Ќазаќстан республиканыњ білім жєне ѓылым министрлігі


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар



жүктеу 1,47 Mb.
бет3/8
Дата01.12.2017
өлшемі1,47 Mb.
#2592
1   2   3   4   5   6   7   8

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Басқарушылық талдаудың мақсаттаты?

2.Басқарушылық талдаудың құрамдас бөліктері?

3.Басқарушылық талдау қалай жүзеге асады?


6 тақырып : Компанияның маркетингтік қызметін талдау

Дәріс сұрақтары



  1. Маркетингтік қызметті талдаудың мәні мен міндеті.

  2. Өнімді жабдықтау нарығын талдау.

  3. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау.

1.Маркетингтің негізгі міндеті мен функциялары. Олар:



  • Өндірістік бағытымен нарықты талдау және зерттеу жарнамалық саудалық және басқа кәсіпорын қызметтері;

  • Кәсіпорынның барлық топтардың ориентациясымен маркетингтік стратегияны әзірлеу;

  • Өндірілген өнімнің тұтынушының құрамын зерттеу, сатып алушының сұранысын зерттеу.

  • Кәсіпорын өнмінің тұтынушылық параметрлері мен техникалық арасындағы байланысты зерттеу.

  • Кәсіпорынның өнімінің сатып алушының сұранысымен сәйкесін талдау;

  • Бәсекелес өнімінің сатып алушының сұранысымен сәйкесін талдау;

  • Нарықтық конъюктураны зерттеу және кәсіпорын өніміне сұранысын, факторларын анықтайтын структураны, тұтынушының кәсіпорын өніміне сұранысын зерттеу.

  • Бәсекелес кәсіпорынның қамтамассыз етілген нарықты тұтыну сегментациясы.

  • Маркетингтік функциясы келесі түрімен классификацияланады:

  • Аналитикалық функция: сұранысты зерттеу, тұтынушыны зерттеу, фирманың нарық структурасын зерттеу.

  • Өндірістік функция: Өндірісті жаңа тауарлар ұйымдастыру, материалдық техникалық жағдайымен ұйымдастыру басқару сапсымен және дайын өнімнің бәсекелесімен ұйымдастыру.

  • Өткізім функция (сату): тауар қозғалысының жүйесін ұйымдастыру, мақсатталған тауарлық саясатымен өткізу, сервистік ұйым;

  • Басқару және бақылау функциясы: Маркетингпен басқару ақпаратымен қамтамассыз ету және кәсіпорынға жедел жоспарды және стратегиялық ұйымдастыру;

Маркетингтік қызметке негізінде ағымдағы бақылауға кірісу, сұрақ шенберін белгілеу және мақсатты зерттеуді анықтау;

2.Нарықтық сұраныстың жан –жақты позициясын зерттей отырып тұтынушының сұранысын қамтамассыз ету мақсатталған максималды табысты алу келесі маркетингтік ортаны білу тиіс:



  • Тауар нарығын;

  • Тауарды өндіру;

  • Сыртқы макроорта нарықты өткізу және өндірумен байланысты;

Әр бір кәсіпорынның маркетингтік концепциясын талдауды келесі атқаратын жүйес жатады:

  • Клиенттердің көлемі мен құрамы және олардың сатып алу қабілеттері;

  • Бәсекенің коммерциялық күш және олардың ұйымдастыру деңгейі;

  • Тауар алмастыру нарығының мүмкіндіктері сонымен қатар жаңа сұранысын қамтамассыз ету әдіс принципі;

  • Институционалдық құрылымның регламенттелген күші.

  • Нарықтың жабық деңгейі.

Алынған пайдалы ақпараттың нарықтық тауар өндірушіге берілген деректемеге шешім қабылдау, сұраныс құрылымын сипаттау және ұсыну.

Біріктіру әдістер көмегімен нарықтық құрылымдылық өткізіледі:



  • Типологиялық;

  • Құрымдылық;

Біріктірудің келесі негіздеме бойынша практикада қолданылады.

    • тауарлық ұсыныс пен сұраныстың географиясы;

    • көтерме, бөлшек- сауда немесе тауар ұсынуды аралас сипаты;

    • тауардың әр түрлілігіне байланысты нарықтық конфигурациясы, тұтынушының табыс деңгейі топтардың сала тиімділігінің жабық деңгейі.

    • сату кезінде есеп берудің ұсынысы.

3.Маркетингтік талдау көп аспектілі және көп анықталған ағымдағы нарықтық коньюктура оың көмегімен жаңа міндеттерді атқаруға болады.

Жаңа нарықты іздестіру:



Нарықты зерттеу

Терендетілген нарықтық талдау

Мейрамды/зерттеу

Перспективалық нарықты талдау

Тұтынушыны талдау

Потенциалдық өсудің және нарықта сұранысты бағалау

Бәекелестерді талдау стратегиясы.

Бәсекелестің деңгейін бағалау

Таратушы каналдарды бағалау

Тәуекел талдауы белгілі бір нарыққа шығумен байланысты

Мүмкіншіліктер мен қауіпті талдау

Нарықтың тартымдылық деңгей бойынша саралау




Қорытынды

Трендтік талдауға нарықтық тізімі

Тартымды нарық үшін нақты талдау

Бәсекелестердің жалпыланған сипаттамасы

Әр бір нарыққа қауіп пен негізгі мүмкіншіліктердің тізімі.

Өткізу желісі – бұл құрылым өнер – кәсіптік тұтынушы және индивидуалдық қызметімен тауарларды жеткізу мақсатымен серіктестікті жұмылдыру.

Маркетингтік арна – ақпаратты тұтынушыға жеткізу қымбат әдісі. Қазіргі кезде кәсіпорын туралы баспасөзде ақпарат үшін төлеу керек, әр бір арнаның маркетингтік бөлімі үшін тиімді бақылау керек. Үнемі өткізу керек:



  • өткізілген өнімнің көрсетілетін салыстыру талдауы алдымен және кейін қолданған маркетингтік арналарды.

  • Анықталған маркетингтік арналарды бәсекелестіктің аналогиялық мейрамдармен салыстырып талдау;

Өнімнің портфельдік әдістің талдауы. Кәсіпорыннның қызмет түрлерін анықтап, бұйымның бар ассортиментін тандау, олардың тұрақты табыспен ақша қаражатын әкелетін және тұтынушы сұранысымен пайдаланатын.

Әр бір тауарды келесі жайғасымды қарастыру керек:

Нарықты сегменттеу- толық топтардың идентификациясы.

Матрица «нарықтық үлестің өсуі»- тауардың нарық классификациясының екі тәуелсіз өлшемдері: базалық нарықтық тартымдылық және кәсіпорынның бәсекелес күші.



Өткізілген өнімнің ассортименттің жағымды әсері: өндірілген өнімнің ассортиментінің өзгеруін тұтынушыға нақты әсерін талдау.

Сату мақсаттары.



Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Маркетингтік талдау не үшін қажет?

2.Нарықты зерттеу қалай жүргізіледі?

3. Маркетингтік талдаудың қайнар көздері қандай?


7 тақырып: Өнімді өткізу және өндірісті талдау

Дәріс сұрақтары

1.Өндірістік нәтижелерді талдаудың ақпарат көздері мен міндеттері.

2.Өнімді өткізу мен өндіріс динамикасын бағалау.


1.Кәсіпорын жұмысын сипаттайтын маңызды көрсеткіш өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құны. Оның деңгейінен кәсіпорын қызметінің қаржылық қорытындылары, өндірісті кеңейту темпі тәуелді. Өнімнің өзіндік құнын талдаудың объектілеріне: тауарлық өнімнің толық өзіндік құны, тауарлы өнімнің бір теңгесіне шығындар, жеке бұйымдардың өзіндік құны, шығындардың жеке баптары сияқты көрсеткіштер жатады.

Өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құнын талдаудың мақсаты – жалпы өндіріс, шығарылатын өнім көлеміне әсер ететін факторларды анықтап, өзіндік құнды барынша төмендету резервін айқындау.

Талдаудың қайнар көздеріне - есептік калькуляциялар, өнімді өндіру және өткізумен байланысты шығындар туралы есеп, 8110 «Негізгі өндіріс» шоты бойынша субконто жатады.

Өнімнің өзіндік құны белгіленген шығын баптары бойынша анықталады. Өнімнің элементтері бойынша анықталады. Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындар экономикалық элементтері бойынша да ажыратылады. Өзіндік құнның мөлшері оны құрайтын шығындардың ауытқуына, өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Шығындардың жалпы сомасынын өзгеруін мына формуламен анықтауға бодады:



(1)

Мұндағы, VЖОж – шығарылған өнім көлемі; YCi – оның құрамы; Ві - өнім бірлігіне ауыспалы шығындар; А - бүкіл шығарылған өнімнің тұрақты шығындарының сомасы.

Мұндағы көрсетілген әрбір көрсеткіштің өзгеруі шығындардың жалпы сомасының өзгеруіне әсер етеді. Үлестік ауыспалы және тұрақты шығындардың өзгеруі ресурстар бағасының және өнімнің ресурс сыйымдылығының өсуі әсерінен болады.

Өнімнің өзіндік құнының маңызды жалпылаушы көрсеткіші – тауарлы өнімнің бір теңгесіне шығындар. Ол шығындардың жалпы сомасының өндірілген өнімнің іс жүзіндегі бағалары бойынша құнына қатынасы ретінде анықталады. Тауарлы өнімнің бір теңгесіне шаққандағы шығындар өндіріс шығындарының жалпы сомасынын және өндірілген өнім құнынын өзгеруіне тәуелді. Тауарлы өнімнің бір теңгесіне шаққандағы шығындарға көптеген факторлар әсер етеді. Өзіндік құнның өзгеру себептерін анықтау үшін өнім түрлері бойынша есептік калькуляциялар талданып, өнім бірлігіне шығындардың іс жүзіндегі деңгейі жоспардағы деректермен, өткен жылдар мәліметтерімен салыстырылады. Көптеген кәсіпорындарда материалдардың нормадан тыс қалдықтары көп болады, оларды мақсаттарға жұмсауға болады. Егер олардың мүмкін болатын құнын, пайдаланатын шикізат құнымен салыстыратын болса, өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық шығындар қаншалықты өскенін байқауға болады.

Бір материал түрін басқамен алмастырған жағдайда тек тұтынылған материалдар мөлшері емес, олардың құндары да өзгеріске ұшырайды. Осыған байланысты, өнім бірлігіне материалдық шығындардың қалай өзгергенін білу үшін, ауыстырылған материал шығынның нормасын (УР1), ауыстыратын материал шығыннын нормасы (Б0), ауыстыратын материал бағасын (Б1) білу керек. Өнімнің өзіндік құнында жанама шығындар үстеме және жалпы шаруашылық шығындар түрінде көрінеді. Бұл шығындарды талдау тауарлы өнімнің бір теңгесіне шаққандағы шаманың іс жүзіндегі мөлшерін есептік кезеңдегі жоспарлық деңгеймен салыстырып, өсу немесе төмендеу тенденциясын анықтаумен байланысты жүреді. Іс жүзіндегі өнім шығымына жоспарлы шығындарды есептеу келесі формуланы қолданады:

Шкжх(100+∆ТӨ%хКт)/100 (2)

Мұндағы, Шк – іс жүзіндегі өнім шығымына бейімделген шығындар; Шж – шот бойынша шығынның жоспарлы сомасы; ∆ТӨ% - тауарлы өнім шығарылуының жоспардан асуы немесе кем шығуы; Кт – шығындардың өнім өндірісі көлемінен тәуелділік коэффициенті.

Өнім өндірісі процесінде оның өзіндік құнын төмендетуге көп көңіл бөлнеді (Р↓Ө), қайнар көздері мыналар:



  1. кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын толық пайдалана отырып, өндіріс көлемін өсіру, ұлғайту: (Р↑VЖӨ)

  2. еңбек өнімділігінің деңгейін өсіру, шикізат пен материалдарды үнемді пайдалану есебін өндірістің шығындарын азайту (Р↓Ш);

Резерв шамалары мына формуламен есептеледі:

Р↓Ө=Өмісіс- Р↓Ш+Шқ/ VЖӨ+ Р↑VЖӨ-Шіс/ VЖӨіс (3)

Мұндағы, Өм және Өіс - өнімнің мүмкін болатын және іс жүзіндегі өзіндік құны; Шқ - өнім өндірісінің резервтерін өсіру үшін кететін қосымша шығындар.

Өнімнің өзіндік құнында көпшілік үлесі тура еңбек шығындары да алады. Сондықтан тауарлы өнімнің бір теңгесіне еңбек ақы серпіні, оның өзіндік құндағы үлесі маңызды орын алады. Өнім бірлігінің еңбек ақысын келесідей табуға бодады.



(4)

мұндағы, ӨЕСі - өнімнің еңбек сыйымдылығы, ЕТі – бір жұмысшының еңбекті төлем теңгесі, VЖӨі - өнім өндірісінің көлемі .

Өнім түрлері бойынша тура еңбек ақы сомасынын өзгеру факторларын тізбектеп алмастыру арқылы есептеуге болады. Өзіндік құн әр өнімнің еңбек сыйымдылығы мен еңбек ақының орта сағаттық деңгейінің есебінен де өзгеріске ұшырайды.

2. Тауарлы өнімнің бір теңгесіне шаққандағы шығындарға көптеген факторлар әсер етеді. Өзіндік құнның өзгеру себептерін анықтау үшін өнім түрлері бойынша есептік калькуляциялар талданып, өнім бірлігіне шығындардың іс жүзіндегі деңгейі жоспардағы деректермен, өткен жылдар мәліметтерімен салыстырылады.


жүктеу 1,47 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау