Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігі



жүктеу 116,94 Kb.
бет9/10
Дата06.01.2022
өлшемі116,94 Kb.
#36894
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
stud.kz-92540

Қорыта келгенде, шаруашылықтардың отырықшылық тұрмысқа ауысып, колхоздасудағы тағдыры қиын болғанын айту керек. Олардың ашаршылық кезіндегі өмірінде тартуда машина-трактор станцияларының да айтарлықтай роль атқарды. Машина-трактор станциялары ұжымдасқан шаруаларға қуатты машинаның көмегімен олардың егістік жерлерін ұқсатып берді. Тұқым септі. Егін жинады. Шаруалардың көпшілігі МТС-тердің көмегіне сүйенді Ашаршылықта аман қалуға септігін тигізді. 1929 жылдың аяғында МТС-тер барлық 480 ге жуық қазақ шаруашылықтарын қамтыған еді. 1930 жылы 29 МТС қамтитын жерлерде отырықшылыққа көшкен шаруалардың саны 18 686 үйге жетті, ал 1931 жылы ұжымға көшкен шаруашылықтарда 24 МТС жұмыс атқарды [56, 15 б.].

Қазақстан жағдайында ұжымдастырудың көшпелі шаруалар тұрмысын қайта құрудағы нәтижесі осындай еді. Колхоз құрылысы ауыл шаруашылығын кейіннен дамытуға жол ашқаны рас. Халықтың мәдени-рухани өсуіне де септік етті [57,60б.].

Мал шаруашылықты аудандарда ұжымдастыру көшпелі тұрмыстан отырықшылыққа өтумен қатар жүргені айтылды. Ұжымдастыру республиканың ауыл шаруашылығын қайта құрудың аса маңызды практикалық міндеті деп саналды. Сондықтан да Кеңес мемлекеті көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыруға мүдделі болды, оған қаржы берді. Мысалы, Қазақстанның ауыл шаруашылығына 1928-1929 жылы 42,3 млн сом, ал 1929/30 жылдары 121,6 млн сом қаржы жұмсалды. Мұның мақсаты шаруаларды ұжымдастыру және отырықшыландыру арқылы оларды дәстүрлі өмір сүру жүйесінен айырып, кеңестік ұжымдық (мемлекеттік) шаруаға айналдыру еді. Колхоздастыру қазақ шаруалары отырықшыландырудың төтенше жағдайда іске асырылған науқаны болды. Себбі жерге орналастыру арқылы біртіндеп отырықшы-егіншілік немесе аралас шаруашылық түріне көшіруден бұл ұжымдастыру жедел іске асатын әдіс болды.

2.2 Аграрлық саясаттың шынайы ақиқаты

Көшпелі және жартылай көшпелі шаруаларды кеңестік жағдайды жоспарлы түрде жаппай отырықшыландыру жұмысы үкімет тарапынан арнайы мемлекеттік орган құруды қажет етті. Мұны одақтық үкімет те талап етіп, өз қадағалауына алды. 1930 жылы ақпанда КСРО Совнаркомы (үкіметі) Қазақстанның 1930 жылы арналған шаруашылық жоспарын бекітті. Онда шаруаларды орнықтыруға (оседание) ерекше нұсқау берді[30].

1930 жылы 2 қаңтарда Қазақстан АКСР Орталық Атқару Комитетінің екінші сессиясы қазақ шаруаларын отырықшылыққа айналдыру жолдары туралы қаулы алды. Қаулыда былай делінген: “Қазақ шаруашылығын социалдық негізге қайта құру дәуірі, Қазақстан шаруасының қарқынды түрде ілгері басуы, қазақ елінің ауыл шаруашылығы коллектив жолымен қоныстандырылып және отырықшылыққа айналдырылып, оның өсуі екпінді түрде жүргізілуді керек етіп отыр”. Осыған сәйкес сессия қысқа мерзімде қанша шаруаны қоныстандыруы туралы нақты нұсқау берді. “Бес жылдың ішінде Қазақстанның солтүстік және оңтүстік аудандары қоныстандырылып болуы керек. Бес жылдың аяғында 808 мың үй (отбасы) қоныстандырылып, 567 мың үй агрономдық жолдармен отырықшылыққа айналдырылсын”. Алайда, сессияның қаулысы жоспарлы түрде жаппай отырықшылыққа көшуді мәлімдегенімен, жаппай ұжымдастыруға бет алған елде онсыз да шаруалар бір тұрақты мекенге орналасатынын әдейі айтпады.

Сессия шешімі ойынша “отырықшылыққа айналу жөніндегі барлық жұмыстарға басшылық етіп отыруға Халық Комиссарлары Кеңесінің жанынан әдейі арнаулы комитет құрылсын”, - деп нұсқау берілді [58, 19б.]. Сөйтіп Халық Комиссарлары Кеңесінің жанынан отырықшыландыру комитеті (Оседком) құрылды [58,1б]. Комитетке Комиссарлар Кеңесінің төрағасы (О. Исаев) басшылық ететін болды. Осындай комитеттер округтік, аудандық кеңес комитеттері жанынан да құрылып, оларға тиісті кеңес комитетінің төрағасы басшылық етті. Сол кездегі үкіметтің ресми саясаты бойынша жергілікті жердегі Кеңестер, қоғамдық ұйымдар, кооперациялар, ауылшаруашылық кооператив одағы, барлық шаруашылық өндіріс орындары өз жұмыстарын отырықшыландыруға байланысты қайта құруға міндетті болды. Жаңа орналасқан ауылдарда мектеп, дәрігерлік пункттер керек еді. Сондықтан, халық ағарту мекемелері, денсаулық сақтау және жер мекемелері тарапынан істелетін жұмыстар да кешенді түрде ұжымдастыру шараларымен тығыз байланысты жүргізілді.

Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесі 1930 жылғы қаңтарда осы мәселені талқылап, нақты шаралар белгіледі. Ол Қазақстан Орталық Атқару Комитеті екінші сессиясының қаулысын жүзеге асыру үшін және де Қазақстанның жалпы халық шаруашылығын дамытуда көшпелі шаруаны, батрактарды, жалшыларды, орта шаруаларды отырықшылыққа айналдырудың маңызына тоқталды. Онда Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесі жанында отырықшылық жұмысын басқаратын комитет жұмысының міндеттері белгіленді. Үкімет Орталық Атқару Комитетінің қаулысына сәйкес комитеттің басшысы болып тағайындалған республиканың Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы О. Исаевтың баяндамасын тыңдады. Сөйтіп отырықшылық жөнінде арнайы мемлекеттік аппаратты құрылды және оған Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы тағайындалды. Бұл отырықшылыққа көшіруді қамтамасыз ететін орган ретінде оның рөлін күшейтті. Дегенмен, отырықшыландыру жұмысы ұжымдастыру арқылы жүргендіктен, мұның Жер халық комиссариаты қызметінен айырмашылығы болған жоқ.



Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанындағы отырықшылық комитетіне көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқын қоныстандыру ісіне жалпы басшылық ету тапсырылды. Отырықшылық комитеті қоныстандыруға байланысты шараларды жүргізетін барлық мекемелердің жұмысын үйлестіретін мекеме іспеттес болды. Республиканың әр жерінде қоныстандыру ісін жүргізетін округтік, аудандық, ауылдық кеңес атқару комитеттері мен ұйымдар, басқа да толып жатқан мекемелер мен халық комиссариатының қоныстандыру жөніндегі жүргізген шаралары мен міндеттерінің орындалу барысы туралы мәлімет Отырықшыландыру комитетіне түсіп отырды. Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің жанындағы Отырықшыландыру комитетінің мүшелерін Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің Төралқасы тағайындады және оның құрамына міндетті түрде Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы, оның орынбасары және Жер-Су Халық Комиссариатының, өлкелік колхоз одағының, тағы басқа Халық Комиссариаттары мен ұйымдардың өкілдері енді. Республикалық отырықшыландыру комитетінің күнделікті жұмысшы аппаратының құрамы мынадай болды: Комитет басшысының орынбасары, экономист, екі нұсқаушы және статистик-секретарь. Комитеттің техникалық жұмыстарын атқару Қазақ АКСР Халық Комиссариаты Кеңесінің іс басқармасына жүктелді [58,20б.]. Отырықшылық комитетінің мәжілісі әр апта сайын өткізіліп тұрды. Шұғыл қаралатын мәселенің көбейіп, тез шешілуі қажет болған жағдайда комитет мәжілістері жиі шақырылатын кездері де жиі болды.

1930 жылы ақпанда Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті Халық Комиссарлары Кеңесінің жанындағы отырықшылық Комитеті туралы жасалған Ережені бекітті. Осы Ережеде отырықшылық комитетінің атқаратын нақты міндеттері мен құзыры төмендегідей болып белгіленді. «Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің қаулысы 1930 жыл 19 ақпан көшпелі, шала көшпелі қазақ халқын отырықшылыққа айналдыру жұмысын басқаратын комитет туралы Ереже. І. Қазақстан [Халық] Комиссарлар Кеңесі жанында ұйымдастырлған комитет көшпелі, шала көшпелі қазақ халқын отырықшылыққа айналдыру жұмысына жалпы басшылық қылады. Отырықшылыққа айналдыру жөніндегі жұмыстардың басын құрастырып, шешіп бұл мәселелерді жеке комиссариаттармен, ұйымдармен округтің кеңес комитеттерімен бірлестіріп отырады. Көшпелі шала көшпелі қазақ халқын отырықшылыққа айналдыру ісін басқаратын комитеттің міндеттері мыналар: а) отырықшылыққа айналдыратын аудандарда, олардың санын белгілеу; б) орындарда және республика ішіндегі переселендерге отырықшылыққа айналуына жәрдемдесу; в) отырықшылыққа айналып жатқан қазақ шаруаларын коллективтендіру негізінде жолға салып мал және егін шаруашылығын өнікті білім жолына салуға шара қолдану... Бұл міндеттерді орындап шығу үшін комитетке мыналар жүктеледі: а) Қазақстан Жер-су комисариатының, коллектив одағының басқа комиссариаттарымен мекемелердің отырықшылыққа айналдыру жөніндегі іс жоспарларын қарап қорытынды беріп отырады; б) отырықшылықтың айрықша арнаулы мәселелерін қарап шешіп, заң жолымен орындалатын жұмыстар туралы ұсыныс енгізеді; в) отырқшылық мәселесі туралы мәжілістер шақырып отырады, отырықшылыққа айналдыру жұмысының жоспары қалай орындалып жатқандығын зерттеп отырады. Мұның үшін төменгі орындардың ісін тексереді. Отырықшылыққа айналдыру ісінің жоспары тапсырылған мекемелердің есептерін, баяндамаларын тыңдап отырады; г) көшпелі, шала көшпелі қазақ халқын отырықшылыққа айналдыру ісіне көмектеспекші болған әлеумет ұйымдарының жұмыстарын бақылап отырады; д) отырықшылыққа айналдырудың мақсаттары мен комитеттің жұмыстарын Қазақстанда қала берді одақ еңбекшілеріне таныстырып отырады; 4) Қазақ шаруалардың отырықшылыққа айналдыру ісіне арнаған қаражаттарды жоспарлы түрде бөліп беріп отырады; 5) Отырықшылық мәселесі туралы республикалық комитеттің шығарған қаулылары әрбір комиссариаттарға, мекемелерге, округтік кеңес комитеттеріне міндетті болып саналады, егерде бірер мекеме риза болмай комиссарлар кеңесіне шағым берген күнде де, ол қаулының жүзеге асырылуы тоқтатылмасқа тиіс; 6) Комиссарлар кеңесінің жанындағы комитеттің мүшелерін Қазақстан Орталық Кеңес Комитеті Президиумы тағайындайды, Республикалық комитеттің төрағасы мен оның орынбасарын да Комиссарлар Кеңесі сайлайды; 7) Округтік және аудандық кеңес комитеттері жанында өздерінің қаулысымен отырықшылық жұмысы жүргізілетін жерлерде округтік комитеттер мен аудандық комиссиялар ұйымдастырылады. Бұлар республика комитетінің директиві бойынша тиісті кеңес комитеттерінің басшылығында жұмыс істейді; 8) Осы қаулының 7 пунктіндегі ереже бойынша ұйымдастырылған округтік комитеттермен аудандық комиссиялардың неше адамнан құрылатындығын тиісті кеңес комитеті шешеді. Комитеттер мен комиссияға кеңес комитеттерінің төр ағалары, жер бөлімінің және коллектив одағының өкілдері кіргізілуі тиіс; 9) Отырықшылық жұмысын басқаратын республикалық және округтік комитет жанында керекті қызметшілер ұйымдастырылады, штат тағайындау тәртіп бойынша мөлшерленеді, комитеттің кеңсе жұмысын атқару ісі Комиссарлар кеңесімен тиісті кеңес комитеттерінің кеңселеріне жүктеледі; 10) Республика комитетінің сметасы Комиссарлар Кеңесінің сметасымен қоса өткізіледі. Округтік және аудандық комиссиялардың сметалары тиісті кеңес комитеттерінің сметаларымен қоса өткізіледі; 11) Отырықшылық жұмысын басқаратын республикалық комитет комиссарлар кеңесінің мөрімен пайдаланады» [31].

Осы бекітілген ережеде айқындалып тұрғандай, отырықшыландыру комитеті ұжымдастыруға, сол кездегі қағида бойынша ауыл шаруашылығын «социалистік жолмен» дамытуға байланысты аса маңызды шараларды жүзеге асыруға тиіс болды.

Ережеде жазылғандай, Отырықшылық комитетінің заң бойынша құзыры әжептәуір болды. Оның қабылдаған шешімдері мен ұсыныстарын орындау республиканың барлық мекемелеріне тікелей міндетті болды. Сонымен қатар барлық өлкелік ұйымдармен округтік кеңес комитеттері отырықшылық ісін басқаратын басқарушы әрі үйлестіруші республикалық комитетке отырықшылық жөніндегі жұмыстардың барысы туралы он күнде бір мәлімет тапсырып отыратын болды. Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесі 1930 жылғы 30 наурызда қабылдаған шешімінде бұған комитет құрылымындағы мекемелердің назарын аударды.

Жергілікті партия-кеңес мекемелері БК(б)П Орталық Комитетінің сол кезде қалыптасқан науқаншылдық нұсқауымен ауылдың негізгі кедей және орта шаруа бұқараларын отырықшылық жоспарын орындауға, соған міндеттеуге кірісті. Мәселені тығыз түрде шешу қажет болып қалған жағдайда, кеңестік «үштік» дәстүрімен отырықшылық комитетінің үш кісіден тұратын жұмысшы аппараты қарап шешетін болды. Жұмысшы үштігі Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасынан не орынбасарынан, Жер-су Халық Комиссариатының басшы қызметкерінен және өлкелік колхоз одағы басқармасының өкілінен құралды. Кей жағдайда отырықшылық комитеті мүшесінің басшылық етуімен Жер-Су Халық Комиссариатының және отырықшылыққа байланысты жұмыстарды орындауға қатысы бар мекеме басшыларының қатысуымен қаражат бөлу, жер-жерге нұсқау түсіру, көрнекті құрал ретінде әдебиет пен үгіт-насихат плакаттарын жіберу сияқты мәселе туралы техникалық мәжілістер де өткізіліп тұрды. Отырықшылыққа өткізу шаралары жүріп жатқан жерлерде, жоғарыда айтылғандай, арнайы комиссиялар құрылды. Олар отырықшылыққа өтетін шаруалар санын анықтау үшін республиканың округтік атқару комитеттері мен аудандық атқару комитеттерінің жанында көшпелі, жартылай көшпелі халықты отырықшыландыру жөнінде округтік, аудандық комитеттер құрды. Бұл комитеттер республикалық отырықшыландыру комитетінің нұсқауларын тиісті атқару комитеттерінің басшылығымен іске асырып отырды[58,22б]. Бұл ұйымдардан басқа халықты қоныстандыру жөніндегі округтік және аудандық мекемелердің жанынан отырықшылық ісіне жәрдемін тигізетін көптеген әртүрлі комиссиялар жұмыс істеді. Мысалы, ауылдық кеңестерде, жақын орналасқан өнеркәсіп орындарында қоныстанушы шаруаларға көмек ету мақсатында аудандық отырықшылануға көмектесу комитеті ұйымдастырылды. Бұл қоғамдық комитеттер Қарағанды, Семей, Қызылорда, Ақтөбе, Орал және Алматы тағы басқа жерлерде құрылды. Қала мекемелері мен шаруаларға шефтік жәрдем беруге тырысты. Сонымен қатар жергілікті жерлерде бұл комитетке көмек беретін ұйымдар да құрылды.

Жалпы жаппай ұжымдастырумен қатар жүрді. Сондықтан бұл отырықшылық шаралары науқандағы кемшіліктер мен қиындықтар, трагедиялық оқиғалар тікелей ұжымдастыру науқанының нәтижесінде орын алды. Осының салдарынан отырықшыландыру ісі кеңінен басталған кезде Республикалық Отырықшыландыру комитеті оперативтік барлық шараларды жүзеге асыруға шамасы келмеді. Алайда отырықшыландыру жұмысының барысына Халық Комиссариаттары кеңесі мен өлкелік және жергілікті партия ұйымдарының да толық қадағалауға мүмкіншілігі болған жоқ. Себебі зорлық-зомбылықтан шаруалардың ауа көшуі, аштан қырылып қалуы жиі болды. Ал бұл Қазақ АКСР-ы басшылары мен БК(б)П Өлкелік комитетінің хатшысы Ф. Голощекиннің саясаты еді. Сондықтан кеш те болса бұл отырықшыландыру ісіне жауапкершілікті арттыруды және осыған байланысты республикалық Отырықшыландыру комитетінің жұмысын қайта құруды қажет етті. Өлкелік партия комитетінің және Қазақ АКСР Жұмысшы-шаруа инспекциясы Халық Комиссариатының 1930 жылғы 5 тамыздағы және Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1930 жылғы 6 және 15 тамыздағы қаулыларына сәйкес Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанындағы отырықшыландыру комитеті таратылып, қайта құрылды. Халық Комиссарлары Кеңесінің 1930 жылғы 15 августағы шешімі бойынша, оның жұмыс құзыры кеңейтілді. Жаңадан құрылған комитет құрамы алдындағы құрамда қайта құрылса да, жергілікті орындарға бұрынғыдан гөрі кеңірек нұсқау беріп отыратын рұқсат алды. Штатына қосымша бірнеше инспектор берілді [59,30б.]. Осы қайта құрылуына сәйкес отырықшыландыру шараларын жүргізіп отырған тиісті мекемелерге басшылық нұсқаулардың бәрін Халық Комиссарлары Кеңесі жанындағы республикалық Отырықшыландыру комитеті беретін болды. Сонымен қатар, жаппай отырықшылануға қатысты өндірістік жоспарларды жасау және отырықшыландыру барысындағы күнделікті жұмыстарды атқару, жоғарғы орындардың алдында есеп беріп отыру міндеті Жер-Су Халық Комиссариатына жүктелді. Осы жұмыстарды атқару үшін Жер-Су Комиссариатының аппаратында отырықшыландыру жұмысын басқаратын арнайы сектор құрылды. Осыған орай республикалық отырықшыландыру комитеті мен Жер-Су комиссариатының отырықшыландыру секторының нұсқауларын орындау жергілікті атқарушы органдарға міндетті болды [28,355б]. Отырықшылыққа айналдырылған ауылдардың арасында көпшілік жұмыстарын жүргізу, оларды артельге енгізу, қоғамдастырлған ұжымдық шаруашылықтарын құру, осыған байланысты өндіріс құралдарын, құрылыс жұмыстарын, еңбек ақы жағдайларын ұйымдастыру біртіндеп жолға қойыла бастады. Отырықшыланған шаруалар үш жылға салықтан босатылды. Ал артельге, ұжымшарға енген шаруалар бес жылға дейін салықтан босатылды. Сөйтіп, кеңес өкіметі шаруаларды колхозға осылай біріктірді. Отырықшыландыру шараларын жүргізуге жер бөлімдеріне айрықша міндет жүктелді. Сондықтан да аудандық жер бөлімінің жанында отырықшыландыру жұмысын жоспарлап, қадағалаушы сектор құрылды. Отырықшыланып жатқан аудандардағы басқа да мекемелер мен қоғамдық ұйымдар бұл іске белсене араласты.

Күштеп ұжымдастыру мен ашаршылық меңдеген 1930-1932 жылдары 243 мың көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар отырықшылққа өтті [48, 131б.]. Бұлардың ішінде көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы отырықшыландырудың барысында 143 мың шаруашылық ТОЗ-дармен ауыл шаруашылық артеліне бірікті.

Бірақ ұжымдастырудағы барлық асыра сілтеу осы көшпелі және жартылай көшпелі аудандарда орын алды. Мысалы, 1931 ж. мал шаруашылығы аудандарындағы жер серіктері (ТОЗ) асығыс түрде ауыл шаруашылығы артеліне айналды. Оларды жоғарғы және жергілікті басшылық қолдады. Шын мәнісінде әлі жерге орнығып үлгермеген шаруаларды өндірістің ондай жоғарғы түріне көшіруге алғышарттары жасалмаған еді. 60 мал өсіруші ауданда 2771 ТОЗ-дың 2459 1931 ж. 1 тамызда асығыс түрде артельге, яғни ауыл шаруашылығы артелінің уставына көшірілді. Кейіннен асыра сілтеу зардаптарын жойғанда олар қайта таратылуға мәжбүр болды. Осындай күштеу салдарынан шаруалар босқындыққа ұшырап, ашаршылыққа душар болды. Мұнда тікелей Отырықшыландыру комитетінің де кінәсі бар [36, 13б.].

МТС-тар мен МШШС құрылған соң, солардың көмегімен қоныстанып жатқан 26 ауданда мал қораларын салу т.б. шаруашылық құрылыстарының негізінде отырықшыланып жатқан колхоздарда мал шаруашылықты товарлы фермалар ұйымдастырылды.

Шын мәнінде бұл кезде Қазақстанды ашаршылық нәубеті жайлай бастаған еді. Ал отырықшыландыру ісін басқаратын орган, оның құрамындағы қызметкер санына қарап та, тек ұжымдастыру ісін жедел қарқынмен жүргізіп жатқан Жер-Су Халық Комиссарларының, басқа да атқарушы билік пен партия органдарының қосалқы қызметін атқарушы рөлінде болды.

Көшпелі, жартылай көшпелі халықты жаппай жоспарлы түрде «қоныстандыру» жұмыстары күштеп ұжымдастыру шегіне жеткен 1931 жылы кеңінен етек алды. Алайда бұл сол жылдардағы отырықшыландырудың тәжірибесі бойынша жүргізіліп отырылған жоспарлау жұмысын ұйымдастыру жүйесі, отырықшыландыру жөніндегі барлық шаралар, Жер-Су Халық Комиссариатының отырықшыландыру секторының тарапынан басшылық ету - бәрі де қағаз жүзінде болғанын көрсетті. Өйткені отырықшыландыруға байланысты жұмыстар мен шаралардың көлемі бір ғана Жер-Су Халық Комиссариатының билігі мен көлемінен әлде қайда асып жатты. Себебі мұнда ұжымдастыру еркі бұзылды. Көтеріліске шыққан аш халық жаппай наразылық бұл мәселеде билік өз міндетінен айырылып қалғанын көрсетті. Сондықтан мұның саяси мәні бар еді. Отырықшыландыру шаралары өндіріске, халық ағарту ісіне, денсаулық сақтау жұмыстарына да байланысты болды. Ал бұл мәселелердің бәрін бір ғана Жер-Су Халық Комиссариатының билігімен шешу мүмкін болмады. Өз кезегінде үкімет ұжымдастыру қарқынын жеделдету мақсатында отырықшылыққа байланысты шаралардың бәрін жиыстырып, бір орталықтан басқару үшін Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлары Кеңесі 1931 жылғы маусымда республикалық Отырықшыландыру комитетіне оперативтік жоспарлау құқын берді. Отырықшылық мәселесіне қатысы бар Халық Комиссариаттары мен өлкелік мекемелерге нұсқау беру үшін бұл мекеме Халық Комиссарлары Кеңесінің атқарушы органына айналды. Отырықшыландыру комитетінің Ережесі қайта қаралды және өзгертілді. Сөйтіп Қазақ АКСР Жер-Су Халық Комиссариатының отырықшыландыру секторының штаты отырықшыландыру комитетіне берілді. Халық Комиссариаттары мен өлкелік мекемелердің қызметін реттеу мақсатында отырықшылыққа байланысты нұсқаулардың орындалуына жауапкершілік міндеті Халық Комиссариаттарының орынбасарларының біріне және өлкелік мекемелердің басшыларына жүктелді. Ал барлық аудандағы отырықшыландыру жөніндегі комиссиялардың құрамы сол қалпында сақталды.

Қазақ АКСР-ы үкіметінің төрағасы О. Исаев басқарған республикалық отырықшыландыру комитеті Жер-Су Халық Комиссариатының, өлкелік колхоз одағының жұмыстарына да басшылық жасады. Бұл басшылық ақпарат негізінде істің барысы, оның орындалуы, кемшіліктерін үкіметке баяндау түрінде болды.

Оның күнделікті жұмысында республикалық колхоз одағының мекемелеріне қатысты ауылдағы құрылыс жұмыстарын жүргізуі жайлы, колхозға өндіріс кадрларын даярлау, құрылыс материалдарын жөнелту, жобалау істерімен ұйымдастыру жұмыстарын қадағалау көбірек орын алды. Сондай-ақ аудандардағы колхоз одақтарының жұмысы отырықшылыққа өтіп жатқан халықтың өз ішінен колхоз басшыларын, есепшілер т.б. кадрлар дайындау, арнайы жіберілген нұсқаушылардың отырықшыланып жатқан жерлерге практикалық көмек көрсету сияқты мәселелер оның назарында болды. Республикалық және облыстар мен округтердегі баспаханалар арқылы отырықшыландыру жайында көрнекті плакат, үгіт листовкаларын дайындау да соның міндетінде болды.

Халық аштан қырылып жатса да сол кездегі ауыл шаруашылығы қайтсе де ұжымдастырудың міндеттерін жүзеге асыру мақсатында КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі 1932 жылы қарашада 1933 жылға арналған Қазақ АКСР-ның көшпелі және жартылай көшпелі шаруаларын қоныстандыру жоспарын бекітті. Үкіметтің осы шешіміне сәйкес отырықшыландыру жұмысындағы барлық шараларды жүзеге асыру және осыған байланысты барлық төтенше жұмыстарды жүргізуді ендігі жерде бұрынғыша қайтадан Жер-Су Халық Комиссариатына топтастыру қажет деп табылды. Халық Комиссарлары Кеңесі жанындағы отырықшыландыру комитетіне бұл жұмысқа жалпы басшылық ету және бақылау міндеттері жүктелді [36,65б.].

Республикадағы отырықшыландыру комитетінің негізгі атқарушы органы Жер-Су Халық Комиссариаты болды. Отырықшыландыру комитеті үкімет жанынан құрылғандықтан Жер-Су Халық Комиссариатының отырықшыландыру ісін ұйымдастырудағы жұмысын қадағалап, нұсқау беріп отырды. Әрине, бүгінгі тілмен айтсақ, бұл министрлік бүкіл ұжымдастыру мен ісінде жетекші рөл атқарды. Бірақ бұл құзырлы шаруашылық органы да мемлекеттің сол кездегі жоспарын іске асыратын атқарушы, орындаушы орган болды. Тіптен ол тек шаруалардың колхозға бірігуіне, усадьбалар салуына, ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарын беруге, өндіріс жұмыстарын қамтамасыз ететін орган болды. Оның жергілікті басқармалары өздерінің міндеттерін отырықшыландыру комитетіне аудара салу жағына түсіп кеткен кездері де болды. Сондықтан да республикалық комитет әрбір сектордың, әрбір маманның жауапкершілікті сезініп, өздерінің күнделікті жұмысында отырықшыландыру шараларына айрықша мән берді. Бірақ партия органдары мен үкімет саясатынан асып шыға алмады.

