98
ойын түрлері оқушылардың қимыл қозғалысқа деген икемділігін арттырып, шығармашылық
қабілетін кеңейтеді. Халық ӛзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей - тегжейлі білуді
баланың шамасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді кӛздеген. Ойын бала
табиғатымен егіз. Ӛйткені бала ойынсыз піспек емес, жан - жақты дамымақ емес. Бұл жерде
атап айтатын бір нәрсе, ойындарды бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті
қолдана білсек, онда ол сабақтың сапасын кӛтеріп, тиімділігін арттырады, сабақтан тыс
уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары жандандыра түседі.
Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай
іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.Ойындар жаңа тақырыптарды ӛткенде,
сӛздерді, грамматикалық материалды, тұрақты сӛз тіркестерін пысықтыруға арналған
жаттығулардың бір түрі ретінде пайдаланылады. Мұғалім ойындардың сабақ кезінде
қолдануға ыңғайлы, ықшам, ӛткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жӛн.
Таңдап алынған ойындар шәкірттердің сӛз байлығына, тілдік қорына сай болуы керек.
Қандай да болмасын ойынды ӛткізу үшін мұғалім алдын ала жоспар құрып алуы қажет.
Ол жоспар, әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда мынадай шарттарға жауап беруі қажет:
- Ойынның ӛтілетін сабақтың тақырыбы
мен мазмұны сәйкес келуі;
- Ойынға бӛлінетін уақыттың нақты
белгіленуі;
- Ойынның ойналу түрінің топ болып ойнау, кішірек топ болып ойнау т. б. нақтылануы
қажет;
- Ойынға қажетті материалдардың түгел
дайындалып қойылуы;
- Қолданылатын сӛздер, сӛз тіркестері, мақал- мәтелдері, тақпақтар ӛлеңдердің
таңдалынып алынуы;
- Пысықталатын
грамматикалық,
фонетикалық,
лексикалық
материалдардың
анықталуы;
- Ойынның ӛту барысының жоспары жасалуы.
Қазіргі бала-бақшадағы ойынды қолданар алдында ақпараттық құралдарды жетік
меңгеру, Power Point, Microsoft office, Paint бағдарламаларымен жұмыс істеп қана қоймай
үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен ӛзгерістерді ӛзінің кәсіби шеберлігіне қолдана
білу,
білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы ӛзгерістер мен әлемдік білім
беру кеңістігіне
кіруге талпындырады. Интернет жүйесінің балаға тәрбие беру барысына қосар үлесі кӛп.
Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұны неғұрлым сәйкес
алынса, соғұрлым оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану
сабақтың әсерлігін тартымдылығын күшейтеді, балалардың сабаққа ынтасы мен
қызығушылығын арттырады.
Ойын - адамның ӛміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар
ӛмірден кӛптеген мәліметтер алып, дамиды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр
ойыншы ӛз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімділігін арттырады.
Ойынның ӛзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, ролдік ойындар баланың
зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала
ӛз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап кӛре алады.
Ал ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережені сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың
тапқырлығын, байқағыштығын, зиінділігін арттырумен қатар ерік сезім түрлерінде
дамытады.
Бала-бақша балдырғандарына беретін болғандықтан ағылшын тілі сабағын қызықты
етіп ӛткізу үшін мынадай ойын түрлерін қолдануға болады:
- Фонетикалық ойындар;
- Сӛздік ойындар;
- Оқу ережесіне байланысты ойындар;
- Сӛйлеу қабілетін дамытуға арналған ойындар;
- Сергіту ойындары;
- Сан есімге байланысты ойындар;
- Дидактикалық мақсаттағы ойындар.