(дереккөздер)
Сабақтың типі
Жаңа білімді практикада қолдана білу
Сабақтың түрі
Танымдық зерттеу сабағы
Сабақтың өтілу барысы
1.
Ұйымдастыру
кезеңі -2 минут
І. Ұйымдастыру
ІІ. Сабақтың мақсатымен, әдіс-тәсілдерімен таныстыру,топқа бөлу
1.Қызығушылықты ояту
Қажымұқан суреті Қажымұқан кім?
2.Миға шабуыл( СТО)
2. Өткен
материал
бойынша
оқушылар
білімін
пысықтау – 4
минут
Миға шабуыл( СТО)
Қ.Әбдіқадыров өмірі мен шығармашылығына әр топоқушылары постер қорғайды .
Мерзімі- Болған оқиғалар
1903 жыл Қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде дүниеге келген
1925 жыл жыл Алғашқы “Сырдария” деген өлеңі “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған
1928 жыл Тұңғыш өлеңдер жинағы “Жалшы” деген атпен жарық көрді
1935-51 ж.ж. “Май”, “Батыр”, “Сәтбаев”, “Еділ-Дон”, “Келес қызы” поэмалары жарық
көрген
1954, 1956, 1959 ж.ж. “Қажымұқан” повесі қайта басылды
1970 жылы “Қажымұқан” повесі орыс тілінде жарық көрді
1935, 1936, 1937ж.ж. “Алатаудың бауыры”, “Амантай”, “Тапқыш” кітаптары жарық көрді.
3. Топқа бөлу –
10минут
Топпен жұмыс
1-топ.Зертте. Қажымұқанның өмірі мен балалық шағы
2-топ.Зерделе.Қажымұқанның спорттағы жеңісі, жетістігі
3-топ.Саяхат.Қажымұқанның жүрген жерін карта арқылы көрсету
4-топ.Суретте.Қажымұқанның дене тұрқын суреттеу
Профессор Ә.Қоңыратбаевтың дерегі бойынша)
1.Салмағы–174 кг.
2. Бойы–195 см.
3. Кеудесінің аумағы–146 см.
4. Балтырының аумағы–49 см.
5. Мойнының жуандығы–56 см.
6. Бас аумағы–65 см.
7. Ортаңғы саусағының ұзындығы–14 см.
8. Ортаңғы саусағының жуандығы – 10 см.
9. Үстіңгі және астыңғы еріндері – 12 см.
10. Аяқ киімі–54 размер
4. Бүгінгі
тақырыпты
анықтау -4
минут
АКТ-мен жұмыс(Қажымұқан өмірі жайлы түсірілген бейнематериал көрсету)
Қажымұқан Мұңайтпасұлы — қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан.
Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге
жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді
көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ
алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль
олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде
қазақта ғана болды.Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс
Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Поль Понс сынды жампоздармен қатар жүру, боз
кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз
ерлік еді.
Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына
қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген.Қажымұқан кедей шаруаның баласы
болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске
түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған
Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда
өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана
халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс
палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар
беріледі. Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен
қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері болған.
1909 жылғы халықаралық палуандар жарысына ол «Қара Мұстафа» деген атпен шыққан.
Сөйтіп бүкіл дүние жүзіне Мұқанның неше түрлі лақап аттары тарай бастайды.
1910 жылы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тірейді. Аргентинаның
астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған біріншілікте чемпион
атанады.
1911 жылы Мұқан Мұңайтпасов Ыстамбулға барады. Сол кезеңде әлемде түрік
палуандарынан мықты палуандар жоқ сияқты көрінетіндігі соншалық , ол жаққа орыс
палуандары аяқ баспайтын-ды. Осы ретте намысқой Қажымұқан өзі түркі халқының өкілі
ретінде Түркияға баруға бел буады.
Ұлы Отан соғысы басталған кезде Қажымұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің төрағасы
Қазақбаевқа жолығып, оған «Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол арқылы ақша тауып,
майданға көмектессем» — деген ұсыныс айтады. Бұл ұсынысты үкімет қолдап, екі жылға
жуық жүріп цирк өнерін көрсетіп, 100 мың сомдай ақша тауып майданға жолдайды.
Ол 1948 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бөген ауданында қайтыс болды. Темірлан
деген ауылда, қабырының басына ескерткіш орнатылған.
Егер ол өз заманында тәуелсіз елдің азаматы болса, оның Мұқан Мұңайтпасұлы деген шын
есімі әлемдік спорт тарихында алтын әріптермен жазылар еді. Өмірінің 55 жылын күрес
пен цирк өнеріне арнап, жеңіс тұғырынан түспеген дара тұлға — қазақтың нағыз хас
батыры.
5. Практикалық
жұмыс -15
минут
Еркін жауап» стратегиясы
- Мұқанның балалық шағы қайда, қандай жағдайда өтті?
- Отыз пұт май қатырған кеспекті бала шанаға қалай салды?
- Мұқан бір шана шөпті бай үйіна қалай жеткізді?
- Мұқанның ерекше күшін байқап, оған достық көмекке келгендер кімдер?
- Добрый-Рабый, Лебедев дегендер кімдер?
- Лебедев мектебі Мұқанға нелерді үйретті?
-Қазақтың ата-анаға мейірімді болу өнегесі шығармада қалай берілген? Мұқан бойында
тағы қандай үлгі қасиеттер көрінеді?
Қыламық- жұқалаң түскен қар
Кеспек- сұйық зат құйып сақтайтын ағаш ыдыс, бөшке
Кіреші -жүк тасушы
Бастырық -шөпті ауып кетпеу үшін басып тұратын ұзын сырық
Күртік қар -жел үріп әкеп, біржерге үйіп кеткен ,бекіп үлгермеген қар
Пұт -16 килограмға тең
Шабата -талдың қабығынан тоқылған аяқ киім
Қолданыңыз
«Қажымұқан» сөзін қолданып бес жолды өлең құрастырыңыз
«Кейіпкерлер» стратегиясы
Мақсаты: Кейіпкерлер бейнесін кесте арқылы жинақтау.
Мұқан, Орлий Масликов, Иван Лебедев, Дубный
Іс-әрекеті, мінезі. Кейіпкер мінезін толықтыру
6. Сергіту сәті
– 3минут
«Қажымұқан» фильмінен үзінді көрсету.
7. Сабақты
қорыту – 2
минут
Сұрақ жасырылған ұяшықтарды ашу арқылы жаңа сабақты қорыту.
8. Бағалау – 2
минут
Бағалау парағын толтыру арқылы жүргізіледі
Бағалау. Әр топбасшысы оқушыларды бағалайды
9. Үйге
тапсырма – 1
минут
Эссе: «Қажымұқан ағаға хат».
10. Рефлекция,
кері байланыс –
2 минут
Балалар.бүгін біз Қажымұқан аталарың жайлы көп мәлімет алдық.Мынау
қолымдағы сиқырлы таяқша,бұл таяқшаның сиқыры сол-- кімнің қолында
болса,сол сөйлейді.Бүгінгі сабақтан не білемін, білдім,білгім келеді тақырыбында ой
бөліседі .