Мәселенің мәнісі Қазақстанда орын алған ашаршылық пен ауыл шаруашылығын ұжымдастырудағы трагедияға байланысты еді. Қазақ шаруаларын ұжымдастырудағы жергілікті басшылықтың мыңдаған адамды босқындыққа ұшырату фактісі, ашаршылық көлемі КСРО орталық үкіметін де бұған назар аударуға мәжбүр етті. Арнайы шығарылған жабық комиссия мұны айқын түсінді. Алайда сол зорлық-зомбылық большевиктер партиясы мен кеңес үкіметінің саясатынан туындағанын, жергілікті билік орталыққа қалай да жағыну үшін бұл науқанды қысқа мерзімде жедел орындағысы келгенін тексергендер айқындай білді. Бірақ өз саясатының басты бағытынан таймаған үкімет ұжымдастыруды, оның құрамына көшпелі шаруаларды бір жерге тұрақтандыру да кіретін, бұған жауапты жеке атқарушы сала бойынша қорытынды жасады.

Отырықшыландыру комитеті РКФСР бригадасының отырықшыландырудың барысын тексеру қорытындысымен келісті және осы бригаданың Республикалық Отырықшыландыру комитетінің жұмысын қайта құру туралы қойған мәселесін дұрыс деп мойындауға мәжбүр болды.

Сөйтіп республиканың алыстағы көшпелі және жартылай көшпелі аудандарындағы отырықшыландыру жұмыстарының өте нашар екендігі анықталды. Осының нәтижесінде тікелей өндірістік мәселелер ауыл шаруашылығын жүргізу, ондағы құрылыс жұмыстары және отырықшыланатын аудандардағы колхоздарды ұйымдастыру, оларды шаруашылық жағынан реттеуге бағытталған күнделікті төтенше басқару, жұмыстары тікелей Жер-Су Халық Комиссариатына және өлкелік колхоз Одағына берілді. Шаруалардың мәдени-тұрмыстық және дәрігерлік-санитарлық жағдайын қадағалауды үкімет халық ағарту комиссариаты мен, Денсаулық сақтау комиссариатына тапсырды. Ал шаруаларды барған жерлерінде өнеркәсіп орындарына, теміржолға, басқа да кәсіпорындарға орналастыруды Еңбек Халық Комиссариатына, РКФСР ауыр өнеркәсіп Халық Комиссариатына және жеңіл өнеркәсіп халық комиссариатына міндеттеді. Бұл сол кездегі халықтың жан айқайынан туындаған шешім болатын. Кеңес өкіметі мен оның отырықшыландыру саласында жүргізген саясатын осылай түзетпекші болды. Қазақстандағы жүйесі ұжымдастыру мен Отырықшыландыру комитеті бұрынғыша қалды, ал айтылған ведомстволарының алдында есеп беріп отыруы міндетті болды [36,125б.].

Осылайша Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің жанынан құрылған отырықшыландыру комитеті өзінің саяси-шаруашылық міндетін жеке дара құзыры бар орган ретінде емес, тәуелді, үкіметтің саяси-ұйымдастырушылық заказын орындайтын орган ретінде қызмет етті.

БК(б)П мен Кеңес мемлекеті сол кездегі идеология – лениндік ұлт саясатын басшылыққа ала отырып, КСРО-дағы барлық артта қалған ұлттарды қоғамдық даму дәрежесі жағынан жоғары сатыға көтеруді ресми жариялады. Әрине, бұрын даму жағынан мешеу қалған Ресейдің аз ұлттарын іс жүзіндегі экономикалық артта қалушылықтан алып шығу жақсы мақсат. Алайда ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру мен қатар іске асырылған отырықшыландыру өзінің мерзімі мен әдістері жағынан тиісті мақсатына жете алмады. Күйреген дәстүрлі көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылық орнына қатаң тәртіпке негізделген ұжымдық қожалық, күйзеліске ұшырап, ашаршылықтан қырылған 2 млн 200 мың халық, босқын болып, ауып кеткен отбасылар осыған дәлел.

Енді кеңес өкіметі әлсіз ұжым шаруашылықтарын, 47 млн-нан 4,5 млн-ға кеміген мал басын қалпына келтіруге мәжбүр болды. Босқындықтан қайтып оралған шаруаларға көмек беруге де шығынданды. Қалыптасқан жағдайда ауылдың материалдық-техникалық базасын жасаудың маңызы бірінші дәрежеге шықты.

Қазақ ауылының жағдайында Кеңес мемлекеті күштеп экстенсивті көшпелі мал шаруашылығын қалпына келтіріп, шаруашылықты өркендетуі мүмкін емес еді. Отырықшылану үшін мемлекеттен берілетін қаржылар негізінен шаруашылық мұқтаждары мен ирригациялық құрылыстарға жұмсалды. Шаруалардың қоныстануына, әсіресе қыстаулардың маңында отырықшыланатын межелер белгіленді. Оңтүстікте суармалы егістік шаралары жүргізілді. 1928-1929 жылдары әкімшілік әдіс әлі кең қолданылмай тұрғанда шаруалардың едәуір қаржы қоныстандыру шараларына бөлінді. 1929-1930 жж. бұған екі еседен астам қаржы берілді [36,126б.]. Ал, 1932 жылы РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақстанның ашаршылыққа душар болған көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарын отырықшыландырудың айрықша маңызын ескеріп, бұған 40 млн сомға жуық қаржы босатты [36, 127б.].

Жаппай ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда жарты миллионнан астам көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар бар еді. Осы көшпелі шаруашылықтарға жоспарлы түрде мемлекеттен жәрдем берудің қаншалықты қажет болғанын мынадан байқауға болады. Мал шаруашылықты аудандар республиканың сол кездегі барлық аудандарының 3/1 бөлігін алды. Жер көлемі жағынан олар 156,1 миллион гектар еді. Республика территориясының жартысынан көбін алып жатты. Қазақстандағы сол кездегі 119 әкімшілік ауданның 9 көшпелі, 85 жартылай көшпелі шаруашылығы бар аудандар еді. 25 аудан шаруалары отырықшы болып саналды. Бұрынғы Адай округінде шаруалар жыл бойы көшіп жүрді. Олардың көшу жолының ұзақтығы мың шақырымға дейін барды. Олар Маңғыстаудан Ақтюбенің Қобда ауданының жеріне дейін көшіп-қонып жүрді. Сонымен қатар халықтың 60 проценті болып отырған кедейлердің өндіріс құрал-жабдықтары болмады [36, 127б.].Олардың егін шаруашылығын өз бетінше жүргізуіне шамасы келмеді. Қолдарында сауын малдары да, жерді ұқсатып пайдаланатын күш-көліктері де болмады. Мұның өзі оларды ауқатты байларға жалдануға мәжбүр етті. Осы жағдайлардың бәрі шаруаларға 20-жылдардың ортасынан бастап мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуін қажет етті. КСРО үкіметі де көшпелі және жартылай көшпелі шаруа қожалықтарын тұрақты бір мекенге қоныстандыруға мүдделі болды. Мұндай жағдайда олардың шаруашылықтарын біріктіруге, басқаруға, мемлекеттік аграрлық саясат жүйесіне ресми тәуелді етуге болатын еді. Ал қазақ ауылындағы патриархалдық-рулық қатынас жүйесі социализм құрылысына сай келмейді деп жарияланды [36, 373б.]. Ендігі жерде шаруалардың бір мекенге тұрақтауы не жайлауға, не Қытайға, болмаса өкімет белгілеген жерге орналасуы қажет болды. Мұны 1929 жылы желтоқсанда болып өткен Қазақстан өлкелік партия комитетінің V пленумы тездету қажет деп шешті. Ол республикада егін шаруашылығын дамытудың бір жолы деп тұжырымдады. Сөйтіп жоспар бойынша игерілмей бос жатқан жерлерді игеру, қазақ шаруаларын отырықшыландыру, ірі колхоздар мен совхоздар шаруашылығын құру егістік жердің жалпы көлемін арттыру қажет делінді. Бірақ көшпелі аудандарда ғана емес, жалпы егіншілік аудандарында да шаруалардың бұған материалдық-техникалық мүмкіншілігі жоқ еді. Мұны ескеріп, өкімет мүмкіндігінше жәрдем мен көмек ұйымдастыруды, әсіресе құрал-саймандармен, күш-көліктерімен қамтамасыз етуді қолға алды.

Қазақстан өлкелік партия комитетінің бюросы 1929 жылы 6 қарашада “Қазақ халқын отырықшылыққа айналдыру туралы” қаулы қабылдады. Өлкелік партия комитетінің осы қаулысында БК(б)П XV съезінің ауыл шаруашылығын ұжымдастыру туралы қарарын жүзеге асырудың Қазақстан жағдайында ерекше маңызы бар деп шешті. Жалпы ресми партиялық ұғымда Қазақстандағы жартылай көшпелі және көшпелі шаруашылық түрлері ауыл шаруашылығын өркендетуге үлкен бөгет жасауда – деп саналды. Сондықтан Қазақстан ауыл шаруашылығындағы басты мақсат – барлық егіншілік кәсібін өркендетуге мүмкіндігі бар аудандарда қазақ еңбекшілерін жерге орналастыру қажет делінді. Өлкелік партия комитетінің ұйғаруы бойынша Қазақстан ауыл шаруашылығының бірінші бесжылдық жоспарында қазақ шаруаларын отырықшылыққа айналдыру мәселесі аса маңызды орын алатын болды. Әрине, бұл кеңестік экономикалық талаптан туындаған шешім еді.

Шаруалардың жеке өзіне де қаражат белгіленді. Жоспар бойынша жалшы мен батрақтардың отбасына мемлекеттен берілетін жәрдем 325,7 сом, ал кедейлер мен орташаларға 61,1 сом болып белгіленді. Жалпы шаруашылықтың әр саласы бойынша 1929 жылы ұжымдасатын, отырықшыланатын шаруашылықтарға берілген қаржы қомақты болды [36, 398 б.].

Шаруаларды жерге орналастырғанда ең алдымен оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету қажет еді. Алдын-ала жүргізілген есеп бойынша шаруалардың үштен бірі мемлекеттің жәрдеміне өте мұқтаж еді. Жалпы алғанда ұжымдастыру жылдары көшпелі шаруаларды жерге орналастыру, тұрғын үй құрылысы, олар біріккен артельдің мал қоралары, астық қоймалары, машина құрал-саймандарымен, күш-көліктерімен қамтамасыз ету, мал дәрігерлік, зоотехникалық, агрономиялық шараларға жұмсалатын қаржының 37,5 пайызы мемлекеттен ұзақ мерзімді несие арқылы өтелді [36, 398 б.].

Отырықшылану тек ауыл шаруашылығында ғана емес, сондай-ақ транспорт пен өндіріс орындарына тұрақты жұмысқа орналасу арқылы да жүрді. Мысалы, 1931 жылы отырықшыланып жатқан шаруашылықтардан өндірістік орындарға 11000 адам қабылданды. Кеңес мемлекеті, оның Қазақстандағы билік органдары мұны үлкен жетістік деп санады. Шын мәнінде бұл ашаршылық қатері мен ұжымдастыру кезіндегі зорлық-зомбылықтан қашып барып, өндіріс орындарын паналағандар еді. Сондықтан кеңестік жүйе отырықшыландырудың осындай «әдістерін» де іске асырды. Әрине, қазақ ұлтынан жұмысшы күші қажет болғанын жоққа шығаруға да болмайды. Ауыл шаруашылығын «социалистік жолмен дамытуда» бұрыннан отырықшыланған ұсақ ауылдардың қоныстануы да тиімді болған жоқ. Өйткені аз ғана үйлерден құралған ұсақ ауылдарда ірі ұжымдық өндірісті құруға, колхоздың товарлы фермасын ұйымдастыруға және әрбір ұсақ ауылдарда мәдени мекемелерді көбейтуге, мектеп салуға мүмкін емес еді. Сондықтан ұжымдық шаруашылық кезінде ауылдарды топтастырып қоныстандыру міндеті қойылды.

Отырықшыланып жатқан колхоздарға мемлекет тарапынан жәрдем бермейінше олардың экономикасын, шаруашылығын түзеу мүмкін болмады. Бұл жөнінде жергілікті жерден түскен хабарлар былай дейді. Алыстағы аудандарда материалдық базасы жоқ асығыс құрылған артельдер (ұжымшарлар) көп болды. Ал оларға біріккендер негізінен кедейлер еді. Сондықтан олардағы азы-аулақ қарапайым құралдар және жұмыс малының (жылқы, өгіз) аздығы жер өңдеуге, егіншілікпен қоса айналысуға мүмкіндік бермеді. Егер шаруалардың колхоз өндірісіне сенімі болмай отыр. Міне осындай шаруашылықтарға құрал-сайман, трактор берілсе, шын мәнінде кедей және орта шаруалардың артельдегі жұмыс нәтижесі табысты болар еді. Алайда, машина жасаушы кеңестік өнеркәсіп ол кезде әлсіз болатын.

Жаңадан қоныстанып жатқан шаруаларға қоғамдық көмектің бір түрі ретінде оларға көрші орыс шаруаларынан құрылған колхоздардың жәрдемін ұйымдастыру еді. Себебі жерге орналасқан көшпелі шаруаларда алғашында егіншіліктің әдісін меңгеру жетік болмады.

Шаруашылық құрылыстарын, мәдени, тұрғын үй салу ісі де қиын болды. Сондықтан құрылыс істерін жүргізу үшін қалалардан арнайы өндірістік бригадалар жіберілді. Бұлар жақын жердегі өнеркәсіп орындарынан келген жұмысшылар болатын. Олар шаруаларға келіп, құрылыс және ұсталық жұмыстарын атқарды. Құрылыс істері мен егіншілікті меңгеруде қазақ шаруаларының өз ішіндегі шеберлері көп жұмыс атқарды. Себебі шаруалар баспанасын өздері салуға мәжбүр болды. Қазақ арасында бұрыннан бар шебер балташылар, темір ұсталары, құрылысты, егіншілікті меңгерген адамдар көбейе бастады. Бұларға жіберілген өндірістік бригадалар да мектеп, мәдениет ошақтарына арнап құрылыс салуға көп жәрдем берді. Бұл бригадаларға өздері мүдделі ауыл адамдары түгел көмектесті. Мысалы 1930 ж. шалғайдағы Созақта қаладан келген құрылысшылар аурухана, мектеп салды. 1930-1931 жылдары отырықшылыққа көшіп жатқан аудандарда мұндай бригадалар көп болды.

Жерге орналасып жатқан қазақ ауылдарының бәрінде де тұрмыс-тіршілік осындай еді. Отырықшы болуға белгіленетін аудандарда халықтың арасында үгіт-насихат және түсінік жұмыстары пәрменді жүргізілді. Мұнда ең алдымен ауылдық кеңестер мен партия ұйымдары болып жатқан науқандарды іске асыру құралына айналды. Тіптен олардың үгіт-насихаты бұйрық пен өктемдік сипатында болды. Отырықшыланатын елді пункттерде комсомол, кәсіподақ ұйымдары халық арасында осындай жұмыс істеді. Ауылдық кеңестер бұл іске таптық тұрғыдан қарады. Кедейлер тобы да ұжымдастыру мен отырықшылық ісіне тап күресі негізінде белсенділік танытты. Сол кездегі саясат бойынша жаңа тұрпаттағы кеңестік әйелдердің жиылысы, жалпы белсенді кедей шаруалар жиналыстары жиі өткізілді. Осының бәрі отырықшылыққа өтуге халықты кеңінен үгіттеуге бағытталды. Кеңестік билік отырықшылыққа өтуге байланысты бұл жиылыстарда ауылдың кедей- орта шаруалар бұқарасына сүйенді. Әсіресе кедейлер мен батрақтардан белсенді топ құрып, тірек етті.

Республикалық билік жүйесі отырықшыландыру комитеті арқылы алыс аудандарға арнайы бригадалар жіберді. Олардың құрамындағы мамандар ұжымдық шаруашылықтарға құрылыс жобасын, жерін саралауға көмектесті отырықшыландыру жұмысын жүргізді . Ең алыстағы ауылдардың тұрғындары олардан шаруашылық жоспары, агрономиялық әдістер, ветеринариялық мәселеде кеңес алды. Бұлар құрылыс жұмыстарын жүргізудің жоспарын жасауға белсене қатысты.

Орналасқан ұжымдық ауылға су мәселесі де маңызды болды. Жерге орналастырушы бригадалар елді пункттерді суы бар жерлерге жобалады. Бірсыпыра жерлерде отырықшылыққа өтетін шаруалар мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың жәрдемін күтпей-ақ, қажет жұмыстарды өздері атқарды. Көптеген ауылдарда шаруалар өз тұрмысына қажет болған соң өз иницативасы бойынша құрылыс жұмыстарын өздері жүргізді. Отырықшыландыру комитеті шаруалардың бұл ісіне қолдау көрсетсе де, негізгі салмақты шаруаның өз мойнына артты.

Ұжымдасып жатқан шалғай аудандарда кеңес мемлекеті халыққа білім беру мәдениетін көтеруді де мақсат етті. Жоспарлы түрде отырықшылық жүріп жатқан аудандарда сауатсыздықты жою пункттері ашылды. Ондай ауылдарда «қызыл бұрыш», кітапхана сияқты басқа да көптеген қарапайым мәдени-ағарту мекемелері ұйымдастырылды. Бастауыш мектептер ашылды. Отырықшыланатын аудандарда шаруашылық және құрылыс жұмыстары ойдағыдай жүрген жерлерде жұмыстың алғашқы нәтижесі көріне бастады. Бұлар ашаршылық кезіндегі қиындықтардан да қиналмай шықты. Көпшілік шаруалар қауымы үкімет саясаты негізінде ұжымға бірігіп отырықшы болуға ауысты. Олардың жаңа жағдайда күн көрістің, тұрмысты жақсартудың, мәдениетін көтерудің басқа жолы жоқ екеніне көзі жетті. Жалпы ауылдардағы құрылыс жұмыстары қарапайым бір жылдың ішінде салынып бітті [36,389б.].

Отырықшылыққа көшетін аудандарда үгітке сенген кедейлердің қолдауымен жерге орналасқанда бірден ұжымшарға, артельге ұйымдасудың практикалық шаралары қаралды [36,389 б.]. Бұл асығыстық еді. Көп ұзамай ондай артельдер тарап кетті. Отырықшыланған шаруалар бұрын егін егумен тіпті айналыспаған еді. Енді олар егіншілікпен айналысуға өздерінің тұтыну мұқтажын өтеп қана қоймай, мемлекеттік астық дайындау жоспарын да орындауға мәжбүр болды. Кеңес өкіметінің мақсаты да осы еді. Отырықшы болған шаруашылықтар бірінші рет 1930 жылы мемлекетке астық өткізе бастады. Мысалы отырықшыланып жатқан 24 ауданның 20-ы мемлекетке астық тапсыруды артығымен орындады. Кеңес үкіметі отырықшылыққа өтуге материалдық жәрдем бере отырып, оның пайдасын да осылай ойластырды. Алайда мал шаруашылығы орасан зор шығынға ұшырады. Малды ортаға алу, мемлекетке өткізу осыған әкелді. Ұжымдасып жатқан көшпелі аудандарда 1930-1931 жылдары 60 агрономиялық – зоотехникалық пункттер және 58 мал дәрігерлік пункті ұйымдастырылды. Себебі, мал ауруы көп болатын.

Мұндай шаруашылықтарға қоғамдық ұйымдар тарапынан да айтарлықтай көмек ұйымдастырылды. Кәсіподақтар тарапынан 1931 жылы ұжымдасып жатқан 16 ауданның тұрғындарына мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуге қаржы бөлінді. Жалпы жаңа қоныстанып жатқан жерлерде кәсіподақ көмегімен малдәрігерлік пункттер, қызыл бұрыштар, қызыл отаулар үйымдастырылды, радиоқабылдағыштар орнатылды. Отырықшылыққа өткен аудандарда мектеп салу да олардың назарында болды. Мәдениет ошақтары салынды. Кәсіподақ ұйымы 3 балалар бақшасының үйін жабдықтап, безендіріп беруге қаражат бөлді. Бұл, әрине, бүкіл республика бойынша өте аз еді. Сонымен қатар өлкелік кәсіподақ аппаратының тарапынан жіберілген арнайы мамандар отырықшылыққа өтіп жатқан аудандарға барып, жергілікті органдарға шаруашылық саяси маңызы бар, практикалық жұмыстарға жәрдем берді.

Отырықшылыққа көшкен аудандарда білім беру мен мәдениет ошақтары салынды. 1930 ж. халық ағарту жүйесі бойынша оқу жасындағы 56800 бала мектепте оқыды. Бұрынғыша сауатсыздықты жою пункттері жұмыс істеді. Әсіресе латын әліпбиіне көшкен соң ересек адамдарды оқыту қолға алынды. Мысалы, онда 126430 адам, шала сауаттылар мектебінде 2160, саяси сауат ашу мектебінде 319 адам оқыды. Мемлекет тарапынан мұндай алыс аудандарға халық ағарту ісіне шамамен 7,2 млн сом қаржы бөлінді. Осының нәтижесінде 1932 жылы Қазақстанда бірінші басқышты және одан жоғары 8379 мектеп ашылып, онда 653 мың бала оқыды. Кеңес мемлекетінің материалдық және қаражат көмегі ұжымдасқан шаруаларға берілген басқа да жеңілдіктер көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын ынталандырды. Ұжымдасқан ауылдардың бәрінде болмаса да, мемлекеттің қаржысына жоспарлы түрде әлеуметтік-мәдени мекемелер салынды. Дәрігерлік пункттер, сауда орындары, шеберханалар, ауруханалар жұмыс істеді.

ІІ тарауға қорытынды жасасақ, қазақ шаруаларын отырықшылыққа өткізуде социалистік ұрандардың алға тартылып, Кеңес өкіметі Қазақстанға үлкен жаңалық әкелгендей болды. Шын мәнінде отырықшыландыруға да, жаппай ұжымдастыруға да мемлекет байыпты экономикалық әзірлікпен келуі қажет еді. Оның орнына жалаң социалистік ұрандар арқылы, әкімшілік жолмен қазақ аулының эволюциялық даму үрдісін бұзып, дәстүрлі өмір сүру жүйесін аяусыз қиратты. Мал шаруашылығы арқылы күн көріп отырған көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру біртіндеп, материалдық-техникалық базасы жасалған соң іске асырылғанда, орын алған құрбандықтар болмас еді. Индустрияландыру науқанына қаражат көзін осы жолдан тапқан өкімет елді осындай ауыр қиындықтарға әкеліп соқты. Егер эволюциялық даму жолы сақталса, қазақ шаруалары шығынсыз-ақ жаңа өркениет қатарына қосылатын еді.

Сонымен, 1928 ж. 27 тамыздағы Қазақ АКСР Орталық Атқару комитеті мен үкіметінің ірі байлардың шаруашылықтарын кәмпескелеуге байланысты заңынан кейін қазақ жерінде басталған зобалаң 1933 ж. күзіне дейін созылды. КСРО үкіметі қазақ жерін шаруашылықтар түріне сай көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы аудандарға бөліп қарады. Ал мұны аяусыз қиратусыз-ақ кешенді түрде экономикалық жолмен өркендетуге болатын еді. Сол кездегі Ресей ғалымдарының өзі Қазақстанның көшпелі мал шаруашылығын дамытуға байланысты дұрыс ұсыныстар берген болатын. Олар отырықшыландыруға қарсы бағытталмаған еді.

2.3 Отырықшыланған қазақ шаруаларының материалдық-тұрмыстық жағдайы

Көрнекті кеңес тарихшысы Ә.Б. Тұрсынбаев өзінің «Қазақ ауылы үш революцияда» деген атаумен шыққан іргелі революцияға дейінгі зерттеушілердің Қазақстан тарихы жайлы жазған еңбектерінде егілген ағаштардың, бау-бақшалардың, жасыл алқаптардың болмауы – қазақ ауылдарының ерекше бір көзге түсетін сипаты деп жазғандығына назар аударады. Шынында да көшпелі мал шаруашылығының салдарынан халықтың қоныстанатын жеріне көңіл бөлу, тұрғын үйлерді стандартты жобамен салу, үй іргесіндегі шағын участоктерді бау-бақша егуге ыңғайлап бөліп, жоспарлау, ағаш егіп көгалдандыру шалғай далада өмір сүрген шаруалардың тұрмысындағы бейне болғаны мәлім. Мұның бәрі шаруашылықтың бір жақты экстенсивті көшпелі түрінің өмірдегі қолайсыз жақтарының бір көрінісі еді[36].

Республикада отырықшыландыру жұмыстарының барысы жайлы Қазақ КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі 1930 жылы маусымда арнайы мәселе қарап, отырықшыланып жатқан шаруашылықтарға тұрғын үй құрылыстарын жүргізу үшін ақшалай несие қарыз берудің мөлшерін белгіледі. Әрбір шаруаға усадьбалық (үй іргесінде) жері бар тұрғын үй салып отырықшылану үшін 240 сомнан ақша берілетін болды. Халықтың үй салып, отырықшыланып поселке болып қоныстануына жағдай жасауға бұл жеткіліксіз еді. Әйтсе де колхозға мүше болатын шаруашылықтардың санына қарай сол жерлерде поселке орнатылып, құрылыс жұмыстары басталды. Алайда көшпелі мал шаруашылықты ауылдарды қоныстандыруда алғашқы уақыттарда поселке орнатудың бірыңғай белгіленген жүйесі болған жоқ [36,400 б.].

Халықтың жаңадан қоныстанатын жері қоныстану нысаны деп аталды. Бұл қоныстану нүктесі шаруашылық жағынан жан-жақты тексеріп алынғаннан кейін ғана ол жерде халық отырықшылануға тиіс болды. Әрбір қоныстану ауылы жерге орналастыру, агрономиялық, санитарлық-дәрігерлік және құрылыс жағынан толық зерттеліп алынды. Қоныстану усадьбалары аудандық отырықшыландыру комитетінде қаралып бекітілді. Әрбір поселке (ауыл) стандарттық жобамен жоспарға түсірілді, көшелері айқындалды. Оларды аудандық құрылыс бөлімінің мамандары жасады.

Отырықшыландыру немесе ұжымдастыру кезінде кеңестік билік қазақ шаруаларының рулық қауымдық өмір сүру дәстүрін ескермеді, оған қарсы болды. Мысалы отырықшылыққа көшкен шаруашылықтарды колхозға ұйымдастыруда ескі патриархалдық - рулық қалдықтардың салдарынан шыққан тегіне, руына қарай колхозға біріктіру фактілері болды. Шу, Мерке, Қызылорда аудандарында отырықшыланған колхоздарды тексеріп қарағанда “Бірлестік”, “Жетім”, “Сиқым” колхоздарының бір ру тегінен шыққан адамдардан ұйымдастырылған анықталды. Мысалы “Жетім” колхозы өз мүшелерінің санын сол әкімшілік ауылда тұрғаны не тұрмағанына қарамастан, бір рудан шыққандарды бір колхозға біріктіріп, поселке үлгісінде қоныстандырған. Бұл кеңес-партия ограндары үшін сорақылық деп саналды. Себеп большевиктердің ойынша мұндай “рушылдық” әрекет колхоз шаруашылығын жүргізуге кесірін тигізіп, еңбекті ұйымдастыру тәртібін, таптық мүдделерді көздеуді, кедей-батрактардың еңбегін қорғауды әлсіретті. Билік түсінігінше шаруашылық жұмыстарын басқару аппараттарына рушылдықты жақтап, бай-кулактардың енуіне жағдай жасады. Сондықтан бұдан былай колхоздар ру бойынша емес, территориялық жағынан сол жердегі тұрғындарды біріктіріп қоныстандырылатын болды [36,400 б.].

Отырықшыландыру кезеңінде 500 шаруашылықты бір жерге жиып, қоныстандыру сияқты “алып” поселке орнату мен әуестенушілік болды. Алып поселке орнату идеясы шаруашылықтың қай жағынан алып қарағанда да тиімсіз болды. Өйткені бір жерде шектен тыс өте көп шаруашылықты қоныстандыру егістік және жабылым жерлерден халықты өте алыстатып жіберді. Сондықтан да бірсыпыра шаруашылықтар өздерінің байырғы қоныстанған жерлерінде болуы дұрыс деп тапты [36,400 б.].

Ал көптеген жерлерде халық пайдаланылатын су көздері мен шаруашылықты жүргізуге тиімді участоктар болмады. Сондықтан да халық қоныстануға арнап құрылыс жұмыстары басталған орындардың 21-30 проценті басқа жаңа участоктерге ауыстырылуға жатты. Отырықшылануға белгіленген мекендер кейде бірнеше рет өзгертілді. Бірсыпыра ретте өндірістік аудандарға жақындатып қоныстандыру идеясы мен шаруашылықтарды бір орыннан екінші орынға орынсыз көшіру де кездесті. Мұндағы кемшілік халықтың жағдайымен, тілегімен санаспай, жоғарыдан берілген төтенше бұйрықтың әкімгершілік күшімен жүргізілді. Мысалы Сарысу аудандық отырықшыландыру комитеті Қарағанды өндірісіне жақындатып отырықшыландыру мақсатын көздеп, шаруалардың біразын Тельман ауданына көшіріп апару мәселесін қарап, Қарағандыға 1200 шаруашылықты, Тельман ауданына 500 шаруашылықты көшіруді міндет етіп қойды. Бұл наразылыққа әкеліп соқты. Осыны пайдаланып, қарсы болғандар № 6 тағы басқа ауылдардың шаруаларын бастап, Тельман ауданына барамыз деп, жолда қонып, Жамбыл тауы мен Шу ауданына өтіп кеткен. Бұлардың ата-қонысты тастап кетуді қимаудың салдары еді[36,405б.].

Бірсыпыра жерлерде қоныстануға арналып салынған үйлердің тұрған маңында су да, егістік жерлер мен шабындық участоктарда болмады. Мысалы өлкелік қоныстандыру комитетінің мәліметі бойынша Алматы облысында 2100 үйдің, Қарағанды облысында 4100, мақта өндіретін Пахта арал ауданында 250 үйдің салынған жерлері, яғни қоныстану мекені шаруашылыққа тиімсіз участоктерде болғандықтан, халықтың орналасуына мүмкін болмады [28,405б]. Осыдан барып қоныстану мекендері шаруашылық жағынан алып қарағанда кейде қолайсыз жерлерге орналасты. Мысалы, Қызылорда ауданының “Қоқан-Қашқан” деп аталатын жері қоныстану орны болады деп белгіленді. Бұл жерде 1932 жылы 21 маусым күні № 7-8 ауылдың шаруалары отырықшы болып қоныстануына үй салатын және усадьбалық жерлері бөлініп берілген. Олардың айтуынша: “Қоқан-қашқан участогінде 250 шаңыраққа арналып 22 тұрғын кварталға бөлінген. Мұнан басқа 10 квартал қоғамдық-шаруашылық құрылысқа, бір квартал әкімшілік құрылысқа, 3 квартал мәдени мекемелерге арналды, парк болатын алаң қалдырылды. Көшелер мен алаңдардың кеңдігі, усадьбалық жоспарға лайық жасалды. Кварталдардың бәрі сол жерде анықталып, межесі белгіленіп, қазықтар қағылды. Усадьбалардың бәрін техник өлшеп жоспарлады. Осы жерге қоныстануға № 7 ауыл советтің адамдары разы болмады. Өйткені олар осы қоныстанатын жердің солтүстік-шығыс жағы құрылыс салуға жарамайды, сондықтан ауыл советтің тұрған жерінен екі километр қашықтағы “Тілепберген тамы” деген жерге отырықшыланғымыз келеді деп тілек білдірді. Халықтың бұл өтінішін тексеріп білуге, комиссия шығып, № 7 ауыл советінің № 9 ауыл советпен бірге қоныстанбаймыз деп бөлінгісі келген себебін дәлелді деп таппады [36,406 б.]. Ал іс жүзінде бұл жер шаруашылыққа жарамағандықтан, халық қоныстанбады. Алайда бірсыпыра жерлерде шамадан тыс үлкен поселкелер ұйымдастыру жоспарланса, ал Қобда ауданында 28 үйден бір поселке орнатты [36,406 б.]. Кейін мұндай поселкелер ірілендірілді. Қостанай округінде поселкенің көлемін анықтау, усадьбалық участоктар бөлумен жерге орналастырушы бес партия жұмыс жүргізді. Осы округтің Қарабалық, Меңдіғара, Науырзым, Торғай аудандарында отырықшыланып жатқан шаруашылықтар усадьбалық участоктар алып қоныстанды, поселке орнайтын нүктелер анықталды, 53 колхоз орталығы болатын поселке жоспарланды. Поселкелік құрылыстар Қарқаралы округінде, Балқаш, Беріқара ауданында, Павлодар округінде, Петропавл округінің Қызыләскер, Бейнетқор, Еңбекшілдер аудандарында т.б. жерлерде жаппай жүргізілді.

Алайда поселка болып бір жерге тұрақтап отырықшылану ісіне көптеген шаруалар, олардың ауқаттылары қарсы шықты. Кейбіреулер әртүрлі сөз, өсек таратып, отырықшылық тұрмыстан безуге шақырды. “Сендер поселке болып отырықшыланып, құрылыс салып, үй-жай тұрғызып жатырсыңдар, - деді байлар мен атқамінерлер, - ал сендердің осы салып жатқан үйлеріңе украиндықтар мен орыстар келіп кіреді, өздерің басқа жаққа көшіп кетесіңдер. Сендердің отырғызған бау-бақшаларың, қазған арықтарың, бүкіл үй-жайларың біреудің пайдалануына түсіп кетеді”, - деді [36,407 б.]. Бұл бұрынғы отаршылдықтан зардап шеккендердің айтуы еді. Ал, кейбір жағдайда қоныстану орнын белгілеуде жергілікті тұрғындардың пікірімен санаспаушылық орын алды. Мысалы, Петропавл ауданында жерге орналастырушы патриялар поселке болатын орынды Күзек деген жерден көрсетіп берді. Ал, онда тұратын ауыл адамдары осы қоныстану орнын Айдалар деген жерге көшірді. Мұндай фактілер республиканың басқа жерлерінде де болды. Мұның ескі ата қоныс деген ұғымды қимай, шаруашылық мүддесімен санаспайтын бытыранды шаруашылықтың кезіндегі сана-сезім еді.

Алайда, бұдан қоныстану мекендерінің бәрі бірдей барлық жерде нашар ұйымдастырылған деген ұғым тумайды. Республиканың бірсыпыра облыстарында отырықшыландыру кезінде ауыл шаруашылығына қолайлы жақсы жерлерден қоныстану орындары дұрыс таңдап алынды. Мысалы, Қызылқұм, Талас, Мерке аудандарының халық отырықшыланатын қоныстану орындарын арнайы комиссия тексеріп қарағанда, осы жерлердегі отырықшыланатын жер участоктары негізінен шаруашылық, тұрмыстық, өндірістік жағынан қолайлы жерлерге дұрыс таңдап белгілегені анықталды. Бұл жерлердегі тұрғын үйлердің көпшілігі халықтың келісімімен, отырықшыланып жатқан колхозшылардың өз күшімен салынды.

Отырықшыланып жатқан халықтың тұрмыс қажетіне мемлекеттен жәрдем, құрылыс материалдары жөнінен де қамқорлық қажет еді. 1932 жылы өлкелік партия комитетінің қаңтар пленумында Республиканың Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы О. Исаев – “жаппай қоныстандыру жоспарына басшылық ету және мемлекеттен жәрдем беру ең алдымен отырықшыланатын шаруашылықтардың жерін, қоныстанатын нүктелерін көрсетіп беру, поселке түсетін жерлерді пландау, мелиорациялық жұмыстар жүргізу, құрылыс материалдарымен ағаш, әйнек, қаңылтыр, шеге, машинамен, кадрлармен қамтамасыз ету болып табылады”, - деп көрсетті. Осыған орай жергілікті жерлерде поселкелік қоныстарға арнап жер бөлу шаралары кеңінен жүргізілді. Мұны біз төмендегі мәліметтерден көреміз.

1931-1933 жылдардың арасында Мерке ауданында 22 поселке салынды, оған 6812 үй орналасты. Сондай-ақ Қызылқұм ауданында 3 поселке орнатылды, мұнда отырықшыланып жатқан шаруаларға 237 тұрғын үй салынып, 200 ден астам ескі үй жөнделіп берілді. Осы жылдардың ішінде Талас ауданында да көптеген жерлер халық қоныстанатын отырықшылық тұрмысқа өтті. Сондай-ақ Қызылорда ауданының Сұлутөбе участогінде мемлекеттік жер тресінің күшімен екі поселке салынды. Бұл поселкелерге № 26 ауылдан 102 үй, № 27 ауылдан – 247, № 28 ауылдан 133 үй келіп қоныстандырылды. Сонымен бірге осы ауданның темір жолға жақын участогінде Тартоғай поселкесі орнады. Бұған 154 үй келіп отырықшы болып орналасты [48,95б].

Осындай поселкелік қоныстар Арал теңізінің жағасында да салынды. “1931 жылы 22 июнь күні, - делінген мәжіліс хатта, - жерге орналастырушы Смородинов, № 15 ауыл совет председателі Өміралиев, Балықшылар Одағы конторының өкілі Гончаров және Қасқақұлан пунктінің өкілі Юманғұлов Қасқақұлан нүктесіндегі усадьбаға бөлінген поселкенің орнын көріп таныстық. Осы участоктарды дұрыс деп таптық”.

Поселке немесе тұтас ауыл болып қоныстанудың маңызы туралы ауылдық жерлерде сондай-ақ аудан көлемінде үгіт-насихат жұмысы өрістетілді. Қоныстандыру шараларын жүргізгенде көшпелі шаруаларды отырықшыландыру мен колхоз орталықтарын құру бір мақсат еді. 1930 жылы Алматы округінің Еңбекші қазақ ауданында 7, Қастек ауданында 24 колхоз орталығы болатын участоктар таңдап алынып жоспарланды. Қызылқұм ауданында, усадьбалық жерлер түгелдей жоспарланды. Колхоздың орналасатын орталық пунктін белгілеу, усадьбалық участоктарға жер бөліп беру жұмыстары Ұржар, Келес, Шаян, Талас аудандарында Гурьев округінің Бақсай участогінде де едәуір жақсы қарқынмен жүргізілді. Бұл жерлердегі отырықшыланатын шаруашылықтарды іріктеуге, қоныстандыру жұмыстарына басшылық етуге Жер-су Халық Комиссариаты мекемесі тарапынан өкілдер жіберілді. Ақтөбе округінің Мұғаджар, Ақтөбе, Ойыл, Ырғыз, Қобда аудандарында және басқа көптеген жерлерде поселкелік құрылыстар салу өрістеді.

Отырықшыланған шаруашылықтардың едәуір бөлігі колхоз өндірісіне бірікті. Мысалы, Қызылту, Есбол, Қызылқоға, Түркістан, Күршім аудандарындағы отырықшыланған шаруашылықтар арасында жұмысшы бригадалары ұйымдастырылды. Өзара жарысқа түсті. Колхоздарға ұйымдасты. Мектеп, сауда дүкендері, аурухана, фельдшерлік пункттер, ұста дүкендері, монша салынды. Бұлар көшпелі ауылда бұрын болмаған мәдени-әлеуметтік құрылыстар еді.

Ауылға дәрігерлер, фельдшерлер, мұғалімдер барып жұмыс істей бастады. Көшпелі мал шаруашылықты аудандарда поселке орнату және оның көлемі жергілікті жердің табиғи жаратылыс жағдайына қарай, халықтың шаруашылығына қарай бейімделіп, жоспарланып салынды. Дегенмен олар аласа, жертөле үйлер еді.

Қазақстанда отырықшыланған шаруашылықтарда егіншіліктің аумағы ұлғая түсті. Сонымен қатар егіншілік бұрынғы көшпелі шаруалардың мемлекетке өндірістік еңбегі ғана болып қойған жоқ, сонымен бірге олардың күнделікті тұрмысына, күнкөрістабыс көзіне айналды. Усадьбалық телімдер қазақтардың отырықшылық тұрмысқа біржола өтуіне қажетті жағдайдың бірі болды. Сондықтан да отызыншы жылдарда мұндай участоктардың саны едәуір өсті.

Отырықшылану шараларын жүзеге асыруға әрбір округтерде көптеген жай жұмыскерлермен бірге мамандар да істеді. Мысалы, Қостанай округінде қоныстандыру жұмыстарын жүргізуге 5 саяси жетекші, 8 техник, жер өлшеуші 20 адам, 27 практикант, 7 гидротехник және 2 жерге орналастырушы мамандар жұмыс істеді. Сондай-ақ Семей округінде де отырықшыландыру, усадьбалық жер бөлу, тұрғын үй құрылыстарын жүргізу шараларымен 45 маман айналысты. Колхоз орталықтары поселке типімен салынды. Ол жерлерде қарапайым мәдени құрылыстар да пайда болды[25].

Отырықшылыққа өтуде қоныстанатын жерді дұрыс таңдап алып орналастыруда және ұжымдастыру шараларында болған қателіктер 1933 жылдан кейін түзеле бастады. Ф.Голощекин кетіп, Л.Мирзоян республикаға бірінші басша (ҚК(б)П хатшысы) болып келгеннен кейінгі өзгерістерді халық жылы қабылдады. Жергілікті жердегі қоныстанып жатқан шаруашылықтарға материалдық жәрдем берілді. Отырықшыланып жатқан қазақ шаруаларының тұрмыс күйін жақын арада тезірек жақсарту мақсатында әрбір үйге 100 ге дейін қой-ешкі, 8-10 сиыр, 3-5 түйе, 8-10 жылқы ұстауға рұқсат етілді. Бұл шаралардың өзі ұжымдастыру кезіндегі шаруалардың қолдарындағы малдарын ортақтастыруда болған өрескел қателіктерді тезірек жоюға бағытталған еді.

Егіншілікті аудандарда отырықшылыққа өткен шаруашылықтардың тұрғын үй салып, поселкелік құрылыстар салуы 1940 жылға қалай аяқталды. Қазақстанның оңтүстігіндегі Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының аудандарындағы көптеген поселкелер 1934-1937 жылдары салынып бітті. Мал шаруашылықты аудандарда, әсіресе Орталық, Солтүстік, Батыс Қазақстанда поселкелік құрылыстарды салу едәуір ұзаққа созылды. Алайда, 1940 жылдары республиканың барлық жерінде де түгелдей поселкелік құрылыстар берік орнады. Жаңа поселкелер Қазақстанның оңтүстік бөлігінде ерекше әсем болып көріктендіріп тұрды. Мұнда түзу көшелері мен ағаштары мол жасыл желек пайда болды. Үй іргесіндегі усадьбалық участоктарда әртүрлі саялы және жеміс ағаштары жайнап өсті.

Жоспарлы отырықшылыққа өту кезеңіндегі халықтық тұрғын үй салудың ерекшелігі бұл ондай құрылыстардың жаппай жүргізілуі болды. Поселке болып қоныстану, бұрынғы бытыранды шаруалардың колхозға ұйымдасуы қазақ халқының тұрмысын түбірінен өзгертті. Колхоз поселкелері, көшпелі тұрмыс кезіндегі аласа, ауасы тар, тазалық жағынан нашар қыстаулардың орнына, сол кезде көрікті, әсем болып саналды.

1937 жылы Қазақстандағы барлық шаруа қожалықтарының 97,5 проценті колхозға біріктірілді. Колхоз өндірісіне ауыл шаруашылығының қуатты машина-құрал-саймандары берілді. 1937 жылы Қазақстанда 287 МГС болды, республиканың егін даласында 24,1 мың трактор және 7765 комбайн жұмыс істеді [44,78б.].

Кеңес дәуірінде отырықшылану – көшпелі қазақ ауылын социалистік жолмен дамытудың ең маңызды кезеңдерінің бірі болды деп дәріптелді. Отырықшылық тұрмысқа өту арқылы қазақ халқы тарихи қысқа мерзімнің ішінде капиталистік даму жолына соқпай социализмге өтуде аса маңызды қадам жасады деп тұжырымдалды. Ал шындығында көшпелі, жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыруда орасан зор қиыншылықтарды жеңуге тура келді. Бұл қиыншылықтардың негізгісі бытыраңқы шаруашылықтарды бір жерге, колхоз өндірісінің талаптарына сәйкес ұйымдастырумен қатар, мыңдаған көшпелі және жартылай көшпелі шаруаларды табиғи-жаратылыс жағынан қоныстануға қолайлы участоктарды тауып, шаруашылық жағынан тиімді жерлерде қоныстандыру ғана емес еді. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезеңінде материалдық-техникалық базаның нашар болуы, сондай-ақ ірі шаруашылықты жүргізудің тәжірибесі жоқтығы, жеке меншіктік психологиясының қалдықтары, еңбек тәртібінің толық сақталмауы, мал шаруашылығына қажетті жылы қорлардың, шаруашылық құрылыстардың, тұрғын үйлердің жетіспеуі отырықшыландыру ісіне де едәуір қиыншылықтар келтірді. Брақ бұл мәселенің мәні-кеңес мемлекетінің қазақ шаруаларын күштеп ұжымдыстырып, қынадай қырып салуы еді. Өзі қолдан жасаған ойранды кеңестік басшылар мойындамады.

Әрине, көшпелі және жартылай көшпелі шаруалардың отырықшылыққа айналуының барысында қазақ ауылында жаңа әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жасалды. Ол ауылдың қатаң мемлекеттік жоспарлы экономикаға таратылуы еді. Осының нәтижесінде отырықшыланған шаруашылықтардың материалдық-техникалық қоры бірден нығаймады, аудандарда асығыс құрылған колхоздар кейін артель уставына өтуге мәжбүр болды. Сөйтіп Қазақстанның кең байтақ жерінде тек деревняда ғана емес, ауылда да өндірістік кооперативтің негізгі ауылшаруашылық артелі болып біржолата қалыптасты. Бұл кеңес мемлекеті үшін тиімді еді. Казармалық социализмге өтудің айқын көрінісі болды.

Отырықшылыққа өтумен байланысты қоғамдық-қатынастарда айтарлықтай өзгерістер болды. Бұл өзгерістердің басты негізі өндіріс құрал жабдықтарына жеке меншіктің жойылуы, соның нәтижесінде мемлекеттік жоспары экономиканың берік орнауымен тығыз байланысты еді. Бұрынғы көшпелі тұрмыс кезіндегі, халық арасындағы жер-су мәселесінен туындап отыратын қарама-қайшылық түбірімен жойылды. Бір кездегі қазақ шаруалары мен келімсек казак-орыстары арасындағы алауыздық кеңестік интернационалдық идея мен тәрбие нәтижесінде жайылып, әр ұлт өкілдері ауылда татулық пен жарасымдық жағдайында өмір сүрді [60,30б.]. Отырықшылану халықтар арасындағы интернационалдық тәрбиені күшейтуге, ұлттардың өзар достығын нағайтуға жағдай жасады. Поселкелік қоныстарда әртүрлі ұлттардың өкілдері қатар қоныстанды. Мектептерде көптеген ұлттардың балалары оқыды. Ауылдағы әр ұлт өкілі бір-бірімен шаруашылық, тұрмыс, мәдени жағынан үнемі араласып тұрды. Осының бәрі ұлттар арасындағы достық қарым-қатынасты күшейтуге әсер етті. Бұл большевиктер партиясы мен кеңес өкіметінің үгіт-насихатының, интернационалдық тәрбие ұранымен жүргізген саясаты болатын. Әрине, оның қазақ әдет-ғұрпын, тілін біртіндеп тықсыруға деген артықшылығы сол кезде басталған болатын.


жүктеу 116,94 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау