Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігі



жүктеу 116,94 Kb.
бет10/10
Дата06.01.2022
өлшемі116,94 Kb.
#36894
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
stud.kz-92540

Қорыта айтқанда Қазақстанның тарихи тәжірибесі өткендегі көшпелі және жартылай көшпелі халықтың «Коммунистік партияның лениндік ұлт саясатының, Совет мемлекетінің, бүкіл совет халқының жан-жақты көмегінің нәтижесінде». Отырықшылыққа өтуі бүгінде әр түрлі деңгейде зерттеліп, ақиқат тұрғысынан керісінше бағасын алды. Мұнда біз мынадай басты жағдайды ашып көрсетуіміз керек. Отырықшыландыру процесі қазақ ауылының дәстүрлі өмір сүру жүйесін бір мезетте күшпен қиратып, шаруашылықты күйзеліске ұшыратты. Бұл қара дүрсін ұжымдастыру арқылы іске асырылды. Еңбек жабдықтары жетімсіз жағдайда және экономикалық негізі толық жасамай тұрғанда бұл ауылды прогреске жеткізе алмайтын еді. Отырықшылану, егер ол, өндіріс тәсілдерін өзгертіп, өндіріс құрал-жабдықтарына деген сұраныстар толық қамтамасыз етсе, онда отырықшылық тұрмыс экономикалық және мәдени жағынан дамуды алға бастырып, қоғамдық қатынастар мен шаруалардың өмірінде көп өзгерістер жасаған болар еді. Біз мұны кеңес мемлекеті тұсындағы қазақ халқының отырықшылыққа өткен тұрмысынан толық көре аламыз. Себебі шаруалардың 1930-1933 жылдары бастап кешкен нәубеті мен онан кейінгі қиын тұрмысы осыны көрсетеді. Ауыл еңсесін тек 1935 жылдан кейін ғана көтере алды.

Бұрын ауылшаруашылығын «социалистік жолмен қайта құрудың нәтижесінде жұмысшы кадрларының өсуіне, әсіресе қазақ жұмысшы кадрларының өсуіне қолайлы жағдай жасалды» деп айтылды. Мысалы 1938 жылы республикада 192 мыңнан астам жұмысшылардың едәуір көпшілігі қазақ жұмысшылары болды [60, 205б.]. Ал бұл ашаршылықтан, ұжымдастыру зорлығынан қашып барып, өндіріс орындарын паналағандар есебінен құралды.

Шындап келгенде көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларының отырықшылық тұрмысқа өтуі, қазақ ауылын күштеп реформалау арқылы шаруашылық, саяси және мәдени артта қалғандығын жою науқаны тап ретінде ауқатты шаруаларды құдалау большевиктік партияның қазақ халқын социализмге күштен жеткізу жолындағы мемлекеттік саясатының толық жеңісі болды. Сөз жоқ, ауылда социалистік құрылыс жолы өте қиын, аса ауыр болды, осының салдарынан халықпен қатар жергілікті билік органдары да орасан зор қиыншылықтарды жеңіп шығуына тура келді.

Отырықшылыққа көшіру науқаны ұжымдастыру аясында өткендігі айтылды. Жаппай ұжымдастыру, байлар мен кулактарды тәркілеу, тап ретінде жою, орта шаруаларды қуғындау барысындағы зорлық-зомбылық отырықшылану ісіне шаруаларды өз еркі бойынша тартуға мүмкіндік бермеді. Тез арада жаппай ұжымдастыру қарқынын іске асырған белсенділер бір ұжымға 500 шаруа қожалықтарыына дейін жинап топтастырған фактілер болды. Бір жерге мұншама адамның топтастырылуы мал жайылымы аясын тарылтып, халықты егін алқаптарынан алшақтатты. Қырыла бастаған мал оған қоса мемлекеттік жоспар бойынша өкіметке жаппай алына бастады. Осының салдарынан халық алапат аштыққа душар болып, басы ауған жаққа босқын болып кетті. Ал отырықшы шаруашылықпен айналысу ісіне жүргізілген үгіт-насихат мұндайда еш нәтиже берген жоқ. Босқындыққа ұшыраған халық республикадан тыс жерлерге кетіп, аман қалғандары әртүрлі мекемелерге (Солтүстік орман шаруашылығы трестіне, Қиыр Шығыс балық кәсіпшілігі трестері сияқты көптеген шаруашылыққа) жалданып күн көрді. Өз жерінде отырықшы-егіншілік және мал өсіру кәсібімен айналысудың орнына кеңестік мемлекеттік саясат нәтижесінде олар басқа жерлерге барып отырықшыланды. Мысалы 1932 ж. Баянауыл ауданынан үдере көшкен босқындар Қиыр Шығыс арқылы Камчаткаға дейін жетіп, сондағы балық аулау ұжымшарларында бірнеше жыл еңбек етіп, елге 1936 ж. оралды. Олардың біразы Хабаровск өлкесінде, Томск, Новосибирск, Свердлов, Тюмень облыстарында қалып қойды. Солар сияқты босқындар Ресейдің басқа да іргелес облыстарында, Алтайда, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстанды паналады. Қытай, Иран, Ауғанстаға өтіп кетуге мәжбүр болды [15].

1930 ж. бас кезінде кеңінен орын алған заңсыздықтар халық наразылығын туғызды. Республиканың жаппай ұжымдастыру мен отырықшыландыру аймақтарында ірі-ірі шаруа көтерілістері орын алды. Созақ, Ырғыз, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған, Шаян, Батпаққара, Балқаш, Ақсу, Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау, Шығыс Қазақстан облысының көптеген аудандарындағы көтерілістер кеңес мемлекетінің аграрлық саясатының нәтижесі еді. Адай округіндегі және батыс Қазақстанның басқа да аудандарындағы көтерілістер де осының айғағы. Сондықтан күшпен ұжымдастыру мен күшпен отырықшыландыру саясатын бүгінгі күнгі ақиқат тұрғысынан ажырату қиын екендігі даусыз.

Әрине, ауыл шаруашылығын қайта құру, отырықшыландыру нәтижесінде республикада жаңа елді мекендер көптеп пайда болды. Олардағы мәдени-әлеуметтік құрылымдар біртіндеп өз нәтижесін бере бастады. Әсіресе жастарға білім беру, мектептердің салынуы өскелең ұрпаққа жол ашқаны мәлім. Сонымен қатар бір ұжымшар орталығына қоныстанған шаруаларға үй салу мәселесі де назарда болды. Алайда шаруалар негізінен ондай қарапайым үйлерді өз күштерімен, жергілікті материалдар негізінде салуға мәжбүр болды. Бұрынғы көшпелі және жартылай көшпелі қазақ ауылы ірі ұжымдық шаруашылықтарға (ұжымшар, кеңшар) бірігіп, басқа өндіріс әдісіне көшті.

Сөйтіп ауыл шаруашылығын «социалистік жолмен қайта құру» жоспары осындай әдістермен іске асырылды. Мұның өзі шаруашылыққа орасан зор зиян кетіріп қана қоймай, қолындағы бар малынан айрылған халықты ашаршылыққа душар етті. 1931-1932 жж. болған қуаңшылық зардаптары бұған әсер етуі сөзсіз. Бірақ ашаршалық зардабының жергілікті халықты мұншама мүшкіл халге жеткізу сол кездегі ресми саясаттың нәтижесі еді. Қазақ шаруаларын отырықшыландыру саясаты мемлекеттік деңгейде осылай іске асырылды.

2.4 Ашаршылық трагедиясы

«Начало нового пути превратилось в черную дорогу смерти людей, непогребенные останки которых до сих пор встречаются на пространствах Казахстана. Эта трагедия – неизлечимая рана в душах казахов, вспоминая прошлое, они инстиктивно боятся и завтрашних перемен. Миллионы голодной смерти», деп жазады «Қазақ қалай аштыққа ұшырады? Атты жинақта. Әрине бұл фразаға нақты түсінік бермей – ақ төменде келтірілген мысал – факторларға назар аударсақ, түсінікті болар еді деп ойлаймыз [61].

1929-1930 ж.ж. Қазақстанның солтүстігіндегі астықты аудандарына егін шықпай қалып, сол жылы қыста, даланы жұт жайлады. Нақты жағдайға қарамай, мелекетке астық тапсыру жоспары арта түскен. Соның нәтижесінде өлкелік, округтік органдардан қатал билік пен құқ берілген уәкілдер қаптап кетеді. Осы кездерде «Қанаушылар түгелдей бөтен өлкеге кетіп, арада екі – үш жыл өткенде, еркіндік алған далалықтарды тұтастай ұжымдастыруға көшірген кезде елді жаппай індет жайлады...» - деп баяндады Орталық Атқару комитетінің төрағасы Елтай Ерназаров БОАТКОМ-ның сессиясында сөйлеген сөзінде.

1931 ж. халық басына түскен қасіреттің есі танғандай болды. Мысалы: Шет ауданындағы халықтың қолындағы қалған 80 мыңдай бас ірі қараға 120 мың бас мал тапсыру жөнінде салық түсті. Әуелгіде салық мал басына түсіп, жұртты біржола «тақырлап сыпырса» кейіннен «тонналап» түсетін болды. Айта кетер бір жағдай бұл еттерді апаратынжер, сақтар орын болмаса да, біле тұра Голощекин тобы осыны істеген. Көз көргендердің айтуынша 1932ж. халық қырылып жатқанда бұрынғы Нілді руднигінде 100 мың тонна ет өртелген. Сасып, борсыған етті жою Спасск, Бұрма да жүргізілген.

1931 ж. елге аштық кіре бастағаннан, тұқым-тұқымымен «нұрлы болашаққа» жетпей құритынына көзі жеткен ел ішінде толқу болуы заңды құбылыс емес пе?

Республикадағы 60 көшпелі және жартылай көшпелі аудандарда 2771 ТОЗ-дың 312-сі қалды. Қалғандары ауыл шаруашылық артельдеріне кіргізді. Және де осы 1931 ж. жаппай қоныстарынан ауу, басқа өлке, республикаға кету басталып еді [62].

БК(б) П өлкелік комитетіне Голощекин жолдасқа жазылған «Бесеудің хатында», - Ауылда социализм пайдасына әлеуметтік-экономикалық жағынан өзгертудегі ірі табыстарға қарамастан 1929 ж. бекітілген І бесжылдықтың жоспарын қайта қараған және жаңа жоспарлар бекіткен VII Өлкелік партия конференциясының нұсқауы орындалған жоқ.

А) Мал шаруашылығы бойынша мал басының бастапқы 1928 ж. қарағанда 130% және 1929 ж. қарағанда 160% өсіру орнына бесжылдықтың соңғы, қорытынды жылында ( 1932 ж. ) Қазақстанда мал саны 1930 ж. салыстырғанда 87.5% кеміп кетті. 1932-33 ж.ж. жоспарды белгіленген 48 млн орнына 5 млн қалды.

Ә) VII партконференцияда беекітлгендей егіс көлемін 14 млн га-ға дейін жеткізудің орнына не бары 1 млн га-ға көбейттік.

Б) Мал өсіруші совхоздардағы мал басы VII партконференцияда белгіленгендей 11.3 млн-ға мүлде жеткен жоқ.

В) Барлық жерде еңбекшілер бұқарасының материалдық әл-ауқатын жақсартудың орнына І бесжылдықтың соңғы жылында көптеген қазақ аудандарында, кейбір орыс аудандарында нағыз аштыққа тап болдық» деп жазады. Кейіннен хат авторларына осы хат үшін психологиялық қысым жасалып, 1932 ж. 11-12 шілдеде авторлар өздерін-өздері « кінәлап, мойындаған». 1933 ж. 15 шілдеде Қазақ өлкелік комитетінің бюросы мен Өлкелік бақылау комиссиясының біріккен мәжілісінде олардың «күнәсі» кешірілген. Ал, хат «Қазақстанда социалистік қайта құрудың барлық жетістіктерін және ұлттық саясаттың жетістіктерін толығымен бүркемелеу тек ғана келеңсіз жағдайда бадырайтып көрсету, өлкелік комитет жүргізіп отырған бүкіл «бағытты сынау» - деп бағаланған екен.

