Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Өнімді өткізуді қалай талдауға болады?
2.Өнімдерді өткізуді талдаудың қайнар көздері қандай?
3.Өнім ассортиментін қалай талдайды?
8 тақырып: Өндірістік ресурстарды қолдануды талдау
Дәріс сұрақтары
1.Еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау.
2.Жұмыс уақыты қорын пайдалануды талдау.
3.Негізгі құралдар пайдалануды талдау.
4.Материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуді талдау.
1. Еңбек ақы қорын талдаудың негізгі мақсаты – кәсіпорындағы еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуді бағалау, еңбек өнімділігінің жекеленген көрсеткішін анықтау, еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың резервтерін айқындау және өнімнің еңбек сыйымдылығын анықтау болып табылады.
Еңбекақы шығындарының құрамына кәсіпорынның өндірістік персоналының еңбекақысына кеткен, соның ішінде өндірістік нәтижелері үшін жұмысшыларға, басшыларға, мамандарға және басқа да қызметкерлерге төленетін сыйақылар шығындары, сондай-ақ егізгі қызметке қатысты тізімдік емес құрамдағы жұмысшылардың еңбекақысына кеткен шығындар кіреді.
Еңбекақы шығындарын талдаудағы мақсат еңбекақы қорын пайдаланудың неізділігі мен дұрыстығының дәрежесін анықтау, еңбекақы бойынша өндірістік емес шығындарды анықтау, еңбекақы шығындарының өнімнің өзіндік құнына тигізетін әсерін анықтаудан тұрады.
Еңбекақы шығындарын талдау үшін ақпарат көзі болып бизнес-жоспар мәліметтері, №5-з « Кәсіпорын өнімін ( жұмыс,қызмет ) өндіру және өткізу шығындары туралы мәліметтер» формасының мәліметтері, №1-т «Қызмет түрлері бойынша жұмысшылардың саны мен еңбекақысы бойынша мәліметтер» формасының мәліметері қызмет етеді. Сонымен қатар, талдау үшін бухгалтерлік және жедел есеп мәліметтері тартылады.
Ал кәсіпорынның барлық өндірістік персоналы мен жұмысшылардың жекелеген категорияларының еңбекақы қорын талдауды нақты ( абсолютті ) ауытқуды анықтаудан бастау керек. Осы мақсатта есептік кезеңде іс жүзінде есептелген еңбекақы сомасын еңбекақының жоспарлы қорымен және өткенн кезеңдегі сәйкес мәліметтермен салыстыру керек.
Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі жұмысшылардың іс жүзіндегі саны мен жоспарлық қажеттілік бойынша салыстырып анықтайды. Жұмысшылардың біліктілік деңгейі олардың жұмыс стажынан, білімдерінен, кәсіптік шеберліктерінен тәуелді .
Жұмыс күшінің қозғалысын сипаттау үшін бірнеше көрсеткіштер қолданылады. Жұмысшыларды жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару, кадрлар ағыны және ұйымдағы персонал құрамының тұрақтылық коэффиценттері есептеледі. Ұйымды толықтай еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету еңбек өнімділігінің артуына, өндірісті ұйымдастырудың жаңа жолдарын табуға мүмкіндік береді. Егер ұйым өз қызметін кеңейтіп, өндірістік қуатын арттыратын болса, қосымша еңбек ресурстарына қажеттілік туады.
Қосымша жұмыс орындарын құру есебінен өнім шығаруды көбейту резервін оны бір жұмысшының іс жүзіндегі орта жылдық өнімділігіне көбейту арқылы табады.
2.Еңбек ресурстарын пайдаланудың толықтығы бір адамның жұмыс істеген күндері мен сағаттарының саны және жұмыс уақытының қорын пайдалану деңгейі арқылы анықтайды. Жұмыс уақытының қоры жұмысшылардың санынан, бір жұмысшының бір жылдағы жұмыс істеген күнінің санынан, және жұмыс күнінің орташа ұзақтығынан тәуелді .
Жұмыс уақытының жоғалтулары әртүрлі себептерден болуы мүмкін. Мұндай жоғалтуларты азайту өнім өндірісін көбейту резерві ретінде саналады.
Еңбек өнімділігінің деңгейін бағалау үшін жалпылаушы, жекелеген және қосымша көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Жалпылама көрсеткіштерге бір жұмысшының ортажылдық, ортакүндік және ортасағаттық өнім өндірімі, сонымен қоса, құндық өлшемдегі жұмысшының ортажылдық өнім өндірімі жатады. Жекелеген көрсеткіштер-белгілі бір өнім бірлігін шығаруға кеткен уақыт шығындары және бір адам – күндегі немесе адам – сағаттағы өнім шығару шығындары. Көмекші көрсеткіштер уақыт бірлігіне орындалған жұмыстар көлемінің шығындарын сипаттайды.
Еңбек өнімділігінің жалпылама көрсеткіші – бір жұмысшының орта жылдық өнім өндірімі. Оның шамасы жұмысшы өндірімінен ғана емес, еңбек күнінің ұзақтығы мен істелген жұмыс күндерінің мөлшерінен де тәуелді. Бұл көрсеткішке бірнеше факторлар әсер етеді: ортасағаттық өнім өндірімі мен жалпы жұмысшылар тізіміндегі сол өнімді шығаруға қатысқан жұмысшылардың үлес саны.
Факторлардың әсері жалпы өнім көлеміне және ортажылдық өнім шығымы мөлшеріне де қатысты. Еңбек өнімділігін өсіру резервтеріне жұмыс уақытының жоғалтуларын болдырмау, өндіріс қарқының арттыру, еңбек шығындарын азайту жатады .
Ортасағаттық өндірімнің өсу резервін жұмыс күнінің жоспарлы ұзақтығына көбейте отырып, ортакүндік өндірімнің өсіру резервін табуға болады.
Өнім шығымын өсіру резервін анықтау үшін ортасағаттық өнім өндірімінің мүмкін болатын өсімін барлық жұмысшылардың жұмыс уақытының жоспарланған қорына көбейтеді.
Нарықтық экономика шарттарында еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды бағалауға персоналдық рентабельділік көрсеткіші қолданылады.
Еңбек сыйымдылығы - өндірілген өнімнің барлық көлеміне немесе бір бірлігіне кеткен жұмыс уақытының шығындары.
Өнім бірлігінің еңбек сыйымдылығы өнім түрін дайындауға кеткен жұмыс уақытының қорының өндіріс көлемінің қатынасына тең.
Өнімнің еңбек сыйымдылығын төмендету – еңбек өнімділігін арттырудың маңызды факторы. Еңбек өнімділігінің өсімі өнімнің еңбек сыйымдылығын азайту есебінен болады.
Еңбек сыйымдылығының өзгеруі мен ортасағаттық өндірім арасында тәуелділік бар. Сондықтан, өнімнің еңбек сыйымдылығы өзгерсе, ортасағаттық өндірімнің өсу темптері анықталады.
3. Негізгі құралдарды талдаудың мақсаты - негізгі құралдар көрсеткіштерінің динамикасын, олардың деңгейі бойынша жоспардың орындалуын зерттеу, шаруашылық аралық салыстырулар жүргізу.
Талдау үшін мәліметтердің қайнар көздері: кәсіпорынның бизнес-жоспары, техникалық даму жоспары, кәсіпорынның есептік бухгалтерлік балансы, балансқа қосымша, өндірістік қуаттылық балансы, негізгі құралдарды қайта бағалау туралы мәліметтер, негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкалары, жобалық-сметалық, техникалық құжаттар және басқа да құжаттар.
Негізгі қорлар кәсіпорынның негізгі капиталының жалпы сомасында негізгі үлес салмақты алады. Олардың санынан, құнынан, техникалық деңгейінен, пайдалану тиімділігінен кәсәпорын қызметінің соңғы нәтижесі тәуелді болады: өнімдерді өндіру, оның өзіндік құны, табыс, рентабельділік, қаржылық қағдайының тұрақтылығы.
Негізгі құралдарды пайдаланудың тиімділігін жалпылама сипаттау үшін рентабельділік (пайданың негізгі өндірістік қорлардың орта жылдық құнына қатынасы), қор қайтарымы (өндірілген немесе сатылған өнімдердің қосылған құн салығы, акциздер шегерілгеннен кейінгі құнының негізгі өндірістік қорлардың орта жылдық құнына қатынасы), қор сыйымдылығы (қор қайтарымына кері көрсеткіш), өнімдердің өсімінің бір теңгесіне үлестік капиталдық салулар көрсеткіштері жатады. Сонымен қатар негізгі қорлардың қатысты үнемі есептеледі:
, (1)
мұндағы, ОПФ , ОПФ- базистік және есеп жылдарындағы негізгі өндірістік қорлардың орта жылдық құны; IВП - өнімдерді өндіру көлемінің индексі.
Қорлардың орта жылдық құнын есептеуде тек меншікті қорлар ғана емес, жалға алынған негізгі құралдар да есептеледі және консервациядағы, резервтегі және жалға берілген қорлар жатпайды.
Жеке көрсеткіштер машиналардың, жабдықтардың, өндірістік алаңдардың жеке түрлерін сипаттауда қолданылады, мысалы, бір сменадағы жабдықтардың бірлігіне табиғи бейнеде өнімдердің орташа шығыарылымы, 1 м өндірістік алаңға өнімдерді шығару және т.б.
Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың ең жалпылауыш көрсеткіші қор рентабельділігі болып табылады. Оның деңгейі қор қайтарымынан ғана емес, өнімнің рентабельділігінен де тәуелді болады. Бұл көрсеткіштердің өзара байланысын келесідей түрде көрсетуге болады:
Rопф =немесе
Достарыңызбен бөлісу: |