КІРІСПЕ
Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің тарихы тереңде.1961 жылға дейін Қармақшы орман шаруашылығы аталған мекеме Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің Орман шаруашылығы және орманды қорғау басқармасының бұйрығы негізінде Қазалы орман шаруашылығы деп өзгертілді.
Орманшылар 1965 жылы сексеуіл ағашын тұқымынан себу арқылы көбейтуді қолға алды.Бұл Қарақұм беткейіндегі бос жатқан жерлерді құм көшкінінен тоқтату мақсатында атқарыла бастады.Қазіргі таңда Қарақұмдағы тұқымынан себіліп өсірілген сексеуіл ормандарының көлемі 56310 гектарды құрайды. 1968 жылдан бері мекеме екі бағытта жұмыс атқарып келеді. Бюджет саласы бойынша мемлекеттік орман қоры жерін заңсыз бүлдіріп қиратуға жол бермеу, елдімекендерді көгалдандыру мақсатында екпе көшеттер өсіріп, оларды аудан мен ауылдық округтерді тұрғындарға таратады.Екпе көшеттерді орман қоры жерінің жасыл аймағына егіп, молықтырумен және өсіріп,күтіп баптаумен айналысады.Шаруашылық есептеме саласы негізінде толысып, пісіп жетілген, құру дәуіріне келген сексеуіл ағаштарын отандық мақсатқа пайдалану үшін кесіп дайындайды.Автомашина, трактор тіркемелеріне тиеп, мекемелер мен халық сұранысына сәйкес тарату,сіпсе тұқымын сеуіп,өсіріп, одан үй сыпырғыштарын дайындау, қамыс орып,үй құрылысына пайдаланатын шом буып,сатады. Кезінде қараша үйдің қаңқасын кереге ,уық, шаңырақ жасап, халық сұранысын қамтамасыз етіп отырды.
Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі аң шаруашылығы саласында жабайы аңдар мен құстарды қорғаумен бірге олардың есебін алумен де айналысады. Соңғы үш жылда жабайы аң құстарды қорғау бағытында атқарылатын биотехникалық шаралар жоспарға сәйкес жүргізіліп, қаралған қаржы толығынан игерілген. Қазалы ауданы бойынша балық шаруашылығына маңызы бар 19 су айдыны тізімге алынған. Оның 17-сі табиғат пайдаланушыларға ұзақ мерзімге бекітіліп берілсе, 2-уі резервтік қорда тұр.
Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің атқарған жұмысы туралы мекеме басшысы Ардақ Кәдір: «Бізге қарасты орман қоры жерінің жалпы көлемі 1 785 550 гектар. Оның ішінде орман басқан алқабы – 896267 гектар жер. Орман қоры Қарақұм, Қызылқұм және Қасқақұлан орманшылығына бөлінеді. Аумақты қорғауға 3 орманшы, 3 орманшының көмекшісі, 6 орман шебері және 36 орман күтушісі қызмет етеді. Мемлекеттік орман қоры 14 айналымға бөлініп, әр айналымның паспорты жасалынып, орман қорушыларына бекітіліп берілген. Жыл басында кезекшілік кестесі жасалып, орман қорушылары Басықара, Қарлаң, Абай және Әлсейіт бекеттерінде көктем мезгілінде тиісті кезекшілікте тұрады», – деді.
Достарыңызбен бөлісу: |