Осы кездердегі партиялық басшылықтың шектен тыс, ойламсыз жүргізілген саясатының әсері қаншалықты ауыртпалық әкелгенін сезіну үшін мысал ретінде жекелеген аудандардағы жағдайларды талдап көрейік. Орталық Қазақстандағы Қарқаралы өңірінде бұл ауыртпалық ізсіз, зардапсыз өтпей қалған жоқ.

Cол кездегі Қарқаралының халқының жағдайы туралы РСФСР халық комиссарлар Советінің председателінің орынбасары Т.Рысқұлов өзінің Сталинге жазған ІІ хатында: «только в 1932 г. В районе погибло от голода 35 тысяч человек. В Каркаралинске в мае 1932 г. Было 50400 жителей, в ноябре их осталось всего 15900», -деп жазды 1933 жылы.

1926 ж. Шет жерінде 48311 қазақ болса, 1932 ж. 36568 адам қалған, яғни ел саны сол екі ортада 11743 адамға азайған. Сонан 1933 ж. 5021 адам ғана тірі қалғанын архивтегі құжаттарға сүйене отырып, дәлелдеп шықтық», - дейді Кәмел Жүнісұлы[63].

Ашаршылық салдарынан халық сұмдық жағдайларды бастарынан кешірген, адам бір-бірін кісі деп қарамай «азық» деп тұра ұмтылатын жағдайға да жеткен.

Қазақстанның қай түкпірінде болмасын аштық белең алды, қазақ даласындағы ашаршылық жан-түршігерлік көріністерін архив деректерінен де кездестіруге болады. Міне, сол кездегі жергілікті жағдайдан нақты мәлімет түсіріп отырған О.Жандосовтың Әулиеатаның Сарысу ауданындағы ашаршылық туралы жан-түршігерлік мәлімдемесін сол қалпында келтірейік: «Ауылдарды аралаған кезімде мен ондаған күндер бойы жерленбеген мәйіттерді кездестірдім. Бұл жағынан тірі қалған әйелдер мен жас балаларға ешкім көмек бермейді. Таңданарлықтай болса да, әйелдер жоқшылық пен аштыққа төзімділеу. Еркектердің бірден ұнжырғалары түсіп кетеді. Күйзелгендер қолдарына не түссе де түк қалдырмай жеп қояды. Сүйек-саяқты жинайды және жүрек жалғау үшін ондаған мәрте қайнатады. Тамақ орнына жартылай өңделген аң терілері де кете береді. Мен иттің етін жеген, және онысын жасырмайтын бірнеше адамды кездестірдім. Оныншы ауылдан келе жатқан жолымда елсіз жаһаннан екі жасөспірімді көрдім. Олар қайдағы бір ескі жұрттағы терісін алу үшін атылған иттердің қалған өлімтіктерніе бара жатыр екен. № 5 ауылда тамақтанбаудан жартылай ісінген, аяғы ауыр әйел маған жағын келіп, оған ит атыр беруімді өтінді. Кейбір аңшы семьялары шошқа етімен тамақтанушылар өздерінің «күнәларын» жарысуға тырысса да, мұның өзі халыққа ешқандай жағымсыз әсер ете қоймайды», - деп баяндайды.

Бұл сияқты жантүршігерлік жағдайларды айта берсе мыңдап шығады. Зейтін Ақышев Май ауданындағы Аққұдық деген жерге барған сапарынан: «Іргедегі төсекте екі адам құшақтасып жатыр. Шындығында адам емес, екі адамның қаңқасы еді, еттері ағып, сүйегі қалған. Адамның шашы шірімейді деген рас екен. От жақтағысы жас әйел болуы керек, көмірдей қара екі бұрымы бөксе тұсына дейін шұбатылып жатыр» - деп еске алады.

«1932 ж. аштықтың бір жұмбағы мынада: аштыққа негізінен азық-түлік өндіретін ауыл жұрты, яғни малшылар, егінші шаруалар ұрынған. Ал, қала тұрғындары аштықтан аман болған. Сол жылдары қай қалада болса да елден босып, келген аштар қаптап кеткен. Алматының көшелеріне аштықтан ісіп кепкен адамдар жан-тәсілім етіп жатады екен. Оларды Ақсайдағы күл қоқыс төгетін жерге арбамен апарып тастай беріпті», деп еске алады С.Елубаев [64].

Жоғарыдағы мәліметтердің бәрі «Қызылдар қырғыны» кітабынан алынды.

Ашаршылықта қырылған халықтың тең жартысы деректерге сүйенсек, балалардың, жасөспірімдердің үлесіне тиеді екен. Архив материалдарында Әулиеата ауданының балалар үйінің қысқа дайындығы туралы құжатта 1933ж 17 қазанда панасыз балаларды тіркеудің жалғасуы және Сарысу, Мерке, Талас жақтан балалардың ағылып келіп жатқандығы, келгендердің жалпы саны 2353 екендігі айтылған. Және 1932 ж. 20 маусымында Өлкеде 16885 панасыз бала тіркеліп, оның 11599-ы балалар үйіне алынған, ал тамыз айында панасыз балалар саны 42000-ға жеткен. Мұның артынан 30000 бала тіркеліп, 7500-і ғана балалар үйіне алынған. Ал, жалпы Қазақстан бойынша осы кезде балалар үйіне 68617 бала алынған, 1932 ж.10 наурызда Семейден Алматыға жіберілген Өлкелік балалар комиссиясына 11730 панасыз бала тіркелген екен. Панасыз бала саны маусымына қарай өзгеріп отырған. Мысалы: Алматы облысында 1932 ж. 1 желтоқсанда 200 бала тіркелсе, 1933 ж. 1 ақпанда 2150; 1 қаңтарында – 2500-ге жеткен [65].

Ашаршылықта қырылған халықтың тең жартысы деректерге сүйенсек, балалардың, жасөспірімдердің үлесіне тиеді екен. Архив матреиалдарында Әулиеата ауданының балалар үйінің қысқа дайындағы туралы құжатта 1933 ж. 17 қазанда панасыз балаларды тіркеудің жалғасуы және Сарысу, Мерке, Талас жақтан балалардың ағылып келіп жатқандығы, келгендердің жалпы саны 2353 екендігі айтылған. Және 1932 ж. 20 маусымында Өлкеде 16885 панасыз бала тіркеліп, оның 11599-ы балалар үйіне алынған, ал тамыз айында панасыз балалар саны 42000-ға жеткен. Мұның артынан 30000 бала тіркеліп, 7500-і балалар үйіне алынған. Ал, жалпы Қазақстан бойынша осы кезде балалар үйіне 68617 бала алынған, 1932 ж. 10 наурызда Семейден Алматығы жерілген Өлкелік балалар комиссиясына 11370 панасыз бала тіркелген екен. Панасыз бала саны маусымына қарай өзгеріп отырған. Мысалы: Алматы облысында 1932 ж.1 желтоқсанда 200 бала тіркелсе, 1933 ж. 1 ақпанда 2150; 1 қаңтарында – 2500-ге жеткен. Көптеген балалар мәселесін тапсырған балаларға ашықтан-ашық немкеті қараушылық байқатқан. Алайда боздап қалған жетімдер Түркістан теміржол бекеттеріне, базар алаңдарына паналап, салынып жатқан кәсіпорындар, күмбездерді мекен еткен.

Теміржол бекеттерінде паналаған балаларды қабылдау үшін арнайы қабылдау вагондары ашылған, ал бұл шара жағдайдың қандай жағдайда болғанына куә емес пе? Темір жолмен оңтүстік облыстарға жеткен балалар саны 1933 ж. 1 желтоқсанында – 14419 болған, олардың саны Әулиеатада – 2112, Арыста – 589, Жуалыда – 1017, Қызылорда – 1250, Келесте – 945, Қазалыда – 675, Таласта – 278, Меркеде – 800, Созақта – 600, Түркістанда – 877, Шымкентте – 1266 болған [66].

Тағыда адам жаны түршігерлік жағдай: Маңғыстау ауданында Мұқыр ауылында болған, Мұһамедия Инаш деген 35 жастағы әйел 118 адамның бас қосып, бірігіп, тау ішінде тығылып жүріп адам етін жегенін, осы әйелдің 4 баласының екеуі былтыр балалар үйінде өлгенін, ал қалған екеуінің – Зейней мен Бейғанымды – солар жеп қойғанын дәлелдейді.

1931 ж. күзінде екінші коллективтендіру аяқталды, бұл кезде миллиондаған қазақ халқы өздерінің туған жерінен қашып, жолшыбай өліктерге айналып жатты. Осы жылы Қазақстаннын мал басы тағы 10 млн-ға азайған екен. Тарихта бұрын болып көрмеген аштық өңірді жайлап келе жатты. 1932 ж. басында КазЦИК, Крайком, Совнаркомға аштық туралы телеграммалар, докладтар, хаттар келе бастады. Солардың біреуіне тоқтала кетейік: «Ауылды аштық жайлаған. Балқаш маңындағы үш ауыл құрып бітті, 6 әкімшілік ауылда 4417 шаруашылық болған, содан 2260 қалды, соның 63% ашығып отыр. Қалған тұрғындардың жағдайы да мәз емес. Аштық 1931 ж. декабрьдегі алғашқы күндері басталды. Бәрі өліп қалды, шамамен 600 адамнан кем емес.Ашыққандар бойнаның лақтырғандарын жеп қоректенуде» делінген. 1932 ж. Үштөбеден келген телеграммада ҚазПП ОГПУ-дің 32 ж. 4 августындағы мәлімдемесінде «Қолдағы бар деректер бойынша Атбасар ауданында азық қиындығы шегіне жеткен сияқты. Аштықтың әсерінен жаппай ісіп кету мен өлім байқалады. 1 апрельден 25 июльге дейін 111 өлім туралы дерек тіркелген. Олардың ішіндегі июль айыныкы – 43.

Ендігі кезекте «Ұлы Жұт» шығындарына шолу жасап көрейік: «Особенно тяжким было положение детей. Сироты умирали от голода десятками тысяч. Голодали не только в аулах, но и в деревнях, кишлаках, поселках и городах Казахстана. В Актюбинске, к примеру от истощения и дезинтерии весной и летом 1932 года погибли: в мае – 175 человек, в июне – 208, в июле – 320, в августе – 450, и это в городе который едва ли насчитывал в ту пору 15-20 тысяч жителей. Страдали от голода и рабочие Казахстанских новостроек, что выражалось в чрезвычайной «текучести» кадров. Например: на шахтах Караганды из 37772 работавших в 1932г. «сменилось» 33865 человек. Особенно туго приходилось «спецпереселенцам» в 1933 г. Их насчитывалось здесь 7545» - дейді тарихшылар Б. Төлепбаев пен В.Осипов[66].

Аштықтан әлсіреп тұра алмаған кемпір-шал жас балалар отырған орнында өлді. Жан ұшырып жүріп кеткендер жолда қырылды. Қара жолдың үсті сұлап жатқан киімшең өлікке толып кетті, бірінің-бірі бетін топырақпен жабуға шамалары келген жоқ»

«Біз өлеміз десек елден шықпас едік қой, өлмейміз, тірі қаламыз деген үмітпен аштыққа ара тұратын ағайын іздеп бара жатқан жоқпыз ба? Ондай ел де, жұрт та жоқ, көмір жемесеңдер сендерге бір тілім нан беретін мұсылман да жоқ. Қаланың ішін иіс-қоңыс алып кетті, содан жұқпалы дерт тарап, Донбастан орыстар келіп жатыр, қалаларға қазақтарды кіргізбейтін болыпты. Донбастан келген орыстар кезектесіп күзететін көрінеді».

Енді ашаршылық құрбандарының санына келсек, 1932 ж. дейінгі республикадағы қазақтардың саны 4 млн. 120 мың болса, соның 2 млн-нан астамы ашаршылық пен індеттің құрбандығына шалынды деуге толық негіз бар. Жалпы, кемушілік 3 млн 100 мың адамға жеткен екен. Ал, енді ашаршылық құрбандары туралы демограф М.Тәтімовтың пікіріне қосылар болсақ: « ашаршылық жылдары қырылып қалған 2.3 млн адамның 300 мыңдайы ғана өз ажалынан өлген. Сонда ашаршылық тура шығынының өзі ғана бүкіл республика көлемінде 2 млн адам өмірін жұтып қойған. Ол осы кездегі республика халқының 30%, ал жанама шығындармен қоса есептегенде 35% жетеді», - дейді.

«Азамат соғысында және соның салдарынан болған шаруашылық күйзелуі жылдарындағы аштықтың тікелей және жанама әсерінен болған кемушілік – 800 мың адам. 1928 ж. ірі байларды конфискелеу, яғни зорлықпен тәркілеу науқанында алысқа жер аударылғандар – 11 мың адам. 1931-1933 ж.ж. жасанды ашаршылық пен індеттен қырылған голощекиндік геноцид ( «Қызыл қырғын») – 2 млн. 300 мың адам.

1930-1934 ж.ж. күшпен ұйымдастыру мен отырықшыландыру науқанындағы асыра сілтеушіліктен шетке көшіп кеткен, кейін қайтып оралмай қалғандар саны – 615 мың адам», - деп есептейді М.Тәтімов.

Аштық жылдарындағы адам шығынын байқау үшін Тәтімовтың қазақ халқын әр түрлі тарихи кезіндегі өсіп-кеміген күрделі динамикасы туралы мәліметін қосымшадағы № 11 кестеден қарайық.

Барлығы 13 жылға созылған қасиетті демографиялық апаттар халқының санын 3.5 млн адамға олқыландырып кетті. 1916-1921 жж. алғашқы демографиялық апатта қазақ халқының ұзын саны бақандай 850 мың адамға шығын көрді. Бұл апатта (коллективтендіру кезінде) үлкен саясаттан беймақрұм халқымызға келген кесір ескі отаршыландардан гөрі жаңа әкімшілік большевизмнен көп келді», дейді Мақаш Тәтімов [22].

Тәтімовтың 1990 ж. Қазақстан компартиясының секретары Жәнібеков Ө. Ж-на жазған хатында: «Недавно ЦК Компартии Украины принял постановление «О голоде на Украине 1931-1933 ж.ж. в процентном отношении нанес в три раза больший ущерб и его последствия были для казахского народа чрезвычайно тяжелыми. В связи с этим считаю, что ЦК Кмпартии Казахстана так же должен принять аналогичное постановление «О голоде в Казахстане 1931-1933 г.г. и его тяжелых последствиях» которые необходимо преодолевать и дать политическую оценку демографической катастрофе.

В настоящее время эти «белые пятна в демографической истории Казахстана изучены довольно многосторонее и освещены печати. Однако, русскоязычное население о них осведомлено недостаточно и это может вызвать негативные явления на фоне обостренного внимания казахскоязычного населения на эти трагические события.

Предлагаю соорудить памятник 2.5 млн безвинным жертвам голощекинского геноцида – искусственно созданного голода и мученической смерти. Это будет не только урок ваших прошлых ошибок, но и дань уважения «безвременно усопшим нашим братьям. В нашем народе говорят: «Өлі разы болмай, тірі байымайды», т.е. «пока не успокоется дух умерших – живые не восторжествуют».

Необходимо учесть, что в этой поистине народной трагедии была повинной в основном Казахстанская Краевая организация ВКП (б) во главе с Филиппом Голощекиным», - делінген.

Сөйтіп Қазақстан 1932 ж. байырғы халқының 64% айырылған екен. Қазақстан халқының саны 1930 ж. 5.9 млн 1933 ж. 2.5 млн-ға азайған. Қорыта айтқанда, қазіргі тарихи әдебиетте 1932-1933 ж.ж. аштықтан және соған байланысты сүзектен өлген қазақтар саны әр қилы айталып жүр. Мәселен, зерттеуші ғалым Омарбеков Т. 2 млн 227 мың деп жазса, кейбіреулер оны көбейтіп 2.5 -2.6 млн-ға дейін жүр. Ал, көрнекті ағылшын – американ зерттеуші Роберт Конквест оны 1.5 млн деп анықтайды. Осы болжамға жақын, оны дәлірек айқындай түсетін санды белгілі тарихшылар Б.Абылхожин мен М.Қозыбаев, демограф Тәтімов М. Зерттеуінен кездестіруге болады. Олар аштық пен оның індетті салдарынан өлген қазақтардың саны 1млн 750 мың, яғни аштықтың алдындағы 1930 ж. қазақ халқының 42% болды деп есептейді. Ал, бұл тұжырымдардың қайсысы дұрыс екенін әлі де зерттеулер көрсете жатар[1].


Қорытынды

Ұжымдастыру, зорлықпен отырықшылыққа көшіру халықтың басым бөлігін қырғынға ұшыратты, шаруашылықтың шығынын ересен көбейтіп, қалыпты тірліктеріне нұқсан келтірді. Кулак пен байды қудалау, жою – халықтың бұрыннан ұйымдастырып, асырап отырған топты тоз-тоз етті. Ал, кедей мен батырақтар болса байға жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылып, жаңа құрылымды шаруашылықтың да жұмыс тәртібіне бірден әрі кәсіптік, әрі психологиялық жарасып кете алмай есеңгіреп қалды. Кеңес мемлекеті көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландыруда ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы аграрлық саясатының құрамдас бөлігі ретінде қарастырды. 20-жылдардың ортасына дейінгі ауыл шаруашылығындағы шаралар, кооператив құрылысы көшпелі және жартылай көшпелі шаруа қожалықтарын біртіндеп отырықшыландырудың алғы шартын жасаған еді. Алайда 1928 жылы байлар мен ірі жартылай феодалдар дегендерді тәркілеу науқанынан бастап өріс алған ұжымдастыру 1930 жылға қарай шаруа қожалықтарын күшпен жаппай ұжымдастыруға алып келді. Осымен бір мезгілде көшпелі шаруа қожалықтарын отырықшыландыру осы науқанның аясында, оның ажырамас бөлігі ретінде қарастырылды. Себебі колхозға ұжымдасқан (шаруалар қайткен күнде де бір елді мекенге топтасып орналасатын еді. Оны билік отырықшыландыру деген қосымша ұранға, онан соң науқанға айналдырды.

1920-жылдардың соңында отырықшыландыру жұмыстары дұрыс жоспарланбады. Онда түсініксіз дүние көп болды. Себебі әуел бастан жергілікті билік көшпелі және жартылай көшпелі шаруа қожалықтарының жалпы санын нақты анықтаған жоқ. Ал бұл іске байланысты жүргізілетін көп салалы жұмыс және бөлінетін қаражат осыған тікелей тәуелді еді. Сондықтан 1931 ж. 14 желтоқсанда Халық Комиссарлары Кеңесі жанындағы отырықшыландыру жөніндегі республикалық комитеттің техникалық кеңесінде бұл мәселе арнайы қаралды. Онда жаппай отырықшыландыру жөніндегі жұмыстар жоспарына енгізілуге жататын шаруа қожалықтарының санын анықтау қажет деп шешті. Ал бұл кезде, жаппай ұжымдасу барысында шаруалар басқа жерге босқын болып, қашып жатқан болатын. Анықталғандай, барлық көшпелі және жартылай көшпелі қожалықтар саны мемлекеттік жоспарлау мәліметі бойынша 706 000 деп бекітілді. Мұнан 5 пайызды құрайтын 42000 байлар мен кулактар қожалықтары шығарылып тасталынды. Ал шын мәнінде бұлар орташа немесе ауқатты шаруалар еді. Қалған 664000 шаруашылықтан 70 мыңы 1930 жылғы жерге орналастыруға дейін отырықшыланғандар болатын.

Ал жаппай ұжымдастыру барысындағы зорлық-зомбылықтан, ашаршылықтан қырылғандар саны зерттеушілердің (Т. Омарбеков, Ж. Әбілқожин, М. Қозыбаев, М. Тәтімов) анықтауы бойынша 2 млн 200 мың адам, оның ішінде 1 млн 750 мың қазақ болса, республикадан тыс жерлерге босқын болып қашқандардың өзі 660 мыңнан асады. Сондықтан 1931-1933 жылдары 20 мың қазақ шаруалары отбасы мекенін тастап, республиканың өз ішіндегі өнеркәсіп орындарына барып паналады. Кеңестік билік анықтамасы бойынша осылай отырықшыланды. 1932 жылы ол 57 мыңнан асты. Бұған қоса 37 мың қожылық республикадан тыс жерлерге кетті. Деректер бойынша 1931 жылы егіншілікпен айналысатын орыс поселкелеріне 20 мың отбасы орналасқан. Олардың жағдайы біршама жақсы болды. Сонда 1931-1932 жж. отырықшыланатын шаруа қожалықтарының жалпы саны 192 мың деп анықталды. Мұның өзі толық дерек емес. Себебі ашаршылық жағдайында жергілікті билік органдары мұндай деректерді толық бермеді.

Қазақтарды отырықшыландыру туралы қаулылар халықтан оқшау кабинет жағдайында жоғарыдан қабылданды. Билік өз саясатында оның басты мақсаты көшпелі қазақ халқының өзіндік ұлттық дәстүр-салтын және тұрмысын өзгерту екенін ашық айтты. Себебі оларша бұл тұрмыс салты мен өмір сүру дәстүрі социалистік құрылыспен үйлесе алмайтын болды . Сөйтіп қазақтардың мал шаруашылықтарына негізделген көшпелі және жартылай көшпелі тұрмысы социалистік құрылысқа қарама-қарсы қойылып, бүкіл қоғамда, мемлекеттік деңгейде оған деген жаулық көзқарас қасақана жандандырылды. Енді көшпенділіктің өзі «тағылық», «надандық» және мәдени артта қалу» деген тұжырымдамалармен түсіндірілді.

Ал мұның басты мақсаты қазақ шаруашылығын, жалпы Қазақстандағы аграрлық саланы кеңестік біртұтас өндіріс саласының құрамдас бөлігіне айналдыру болатын. Мемлекеттік жоспарлы экономика осыны талап етті.

Мемлекеттік басқару органдары отырықшыландыратын қазақтардың санын жыл сайын күштеп арттыра түсті. Себебі бұл жаппай ұжымдастырудың әдісі болатын. Отырықшыландыру нашар жүріп жатқан аудандардағы басшылар егер де басқа ұлт өкілдері болса, әдетте ұлы державалық шовинизм, ал олар қазақтар болса, онда жергілікті буржуазиялық ұлтшылдар, бұған кедергі жасаушылар ретінде айыпталатын. Қазақстан үкіметінің отырықшыландырудың алғашқы жылының қорытындысын шығарған тезистері шовинизмге немесе ұлтшылдыққа ғана емес, сондай-ақ оңшыл ағымға да, солшыл бұрмалауға да қысқаша сипаттама берді.

Отырықшыландыру кезінде бұқара арасында жаппай түсіндіру жұмыстары жүргізілген жоқ. Ол жоғарыдан түскен мекемелік тар жолмен жүрді. Ф. Голощекин көшпелі халықты отырықшыландыруда тұрғын үй, баспана мәселесін екінші қатардағы нәрсе деп білді. Ол отырықшыландыруда шаруашылық мәселелер, яғни шөп шабу, егіншілікпен айналысуға үйрету негізгі мәселе деп есептеді. Ал отырықшыланған шаруа екі жыл киіз үйде отырып, біртіндеп өз күшімен баспананы салып алуы керек болды. Сөйтіп, Голощекин отырықшыландыруды шаруашылық құрылыстарын салудан бастауды ұсынды. Сондықтан үйлер мен құрылыстардың техникалық жобалары жергілікті жерлерге уақытында жіберілген жоқ. Үлгі жобалар отырықшыланатын аудандардың табиғи-тарихи ерекшеліктеріне және ауа райына сай келе бермеді.

Отырықшыландыруда бюрократиялық және біржақты әрекеттердің орын алуына Халық Комиссарлары Кеңесі жанындағы республикалық Отырықшыландыру жөніндегі комитеттің өзінің де бұл жұмысқа атүсті қарауы себеп болды. Комитет мүшелері оның жұмысына қатыспай, оның мәжілістері көбінесе кейінге қалып отырған. Ал қабылданған қаулылары өмірден алшақ еді. Мұның басты себебі отырықшыландыру комитеті формальды түрде құрылған қосалқы техникалық мекеме болды.

Қиыншылық отырықшылана бастаған шаруаны құрылыс материалдарымен қамтамасыз ете алмаудың салдарынан да туындады. Қазақстандағы отырықшыландыру үрдісіне Одақтық үкімет онша мән берген жоқ. Орталық үшін бұл жылдары шаруаларды ұжымдастыру маңызды нәрсе болды. Ал отырықшыландыру болса ұжымдастырудың көлеңкесінде қалды және екінші қатардағы міндет деп есептелді. Қазақстан басшылары көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын жаппай отырықшыландырмайынша жедел ұжымдастыруды қамтамасыз ете алмайтынын жақсы білді. Сондықтан орталықтың назарын аударуға күш салды.

Қазақстандағы отырықшыландыру жұмысына Мәскеудегі орталық ұйымдардың жеткілікті бақылауы болмағандықтан Қазақстан басшылығы осы мәселеге жұмсалған қаржыны түрліше көрсетті. Зорлық-зомбылық пен ашаршылықтан босқын болып, ауып кеткен шаруалар Сібірге, Қиыр Шығысқа, тіптен балық трестеріне жолданып аман қалғандары Камчаткаға дейін жетті. Челябинск, Тюмень, Саратов, Волгоград, Астрахань, Орал, көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қарақалпақстанға кетіп қалған шаруалар мыңдап саналады. Мыңдаған шаруалар Қытайға, Ауғанстан мен Иранға өтіп кетті. Сөйтіп кеңестік аграрлық ұжымдастыру салдарынан олар басқа жерлерге барып еріксіз отырықшыланды. КСРО көлемінде босқын болып кеткендердің біразы кейін 1935-1936 жж. кері қайтты. Оларды орналастыруға өкімет қаржы және мал басын беруге мәжбүр болды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1 Қозыбаев М.Қ. Ф.И. Голощекин //Арай. – 1989. – № 3. – Б. 6.

2 Михайлов В. Хроника Великого Джута. – Алма-Ата, 1990. -44 бет.

3 Голощекин Ф.И. Партийное строительство в Казахстане //Сб.стат. – Москва, 1986.

4 Шоқай М. Кеңестер билігіндегі Түркістан. – Алма-Ата, 1992. – 9 бет.

5 Омарбеков Т. Дәстүрлі қазақ шаруашылығын қорғаушылар қалай айыпталды? // Ақиқат. 1993. – № 5. 59-бет; Соныкі, Шаруаларға шабуыл қалай басталды? // Ақиқат. 1993. № 6. 51-бет.

6 Седельников А.Н. Распределения населения Киргизского края по территории, его этнографический состав, быт и культура / Киргизский край. Россия: Полное географическое описание нашего отечества. Т. ХVШ. - Спб., 1918. - С.175-222.

7 Кауфман А.А. К вопросу о происхождении русской земельной общины. - М., 1907. - 90 с.

8 Галузо П.Г. Колониальная система Российского империализма в канун Октябрьской революции //Казахстан в канун Октября. -Алма-Ата, 1968. -160 с.

9 Дахшлейгер Г.Ф. Вопросы историографий опыта ленинского кооперативного плана в Казахстане ( 1917-40) А-А, 1965.

10 Шахматов В.Ф. О пастбищно-кочевой земельной общине у казахов // Вопросы истории Казахстана и Восточного Туркестана. - Алма-Ата: АН КазССР, 1962. - С.73-81.

11 Тұрсынбаев Ә. Қазақстандағы социалистік өзгерістерде орыс халқының ролі. - Алматы, 1950.

12 Субханбердина Ү. “Айқап” бетіндегі мақалалар мен хат-хабарлар. – Алматы, 1961. 112 б.; «Айқап». Құрастырушылар Субханбердина Ү. Дәуітов С. - Алматы, ҚЭ, 1995. - 367 б.

13 Абылхожин Ж.Б. Традиционная структура Казахстана. – Алма-Ата, 1991. 84-бет.

14 Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. - Алматы: Ататек, 1995.- 256 б.

15 Омарбеков Т. 20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті. - Алматы: Санат, 1997. - 320 б.

16 Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? – Алматы: Ана тілі, 1993. – 208 б.

17 Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты: Оқу құралы. – Алматы: «Қазақ университеті», 1992. – 272 б.

18 Қозыбаев М., Алдажұманов Қ.С., Әбілқожин Ж.Б. Қазақстандағы күшпен коллективтендіру: қорлық пен зорлық. - Алматы, 1992. – 36 б.

19 Әбілқожин Ж., Алдажұманов Қ.С. Этноцид // Егемен Қазақстан. - 1992. – 30 мамыр.

20 Таңатарова Ж.Т. Қазақстандағы және Қалмақстандағы көшпелілерді отырықшыландыру: салыстырмалы тарихи талдау // Ақиқат. - 1999. – № 4. - 83-85 бб.

21 Қуандық Е. Сүрең салған сұрқия саясат. – Алматы: Санат, 1999. – 336 б.

22 Тәтімов М. Зұлматтың ауыр азабы. Мына кітапта: Зауал. – Алма – Ата, 1991. 44-бет; соныкі, Халықнама сан мен сана. -Алматы, 1992. 52-бет; соныкі, Көбейіңдер қазақтар, көбейетін шамаң бар. // Қазақ әдебиеті. 17 көкек, 1992. 3-бет; соныкі, Қасірет қайталанбасын десек. // Жас Алаш. 1996. 27 маусым, 2-бет.

23 Қозыбаев М., Алдажұманов Қ., Әбілқожин Ж. Қазақстандағы күшпен коллективтендіру: қорлық пен зорлық. - Алматы, 1992. 30 б.

24 Омарбеков Т. Қазақстандағы күшпен коллективтендіру: қорлық пен зорлық. Алматы. 1992. 29-35 бб.

25 Мұхатова О.Х. Қазақстандағы аграрлық өзгерістер тарихнамасы. ХХ ғ. 20-90-жж. - Алматы: Ғылым, 1999. -287 б.

26 Таңатарова Ж.Т. Қазақстан және төменгі Еділ аймағындағы күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру // Вестник ИПК. - Алматы: Қазақ Университеті, 1998. - № 3. – 134-135 бб.

27 Нәубет: публицистикалық ой-толғаулар / Құраст. Қ. Қыстаубаев. - Алматы: Жалын, 1990. – 446 б.

28 Қызылдар қырғыны / Құраст. Д. Досжан. - Алматы: Өнер, 1992. – 256 б.

29 Народ не безмолвствует / Сост. Н.И. Пономарев. - Алматы: Обелиск, Простор, 1996. – 305 с.

30 Документы свидетельствуют из истории деревни накануне и в ходе коллективизации (1927-1932 г.г.) / Сост. С. Диманштейн. - М.: Политиздат, 1989. – 525 с.

31 Насильственная коллективизация и голод в Казахстане в 1931-1933 гг.: Сборник документов и материалов / Под ред. М. Қозыбаева. - Алматы: Фонд «ХХІ век», 1998. – 263 с.

32 Ирошников М.П. Декреты Великого Октября. -М., 1967.

33 Образование Казахской АССР. Сборник документов и материалов. - Алма-Ата: АН КазССР, 1957. - 359 с.

34 Байкенов М. К. Истории первых аграрных преобразований в южных районах Казахстана // В кн: Из истории Октябрьской революции и гражданской войны в Казахстане. - Алма-Ата, 1962.

35 Жұртбаев Т. Талқы. - Алматы: Қазақстан, 1995.

36 Турсунбаев А. Казахский аул в трех революциях. -Алма-Ата: Казахстан, 1967. - С.327

37 Сулейменов Б. Аграрный вопрос в Казахстане в последней четверти ХІХ в. –Алма-Ата: Наука, 1963;

38 Коллективизация сельского хозяйства Казахстана. Ч. 1. - Алма-Ата, 1967.

39 Қожамжарова Д.П. 1925-1929 жылдардағы қазақ ауылындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер. –Алматы, 1995.

40 Дахшлейгер Г.Ф. Социально-экономические преобразования в ауле и деревне Казахстана. - Алма-Ата: Наука, 1965. - С.207.

41 Назарбаев Н. Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын //Ақиқат. 1993. №3.

42 Махат Д.А. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде «оңшылдыққа» және ұлтшылдыққа айыптау: тарихы және салдарлары (1925-1933 жж.): Тар. ғыл. канд. дис. автореф. – Астана, 2000. – 30 б.

43 Махат Д.А. Қазақ зиялыларының қасіреті. – Алматы: Сөздік-словарь, 2001. – 304 б.

44 Қуандық Е. Сұрқия саясат. - Алматы: Санат, 2002. - 120 б.

45 Казахстан в полосе социалистического наступления. - Алма-Ата, 1931. -С.17.

46 Жаулин К.М. Батыс Қазақстандағы шаруа қожалықтарын күшпен ұжымдастыру: тарих және тағлым (1928-1933 жж.). -Алматы, 1997. -24 б.;

47 Жұмағұлов Б.С. Кеңес өкіметінің аграрлық саясаты және Адай көтерілісі (1922-1933 жж.). -Алматы, 1999. -30 б.;

48 Жаманкулов А. Опыт перехода казахских шаруа к оседлости. -Алма-Ата, 1969. - С.24.

49 СОКП мен Совет өкіметі Қазақстан туралы жинағы. - Алма-Ата, 1978. -34-бет.

50 Қозыбаев М. Ашаршылық ақиқаты. «Ақтаңдақтар ақиқаты» кітабында. Алма – Ата, 1992. 61-бет.

51 Омарбеков Т. Голощекин геноциді. // Қазақ әдебиеті. 1990. 13 шілде, 10-бет.

52 Фактілер сөйлесе. Нәубет. – Алматы, 1990. 117-бет.

53 Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті: Көмекші оқу құралы. Алматы, 1997. 82-бет.

54 10 лет Казахстана. - Алма-Ата, 1930.

55 Алтынбекова П.Ж. Ақиқат пен қасірет (1933-1938 жж.). - Астана: «Елорда», 2001. – 200 б.

56 Жакупбеков С.К. Из истории организации и работ МТС в Казахстане в первой пятилетке. Известия Академии наук КазССР. Серия истории, археологии и этнографии. Выпуск 1/6/. - Алма-Ата, 1958.

57 Тулепбаев Б.А. Социалистические аграрные преобразования в Средней Азии и Казахстане. - М.: Наука, 1984;.

58 Көшпенділіктен отырықшылыққа. Көшпелі, шала көшпелі қазақ халқын отырықшылыққа айналдыру жұмысының деректері. - Алматы, 1930

59 Чупеков А. Землеустройство в Казахстане накануне сплошной коллективизации // Ученые записки Казахского госуниверситета им.С.М. Кирова. Серия историческая. Т. 53. вып. 9. - Алма-Ата, 1962.


60 Таңатарова Ж.Т. Қазақ шаруаларын зорлап отырықшыландыру және босқындарды шаруашылықтық орналастыру (1930-1937 жж.). -Алматы, 1999. -29 б.

61 Қазақ қалай аштыққа ұшырады? – Алматы, 1991. 28-30 бб.

62 Омарбеков Т. Отырықшыландыру неге сәтсіздікке ұшырады? // Ақиқат. 1994. № 1. 39-бет.

63 Жүнісұлы К. Зұлмат алдындағы қырғын. // Қазақ әдебиеті. 1991. 9 тамыз, 14-бет.

64 Қозыбаев М., Алдажұманов Қ.С., Әбілқожин Ж.Б. Қазақстандағы күшпен коллективтендіру: қорлық пен зорлық. – Алма-Ата, 1992. 28-бет.

65 Қызылдар қырғыны. Құрастырған Қымтаубаев З., Хабдина Б. - Алматы, 1993.



66 Белые пятна в исторической демографии Казахстана. В кн.: Социальная обусловленность демографических процессов. – Алматы. 1992. 120-бет.
жүктеу 116,94 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау