Қазақстан республикасы білім-ғылым порталы гимназия ұстаздарының КӘсіби іс-тәжірибелері шығармашылық еңбектердің іс-тәжірибелік жинағы Алматы, 2016



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет18/38
Дата04.12.2017
өлшемі1,13 Mb.
#2860
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38

МОДУЛЬДЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ – ОҚУ ҮРДІСІНДЕ

Алматы қаласы Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназияның

тарих пәнінің мұғалімі 

Тортаева Амина Долдашовна

             XXI ғ аяқ басқан бүгінгі Қазақстан халқы тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық

жаңғырулар   тұсында  жас   ұрпаққа  саналы  тәрбие,  сапалы  білім  беру  бүгінгі  күннің

өзекті мәселесі екенін жақсы түсініп отыр.

             Қоғамның  қазіргі  даму кезеңінде болып  жатқан  әлеуметтік  саяси  және жаңа

технологиялық  өзгерістерден, ұрпақ тәрбиесіндегі  бетбұрыстардан  білім мен тәрбие

беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап отырғаны мәлім. Осыған

орай   бүгінгі   таңда   қоғамның   ұлттық   мәдени   тұрғыдан   кемелденуі   жас   ұрпақты   өз

халқының   рухани   қазынасымен,   ұлттық   тәрбиенің   озық   өнегелі   дәстүрімен   тереңірек   таныстыру,   соның

негізінде   жеке   тұлғаны   қалыптастырып,   оның   шығармашылық   рухани   мүмкіндіктерін   дамыту   көзделуде.

Өйткені ұлтымыздың болашағы оның материалдық және рухани дамуы жас ұрпақтың білімімен тәрбиесінің

деңгейіне байланысты. Егемен еліміздің болашағы үшін, білім беру жүйесінде мектептердің ролі өте зор.

              Замана   талабына     сай   мектептерде   білім   мазмұнын,   оның   құрылымдық   жүйесін   жақсарту   –   білім

реформасының   жүзеге   асуының   басты   шарты.   Осы   заманғы   білім   берудің   стратегиялық   мақсаты   өз

жауапкершілігін сезіне алатын өздігінен әрекет етуге және әрекетінің шешімін таба білуге қабілетті, барлық

істе   сауатты   тұлғаны   оқыту   мен   тәрбиелеуді   қамтамасыз   ету   болып   табылады.   Жоғарыдағы   мақсаттарға

мектепте   білім   берудің   Отандық   және   әлемдік   тәжірибелерінде   қалыптасып,   өз   қызметін   оң   атқарып   келе

жатқан білім мазмұнының негізгі құрылымын, жобасын жүзеге асыруда қолданылатын жаңа педагогикалық

технология арқылы жету көзделеді. Осы талапқа сай жеке тұлғаны даярлауда оқытудың жаңа педагогикалық

технологияларын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу – мұғалімдер алдындағы басты міндет.

             Соңғы кездерде « Педагогикалық технология » жөнінде жиі сөз қозғалып жүр. Адамзат баласының өз

ұрпағын  оқыту мен тәрбиелеудегі  ең  озық, тиімді  ізденістерін, тәжірибелерін  жалғастырып, тың  жолдарын

іздеп, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытуда, жалғастыруда.

       « Педагогикалық  технология » деген терминді 1960 жылы шетел зерттеушілері енгізді. Ғылымға енген  «

Педагогикалық  технология »  ұғымына әр түрлі түсініктемелер берілген.

         Мысалы: Педагог ғалым В.Беспалько өзінің « Слогаемые педпгогической технология » деген еңбегінде

былай,   -   дейді   :   «Педагогикалық   технология   дегеніміз   –   тәжірибеде   жүзеге   асырылатын   белгілі   бір

педагогикалық   жүйенің   жобасы,   ал   педагогикалық   жағдайларға   сай   қолданылатын   әдіс   –   тәсілдер   оның

құрамды бөлігі.»

         «Педагогикалық технология деп мақсаттар қою,   оқу жоспарымен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып

отырудың,   педагогикалық   жүйелердің   тиімділігі   жөніндегі   жаңа   ақпарат   туындауына   байланысты   жаңа

мақсаттар қоюдың тұтас үрдісін айтамыз »  /С.Сполдинг 1969 ж/.

        Педагогикалық  технология теорялық педагогикамен практика аралығында орын алып отыр / В.Богомов,

Т.Ильин, М.Кларик, Т.Янушевич/ сияқты ғалымдар осылай түсіндіреді.

               Бұрынғы дәстүрлі оқыту мен тәрбиелеу жаңа көзқарастар тұрғысынан ерекшелініп, талданып, басқа

түрлері   қабылдану   үстінде.   Ең   бастысы   оқушыға   деген   қатынас   обьект   ретінде   емес,   оның   дамушы   тұлға

ретіндегі қоғамды өзгертуші субьект екені мойындалып отыр. Технология бұл жерде оқушы мен мұғалімнің

арасындағы қарым-қатынастың жүйелі алгаритімі ретінде қарастырылғаны жөн.   Технологияны жүйелі ойды

алгоритімдеу   құралы   ретінде   қарастыру   оқытудың   жаңа   үлгілерін   әр   мұғалім   өзінің   ойлау   дәрежесі   мен

алдыңғы оқушының даму деңгейіне қарай түрлендіруіне толық мүмкіндік береді. Білім мазмұнының кеңейту

мен   оқытудың   жаңа   үлгілерімен   айналысып   еңбектеріне   талдау   жасайтын   болсақ,   Қазақстан   жеріндегі

педагогикалық технологиялардың бірнеше түрлерін жіктеуге болады. Соның бірі - модульдік технология.

       Модульді оқыту 1960 жылдардың аяғына қарай шет елдерде /АҚШ-та/

дәстүрлі   оқудың   бір   варианты,   бағыты   ретінде   пайда   болды.   Американ   ғалымы   J.N.Poltehwait     оқу

материалының мазмұнын аз порциямен /единицамен/ дербес тақырыптармен беруді ұсынды. Алғашқыда ғалым

бұл единицаны «микрокурс»  кейінен «миникурс» деп  аталады. Бұл курстардың  мазмұны мен көлемі  пәнді

оқытудың   дидактикалық   мақсатымен   анықталады.   Оқытудың   жаңа   үрдісі   педагогтік   тәжірибеге   ене   келе

«модуль»,   «модульді   оқыту»   болып   қалыптасты.  Модульді   оқытудың  негізін  салушылардың  бірі  J.D.Pussel

мұны оқу материалының бір единицасының қамтитын «Оқыту пакеті» деп аталады. Модульді оқыту жүйесі

ТМД елдерінде ең алғаш рет Литваның Вильнюстің жоғарғы оқу орындарында оқу үрдісіне енгізілді. Модульді

зерттеп   оқу   үрдісіне       енгізудің   ғылыми   мектебінің   негізін   салған   ғалым   П.Юцявичене.   Ғылымның

«Теоритические   основы   модульного   обучения»   атты   ғылыми   еңбегі   модульді   оқытудың   методологиялық

негізін салуды принциптерін ең алғашқы іргелі зерттеу болып есептелінеді.”Модуль” - латынның   ”өлшем”,

”шама”,   ”мөлшер”деген   сөзі.   Сонымен   қатар   модуль   дегеніміз-ірі   блок,бөлінген,   яғни   оқу   материалының,

бөлшекке, блоктарға бөліп беру. Қазіргі уақытта Қазақстанда Білім берудің өзіндік, ұлттық үлгісі қалыптасуда.




жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау