлекеттік жер және мүлік бөлімінен арнайы комиссия шығарып, ол жерлердің тұрақты отырықшылық тұрмысқа экономикалық шаруашылық жағынан ыңғайлылығын, жарамдылығын тексерді. Мұндай комиссиялар барлық облыстарда, уездерде құрылды. Олар ең алдымен жұмысшы күші қажет жерлерге қазақ шаруаларын қоныстандырумен айналысты. Тұз кәсіпшілігі, теңіз көл маңына орналасқан балық аулаушылықпен айналысатын қазақтарды жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу барысында балық және тұз кәсіпшіліктерінде жұмысқа тартылатын 3000-ға жуық қазақ шаруаларынан құралатын ұжым ұйымдастырылатын болды. Бұл болашақ балықшы колхоздары еді [36, 245 б.].

Отырықшыландыру жұмысының әзірлік шараларының барысында шаруалар қоныстанатын жерді, оның усадьбалық жоспарын зерттеу, отырықшылық шаруашылыққа өтетін шаруалардың есебін алу, жерге орналастыруға мұқтаж болып отырған шаруашылықтарды және олар орналасуға тиіс жердің көлемін анықтау, жерге орналастыру ережелерін халыққа түсіндіру жұмыстары қатар жүргізілді.

Шаруаларды жерге орналастыруға мемлекеттің жәрдем беруі отырықшыландыруды реттеуде ерекше маңызды болды. Қазақ шаруаларына қарағанда, орыс, украин, ұйғыр, дұнған шаруаларының жерге орналасу үлесі аз болды. Себебі олардың көпшілігінің бұрыннан тұрақты қоныстары бар еді және олар отырықшы-егіншілік кәсіппен айналысты. Сондықтан да Жер-су халық комиссариаты өзінің негізгі міндеті ретінде қазақтарды жерге орналастыруға байланысты шараларды іске асыруға міндеттенді.

Шаруаларды жерге орналастыруда кедейлер мен жалшылардың құрал-саймандарға мұқтаждығын ескеріп, Республика үкіметі оларға жәрдем беру мақсатында арнайы тексеру жүргізді. Санақ басқармасы жүргізген есеп бойынша өз күшімен егіншілікпен айналыса алмайтын, мемлекеттің жәрдеміне мұқтаж болып отырған әлсіз кедейлердің саны 42 мыңға жуық болса, олардың ішінде 3515 отбасында күш-көлігі мен құрал-саймандары мүлдем жоқ болып шықты [36]. Ал 41638 шаруашылықта бірлі-жарым құрал-саймандары болғанымен, олар жер өңдеп ұқсатуды өз күштерімен атқара алмайтын еді. Осыған байланысты мұндай шаруашылықтардың күн көрінісіне мемлекет тарапынан екі ат, бір арба, тағы басқа жеңіл еңбек құралдары берілді. Отырықшылық тұрмысқа көшіп, егіншілікпен айналысуға кіріскен шаруалардың көпшілігінің тұрмыстары өте төмен болды. Бұрын бірыңғай мал баққан олар шаруашылықтың жаңа түрі - егіншілікпен таныс емес еді. Ал оны жүргізу үшін күректен бастап барлық ауыл шаруашылығының құрал-саймандарын түгелдей сатып алуға мәжбүр болды. Әрине, мұндай жағдайда ауыл шаруашылық еңбек құралы жоқ шаруалардың мемлекеттің көмегінсіз отырықшыланып, егіншілікті өз күштерімен жүргізе алмайтыны түсінікті еді.

Жерге орналастыру және отырықшылыққа көшіру мәселесін ұйымдастыруға Бүкілқазақстандық жер шаруашылығы қызметкерлерінің 1924 жылы шақырылған ІІІ съезінің маңызы ерекше болды. Съезд “Көшпелі және жартылай көшпелі отырықшыланып келе жатқан халықты жерге орналастыру туралы” арнайы қарар қабылдады. Онда жер мәселесімен айналысушы мекемелердің бәріне шаруаларды жер беру арқылы орналастыру міндеттелді. Жері жоқ немесе жері аз қазақтарды отырықшы етіп қоныстандыру тапсырылды. Сондай-ақ малы аз және тұрмыс жағдайына байланысты отырықшылыққа өткісі келетін көшпелі және жартылай көшпелі шаруаларды жерге орналастыру міндеті жүктелді.

Патша заманындағыдан бір ерекшелігі, кеңес мемлекеті қазақ шаруаларының отырықшылық тұрмысқа өтуіне байланысты жұмсалатын ақшалай, заттай шығындардың көпшілігін өзіне алды. Осы Ереже бойынша республика жерінде шаруашылық саласының түріне байланысты бірыңғай жерге орналастыру жұмыстары жүргізілді. Ол кезде Қазақстанда аграрлық аймақ ретінде мұнда бұрыннан қалыптасқан кәсіптің түріне сай қоныстандыруда, жерге орналастыруда шаруашылықтың негізінен екі бағыты бар деп қаралды. Олар - отырықшы егіншілікпен айналысатын аймақ, негізінен оңтүстік пен оңтүстік шығыста және көшпелі, жартылай көшпелі мал өсіретін аудан еді. Жерге орналастыру, қоныстандыру жұмыстары егіншілік аудандарда жер кодексі заңымен, ал көшпелі және жартылай көшпелі аудандарда БОАК-нің 1924 жылы 17 сәуірде бекіткен Ережесімен жүрді.

1923-1925 жж. жерге орналастыру шамамен 9,5 млн гектар жерде жүрді. Отырықшы егінші аудандарда бір жарым миллион гектарға жуық жер, шамамен 167 мың үй шаруа болды. Ал, жаппай қоныстандырылған көшпелі және жартылай көшпелі солтүстік аудандарда 230 миллион гектарға жуық жер, 1 миллион отбасынан артық шаруа бар еді [37, 31б.]. Сөйтіп бұл кезде батыс, орталық, солтүстік, солтүстік-шығыс аудандарда әлі де болса көшпелі, жартылай көшпелі шаруашылықтың түрі басым болды. Сондықтан мемлекеттің шаруаларды бірыңғай орналастыру, қайтсе де жермен қамтамасыз етіп отырықшыландыру жұмысы осы аудандарға қатысты болды. РКФСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті 1925 жылы Қазақ республикасының шаруаларын жерге орналастыру туралы мәселені қарады. Оларға көмек ретінде агрономиялық пунктер ұйымдастыруға қаржылай жәрдем берді. Себебі егіншілікке тарту үшін осындай көмек қажет еді. Сондай-ақ отырықшылық тұрмысқа қажетті жұмыс көлігін сатып алуға 1,8 млн сом, ауыл шаруашылық құрал-саймандарын сатып алуға 158,6 мың сом қаржы бөлінді. Соынмен қатар оңтүстіктегі егіншілік дихандарына ауыл шаруашылық құрал-саймандарын алуға 1,9 млн сом несие берілді [11,36б.]. Көшпелі шаруалардың отырықшылыққа өтуіне байланысты республикадағы егіс көлемі күрт өсті. Шаруалар мемлекеттен аз болса да, әртүрлі ауыл шаруашылық құрал-саймандарын алды. 1925 жылы республиканың егін даласына 415 трактор жұмыс берілді. Бұл әрине, аз еді. Олар, негізінен, құрылып жатқан кеңшар (совхоз) ұжымдарына берілді [11, 36 б.].

Қазақстанның аграрлық саласын міндетті түрде одақтық экономикаға тартуға мүдделі кеңес мемлекеті шаруаларға жәрдем етуге мүдделі болды. Мемлекет жәрдемімен міндетті түрде жерге орналастыру жұмыстарының барысында 20-жылдардың екінші жартысында республикада 20059 қазақ шаруал отбасымен бәрі 93472 адам үш жыл ішінде отырықшылық тұрмысқа өтті [38,55б.]. Мемлекеттік жәрдемнен басқа шаруалар өз қаржыларымен де қоныстанды. Бұл шаруалардың өз еріктерімен іске асты. Қазақстанның әртүрлі аудандарында (Торғай, Ақмола, Семей, Орал, т.б. жерлерде) шаруалар кезегін күтпей-ақ өз қаражатымен отырықшылыққа өтуге ықылас білдірді. Себебі малы азайған немесе жоқтың қасы болған шаруалар өз еркімен егіншілік немесе басқа кәсіппен айналысқанды жөн көрді.

Шаруаларды отырықшыландыруда оларды қажетті құрал-жабдықпен, тұтыну товарларымен қамтамасыз ету мәселесі маңызды еді. Бұл кеңес өкіметінің шешімімен бұрыннан (патша кезінен) қалыптасқан факториялар-кәсіптік тұтыну кооперациялары арқылы іске асырылды. Осылар арқылы шаруалар өздеріне қажетті тұтыну заттарын сауда-саттық жолымен алды. Өлкелік партия комитетінің ІІІ Пленумы, онан соң КазЦИК-тің ІІІ-сессиясы көшпелі халықты копперацияға тартудың тиімді жолы оларға қажет сауда-саттық екенін мойындады [39,85б.]. Шаруалар өндірген заттарды тұтыну - сауда факториясы арқылы қабылдап, мемлекетке өткізу тиімді болды. Бұл халықты кооперацияға тартудың тиімді әдісі еді. Шаруашылықтың түріне қарай әртүрлі серіктіктер ұйымдастырылды (Машина, мелиорация, мал өсіру, егіншілік, т.б.). Мысалы, 1926-1927 жылы Семей губерниясында 3 фактория, ал 1927-1928 жылы жаңадан 2 фактория құрылды. Мұндай факториялар басқа жерлерде де болды [40,102 б.].

Жалпы кеңес өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап 1925 жылға дейін аграрлық саладағы реформалар нәтижесінде 32155 қазақ шаруашылығы жерге орналастырылып, қоныстандырылды [40,102б.]. Олардың орналасуы Қазақстанның сол кездегі әкімшілік-территориялық бөлінісі бойынша мынадай болды: Орал - 2 462; Ақтөбе - 2 429; Қостанай - 1 563; Ақмола - 11 563; Семей - 14 138 шаруашылық.

Сонымен, кеңес мемлекеті орнаған соң оның аграрлық саладағы негізгі саясаты ұлт аймақтарындағы аграрлық мешеулікті жоюға бағытталды. Қаражат тапшылығына, экономикалық күйзеліске қарамастан Қазақстандағы көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар 1929 жылға дейін отырықшылыққа біртіндеп, эволюциялық жолмен өте бастады.

1.2 20-жылдардың екінші жартысындағы Қазақстанның саяси және экономикалық ахуалы

Қазір заманның қиын сәті болса да тарихымыздағы сталинизм дәуірінің өшпестей етіп түкірген таңбасын, отыз екінші ашаршылық жылында опаттан қалған «қара дақтың» көбесі сөгіліп, бар шындықты ащы да болса айтып, таразылау борышымыз. Сталиндік заман небір зұлматпен еске түссе де дәл осы ұжымдастыру мен аштық «науқанындай» аяусыз, тас – жүректіктің куәгері, әміршілдік пен асыра сілтеудің құрбандығы болған халықтың басында мұнан асқан қасірет болып көрмеген еді. «Тарих бетін ақтарып қарасақ ХХғ. 20-30 жылдардың жалпыхалықтық нәубетке айналғаны белгілі. Қазақстандықтардың едәуір бөлігі аштан өлді. Сталин бұғауына қарсы Қазақстанның шартарабында ашық көтеріліске шықты» - деп еліміздің бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай бұл жылдардың өзіндік шаруашылық жағдайы бар қазақтардың өміріне әлі күнге дейін дұрыс сараланып, нақты бағаланып біткен жоқ [41].

Егер де осыдан он сегіз жыл бұрын ғана алғаш рет баспасөзде жарық көрген «Бесеудің хаты» (Ғ.Мүсірепов, Ғатауллин, Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев) сүйеніп айтар болсақ, 1932 жылғы аштықтың шығу себептеріне, қазақтың өлкесіндегі ұжымдастырудың қайғылы зардаптарына тікелей кінәлі «Кіші Қазанның көсемі» - Филипп Исаевич Голощекин екенін көреміз.

1929 жылы басталған шұғыл бетбұрыс науқанынан соң арада үш жылға жетер жетпесуақыт өткенде «бесеу» былай деп ашына жазды: «Сіздің мәлімдемеңізден кейін 2 жыл өткен кезде, Қазақстандағы мал шаруашылығы салаларында мал басының қисапсыз кеміп кеткені әмбеге аян болыр отыр: 1930 жылғы мал басының 1/8 бөлігі ( 40 млннан 5 млн ғана ) ғана қалды. Тек байлар мен кулактардың ғана емес, сонымен бірге негізінен алғанда колхоздар мен колхозшылардың (ішінара совхоздардың) қоғамдастырылмаған және қоғамдастырылған малы осындай зор шығынға, қисапсыз қырғынға ұшырады». Әрине, малынан айырылған қазақтың бұдан кейінгі көрген күні тарихтан мәлім болып отыр.

Енді 1920 жылдардағы қазақтардың жағдайына тоқталып өтейік. Өкімет пен партияға адал сенген аңқау халық алдында не боларын білмей дағдарыста болды, жаңа тәртіп, жаңа саясаттың өрістеу барысында халықтың үйреніспеушілік, тосырқаушылық көңіл-күйін байқауға боларлықтай еді. Қазақтарды бұл кезде империялық саясат жалғасы бойынша он мыңдап ең ауыр жұмыстарға салып, ішер асымен киер киімі жеткіліксіз күйде, құлақ кесті құлдың кейпіне түсірген. Ал, келімсек халық өкілдерінің партия мүшелері жаңа реформалық саясат кезінде «үлкен белсенділік» танытты. 1925 ж. коммунистік партияның XV съезі «жаппай ұжымдастыру съезі» деп аталып кетті, Лениннің айтуынша шаруалар ұжымдастыруға өз еркімен кіруі керек болатын, бұл пікір Кеңес Одағының үкімет басшыларының саясатында бұрмаланып жіберілді. Әрине, съезд осы бағытқа сүйеніп өтсе де, бәрі басқаша басталды. Бұл кезде қазақ халқының көшпелі тұрмыс – салты әлі де болса сақталғаны белгілі әйтсе де, ұжымдастыру барысында әр аймақтың ерекшеліктерін әлеуметтік жағдайын, экономикалық потенциалын ескеру керектігі жүзеге аспады. 1925 жылы РК(б) П-ның Казкрайкомның «бірінші хатшылығында» Ф.И.Голощекинның жіберілді. Ол партияның ОК-нің нақты тапсырмаларын орындауға машықтанған функционер еді. Және ол сол кездегі саяси жағдайларға сәйкес шалт қимылдың «ұр да жықтың» адамы болып саналатын. Оны солшыл әсерлердің ешкімді бетіне келтірмейтін билікшіл деп зар қақсауы тегін болмаса керек-ті.

Сонымен бірге социализм теориясы мен практикасының сталиндік тұрғыдан бұрмалауда функционер Голощекинге ілесе алғандар саусақпен санарлық болды. Ол Ленин ілімін шын мәнінде сталинше түсіндіру символына айналдырды. Сталиннің қасаң қағидаларына «қалтқысыз» қызмет етіп, социализм ісіне « шексіз адалдық» танытқан функционер өзінің де өзгенің де «қу жанын қуырдақ етіп», аз уақытта халықты қасірет теңізіне батырып үлгерді. Сөйтіп, белгілі революционер-функционердің қолы жазықсыз елдің қып-қызыл қанына малшынды. Ол еш уақытта да кешірілмейтін ауыр күнәға батты.

1925 жыл мен 1926 жылдарда Қазақстан 1921-1922 ж.ж. аштық пен азамат соғысының ойсыратқан олқылықтарын толтыру үстінде болатын. Астыққа деген 1925 ж. жалпы жинақ ( валовый сбор ) 92 млн-ға дейін жетті, бұл 1922 ж. салыстырғанда 2 есе үлкен. 1923 ж. салыстырғанда Қазақстандағы зат айналымы 4.5 есе өскен, шетелмен сауда қатынастары орнаған. Ауыл шаруашылығында кооперативтік қозғалыстар өрістеген. 1925 ж. 1 октябрьде 281 әр түрлі кооперативтер болған. 35 колхоз, 96 коммуна, 557 артель және 58 серіктестік болған [28].

Республикаға келіп жетісімен Филипп Исаевич шапшандықпен қызу қимылға көшті. Оның әуелі бітіргені – 1917 жылдың октябрьнен 1925 жылдың сентябрьне дейін Қазақстанда Совет Өкіметі, коммунистік партия ұйымы да жоқ деген солақай тұжырым еді. Голощекин келгеніне 2 жарым ай өтер-өтпестен: «в ауле действительно Советской власти нет, есть господства бая, господства рода» - деген екен. Ең таңданарлығы ол өз кабинетін тастап, бір де бір рет қазақ ауылдарына барып көрмеген. Голощекин «көшіп-қонудың ең ежелгі түрі» және «өте артта қалған зат алмасу» деген терминдерді қолданып, ауылды советтендіру лозунгын ұсынды.

1927 ж. Голощекин «Казахстан на Октябрьском смотре» және «10 лет Советской власти» деген екі бірдей кітап шығарып, онда «қазақ ауылы Қазан лебін сезген емес», - деп байбаламға басқаны елдің бәріне мәлім. Ол Қазақстанда партия ішіндегі екі уклонды атап өтіп, солармен істі «бітіруге» тырысады, алғашқы уклонға ұлы орыс шовинизмі болса, екіншісі – Алашорда әсер еткен жерлердегі қазақ ұлтшылдарының тобы болатын. Осы ұлтшыл уклон құрбандары болып қазақтың көрнекті коммунистері сәйкес келіп еді, атап айтқанда: Н.Нұрмақов, О.Жандосов, С.Сәдуақасов, С. Қожанов, Н.Төреқұлов т.б. [18]

Голощекин қазақ интеллигенциясымен «есеп айырысуды» асығыстықпен жүргізді. 1925 ж. республикалық газет хабарына сүйеніп: Қазақстанның отырықшылыққа айналатын шаруашылықтарына көмек» деген мақала жарияланған екен. Осы кезде даланы бұрынғыдай отарлау саясаты бойынша – ең шұрайлы жерлер мен қыстақтар тартып алынған болатын, соларды қайтарып беру, мал шаруашылығының катастрофалық құлдырауда болуы туралы мәселелер көтерілген және отырықшылыққа көшу процесін неғұрлым тез арада қолға алу ұсынылған болатын. Бұл арада өмір бойы мал бағып өткен қазақ халқы үшін, Т.Рысқұловтың «табиғи жағдайлар болмағандықтан білместік дағдарыс әкелді», - деген өте нақты айтылған пікір екенін көруге болады. Және осы сәтте Ф.И. «Жергілікті пролетариатты» тындырымпаз адамдарды қалыптастыруға күш салып жатты. Сонымен бірге ол интеллигенция мен уклоншылармен арадағы «Кіші Қазан» мәселесіндегі келіспеушілікті өрістетуге жол ашады. Алаш қайраткерлерін айтпағанда, қазақ байларын күштеп жою саясатына ашық қарсы шыққандар сол жылдары Голощекин Ф.И. басқарып тұрған Қазақстан большевиктерінің өз ішінде де болды. 1927 VI жалпықазақтықпартия конференциясында “Сәдуақасов-Қожанов тобын» сынға алып, ал басшыларын Қазақстаннан кетуге мәжбүр болды[42].

Өзінің басшылық қызмет еткен уақыттарында Голощекин 1925 жылы ІІІ пленумда айтқан «не боясь крови» деген сөзін ұстанып өтті. 1928 ж. 16 октябрьде Қызылордалық партактивтік жиналыста: «Вообще, когда я говорю о группировках, я имею в виду национализм... Когда я упоминаю садвокасовщину, я имею в виду и ходжановщину, и рыскуловщину, и мендешевщину, и всех тех, кто был с ними. Объективные условия для группировщиков у нас еще правда не казахстанская» - деген болатын.

Осыдан былайғы уақыттар аяспас күреспен өтіп жатты. Уклоншылар пленум бойынша сотқа берілді. Бұл кезде Қазақстан қойнауының байлығын бұрынғыдан бетер ашкөздікпен қазып алу жүріп жатыр. Ұлттық кадрлар болса да, олардың да жағдайы артық болмады, ауыр жұмыстарға салынды. Оларға сенім көрсетілмеді. Аштық пен аурудан Балқаштың құрылысында 40 мыңнан аса қара жұмысшы жан тапсырған, оның үстінде Қарағанды шахталарының құрылысында, мұнай өндіруде, жан – тәсілім берген жүздеген мың жандарды қосыңыз[43].

Осындай сәттерде 1927-28 ж.ж аты-шулы «Кіші Қазан» жоспары жасалынып, жалғаса берді. Осы науқанды іске асыру кезінде қазақтардың астығын, малы мен мүлкін түгін қалдырмай тартып алып, олардың өздерінің қалыптасқан салтымен санаспай, киіз үйлерінен қалаға қуып әкеліп, онда азық-түліксіз, шамсыз, отынсыз, көліксіз қалдырып жатты.

«Қазақ кедейлерінің қасіреті мен Совет үкіметінің арамзалығын түсіну үшін – деп жазды Мұстафа Шоқайұлы өзінің «Советтер билеген Түркістан» деген еңбегінде,- патшалық құрылыс қазақ халқынан орыс қоныс аударушыларына 40 мың тақтадай шұрайлы жер тартып алғанын, ал, Совет өкіметінің ұлт-азаттық төңкеріс атынан «Әлемдік прогресшіл пролетариат атынан құлатылғанын құрылыстың, жер жөніндегі әділетсіздігі түзетіледі, тартып алынған жерлері қазақтарға қайтарылады, бұдан былай қазақ жерлеріне қоныс аударушылар жіберілмейді», - деп уағда бергенін білу керек» - деп еді [4].

Осы үзіндіден саяси және экономиккалық бағыттағы кеңестердің шараларының прогрессивті емес тәсілдерінің қазақ тағдырында жетерлік болғанын сезуге болар еді.

«Қазақстанды социализмге Шығыстан бірінші етіп жеткіземіз», - деп, Қазақстандағы ұжымдастыруды алғашқы кезеңде бастады. Бұған әрине, кезінде Москвадағы көптеген қазақ зиялыларының қарсы болғаны белгілі, әйтсе де, бұған ешкім (не Сталин, не Голощекин ) мән берген жоқ. Сталиннен Голощекин «Кіші Қазан революциясын жасауға рұқсат сұрағанда «ұлы көсемнің» өзі «ең дұрыс саясат осы» деп, « мен де қосыламын», - деп рұқсат берді. Колхоздастыру кезінде колхозға кіргісі келмегендер саны өте көп қарсылықтар жасаған[40],[44]. Асығыс іске асқан «Кіші Қазан революциясы орта шаруалар мен байлардың және кедейлердің де Кеңес үкіметіне қарсы қоюына мүмкіндік бергені срндай, өз малдарын өздері өлтіріп, талан – таражға салуға дейін жеткен. Осының бәрі дұрыс ұйымдаспағандықтан және күштеп кіргізіп, мал – мүліксіз қалдырудан келіп туындаған, заңды құбылыс деп санаймыз.

Ауыл шаруашылғы жаңа экономикалық саясаттың алғашқы жылдары жемісті болғанымен, кейіннен тоқырауы байқала бастады. Көрнекті ғалым, профессор С.П.Швецов қазақтың көшпелі тұрмысын мәдени артта қалу деп тануға барынша қарсы болып, « қазақ – малшы, көшпелі, өйткені оны қоршаған қазіргі жағдайда ол басқаша бола алмайды, осыны одан оны қоршаған табиғат талап етеді. Ол тұтастай соған тәуелді», - деп атап көрсеткен болатын [45].

1925 ж. мәліметтер бойынша ірі қараға шаққанда 5 басқа дейін ғана малы бар мал бағушы қожалықтардың үлесі Орал губерниясында – 75.6%, Ақтөбеде – 73.2%, Ақмолада – 57.4%, Семейде – 56.9% болды.

Астық даярлаудағы дағдарыс 1927-1928 ж.ж. байқалды, әрине 1925-1926 ж.ж астық даярлау белгіленген жоспардан артық берілсе де, бұл жетіспеушілік 1928-31 ж.ж 807 мың пұт, оның ішінде оның ішінде Одақтың қамбасына құйылмай қалғаны – 18,127 мың пұт болыпты [46],[47]. Мәліметтер бойынша астық дайындауда жеке қожалықтардың үлес салмағы біртіндеп күрт азайған. Астық дайындауды негізінен мемлекеттік мекемелер мен кооперативтер жүргізген. Бұдан жекешелердің арзан бағамен мемлекетке астық өткізгілері келмеулерін байқауға болады.

1927 ж. колхоздар жүйесі 1072 болса, 1928 ж. – 2354, 1929 ж – 4876 – ға дейін өскен екен. 1926 ж. Қарқаралыда 639 үй саны болды, ал, негізін уезді көпелі тұрмыс кең орын алған болатын, 31651 шаруашылық көшпелі болды, ал отырықшы – 1876 ғана болды. Олардың жалпы санының 5% ғана байға жататын еді, орташа – 35%, кедей – 60% болды. Мал саны: қой-ешкі – 553290, сиыр,өгіз – 65432, жылқы – 59580, түйе – 20184 бас болған екен. Ал, жеке сауданың үлесіне келсек, 20-шы жылдары бойында көтеріңкі болғанын көруге болады. ( № 2 кестені қараңыз). 1926 ж. саңақ бойынша қазақтардың арасындағы саудамен айналысушылар екен. Ал, 30-шы жылдары, жеке саудамен айналысушылар 60% төмендегенін көруге болады. Бұл туралы Абылхожин Ж, : «а с завершением коллективизации и оседанием это явление в массовом виде перестало существовать» деп көрсетеді [48].

1.3 Жеке меншік иелеріне шабуыл: қателіктер мен асыра сілтеулер

Голощекин тұсындағы асыра сілтеушілік пен геноцидтік саясатқа қазақ қоғамына әрі өндіріс иесі, әрі басқарушы қызметін атқарған байлардың тағдыры душар болды. Әрине бұл асыра сілтеушілік саясаттың қате екендігі сол кездерде-ақ мойындалып еді. Бірақ, одан не пайда, байлардың да ет пен сүйекпен жаралған адамдар екенін ұмытып, оларды тек ғана еңбекші халықтың жауы деп біліп, тап ретінде жою мақсат етілді. ВКП (б) – Орталық Комитетінің Қазақ Өлкелік комитеті баяндамасы ( 3 мамыр, 1928 ) бойынша қабылданған қаулыда [49] 1978 ж. мынадай жолдар бар: «Өлкелік комитет бірқатар саяси және шаруашылық мәселелерін дер кезінде және саяси ықпалына қарсы күрес жөніндегі шараларды атап айту жөн», - делінген. Аталған құжаттағы шаралардың жемісі жайлы «Қазақстан компартиясы тарихи очерктерінде» де жазылған (1928): 1928 ж. күзінде Қазақстан партия ұйымы, - делінген онда, тағы бір маңызды әлеуметтік – экономикалық шараны – 700 ірі бай, жартылай феодалдық Совет өкіметінің қас жауының мал – мүлкін кәмпескелеуді ойдағыдай жүзеге асырды. Орта шаруа қазақ ауылындағы басты тұлғаға айналды»[50]. Бірақ, шындығында сол орта шаруа да бұрмалаушылардың құрығына ілініп кете берген. Бұны ВЦИК-тің Қазақ ССР Орталық атқару комитетінің баяндамасы бойынша қабылданған қаулысында-ақ мойындауға тура келген ( 30 ақпан, 1929 ж): «байлар мен кулактарға қарсы бағытталған шаралардың ұшығы кейде орташаларға да, тіпті жекелеген жағдайларда кедейлерге де тиді...» - делінген.

Әуезұлы Мұхтардың 1932 ж. 10 июльдегі «Социалистік Қазақстан» газетіне басылған хатында: «Байлар мен ру басыларын конфискелеудің қажеттілігін іштей қабылдамадым; колхоз, совхоз құрылысының тұсында істеген берік ұлы шаруашылықтарына да басында сенімсіздікпен қарсы болдым», - дейді ол. Осынша шырқырайтын бұл қандай шаралар еді? 1926 ж. байларды, онан соң 10-15 малының тұяғына қарап, жан бағып отырған орта шаруаларды конфискалау басталды. Малын алған соң қазақ шаруалары анық тақырға отырып, мекенінен ауып, қандай кәсіппен айналысарын білмей тоз-тозы шығып, босқынға түсті. Тікелей конфискелеу науқанынан 1 млн. орта шаруа зардап шегіп, кедейдің ең төменгі сатысына түсті, анық ашаршылыққа бет алды. Торғай, Ақмола, Семей облыстарының кедейлері үлкен өзеннің бойында отырған жұрттардың жанына ығысып, көше бастады. Арқаның сұрапыл суық қысы малы жоқ кедейді анық қайыршы етіп, қырып салды. Осы зардаптарды біліп болжағандай Мұхтар Әуезов: « Көшпелі қазақ шаруаларына конфискация жасау саясатының қажеті жоқ, олар ғасырлар бойы қалыптасқан жер жағдайына, рулық салтына орай өздері – ақ жаңа дәуірге қалыптасып кетеді; қазақ шаруасының еншісі баяғыда –ақ бөлініп қойған», - деп көрсеткені қазір түсініктірек болғандай. Қазақстандағы жаппай ұжымдастыру тұсындағы « бай – кулактан тазалау» процесіне жергілікті әкімдер «совет өкіметіне қарсы қастандық пен колхоз құрылысына зиянкестік жасау» деген ұранмен белсенді қатынасты.

1930 ж. толық емес деректер бойынша Қазақстанда кулак және бай шаруашылықтарын конфискелеуден 5489.1 мың сомның өндіріс жабдықтарын колхоздар алған. Ақмола, Петропавл, Семей округтарында конфискелеу мен штрафтан 24 млн.сом түскен, 331 мың пұт астық алынған, 534 мың малды конфискелеген екен. 1930 ж. аяғында республикада 3123 кулак – бай шаруашылығының 2315-і колхозға берілген екен [51].

1928ж. қаңтар айында БК(б) П ОК саяси бюросы өз қолдарына 30 тонна ( 1.9 млн пұт) астық қалдықтарын ұстаған ірі кулактардың әрқайсысына әкімшілік қысымды қолдануға рұқсат беруі одан әрі байға деген қысымшылыққа кең жол ашты [52].

1927 ж. күзінде астық бағасы төмендеп кетті, мемлекет көптеген құрғақ уәделерімен алдарқатып, ауыл шаруашылғынан өнеркәсіпке ақшаны аудара берді. Қыста бүкіл елде астық дайындаудан құлдыраушылық басталды. Қалың жұрт саясаттағы ауытқушылықты сезіне білді. Әйтсе де, XV съезден оралған Голощекин: «Болевизмнің бүкіл тарихи бір жеңістен екінші жеңіске өту, сонымен бірге бұл жол бір қиындықтан екінші қиындыққа өтудің бейнесі болып табылады, ал кулакка шабуыл беру – бұл ірі коллективті шаруашылықтың курсына және кедей мен орташаның коллективтенуіне өту», - деп бүркемеледі. Филипп Исаевичтың «кулак өсіп келеді» деуі асыра айтылғандық екенін 1923 ж. кулак-байдың Қазақстандағы 6-8% - тен 3-4% - ке дейін төмендегенінен байқауға болар еді. Сөйтіп, 1928 ж. «алып – сатарларды құрту», «кулактар және алып сатарлар – ең қауіпті жау» деген мәселе көтерілді. Сталин 107 статьяның кулактарды реттеу «үшін прокурор және сот өкіметтерінде кеңінен қолданылуына мүмкіндік беруге мүдделі болды. Сібірден оралған ол «БК(б) П-ның барлық ұйымдарына» деген дерективаға қол қойды, онда заң бойынша алып сатарлар мен кулактардан алынған астық артықтарының 25% әл ауқаты нашарларға, тұқымға, әлде тұтынушылық қажеттігі болған жағдайда кредитке беру туралы айтады. 1928 ж. егін дұрыс шықпады, бұл жыл коллективтендірудің алғашқы іске асқан жылы болатын, партия органдарының ішінде ұжымдастыруды жүргізіп аяқтаудан жарыс өткізілді. Голощекин Қазақстанды Россиямен салыстырып, тез уақыттарда Россиядан қалмай ұжымдастыруды бітіру мақсатымен жанталасты. 1929 ж. 9 наурызда Қызылорда партактивінде Голощекин: «Мен Қазақстанды аралап шықтым, 5 млн-ға зат шығарып, астықты 50 млн-ға сатып алған», - деп баяндады[2],[53]. Бай кулактарға әкімшілік тұрғыдан шара қолдану тиімділік әкелмеді. 34121 соттанған бай-кулактан 631 мың пұт астық пен 53400 мал басы тартып алынды. Бұл астық дайындаудағы 3.5% құраған. Сонымен бірге БК (б)П-ның Қазақ өлкелік комитетінің 1929 ж. көктемдегі рапорты бойынша: астық –84.3%, ет дайындау ірі мал бойынша – 1.5 есе, ал қоймен үш есе ұлғайтылған.

Бұл жерде астық беруде ең негізгі ауыртпалық орташа мен кедейдің мойнына түскені түсінікті болып отыр. Сонымен бірге тартып алынған ең соңғы дәнге дейін үкіметке аударылатын. Ешқашан егін екпеген қазақтардың көшпелі шаруашылықтарына міндетті түрде астық беру міндеті салынған. Олар өз малдарын сатып, астық алып оны мемлекетке өткізуге мәжбүр болған. Мұның бәрі әрине таптық, тап ішіндегі соғыстың жандануына жол ашу екені түсінікті, бұл жағдай Голощекин Қазақстанға алғашқы келген күннен-ақ байқалып отырған болатын [1],[2].

1929 ж. 11 сентябрьнде Қазақстанның Кеңес халық комитетінің жаңа председателі Исаев У. барлық бай-кулак, ауқатты шаурашылықтардың өздерінің артық астықтарын 1929 ж. 1 ноябрінен қалдырмай тапсыруы туралы жарлыққа қол қояды. Ал, орындамағанға тапсыруға қажетті астықтың 5 есе құнын төлеу штрафын салумен немесе 61 ст. бойынша іс, қылмысты іс қозғау бұйырылды.

Голощекин «Егін мен коллективтендіру» атты 1926 ж.14 октябрьдегі газет мақаласында « колхоздастыру Қазақстанда тез қарқынмен дамуда, егер 1928 ж. колхоз саны 2315 болса, 1929 ж. – 4348 колхоз болған» - деп хабарлады. 24 күн өткен соң газет колхоздар ауылдағы социализмнің оазисі» деген айдар тағып, жариялады. Онда Өлкелік комитетінің бюролық қаулысын енгізген, ол қаулы Голощекин атағандай ірі колхоздар құру туралы айтады және 1929-1930 ж.ж. колхоздардың санын 140 мың шаруашылықтарға дейін ұлғайту және егіс алаңын екі есеге дейін ұлғайту туралы айтады. Ал, Сталин 1929 жылды «ұлы дағдарыс жылы деп атады, ал, нағыз дағдарыс күндері әлі алда болатын. Бүкіл бесжылдыққа белгіленген үлкен науқанды қазақ ауылының хал-ахуалын бұрын естіп білмеген. Филипп Исаевич бір-ақ жылда тындырмақшы болуы жанталаса орындауды қажет еді [5].

Бұл кезде республикада астық даярлау быарысында жүгенсіздік байқалған жағдайда «республика прокуроры» істерді өте қысқа мерзімді өткізуді қамтамасыз етуге міндетті болды. 1927 ж.17-29 желтоқсандарда Қазақ Өлкелік партия комитетінің бюросы осы қаулыдағы мәселені тағыда талқылап, жергілікті партия органдарын міндеттейтін шешімдер қабылдап, партия ұйымдарына нұсқау хаттар жөнелтті. Дегенмен Мәскеуде басшылары мұндай нұсқаулар қанағаттандырмады. И.В. Сталиннің өзі қол қойған бұл үшінші нұсқау-телеграммада базардағы ауылшаруашылығы бағасын бүлдіріп жатқан кулактарға және алып-сатарларға ерекше жазалау шараларының қажеттігін атап көрсетеді. Сондай – ақ жергілікті жерлердегі партия басшыларына да қысым жасап, егер 1 аптаның ішінде «астық даярлауда шешуші өзгеріске» қол жетпейтін болса «ОК партия ұйымының қазіргі басшыларын ауыстыру қажеттігін мәселе етіп қоятыны ескертіледі».

Аталған нұсқау хат астық даярлаудағы төтенше шаралардың басталуына нақты негіз жасады.

Өзінің шешімінде Қазақстанның Өлкелік партия комитетінің секретариаты жергілікті аппараттарды кінәлаумен ғана шектелмей, ет даярлау науқанынан қарқын шектеу есебінен астық даярлау қарқынын үдету қажеттігіне олардың назарын аударды.

Осы мақсатпен «ірі астық өндіретін аудандарда астықтың неғұрлым көбірек түсуін» қамтамасыз ету үшін мал дайындаудағы бағаны орта есеппен 10% ары төмендетпеу қажеттігі айтылып, және сонымен бірге «бұл аудандарда мал даярлауды қыса түсу мүмкіндігін» бір күндік мерзім ішінде анықтау сауда хал-қамына тапсырылды.

Сонымен қатар осы 7 қаңтардағы секретариат мәжілісінде республика прокуратурасына, ППОГПУ- ға олардың жергілікті органдарына астық даярлауға әсер ететін барлық диркетиваларды орындауға барынша ықпал жасау тапсырылды.

Ұжымдастыру науқаны тұсында аз уақыттың ішінде 2.5 млн. мықты крестьян шаруашылығын жойып, 10 млн-ға жуық қоғам мүшелері «кулак» деп жер аударылып, «ит жеккенге» айдалды. Қалған халықты сталиндік саясат колхоздарға біріктіріп, «жатақ» етті. Қала берсе ол колхоздан басқа жерге мүшелері кетпес үшін паспорт режимін енгізіп, көп айтып жүрген «казармалық» социализмді құрды [50].

1928 ж. 27 қыркүйекте ҚАССР-і ОАК-ті «Байлардың шаруашылығын кәмпескелеу туралы» жарлық шығарды. Мал мен мүлік кәмпескелеп, жер аударуға 700-ден астам ірі байлардың есімдері аталды. Бұл заң бойынша көшпелі аудандарда ірі қараға шаққанда 400 бастан астам, жартылай көшпелі аудандарда – 300 бастан астам, отырықшы аудандарда 150 бастан астам малы барлар кәмпескелеуге жатқызылды. Көптеген аудандарда асыра сілтеніп, көптеген орта шаруалар да кәмпескеленді. Сонымен бірге жер аударуға, кәмпескелеуге дін иелері, бұрынғы хан – сұлтан тұқымдары, болыстар жатқызылды. Кәмпескеленетін аудандар үшке бөлінді: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы. Енді осы аудандарға қандай жерлер жататыны мына жерден көруге болады:

Округтер Көшпелі аудандар

Қызылорда: Арал, Қазалы, Аламысық, Қарсақпай

Сырдария: Қызылқұм, Созақ, Сарысу, Шу

Алматы: Балқаш

Округтер →Жартылай көшпелі аудандар

Гурьев: Новобогат, Жаманқала, Еспол, Доссор, Қызылқоға, Жылқы, Теңіз

Орал: Жымпиты, Тайпақ, Қаратөбе, Шыжы, Жанғалы, Сламихин, Шамшағын

Қостанай: Торғай, Батбаққара, Ұбаған, Аманқарағай, Жетіқара, Наурызым

Ақтөбе: Темір, Ырғыз, Шалқар, Қарабұтақ,

Ақмола: Асанқайғы, Қорғалжын, Промышленный, Қарағанды, Азат, Еркіншілік, Нұра, Атбасар, Ақмола

Павлодар: Қызылту, Төңкерек, Баянауыл, Сейтенов, Павлодар

Қарқаралы: Абралы, Ақсары, Берқара, Балқаш, Шет, Шұбартау, Қу

Семей: Шыңғыстау, Аягөз, Тарбағатай, Мақаншы, Қызылтау, Бесқарағай, Марма, Қызылтас, Ұлан

Алматы: Қарғалы, Сұйғатын, Қарқара, Қаратал, Алтынемел, Қоңырөлең, Шоңқар, Қордай, Бөрібаев, Бүйен, Ақсу, Қастек, Алакөл

Сырдария: Талас, Әулиеата, Мерке, Қараспан, Жаңақорған, Арыс, Түлкібас, Шаян

Қызылорда: Қармақшы, Қараөзек, Қызылорда, Шиелі

Петропавл: Бейнетқор, Еңбекшілер, Октябрь, Көкшетау

Аталған аудандардан басқалары отырықшы аудандарға жатады. Ал, енді кімнің қайта жер аударылғандарын білу үшін төмендегі мәліметке қарайық:

1Жетісу және Сырдария округтерінен Орал округіне.

2 Орал округінен Жетісу округіне.

3 Қарқаралы округінен Қостанай округіне.

4 Гурьев округінен Петропавл округіне.

5 Семей округінен Сырдария округіне.

6 Павлодар округінен Ақтөбе округіне.

Петропавл округінен Ақтөбе округіне.

Ақмола округінен Гурьве округіне.

9 Қызылорда округінен Адай округіне.

Ақтөбе округіне Гурьев округіне.

11 Қостанай округінен Семей округіне аударды.

Бұл материалдар тарихшы ғалым Т.Омарбековтың «Жазықсыз жапа шеккендер» немесе «Күштеп кәмпескелеу құрбандықтары» деген еңбегінен алынды[5],[51].

Голощекин бастаған «ұр да жық» саяси әпербақан топтың «бай-кулактарға ашқан соғысы 1928 ж. бастап нағыз қантөгіске, қатыгездікке ұласты.

Осы жылы Қазақстанда алғашқы ең бай – 700-ге тарта қожалықтың иесі үзілді-кесілді төтенше үптеуге ұшырып, өздері түрмеге қамалып, жер аударылып, тоз-тоз болды. Олардың жеке пікірін сұраған да, Кеңес өкіметіне көзқарасы мен ойларының қандай екенін анықтаған да ешкім болған жоқ. Байсың ба, малың көп пе, бітті?!

Байлар мен кулактарды тап ретінде жою шараларын даярлау мәселесіне байланысты Өлкелік партия комитеті жанынан жасырын «үштік» құрылды. 1930 ж. 23 қаңтардағы «үштіктің» алғашқы жасырын мәжілісінде жаппай коллективтендіру болатын аудандарда кулактар шаруашылығы мен байлар қожалықтарының иесін жер аударуды 2 бағытта жүргізу: 1) Қазақстанның өз ішінде; 2) Қазақстанның тыс жерлеріне жер аударуды көздеген мақсатта өтті.

Жаппай коллективтендіру болатын аудандарынан шамамен 20 мың «құлақ» семьясын Қазақстанның жерінің өзінде, ал 30 мыңнан астамын Қазақстаннан тыс жерлерге жер аудару, қоныстандыру көзделді.

Жер аударылғандарды жұмыстарға қалай пайдалануға болатынын шешу үшін ППОГПУ-ға екі күн мерзім берді. Осы жұмысты ұйымдастыру үшін округтарда да «үштіктер» құрылды. Олардың құрамына округтік партия комитетінің төрағалары мен ОГПУ- дың бастықтары кірді. Оларға кулак семьяларын есепке алуға 10 күн мерзім берілді. Қысқасы барлық жұмыстар асығыс, шұғыл және қатал жүзеге асырыла бастады.

Сонымен, партия, Кеңес және ОГПУ органдары арандатқан шолақ белсенділер өз халқына қарсы аяусыз соғыс жариялады. «Тап ретінде жою» деп жұмсартылып айтылып жүрген қазақ шаруаларына қарсы бұл соғыста әсіресе, өлкелік партия комитеті жанынан құрылған «бай-кулактарды тап ретінде жою» шараларын даярлаған құрамында Қармысов, Алыненский, Асылбеков кірген комиссия ерекше «белсенділік» танытып еді. 1930 ж. ақпанында байлар мен кулактар қожалықтары жер аударылатын құладүз, барсакелмес аудандар белгіленді. Олар теміржол мен өнеркәсіп орындарынан, шекарадан әлдеқайда алыс, қашық, елсіз-сусыз, шөл және шөлейтті, бұрын ел тұрмаған аймақтар болатын. Алғаш бұл аудандарға шамамен 24000 бай – кулактар қожалықтары жер аударылды. Өкіметке қарсы ұйымдасып кетпеуі үшін «жер аударылатындардың әр бір жаңа ауылы 50 үйден артпауы тиіс» еді. Жалпы айтқанда, 1927-28 ж.ж. аралыығында 1 млн. адам қуғын-сүргінге ұшыраған екен. «К концу января 1930 г. В районах республики была осуществлена ликвидация 3123 кулацко-байских хозяйств, а большая часть имущества безвозмездно передана колхозам», - деп жазады Дахшлейгер П.Ф.[9].


2 Жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру
2.1 1930 ж. шаруа қожалықтарын жаппай күштеп ұжымдастыру және отырықшыландыру

Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға дейін бұрынғы көшпелі ауылдардың біраз шаруалары жер алып, қоныстануы нәтижесінде отырықшылық тұрмысқа ауысты. Алайда ол кезде Қазақстан бойынша көшпелі шаруашылықтардың үлесі тым басым еді. 1928 жылы КСРО Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының Қазақстанды табиғи-географиялық және шаруашылық-экономикалық жағынан аудандастыру тәртібі негізінде көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты аймақ құрамына мына жерлер белгіленді: Орал губерниясының оңтүстік шығысындағы Орда ауданының жері, Гурьев және Адай округінің жері, Ақтөбе округінің Табын, Қобда, Жұрын, Ырғыз, Қостанай округінің Темір ауданы, Торғай, Меңдіқара аудандары, Қарақұм, Қазалы және Қызылорда уездері, Бетпақдала, Балқаш ауданы, Ақмола және Атбасар уездерінің орталық және оңтүстік бөліктері, Қарқаралы уезі, Павлодар уезінің шығыс жағы[15].

Ол кезде республика жерінің біраз бөлігінде әлі де болса отырықшыланбаған көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар көп болатын. Бұдан былай шаруаларды біртіндеп, еркімен отырықшыландыру мәселесі ауыл шаруашылығын қауырт күштеп ұжымдастыруға байланысты тіптен басқа арнамен кетті. 20-28 жылдарға дейін жүргізіліп келген шаруалардың бірігіп қоныстандырылатын жерінің аумағын айқындап, межелердегі бұрын қойылған белгілер ескерусіз қалды. Жаңа науқан бойынша шаруалар артельге ұжымдасып, бір мезгілде отырықшыланған колхозшы атанып шыға келетін болды. Енді олар социалистік ауыл шаруашылық өндірісін кұру деген ұранға сәйкес отырықшылыққа өтетін болды. Ал ауыл шаруашылығы органдарының алдында орналасатын территорияны шаруашылыққа тиімді етіп белгілеу міндеті тұрды.

Отырықшы болады деген шаруаларды қоныстандырып, жерге орналастыру ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастырудың жалпы аясында қоса өткізілетін болды. Жаппай ұжымдық шаралары жүргізілетін аудандарда бұрынғы малшы шаруалар кеңес үкіметінің жоспары бойынша машиналы, индустриялы агрошаруашылық өндірісіне негізделген, қоғамдастырылған шаруашылықтарға мүше болатын болды. Енді соған сәйкес олар орналасатын территорияны белгілеу қажет болды. Колхоздың өндіріс алаңдарының мал шаруашылық фермаларының, қыстаулардың дұрыс орналасуын жоспарлау, оған лайықты су көзі бар тұрақты жер телімдерін анықтау Жер-су халық комиссариатының, жергілікті ауыл шаруашылығы басқармаларының қарауында болды.

Сөйтіп, 1930 жылдан бастап жерге орналастыру, қоныстандыру жұмыстары басқаша жүргізілді. Ең алдымен жерге орналастыру жұмысының бұрынғы қарқыны басылып, жаңа екпінмен ұжымдық шаруашылықтың орналасатын жерін территориялық жағынан анықтау науқаны басталды. БК(б)П ХV съезі 1927 жылы желтоқсандағы деревнядағы жұмыс туралы қарарында күш көліктері аз әрі кедей шаруаларды жерге орналастыруды мемлекеттің есебінен жүргізуді міндеттеді. Жерге орналастыру және егіншілік басқармаларының қызметкерлері оларға тиісті орналасатын территорияларын белгіледі, усадьбалардың жобасын жасады. Бұған қоса ұжымдасатын шаруаларға жәрдем көрсету, несие беру, егістік жерлерді айқындау жұмыстарын жалпы республиканың Жер-су Халық комиссариаты жүргізді. БК(б)П ХV съезінің және РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысы бойынша КСРО-дағы барлық ұлттардың орта және кедей шаруаларын 1928 жылдан бастап жерге орналастыру жұмыстары мемлекет есебінен жүргізілетін болды. Ал, 1927 жылға дейін тек қазақ шаруалары ғана мемлекеттің жәрдемімен қоныстандырылып келген еді[29].

Енді таптық күрес арқылы барлық кедей, бұрынғы батрақ, жалшы және орта шаруаларды ұжымдастыру мемлекет деңгейінде социализм “орнатудың» негізгі төтенше науқаны ретінде өтетін болды. БК(б)П XV съезінің және Қазақ өлкелік VІ партия конференциясының қаулыларына сәйкес ҚазАКСР ОАК 1928 жылы наурызда жерге орналастырудағы бұрынғы тәртіпті жойды. Бұдан былай қоныстандыру жұмысының дайындық істері жүргізілмейтін болды [35, 127б.]. Бұл күштеп ұжымдастырумен қатар іске асырылатын отырықшыландыруға негіз болды.

Мұнан осы кезге дейінгі жүргізіліп келген жер пайдаланудың тәртібі бойынша оны ұсақ телімдерге бөлу дұрыс емес делінді. Бұрынғы жерге орналастыру ауыл шаруашылығын түбірінен қайта құруға байланысты міндетті шеше алмайды деген қорытынды жасалды. Енді шаруашылықтарды ұжымдастыруды жоспарлағанда ауыл шаруашылығы өндірісінің келешек өркендеуін ескеріп, жерге орналастыру жұмысын түпкілікті шешу қажет деп саналды. Ұжымдық шаруашылықтардың орналасуына жер бөлу, ірі өндірістік шаруашылықтарды құру мен оның келелі өндірістік даму жағын ескеру арқылы белгіленетін болды. Бұл ұжым орналасатын жер жағдайына байланысты еді. Мысалы шаруашылықтың біріккен әрі тиімді түрін құрып, егіншілікпен де айналысуы қажет болды. Колхозға бірігетін адам саны, шаруашылық орындары есепке алынатын болды. Сондықтан, ұжым орналасатын орталық усадьбаны жоспарлағанда осының бәрі ескерілді. Колхоз артелі құрылатын жерде отырықшылыққа көшкен және енді отырықшы болатын шаруалардың бәрі колхозға мүше болуға міндетті болды.

Кезінде Коммунистік партия ауыл шаруашылығын ұжымдастыруда В.И. Лениннің кооперация туралы жоспарына сүйенді. Ол В.И. Ленин ауыл шаруашылығында түбірлі өзгеріс жасамай, ұсақ шаруалар қожалықтарын қазіргі заманғы техникамен қаруланған ірі ұжымдық өндірістің жолына түсірмей, бытыраңқы шаруашылықтар мұқтаждықтан шыға алмайды деп жазған болатын. Бірақ ол шаруалар кооперациясы туралы айтқан еді. Ол ерікті түрде жаңа саясат жылдарындағыдай дамуы қажет еді. Ал 20-жылдардың соңында И. Сталин мәселеге экономикалық жолмен емес, әкімшілік-әміршілдік жолмен келді. Колхозға алдымен тиісті материалдық-техникалық база қажет еді. 1926-1929 жылдардың арасында ауыл шаруашылығын техникамен, машина, құрал-саймандармен жабдықтау тым жеткіліксіз болатын. Бұған кеңес елінің өнеркәсіп мүмкіншілігі әлі төмен болатын.

Ал Қазақстанда сол кезде әлі игерілмей жатқан 40 миллион гектар жер болды. Сонда да өлкенің жалпы экономикалық нашар дамуынан бұл жерлер егіншілік шаруашылыққа пайдаланылмады. Халық көшпелі тұрмыстың әсерінен жер пайдаланудың тиімді әдісін жүргізе білмеді. Енді кеңес өкіметі КСРО экономикасының мүддесі үшін республикада егін шаруашылығының аса ірі міндеттерін жүзеге асыру қажет деп тапты. Мысалы, Қазақстан Өлкелік партия Комитетінің 1929 жылы желтоқсанда болып өткен V пленумы егіс көлемін 4 миллион гектардан 16 миллион гектарға жеткізуді мақсат етіп қойды[54, 263б.]. Сондықтан да өлкелік партия комитетінің пленумы бос жатқан жерлерді игеруді кешіктіруге болмайды деп мынадай негізгі шараларды жүзеге асыруды міндеттеді: Қазақ көшпелі шаруаларын отырықшыландыру; ірі совхоздар мен колхоздар құру; республиканың өзінің ішінде және сырттан қоныс аударушыларды орналастыру; ұжымдасқан совхоздар мен колхоздардың және кедей шаруалар қожалықтарының егіс көлемін арттыру. Әсіресе қазақ шаруаларын отырықшыландыру үшін тың жерлерді игерудің өте тиімді екенін пленум атап көрсетті.

Отырықшыландыру республика халық шаруашылығының алғашқы ресми бесжылдық жоспары бойынша ұжымдастырумен қатар жүрді. Кеңестік рәсім бойынша БК(б)П-ның XV съезі халық шаруашылығын дамытудың бесжылдық жоспарының Директивасын бекіткен болатын. Бұл бірінші бесжылдық жоспар бойынша Қазақ АКСР-ы өнеркәсіп құрылысы мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру негізінде өркендетуі қажет еді. Елде Балқаш мыс қорыту заводы, Қарағанды көмір бассейні, Түрксіб құрылысы сияқты алып кәсіпорындар салына бастады. Бұл социализм орнатудың экономикалық ірге тасын қалау, республиканы артта қалған көшпелі аграрлық елден аграрлық-индустриалды республикаға айналдырады деп дәріптелді. Ал жоғары техникамен қаруланған ауыл шаруашылықты елге айналдыру процесі қалай жүрді, оны іске асыру қандай әдістермен жүрді, оның зардаптары қандай болды – ол өз алдына жеке мәселе [54, 263б.].

Жаппай ұжымдастыру шараларын жүзеге асыруды Одақтың Жер-Су Халық Комиссариаты, Мемлекеттік жоспарлау комитеті және оның ауыл шаруашылығы секциясы қолдады. Қазақстан үкіметі Одақтық үкіметпен келісе отырып, жаппай ұжымдастыру ісіне кірісті.

Жаппай ұжымдастырудың өріс алуы елдегі ахуалды мүлдем өзгертіп жіберді. Ауылдық жерлер әкімшілік дүрбелеңге елігіп алған белсенділер қол астында қалды. Жаппай ұжымдастыруға өту және кулактарды тап ретінде жою БК/б/П Орталық Комитетінің 1930 жылы 5 қаңтардағы атышулы қаулысымен басталды. БК/б/П Орталық Комитетінің қаулысы бойынша коллективтендіру кезеңін әр жердің табиғи – экономикалық жағдайына сәйкес асықпай өткізу туралы нұсқауы жайына қалды. Ол мұны бірнеше жылға ұзартып жүргізуді міндеттеген. Қазақстанның егіншілікті аудандары екінші кезекке жатқызылып, негізінен колхоздастыруды 1932 жылдың көктемінде аяқтауы тиіс болды. Ал, көшпелі және жартылай көшпелі аудандарда ұжымдастыру бірінші бесжылдықтың соңына қарай 1933 жылы аяқталуы тиіс болды.

Мұнда саяси астардан экономикалық тиімділік басым болатын. Себебі шалғай мал шаруашылықты аудандардың экономикалық даму дәрежесі егіншілік аудандарға қарағанда едәуір төмен еді. Сонымен бірге ол аудандарда машина техникасы, құрал-саймандар жетіспеді. Олар егіншілікті аудан сияқты колхоз, совхоз құрылысының тәжірибесімен де таныс емес болатын. Оның үстіне колхоз шаруашылығын басқаратын кадрлар әсіресе көшпелі аудандарда болған да жоқ. Кеңес үкіметі мен БК(б)П Орталық Комитеті осы жағдайларға сәйкес мұндай аудандарда негізінен ауыл шаруашылық кооперативтерінің қарапайым түрлері құрылатынына назар аударған еді. Шынында да ол жерлерде мал өсіру, ішінара егіншілікпен айналысуға болатын еді. Бірақ кейіннен КСРО үкіметі, оны Қазақ АКСР үкіметі мен өлкелік БК(б)П комитеті қолдап, жаппай ұжымдастыру қарқынын төтенше жағдайда орындауды көшпелі және жартылай көшпелі аудан шаруаларына да әкеліп таңды [54, 263б.].

Ұжымдастыру кезеңін Қазақстан тарихында зұлмат жылдары деп атайды. Сталин және оның серіктері орнықтырған ел басқарудың әміршіл жүйесі үстемдік еткен кездегі тарихтың, қасіретті беттері туралы айтып, жазуға бұрын тиым салынған болатын. Бұл авторлардың ат-тонын ала қашатын қатерлі, «жабық тақырыптардың бірі болып келді. Идеология да, саясат та түгелдей көсем сөзіне тәуелді болып, қоғамда болып жатқан құбылыстардың бәрі партияның ел басқару саясатын тек біржақты мадақтаумен ғана шектелетін кезді де тарих бастан кешті. Бұл бір орталықтан басшылық ететін Кеңестік тоталитарлық режимнің билеп-төстеп тұрған кезі, сталинизм дәуірінің қойған шектеулерінен туған құбылыстар еді.

«Сталиндік ұжымдастырудың» Қазақстанда Голощекинше жүзеге асырылуы қазақ халқын қасіреті мол апатты аштыққа душар етті. Қазақ халқы болған бұл апатты құбылыс, оның тарихындағы ең қайғылы кезеңі халық трагедиясы туралы қазіргі кезде айтылып та, жазылып та жатыр. Мұның бәрі бір арнаға түсе келе келешек халық тарихының беттерін құрайтыны даусыз.

Елді ұжымдастыру жұмысы жергілікті ерекшеліктермен санаспай, халықтың тұрмыс жағдайын ескермей орталықтан берген нұсқауды орындаумен шұғылданды. Орталықтың нұсқауы бойынша Қазақстанда ұжымдастыру жұмысын негізінен 1932 жылдың көктемінде аяқтау көзделді. Ал, шаш ал десе, бас алатын жергілікті белсенділер жоғарғы орындардың нұсқауларын бұлжытпай тез орындау міндеті бірінші кезектегі міндетіміз деп санады.

Ел ішіндегі әлеуметтік жағдайға, халықтың тұрмыс жағдайын онша бағдарлай білмейтін, көзсіз көбелектер үшін ұжымдастыру туралы тапсырма орындауды кезектегі екпінді майдан болып табылды. Ал Орталық басқару жүйесі, әлі республикалық органдар, олардың бұл әрекеттерін үнемі қолдап, қуаттаумен болды.

Ұжымдастыру мәселесіндегі еріктілік принципі мен заңдылықтың бұрмалануы шаруаларға ашықтан-ашық қысым көрсету арқылы колхоздарға біріктіріп, мал-мүліктерін күштеп ортақтастыру немесе конфискелеу жұмысының жаппай заңсыз жүргізілуі олардың наразылықтарын туғызды.

Қазақ даласындағы әсіресе революциялық шаралар мен олардың күшпен іске асырылуы халықтың наразылығын туғызбай қойған-жоқ. 1928 ж. ірі байларды тәркілеуге ұшыратқанға дейінгі кезеңнің өзінде Кеңес өкіметіне қарсы әр жерде байқалып қалып жүрген наразылықтар мен бас көтерулер енді халықтың көпшілік бөлігін қамти бастады. Егер осыған дейін наразылық білдіріп, қолына қару алғандар негізінен бұрыннан үстемдік етіп, Кеңес өкіметі тұсында баяғы күйінен айрылып қалғандар деп түсіндіріліп келсе (олардың ішінде орыс деревняларында тұратын бұрынғы ақ қазақ әс-керлерінің де өкілдері бар), ендігі жерде өкіметтің қатаң саясаты мен зорлық-зомбылығынан жәбір көрген қарапайым шаруалар да атқа қонып, өз мүддесін қорғауға талпынды. Зерттеушілер М. Қозыбаев, Қ. Алдажұманов, Ж. Әбілқожин бұрынғы ОГПУ-НКВД-ның құпия сақталған құжаттары бойынша шаруа көтерілістерін былай сипаттайды: «Қазақ шаруаларының ұйымдасқан алғашқы көтерілістері 1929 ж. күзде басталып, 1931-1932 жж. дейін созылды. Бірақ олардың бәрі де көптеген ауылдарды, ал кей жағдайларда бүтіндей бір, немесе көршілес бірнеше аудандарды қамтыса да, бір-бірінен оқшау, шаруалардың стихиялық түрде басталған көтерілістері болып қала берді. Сондықтан олар осындай жағдайларда құра қою 20-шы жылдардан дәстүрге айналған коммунистік отрядтардың және әскер бөлімдерінің күшімен сыпыра басылып отырды. Қарусыз бейбіт шаруалардың мұндай күшке төтеп бере алмауы түсінікті болатын.

Шаруалар тарапынан қаншама қарсылық болып, көтерілістер күшпен басылса да өкіметтің колхоздастыру мен азық-түлік дайындау саясаты өзгермеді. Ашаршылық төніп келе жатқан халыққа ет пен мал дайындау жоспарын күштеп орындату тоқталған жоқ. 1931 жылы ақпанда болған Каз- крайкомның Бюросында сол жылға Қазақстанға берілген ет дайындау жоспарының 70%-ін бірінші кварталда орындау жөнінде шешім кабылданды. Мәжіліске Москвадан арнайы келген А.И. Микоян мен ВЛКСМ Орталык Комитетінің хатшысы Чаплин де осыны талап етіп, тұқыртты. Міне осы науқанды жүргізу әбден титығына жеткен халықты қайтадан көтеріліске шығуға мәжбүр етті.

Шындығына келгенде Қазақстанда болған шаруа көтерілістері өкіметтің теріс саясатына наразы болған бүкіл елдегі шаруалар козғалысының кұрамдас бөлігі болатын. Сондықтан 1929-1931 жж. оқиғалар елді азамат соғысы жағдайына алып келді. Өкіметтің қолдан жасаған қуғын-сүргініне шыдамай үдере көшкендер өздерінің туып-өскен жерінен безуге мәжбүр болды.

Ұжымдастыру жылдары шаруалар орасан зор репрессияға ұшырады. 1929-1931 жж. көтерілістер мен толқулар 80 мыңға жуық адамды қамтыды. Қуғын-сүргінге ұшырап, қорлық көрген сорлылардың көпшілігі ата мекенін тастап, енді біразы шетелге өтіп кетті. Жергілікті белсенділердің көмегімен (азаматтық сот жүйелерін былай қойғанда) тек ОГПУ үштігінің үкімімен 1929-1931 жж. жоғарыда айтылған көтерілістерге қатынасқаны үшін Қазақстаннан 5551 шаруа сотталып кетті, олардан 883 адам атылды [15,265б.].



Өзінің саяси-экономикалық талаптары дұрыс болғанымен, шаруа көтерілістері жеңіліске ұшырайтыны әуел бастан белгілі еді. Өйткені тап күресін шиеленістіріп, шаруалардьщ өз арасында алауыздық туғызу, жұмысшы табының мүддесі мен индустрияландыру мәселесін ауыл мен деревняны сыпыра тонау арқылы іске асыру бұған негізгі себеп болды. Сондықтан шаруалардың өкіметке наразылығы қала халқы тарапынан қолдау тапқан жоқ. Ауыл халқы басқа түскен тағдырға көнуге мәжбүр болды. Бірақ алда мұнан да сұмдық нәубет – ашаршылық келе жатқан еді».

Жер-жерлерді жергілікті өкімет органдарына қарсы шаруалар көтерілістері болып жатты. Біз, бұл арада республикада жүргізілген ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мәселесіндегі жіберілген бұрмалаушылықтар мен қателіктерге байланысты әңгімелеп отырмыз.

Қазақстан ауыл шаруашылығын лениндік кооперативтік жоспардың негізінде қайта құрып, бай-кулактарды кәмпескелеу мәселесіне арналған еңбектер өте көп. Бірақ бұлардың бәрі 20-30-шы жылдардағы сталиндік әкімшілік жүйенің қалыптастырған «теорияның» яғни сталиншілдендірілген марксизм-ленинизмнің тұрғысынан жазылды. Бұл сол кездегі партия мен үкіметтің ел басқару саясатын барынша мадақтап, болып жатқан өрескел бұрмалаушылықтар мен кемшіліктерді, тіпті халық трагедиясын да жаңа социалистік қоғам құру жолындағы заңды құбылыс деп көрсетуге тырысушылықта аз болған жоқ.

Демократия мен социалистік идеяның атын жамылып, сталиндік әкімшілік халықты, әсіресе шаруалар бұқарасын ауыр күйзеліске, душар етті. Социализмнің асқақ принциптері мен идеялары аяққа басылды, жоғарғы әміршінің айдауына көніп, нұсқаған жолымен жүрді. Хан еріксе, халық ойыншық болады деген осы да.

Біз жоғарыда Қазақстанда ұжымдастыру науқаны негізінен 1932 жылдың көктемінде аяқталуға тиіс болды дедік. Бұл республиканың астықты аудандары үшін берілген нұсқау болатын. Елімізде жаппай ұжымдастыру науқаны әр зонаның ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлініп жүргізілді де, әртүрлі мерзім белгіленді. Қазақстан екінші топтағы аудандардың қатарына жатқызылды. Белгіленген нұсқауды мерзімінен бұрын орындау ол кезеңнің дәстүрлі салты, революциялық қарқынының нышаны саналатын.

Ал тапсырманы мерзімінде орындамау, не орындай алмау тәртіпке шақырылып, мұндай қылық «оңшыл оппортунизмнің», тіпті, керек болса, қастандықтың нышаны деп те танылатын. Әрине, жазғырылу мен жазаланудан аулақ болу үшін барлық айла шарғылар қолданылып, ерте орындалды, асыра орындалды деген рапорттар мен мәліметтер әр саладан келіп құйылатын да жататын. Ұжымдастыру кезінің белсенділері дағдыланған іс әрекеттері осындай еді. Қандай белсенділік! Бұл белсенділіктің қандай зардаптары болғанын тарих көрсетті.

Алайда 20-жылдың ортасына дейін жаңа экономикалық саясат жөніндегі лениндік идея жүзеге асырылып, республиканың жергілікті халқының шаруашылыққа және тұрмыс жағдайына сай келетін байсалды шаралар жүргізіліп келді. Ауыл шаруашылық кооперациясы жөніндегі жұмыстың баяу да дұрыс бағытта жүргізіліп келе жатқанын 1926 жылы қарашаның аяғында болған БОК/бП-ның Қазақ өлкелік партия Комитет пен Өлкелік Бақылау Комиссиясының Біріккен пленумі өтті. Кооперация жұмысының Қазақстанда баяу дамып отырған себебі шаруашылық түрі мен көшпенді тұрмыс жағдай бұл мәселеде ерекше іс әрекетін қолдануды талап етеді деп пленум мойындады. Баяу болса да дұрыс бағытта жүргізіліп келе жатқан жұмыс 20 жылдардың аяғына қарап сталиндік әкімшілік жүйенің пікірі мен валютаристік жолмен, ұжымдастыру жұмысы шаруалар арасында өзінің еріктілік сипатынан айырылды, бірбеткей шапшаң қарқынмен жүргізіле бастады.

Мәдени-әлеуметтік тұрғыдан алсақ, отырықшылану шаруашылықты түбірлі өзгертіп қайта құру ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының барлық әлеуметтік және тұрмыс жағдайларына әкелгені рас. Колхоздастыруда ауыл шаруашылығын шұғыл көтеретін шара еді. Алайда ол дәстүрлі күн көру экономикасын қырып-жоймай экономикалық негізде орындалса әңгіме басқаша болар еді.

Колхоздастыру, егіншіліктің дамуы 30-жылдары мал шаруашылығын өркендетуге септігін тигізген жоқ. Бірыңғай мал шаруашылығымен айналысатын 47 аудандар 1931 жылы 914 мың гектар жерге егін екті. Ал, бұрын ешқандай егін екпейтін 25 ауданда 1931 жылы егіс көлемі 105,5 мың гектарға жетті. Сонымен қатар шөп шабатын машина станцияларының құрылуына шаруалардың отырықшыланып коллективке ұйымдасуын да айрықша маңызы болды. 1931 жылы республикада 108 шөп шабатын машина станциясы құрылды. Бұл машина станциялары 1650 колхоздың және 230 мал серіктерін қамтыды. Бұл шаруашылықтарға 3458 мың гектар жердің шөбін орып, 1931 жылдың шөп ору жоспарын 173 пайыз орындады [55, 17б.].

Шөп шабатын станциялар ауыл шаруашылығын ұжымдаструда, шаруаларды отырықшыландыруға, жемшөптің берік қорын жасауда айрықша роль атқарды. Мал шаруашылығы үшін жемшөп қорын жасаудың негізі қаланды. Бірақ мал шаруашылықты аудандарда сол жылдары мал басы күрт азайып, 47 млн бас малдан небәрі 4,5 млн ғана қалды. Шөп шабу станцияларының негізгі міндеті – мал шаруашылығын көтеру және оны қайта құру, біздің көшпелі мал шаруашылықты аудандарда жемшөп дайындау міндетін орындауы 1933 жылдан кейін ғана нәтиже берді [55, 17б.].

Қазақстанның мал шаруашылықты аудандарында шөп шабатын машина станцияларының құрылуының ауылды ұжымдастыруда, шаруаларды отырықшыландыруда өте маңызы күшті құрал болғанын айту қажет.


жүктеу 116,94 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау