173
арасындағы байланыс. Осы дертпен қайтыс болу және шалдығудың ең тӛменгі дәрежесі
табиғат ортасының ластануының тӛменгі жағдайында байқалады.
Орман адам ӛмірінде екі жақты рӛл атқарады: біріншіден орман кӛп мӛлшерде табиғи
ресурстар мен шикізат қорын береді. Әсіресе – ағаш. Екінші жағынан қоғам ӛміріндегі
орманның рӛлі ӛзіндік табиғи қасиеттермен, яғни – биосфераға әсерімен, қорғаныштық
функциялармен, шикізат ресурстарын ӛндірумен анықталады. Табиғатты қорғау орман
ресурстарын пайдаланудың түрлері мен әдістеріне тікелей байланысты. Орманды пайдалану
түрлері қоршаған ортаны қорғау қажеттіліктеріне сәйкес болу қажет.
Орман ресурстарын пайдаланудың 2 фазасын бӛліп кӛрсетеді: біріншісі, ӛте ұзақ – фаза
– орманды еңбек құралы ретінде пайдалану, екіншісі салыстырмалы түрде қысқа
уақыттылық мерзіміндегі фаза – орманның негізгі дайын ӛнімін – ағаш еңбек құралы ретінде
пайдалану. Бұл фазалар ӛндірістік процестер технология бойынша және орман ресурстарын
пайдаланудағы міндеттері мен мақсаттары бойынша ажыратылады [7].
Жер шарының табиғат кешендері әр түрлі. Кӛптеген экологиялық жүйелер топтарынан
тұрады. Соның ішіндегі табиғатта, қоршаған ортада, азамат тіршілігінде маңызды ролі
атқаратындардың бірі – ормандар. Жалпы жер шарының 551 млн км
2
болса, орман алқаптары
оның ішінде 40,7 млн км
2
жерін алып жатыр. Бұл тек табиғи орман алқаптарының
кӛрсеткіші. Ал орманды қолдан егіп, гүлдендіруге, орман қорын арттыруға барлық
мүмкіндіктер бар. Бұл тек адам қолынан келетін іс. Бірақ адамзат баласы таусылмайтын ӛз
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында кӛптеген табиғи қорларды, оның ішінде орман
алқаптарын үлкен экологиялық проблемаға айналдырды. Адам баласы орман алқаптарына
зиян келтіре отырып, ӛз жанарына қауіп – қатер келетінін түсінбей келеді. Орман – бұл
тіршілік айнасы. Ал тіршілік ету бұл адамға тән қасиет. Сондықтан да қолда бар
байлығымызды, яғни тіршілігімізді, ӛмірімізді барынша жақсартуға, сақтауға, қорғауға
ұмтылайық.
Әдебиеттер тізімі:
1. Тӛлепбергенов Н. Жасыл орман – ел дәулеті / құрастырған Н.Тӛлепбергенов. –
Алматы: Қайнар, 2004.- 280 б.
2. Воробьев Г.И. Лесная энциклопедия, 1 том. / ред.кол: А.П.Анучин, Г.И.Воробьев,
В.П.Виноградов, А.И.Исаев, П.И.Папин, Л.Н.Попова, С.Г.Синицын. – М.:Советская
энциклопедия, 2005. – 563 с.
3. Воробьев Г.И. Лесная энциклопедия. 2 том. / ред.кол: А.П.Анучин, Г.И.Воробьев,
В.П.Виноградов, А.И.Исаев, П.И.Папин, Л.Н.Попова, С.Г.Синицын. – М.:Советская
энциклопедия, 2006. – 603 с.
4. Букштынов А.Д. Леса / А.Д.Букштынов, Б.И.Грошев, Г.В.Крылов. – М.:Мысль, 2001.
– 496 с.
5. Хортунцов Ю.Л. Человек, техноолгии, окружающая среда. /Ю.Л.Хортунцов. –
М.:2001. – 400 с.
6. Синицын С.Г. Лес и охрана окружающей среды / С.Г.Синицын-Алматы: Наука, 2008-
401 с.
7. Мухин А.И. Охрана и защита леса / А.И.Мухин, И.В.Протанская. – М: Лесная
промышленность, 2009.- 407 с.
8. Степановских А.С. Охрана окружающей среды / С.А.Степановских. – М: ЮНИТИ,
2000.-528 с.
9. Маргус М. Лес и здоровье человека / М.Маргус, И.Сарив, Х.Янес, О.И.Мелик.
М:Лесная промышленность.- 556 с.
10. Аманбаев А.Қ. Орманды бағалап, күтіп сақтауымыз керек. Атамекен, 2001.- 1 –
қаңтар.
174
Аннотация
Мақалада табиғи ландшафт айналысады және жел және су эрозиясынан қорғау үшін, топырақ
құрылымын жетілдіру, сондай-ақ флора мен фаунаның үшін қолайлы жағдайлар кӛрсетеді.
Аннотация
В статье рассматривается природный ландшафт и защита его от ветровой и водной эрозии,
улучшение структуры почвы а так же показаны благоприятные условия для флоры и фауны.
Аnnotation
The article deals with the natural landscape and to protect it from wind and water erosion, improve soil
structure and also shows favorable conditions for flora and fauna.
ӘОЖ 963.78
ҚАЗАҚСТАНДЫ ЗЕРТТЕУ ҤШІН РЕСЕЙДЕ ҒЫЛЫМИ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
ҚОҒАМДАРДЫҢ ҚҦРЫЛУЫ
Амандосова С.С., Сарсебекова М.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
ХҮІІІ ғасырдың басында Ресейдің экономикалық, әлеуметтік және саяси ӛмірінде орын
алған ӛзгерістер ғылымды дамытуда да елеулі серпілістер туғызады. Әлбетте, бұл ӛзгерістер
орыс мәдениеті қалыптасуының сан ғасырлар бойғы тарихы әзірленген заңды құбылыс еді.
Бәрінен бұрын ӛнеркәсіп ӛндірісін кеңейту және мемлекетті нығайту негізінде қол жеткен
экономикалық және саяси жетістіктері ғылыми әрі техникалық білімдерге деген қажеттікті
шұғыл арттырды. Тұңғыш жоғары орындары ашылды. 1998 жылы Петербург Ғылым
академиясының ашылуы сол дәуірдегі Ресейдің ғылыми ӛміріндегі аса ірі оқиға болды. Әрі
оның дүние жүзіндегі кӛпшілік академиялардан бір ӛзгешелігі – ол мемлекеттік мекеме
ретінде шаңырақ кӛтерді. Ресейді жан-жақты кемелдендіріп, ӛркендету үшін ғылымды
дамыту ісіне орасан зор талаптар қойылды. Тек қана аса ірі ғылым орталығы емес, сонымен
қатар орыс ғалымдарының тұңғыш легін баулып тәрбиелеген оқу орнына айналған Ғылым
академиясы алда келелі міндеттерді шешуге белсене атсалысты.
Ресейде оқу-ағарту ісі мен ғылымның ӛркендеуі ХҮІІІ ғасырдың екінші ширегінен
бастап Қазақстан территориясын зерттеуге айтарлықтай себін тигізді. Геодезистер,
географтар, шығыстанушылар кадрларын даярлау негізінде кӛптеген ғылыми экспедициялар
ұйымдастыруға мүмкіндік туды. Бұл шаралар ӛте-мӛте маңызды тарихи оқиғамен Кіші және
Орта жүз қазақтарының Ресейге қсылуымен тұспа-тұс келді.
ХҮІІІ ғасырда кӛшпенді қазақтар, негізінен шығыста Балқаш кӛлінен бастап, Есіл
ӛзенінің жоғары ағысына дейінгі, оңтүстікте Сырдария ӛзенінне бастап Шу, Талас
ӛзендеріне, батыста Қараторғай ӛзеніне дейінгі жерлерді мекендеді. Қазақстанға жоңғар
феодалдарының шабуылы ХҮІІІ ғасырдың 40 жылдарында Жетісу арқылы басталады. ХҮІІ
ғасырдың 80 жылдары жоңғар әскерлері Сырдария аймағына басып кіріп, бірнеше қаланы
жаулап алды да, қазақтар сауда-қолӛнер орталықтарынан қол үзіп қалды.
Сырттан тӛнген саяси және соғыс қаупі Қазақстан экономикасы мен мәдениетінің
ӛркендеуін тежеді. Бастарына осындай ауыр күн туған қазақтар бұл зауалдан құтылудың
бірден-бір жолы Ресейдің қол астына кіру екендігін түсінді. Сондықтан, олар Ресейден
жәрдем сұрап, қол ұшын беруді ӛтінді. 1731 жылы Кіші жүздің Ресейге қосылуы басталды.
Қазақтсаннның орыстардың қол астына кіруі қазақ халқының түбірлі мүдделеріне дӛп
келді.
Ш.Уәлиханов жоңғар шапқыншылығын былай деп жазды: «Зұлым жоңғарлар
жапатармағай ӛкшелеп қуған қырғыздар жол бойы бала-шағасын, кемпір-шалдарын, дүние-
мүлкін, кӛтерем малдарын тастап, үйірінен безіп, үріккен киіктей, оңтүстікке қарай зытуда.
Зәре – құты қалмаған орта жүздіктер – Смарқан маңында, кіші жүздіктер – Хиуа мен Бұхар
тӛңірегінде бас сауғалауда. Орта Азияның жосылған құмайт шӛлдерінен малға жайылым
Достарыңызбен бөлісу: |