Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 3,28 Mb.
Pdf просмотр
бет49/97
Дата06.02.2020
өлшемі3,28 Mb.
#28463
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   97

103 
 
ынтымақтастықтың  белгісін  анық  байқауға  болады.  Оқушылар  топқа  әр  түрлі  тренингтер 
арқылы  бӛлінген  кезде  ешқандай  қарсылық  білдірмей,  бірден  іске  кірісіп  кетіп  жатты.  Бір-
біріне  деген  жанашырлықтары,  ӛзара  татулықтары,  ұйымшылдықтары  үнемі  байқалып 
тұрды. 7 модульді қолдана отырып, ӛзімнің де кӛптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру 
жӛнінде  белсенділігім  арта  түсті.  Қазақстанның  білім  беру  мазмұны  сӛзсіз  жаңа  сатыға 
кӛтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты 
әлемді мойындататын рухани биікке кӛтеру біздердің міндетіміз. 
Қазіргі  заман  мұғалімі  заман  талабына  сай  білім  беруде  жаңалыққа  жаны  құмар, 
шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын 
шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, болатыны сӛзсіз. Қорытындылай келе, жеті 
модульді  сапалы  қолдана  алсақ,  оқушыларымыз  сыни  ойлай  алатын,  білімге  құштар,  алған 
білімдерін 
талдап, 
жинақтап, 
практикада 
қолдана 
алатын 
нағыз 
кӛшбасшы 
тәрбиелейтіндігіміз  сӛзсіз.  Қазақстанның  білім  беру  мазмұны  сӛзсіз  жаңа  сатыға  кӛтеріліп, 
алға  қадам  бастап  келеді.  Біліктілік  пен  шеберлігімізді  ұштастырып,  жас  ұрпақты  әлемді 
мойындататын рухани биікке кӛтеру біздердің міндетіміз.
 
  
Әдебиеттер тізімі: 
1. .Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының 
бағдарламасы 3-деңгей. 
2. Мирсеитова С.Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.-19983.Интербелсенді әдістемені 
ЖОО-да қолдану мәселелері, А.Әлімов Алматы 2013ж. 
 
Аннотация 
Бүгінгі  таңдағы  оқыту  үрдісі  жаңа  әдіс-  тәсілдерді,  жаңаша  идеяларды  қолдану  арқылы, 
Кембридждік әдістің тоериялық негіздерін, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері- 7 модульді практикалық 
түрде қолдану арқылы біліктілік пен шеберліктің қалыптасуы туралы жазылған.  
Аннотация 
На  сегоднешний  день  в    процессе  образования  используя  новые  методы  ,  новейшие  идеи 
,теротического основы Кембриджеского метода и 7 модулей в практике, осуществляеться повышания 
квалификации и формирование мастерство    
Annotation 
The date in the process of formation of new techniques available with new ideas, the theoretical basis 
of  the  method  of.  Cambridge,  with  new  teaching  methods  using  the  7  modules  in  practice,  improve  their 
qualifications and skills.  
 
 
ӘОЖ + 001.895 
       Ж 88 
    
ҚҦБЫҒҦЛ БОЗАЙҦЛЫ ЖАРЫҚБАЕВ: ТҦЛҒА, ҒАЛЫМ, ҦСТАЗ 
 
Жумагалиев Р.А.  
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
«...Түсінгендіктің шын белгісі - «иә» деген жауап емес,  
шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады». 
 Абу-ль –Фарадж ал-Исфахани 
«Ұстаз ...  жаратылысынан ӛзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, кӛрген, естіген және  
аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын ... алғыр да 
аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, ӛнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ  
және  ар-намысын  ардақтайтын,  жақындарына  да,  жат  адамдарына  да  әділ...,  жұрттың 
бәріне...жақсылық пен ізгілік кӛрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл,  
ержүрек болуы керек»,- деп жазды ұлы ғұламамық Әл- Фараби.   


104 
 
Қасиетті халқымыздың рухани мұрасының әр саласында жемісті еңбек етіп, республика 
жоғары  мектебін  дамытуда  ұмытпас  із  қалдырған,  атсалысқан,  педагогика  ғылымының 
іргетасын қалауда ерекше еңбек сіңірген дарынды тұлғаларымыз аз емес. Олар: М.Дулатов, 
А.Байтұрсынов,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов,  С.Меңдешев,  С.Қожахметов,  Ә,Сембаев, 
Ш.Әлжанов,  Т.Тәжібаев,  Қ.Бержанов,  С.Қалиев,  т.б.  Солардың  қатарына  Әл-Фараби 
атындағы  қазақ  Ұлттық  университетінің  профессоры  Қ.Б.Жарықбаевты  жатқызуға  болады. 
Кезінде Ж.Аймауытов:  «Тәрбиелі адам, демек иманды адам, ол білімін ӛз орнына, игілікке, 
адамзаттың гүлденуіне жұмсайды», - деген екен [1, 452 б.]. 
Жүсіпбектің осы бір тәрбие туралы ғұламалық даналығы, аталық сӛзі кірмегенде шығар, 
немесе елес берді ме оны сол кезден бастап тәрбие туралы талпыныс пен білім алу туралы 
үлкен  ұмтылыс,  зор  арман  Алға  қазақ  орта  мектебінде  ұстаздық  қызметін  бастағанда,  оны 
болашаққа жетелей берді.  
Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев 1929 жылы Ақтӛбе облысының Алға ауданында дүниеге 
келген. Ақтӛбе оқытушылар институтының қазақ тілі мен әдебиеті бӛлімін (1946 ж.), Қазақ 
университетінің  логика  және  психология  бӛлімін  бітірген  (1951  ж.),  Педагогика  (1982  ж.) 
және  психология  (2003  ж.)  ғылымдарының  докторы,  профессор  (1984  ж.),  Қазақстанның 
еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (1998 ж.). 
Ғылыми  еңбектері:  «Краткий  библиографический  указатель  по  психологии»  (1917- 
1967 ), «Развитие психологической мысли в Казахстане» (1968),  «Тұрмыс және денсаулық» 
(1970), 
«Қазақ 
психологиясының 
тарихы» 
(1996), 
«Этнопсихология» 
(1998), 
«Ж.Аймауытұлының  психологиялық  кӛзқарастары»  (2000),  «Әдеп  және  жантану»  (1996), 
«Этнопсихология  ұлт  тәрбиесінің  ӛзегі»  (2005),  «Жантану  оқулығы»  (2008),  1000-нан 
асағылыми мақалалардың авторы. 
Профессор Қ.Б. Жарықбаев жұмыс істейтін Қазақ Ұлттық университеті бүгінгі күндері 
кең-байтақ қазақ жеріндегі психологиялық ой-пікірдің бірден-бір орталығы болып табылады. 
Алғаш рет қазақ тілінде «Мектеп» баспасынан Қ.Жарықбаевтың «Психология» оқулығы 
1972,  1982,1993,  2002,  2004,  2005  жж.  жарық  кӛрді.  Бұл  оқулық  күні  бүгінге  дейін  жоғары 
жіне  арнаулы  орта  оқу  орындарының  қазақ  аудиториялары  студенттерінің  қолдан-қолға 
түспейтін  кітабына  айналды.  Ең  басты  ғылыми-зерттеу  жұмысының  бағыты  қазақ 
психологиясы  тарихының  қалыптасуы  мен  дамуын  негізгі  3  кезеңге  бӛле  отырып,  әр 
кезеңнің  ӛзіндік  ерекшелігіне,  қазақ  топырағында  дүниеге  келген  ортағасырлық 
ғұламалардан  Әл-Фараби,  Жүсіп  Баласағұниден  бастап,  21  ғасырдың  бас  кезіне  дейінге 
Қазақстанда  психологиялық  ой-пікірдің  дамуына  сипаттама  беріп,  ғылыми  деректермен  ӛз 
тұжырымдамасын дәлелдейді.  
Ғалым  Ӛтебойдақ  Тілеуқабылұлы,  Мұхаммед  Хайдар  Дулати,  Қадырғали  Жалайри 
еңбектеріне  тоқталып,  жан  құбылыстарына  талдау  жасайды.  Жыраулар  поэзиясының 
ӛкілдері  Асан  Қайғы,  Бұхар  жырау,  Ақтамберді,  Шал,  Дулат,  Махамбет,  т.б. 
шығармаларындағы жан құбылыстарына талдау жасайды. 
 19  ғасырдың  екінші  жартысымен  20  ғасырдың  бас  кезіндегі  Шоқан,  Абай,  Ыбырай 
еңбектерімен  қатар  Шәкәрім  Құдайбердіұлы,  Әлихан  Бӛкейханов,  Ахмет  Байтұрсынов, 
Міржақып  Дулатовб  т.б.  психологиялық  кӛзқарасына  терең  талдау  жасады.  Сонымен  бірге 
«Махамбет  Ӛтемісұлы  жастар  тәрбиесі  хақында»,  «Әл-  Фараби»,  «Аталар  сӛзі-ақылдың 
кӛзі»,  «Ұстаздық  еткен  жалықпас»,  т.б.  еңбектері  жарық  кӛрді.  Осы  аталған  еңбектерінде 
автор  қазақтың  тәлім-тәрбиелік  нұсқасын  психологиялық  ғылыми  негізге  айналдырып 
жастар және ұрпақ тәрбиесінің психологиялық негізін салды.  
Қазақстанда  30-жылдары  еңбек  еткен,  аты  бүкіл  әлемге  әйгілі  А.П.Нечаевтың 
республикада  психология  ғылымын  дамытуға  сіңірген  ерекше  еңбегіне  жоғары  баға  берді. 
30-жылдары  психологияға  қатысты  зерттеулерді  жүргізген  қазақ  ғалымдары  Ш.Әлжанов, 
М.Әуезов,  С.Балаубаев,  Ә.Сытдықов,  Т.Тәжібаев,  А.Темірбеков,  С.Қожахметов,  Е.Суфиев, 
М.Мұқановтардың еңбектеріне талдау жасайды.  
2004  жылы  «Қазақ  психологиясының  дамуы  мен  қалыптасуы»  атты  тақырыпта 
диссертация қорғап, психология ғылымының докторы дәрежесін алды. 


жүктеу 3,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   97




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау