Білім беруде мультимедиа-технологияларды пайдалану



жүктеу 3,06 Mb.
бет1/18
Дата14.12.2017
өлшемі3,06 Mb.
#4118
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18



БІЛІМ БЕРУДЕГІ

МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Оқу құралында мультимедиалық технологиялардың әдістемелік ерекшеліктеріне сипаттама берілген. Сонымен қатар, мультимедианың техникалық құралдарына және мультимедиа-ресурстарды дайындаудың бағдарламалық жабдықтарына талдау жасалынған.

Оқу құралын жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушылары, орта мектептер мен бастауыш, орта кәсіптік оқу орындарының мұғалімдері пайдалана алады.


Д 2404010000

00(05)-08






МАЗМҰНЫ



Кіріспе ..............................................................................................

5

1 БӨЛІМ. Мультимедиалық технологиялар – оқытудың дидактикалық жүйелері ...............................................................

8

1.1 Мультимедиа негіздері ............................................................

8




1.1.1 Ақпарат. Ақпарат ұғымы.......................................

8




1.1.2 Мультимедиа жөнінде түсінік ................................

10




1.1.3 Гипермедиа (гиперорта) ұғымы ..............................

15




1.1.4 Виртуалды нақтылық ...............................................

16




1.1.5 Модель. Модельдеу ..................................................

17

1.2 Мультимедиалық технологияларды оқыту процесінде

пайдаланудың шарттары мен аспектілері ..............................


20


1.3 Мультимедиалық технологиялардың әдістемелік

мүмкіндіктері ........................................................................


25


1.4 Мультимедианы оқытуда қолданудың артықшылықтары

мен кемшіліктері ..................................................................


31


1.5 Мультимедиалық технологиялардың оқыту процесіндегі

тиімділігін анықтау ..................................................................


33


1.6 Мультимедиалық технологиялар - таным процесін

жетілдірудің тиімді құралы ..................................................


36


1.7 Мультимедиалық ресурстарды дайындаудың

бағдарламалық жабдықтары ....................................................


41


1.8 Мультимедиалық оқыту бағдарламаларын дайындау

ұстанымдары мен шарттары ....................................................


43


1.9 Медиатека, медиаорталық .......................................................

54

1.10 Мультимедиалық технологияларды шет елдік білім

саласында қолданудың тенденциялары, перспективалары


57


2 БӨЛІМ. Мультимедианың техникалық құралдары .......

63




2.1 Интерактивті тақта .....................................................

63




2.2 Интерактивті проектор ..............................................

65




2.3 Мультимедиалық проектор .......................................

66




2.3.1 Мультимедиалық проектордың типтері .................

69




2.4 Оверхед-проектор ......................................................

74




2.5 Медиавизор .................................................................

77




2.6 Интер-Бим ...................................................................

78




2.7 Интерактивті панель ..................................................

79




2.8 Verdict дауыс беру жүйесі .........................................

79

2.9 Компакт дискілер .......................................................

81




2.9.1 Компакт дискіде мәліметтің орналасуы .................

82




2.9.2 Ақпарат жазу әдістері ...............................................

83




2.9.3 Компакт дискілер түрлері ........................................

84




2.9.4 Дискіжүргізушілердің жұмыс принципі .................

86




2.9.5 Дискіжүргізушілердің сипаттамасы ........................

87




2.9.6 Дискілер арасындағы айырмашылық .....................

88

Тестілеу сұрақтары .....................................................................

91

Пайдаланылған әдебиеттер ........................................................

99


КІРІСПЕ
„Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасында”, „Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың” мемлекеттiк бағдарламасында, „Бастауыш және орта кәсiптiк бiлiмдi ақпараттандырудың” бағдарламасында бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыруды жүзеге асырудың негiзгi бағыттары ретiнде мына мәселелерге баса назар аударылған:

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту процесiне енгiзу жөнiндегi нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру;

  • орта бiлiм беру ұйымдарын интернет желiсiне қосу;

  • бiлiм берудiң барлық деңгейлерiнде қашықтан оқыту технологияларын әзiрлеу және енгiзу;

  • жаңа ақпараттық технологияларды оқыту процесiне енгiзудi қамтамасыз ететiн ғылыми-зерттеу және әдiстемелiк жұмыстарды жүргiзу;

  • ақпараттық және телекоммуникация технологияларын бастауыш, орта және жоғары кәсiптiк бiлiм саласында қолдана алатын мамандар даярлау;

  • оқыту технологиясының аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етiлуiн қадағалау;

  • оқытудың инновациялық технологиясын қалыптастыру т.б.

Қазiргi таңда дидактикалық оқыту жүйелерiн қалыптастырудың перспективалық бағыттарының бiрi - мультимедиалық технологияларды оқыту процесiнде пайдалану. Оқытуда мультимедиалық технологияларды пайдаланудың теориялық және практикалық аспектiлерiн Ю.Н.Егорова, дидактикалық аспектiлерiн Н.В.Клемешова, тұжырымдамалық аспектiлерiн О.Г.Смолянинова, орта мектептiң информатика, математика пәндерiн оқытуда мультимедианы пайдалану әдiстемесiн С.С.Кравцов, Т.Г.Пискунова, жоғары оқу орындарында студенттердiң өзiндiк жұмыстарын дамытудағы мультимедианың мүмкiндiктерiн Д.Э.Френки, студенттердiң болашақ кәсiби iс-әрекетiнде мультимедиалық технологияларды пайдалану даярлығын қалыптастыру мәселелерін О.Г.Смолянинова, О.В.Лобач, А.И.Гридюшко, Е.Я.Шипнягова, жоғары оқу орындары оқытушыларының оқу-әдiстемелiк iс-әрекетiнде мультимедианы пайдалану әдiстемесiн Т.Ю.Волошинова, В.Г.Казаков, мультимедиалық оқыту кешендерiн бағдарламалық жабдықтау жолдарын И.В.Голубятников секілді ғалымдар өз еңбектерiнде зерттедi.

Бiлiм беру жүйесiнiң жаңа талаптары мен жоғарыдағы ғалымдардың зерттеу еңбектерiнiң нәтижелерiн ескере отырып, мынадай тұжырымға келуге болады: үздiксiз бiлiм беру жүйесiн жетiлдiрудiң негізгі бағыттарының бiрi ретiнде мультимедиалық технологияларды қолдану бүгiнгi күннiң басты талабы. Сондықтан да, оның техникалық және дидактикалық мүмкiндiктерiн дамыту, онан әрi зерттеу маңызды болып табылады.

Жалпы алғанда, мультимедиалық технологияларды бiлiм беру саласында дер кезiнде игеру және тиiмдi пайдалану бүгiнгi күндегi маңызды қажеттiлiктердiң қатарынан саналады. Осы қажеттiлiктерге байланысты мынадай iс-әрекеттер орындалуы тиiс: 1) педагогикалық процесте мультимедиалық технологияларды тиiмдi пайдалана алатын мұғалiмдердi даярлау; 2) оқу орындарының ақпараттық технологиялар базасын үнемi жаңартып отыру; 3) оқу-әдiстемелiк жұмыстарды бiлiм берудi дамытуға бағытталған бағдарламалар негiзiнде жаңаша сипатта жүргiзу.

Айта кетуіміз керек, осы мәселелерге байланысты алаштың зиялы қауым өкiлдерiнiң бiрi А.Байтұрсыновтың „Қазақ” газетiнде жариялаған „Мектеп керектерi” атты мақаласындағы: „Ең әуелi мектепке керегi - бiлiмдi, педагогика, методикадан хабардар, оқыта бiлетiн мұғалiм. Екiншi - оқыту iсiне керек құралдардың қолайлы һәм сайлы болуы. Құралсыз iс iстемейдi, һәм құрал қандай болса, iстеген iс те сондай болмақшы. Үшiншi - мектепке керегi белгiленген бағдарлама. Әр iс көңiлдегiдей болып шығуы үшiн оның үлгiсi, я мезгiлдi өлшеуi болуы керек. Үлгiсiз я өлшеусiз iстелген iс - ол я артық, я кем шықпақшы” - деген пiкiрi бүгiнгi таңда да құндылығын жойған жоқ.

Жоғарыда аталған мәселелерге жекелей тоқталатын болсақ, бiрiншiден, мультимедиалық технологиялардың орасан зор потенциалдық мүмкiндiктерiн оқыту процесiнде талапқа сай пайдалана алатын бiлiмдi, бiлiктi мұғалiмдердiң болуы қажет. Себебi, „Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына” сай елiмiзде 2007 жылдың соңына дейiн жалпы мектептiң 66,4%-ы мультимедиалық технологиялармен жабдықталды. Ал, қазiргi таңда, жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының оқу бағдарламаларында студенттердiң тек компьютерлiк технологияларды ғана меңгеруiне ден қойылып, олардың мультимедиалық технологияларды игеру қажеттiлiгi ескерiлмеген. Бұл, жоғары оқу орнын бiтiрген ертеңгі педагог маманның кәсіби іс-әрекетінде мультимедиалық технологияларды өз дәрежесiнде пайдалана алмайтындығын аңғартады.

Екiншiден, оқу орындарының ақпараттық технологиялар базасын жаңарту қажеттiлiгi олардың жаңа бағдарламалық құралдармен жұмыс жүргiзуі үшiн техникалық мүмкiндiктерiн жетiлдiрiп отырудан туындайды. Әлемдік желi арқылы бiлiм беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың тиiмдiлiгiн арттыру үшiн орта мектептердi жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықтаудың, мультимедиалық құралдармен қамтамасыз етудiң қажеттiлiгi айқындала түседi.

Үшiншiден, жалпы білім саласында оқу-әдiстемелiк жұмыстарды жандандыру, жаңаша сипатта ұйымдастыру жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламаларды басшылыққа ала отырып, кезең-кезеңiмен жүзеге асыруды қажет етеді.

1 БӨЛІМ. Мультимедиалық технологиялар – оқытудың

дидактикалық жүйелері


    1. Мультимедиа негіздері


1.1.1 Ақпарат. Ақпарат ұғымы
Мультимедиа әртүрлі типті ақпараттарды өңдеу мен ұсынудың тиімді құралы болып табылады. Сондықтан да, мультимедиаға сипаттама беру, оның ерекшелігін анықтау үшін алдымен информатика ғылымы зерттейтін ақпарат, ақпараттандыру, ақпараттық процесс ұғымдары, ақпарат түрлері және оларды ұсыну әдістері қарастырылуы қажет.

Ақпарат термині латынның informatio - танысу, түйсiну, түсiну деген сөзінен шыққан. Алғашқы кезде ақпарат ұғымына „бір адамнан екінші бір адамға ауызша, жазбаша немесе басқа да әдістер арқылы берілетін мәлімет және осы мәліметті беру мен қабылдау процесі” деген анықтама берілді. Кей жағдайда ақпаратты ғалымдар материя, энергия сияқты философиялық категориялардың қатарына жатқызады. Мысалы, Р.Ф.Абдеевтiң еңбегiнде көптеген ғалымдардың ақпаратқа берiлген анықтамалары келтiрiлген. Солардың бiрнешеуiне тоқталайық:

  • ақпарат - құрылымның күрделiлiк өлшемi (Моль);

  • ақпарат - таңдау ықтималдылығы (Яглом);

  • ақпарат - энтропияның терiстiгi (Бриллюэн).

Бiздiң түсiнiгiмiзше, кең мағынада ақпарат - әлемнiң келбетi, ал, тар мағынада – кез келген объект немесе субъект жөнiндегi мәлiмет.

Ақпараттың мынадай қасиеттері бар:



  • тұтыну кезінде көлемі азаймайды;

  • пайдалану кезінде тұтынушылар санына шек қойылмайды;

  • бір орыннан екінші орынға тасымалдау процесі жылдам жүргізіледі;

  • қандай да бір мазмұндағы ақпарат әртүрлі формада ұсыныла алады т.б..

Ақпараттандыру – азаматтардың ақпараттық тұтынушылығын қанағаттандыру үшiн тиiмдi шарттарды құру процесi. Басқаша айтқанда, ақпараттандыру – ақпараттық-техникалық құралдарды (мысалы, компьютерлiк техникаларды) бағдарламалар, әдiстемелiк құралдар кешенiмен жабдықтау. Көп жағдайда пайдаланушылар ақпараттандыруды „компьютерлендіру” ұғымымен бірдей түсінік ретінде қарастырады. Компьютерлендiру - бiлiм беру жүйесiн компьютермен жабдықтау. Бұл екi ұғымды бiрi-бiрiнен бөлiп қарауға болмайды. Бiрақ, компьютерлендiру ұғымы ақпараттандыру ұғымының құрамына кiредi.

Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды, мидың және орталық нерв жүйесінің көмегімен ақпаратты өңдейді, есте сақтайды. Адамның ойша есеп шығаруы, мәтінді бір тілден екінші тілге аударуы ақпаратты өңдеу процесінің мысалдары. Ақпаратты өңдеу процесі адамның ақыл-ой іс-әрекетіне байланысты.

Қандай да бір нәтижеге жету мақсатындағы ақпаратқа қатысты іс-әрекеттер тізбегінің жиынтығы ақпараттық процесс деп аталады.

Ақпараттық процесс адамға қатысты әлемде ғана емес, табиғатқа қатысты да жүреді. Тірі табиғатта популяциялық түрленулер тұрақты ақпарат алмасуға негізделген. Мысалы, өсімдіктер әлеміндегі жыл мезгіліне байланысты өзгерістер – ақпараттық процесс нәтижесі. Атап айтқанда, ауа температурасының өзгеруі, күн сәулесінің ұзақтығы өсімдіктердің өмір сүруі үшін маңызды.



Ақпарат түрлерін жіктеудің бірнеше критерийлері бар. Бірінші критерий ретінде көру, есту, иіс сезу, сипап сезу, дәм сезу сияқты адамның ақпаратты қабылдау түрлерін атауға болады. Қабылдау түрлеріне байланысты ақпаратты негізгі үш топқа бөлеміз:

  1. Мәтін, кескін, графика, сурет, фотосурет, анимация, бейнефильм секілді көру арқылы қабылданатын ақпараттар. Мұны визуалды ақпарат деп атайды.

  2. Дыбыс, сөз, әуен сияқты есту арқылы қабылданатын ақпараттар. Мұны дыбыстық ақпарат деп атайды.

  3. Арнайы техникалық құралдар көмегімен адамның сенсорлық жүйесі арқылы қабылданатын ақпараттар. Мұны сенсорлық ақпарат деп атайды.

Бұл келтірілген ақпарат түрлері басқа критерийлер бойынша да жіктеледі. Соның бірі – адамның ақпаратты қабылдау әдісіне байланысты. Сондықтан да адам қабылдайтын ақпаратты тура және ассоциативті ақпарат деп бөлеміз.

Қандай да бір объектінің немесе процестің негізгі қасиетін сипаттайтын ақпаратты тура ақпарат деп атайды. Мысалы, судың мөлдірлігі, түссіздігі және сұйықтығы.

Адамның бір тақырып төңірегіндегі бұрын қабылдаған ақпараты мен жаңа ақпаратты салыстыру, елестету арқылы қабылдауын ассоциативті ақпарат деп атаймыз. Мысал ретінде, жоғарыда келтірілген судың негізгі сипаттамалары арқылы оған қосымша сипаттама беретін ақпаратты келтіруге болады.

Ақпарат кеңістік арқылы ғана емес, уақытқа байланысты да таратылады. Мысалы, ежелгі сына жазулары, Күлтегін жазбасы, жартастардағы суреттер, адамның гендік қасиеттерінің ұрпақтан ұрпаққа берілуі т.б.

Ақпаратты ұсынудың бірнеше әдістері бар. Ауызша, жазбаша және сурет, графика, бейнемәлімет, дыбыстық мәлімет арқылы көрнекілік негізде ұсыну т.б. Ақпаратты ұсыну үшін алдымен жинақталған, өңделген, сақталған ақпарат болуы керек. Адам ақпаратты іздеу, жинау, сұрыптау, өңдеу, сақтау арқылы ғана ой-елегінен өткізіп ұсына алады. Сонымен қатар, баспа құралдары, техникалық құралдар арқылы да ақпаратты тарата аламыз.

Бақылау сұрақтары:


  1. Ақпарат деген не?

  2. Ақпараттың қандай түрлері бар?

  3. Ақпараттық процесс деген не?

  4. Ақпараттандыру мен компьютерлендіру ұғымдарының айырмашылығы қандай?

  5. Ақпаратты ұсынудың қандай әдістері бар?



      1. Мультимедиа жөнінде түсінік

Қазiргi таңда бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру процесiне байланысты ақпаратты-бiлiм беру ортасы, ақпаратты-пәндiк орта, кәсiби-ақпараттық бiлiм беру ортасы, оқытудың компьютерлiк технологиялары, оқытудың ақпараттық технологиялары, ақпаратты-коммуникациялық технологиялар, бiлiм беруге арналған ақпаратты-коммуникациялық технологиялар, мультимедиа, мультимедиалық технологиялар, бiлiм берудегi мультимедиа, мультимедианың бағдарламалық құралдары, мультимедиалық ресурстар секiлдi бiрқатар терминдер оқулықтар мен ғылыми мақалаларда қолданыла бастады.

Ендi осы түсiнiктерге талдау жасап көрейiк. Алдымен, осы түсiнiктерде көп қолданылатын „орта” терминiне тоқталайық. Орта макроорта және микроорта ұғымдарын құрайды. Макроорта қоғамдық-экономикалық жүйелердi қамтыса, микроорта жеке тұлғаның айналасындағы жанұя, ұжым секiлдi жекелеген элементтерден құралады.

Бiлiм беру ортасы – бiлiм беру мекемелерiндегi оқыту технологиялары мен ақпараттық ресурстардың жиынтығы.

Ал, ақпаратты – бiлiм беру ортасы ұғымына қатысты В.А.Красильникованың: „бiлiм беру ортасы ешқашанда ақпаратсыз бола алмайды, бұл жердегi „ақпаратты” сөзi ақпараттық технологияларға қатысты айтылып тұр” деген пікірімен қосылғымыз келеді. Сондықтан да, ақпаратты-бiлiм беру ортасы – ақпараттық бiлiм ресурстарын пайдалануға мүмкiндiк беретiн ақпараттық технологиялар негiзiнде құрылған оқыту технологиясының жиынтығы деген тұжырым жасай аламыз.



Ақпаратты-пәндiк орта – белгiлi бiр пәнге қатысты ақпаратты пайдалануға бағытталған ақпаратты-бiлiм беру ортасының құрамы.

Кәсiби-ақпараттық бiлiм беру ортасы – белгiлi бiр мамандық иесiнiң кәсiби iс-әрекетiнде пайдалануға арналған компьютерлiк және телекоммуникациялық технологиялар негiзiнде құралған аппаратты-бағдарламалық жабдықтар жиынтығы.

Оқытудың компьютерлiк технологиясы, оқытудың ақпараттық технологиялары секiлдi терминдерге талдау жасау үшін алдымен „оқыту”, „технология” ұғымдарының мағынасын ашып алуымыз қажет.

Оқыту – педагогтардың жетекшiлiгiмен тұлғаның бiлiмiн, ебдейлiгiн, дағдысын қалыптастыруға бағытталған, жоспарлы және жүйелi түрде жүзеге асырылатын процесс.

Технология - шеберлiк туралы ғылым, techne – өнер, шеберлiк, logos – ғылым. Энциклопедиялық еңбектерде келтiрiлген анықтама бойынша „технология - өнiм өндiру процесiнде өнiмнiң, материалдың немесе полуфабрикаттың формасын, қасиетiн, қалып-күйiн өзгертудi, өңдеудi жүзеге асыратын әдiстер жиынтығы”.



Оқытудың компьютерлiк технологиясы – ақпаратты жинақтау, ұсыну және бақылауды ұйымдастыру, танымдық iс-әрекеттi басқару секiлдi педагогтың атқаратын функцияларының компьютерлiк техника негiзiнде педагогикалық шарттарын құрудың әдiстерi мен тәсiлдері жиынтығы.

Оқытудың компьютерлiк технологиясы оқытушы мен студенттiң, мұғалiм мен оқушының арасындағы қатынас формасын өзгертедi. Бұл өз кезегiнде оқу мотивациясын күшейтедi, оқытудың қарқындылығын арттырады. Оқу мотивациясы дегенiмiз – танып-бiлуге ұмтылдыратын қозғаушы күштердi дамытудың әдiстерi, құралдары мен тәсiлдерi.



Оқытудың ақпараттық технологиялары – білім беруге бағытталған компьютерлiк техниканың, телекоммуникациялық байланыс құралдарының, инструменталды бағдарламалық жабдықтардың жиынтығы.

Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар - локалдық, аймақтық, бүкiл әлемдiк желiлерде ақпарат алмасуды жүзеге асыратын қазiргi заманғы байланыс құралдарының барлық түрлері, бағдарламалық жүйелер мен кешендер (бағдарламалау тiлдерi, трансляторлар, компиляторлар, операциялық жүйелер, қолданбалы бағдарламалық жабдықтарды дайындауға арналған инструменталды пакеттер), мультимедиа, телекоммуникация секілді техникалық-бағдарламалық құралдар жиынтығы.

Ал, оқу-әдiстемелiк, нормативтi-құқықтық, ұйымдастырушылық-техникалық материалдарды бiрлесе пайдалану негiзiнде жұмыс iстейтiн болса, мұны бiлiм беруге арналған ақпаратты-коммуникациялық технологиялар деп қарастыруға болады.

Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар қызметі мынадай қасиеттерімен сипатталады:


  • өңдеу процесінің нысаны мәліметтер болып табылады;

  • ақпараттық процестің мақсаты ақпарат алмасуға негізделеді;

  • ақпараттық процесті жүзеге асыру құралдарын бағдарламалық, аппараттық, бағдарламалы-аппараттық кешендер құрайды;

  • ақпараттық процесті тиімділендіру параметріне ақпаратты тұтынушыға жеткізудің дәлдігі, сенімділігі, толықтығы жатады.

Енді ұлы дидактик Я.А.Коменский „Алтын ережеге” балаған көрнекілік ұстанымының талаптарына толық жауап бере алатын мультимедиалық технологиялар ұғымдарын қарастырайық. Алдымен мультимедиа ұғымына талдау жасап көрейік.

Мультимедиаға зерттеушi ғалымдар түрлiше анықтама бередi:

Мультимедиа - әртүрлi типтi ақпараттарды компьютердiң ұсыну мүмкiндiгiн дамытатын және адамның мультисенсорлық табиғатына негiзделген технология (D.Little).

Мультимедиа - екi не онан да көп типтi ақпараттарды интерактивтi формада бiрiктiру (D.H.Jonassen).

Мультимедиа - әртүрлi формада ұсынылған ақпараттарды бiрiктiруге мүмкiндiк беретiн компьютердiң аппараттық және бағдарламалық құралдары кешенi (И.И.Косенко).

Мультимедиа - графика, гипермәтiн, дыбыс, анимация, бейнемәлiметтердi пайдалануға мүмкiндiк туғызатын аппаратты-бағдарламалық құрал (И.Вернер).

Мультимедиа терминi латын тiлiнiң „multy” (көп) және „media” (орта) деген сөздерiнiң бiрiгуiнен құралған. Сондықтан да, мультимедиалық жүйеге арналған оқулықтарды, ғылыми еңбектердi саралай келе бұл терминге „ақпараттық орта” деген мағына беруге болады. Ал, ақпараттық орта түсiнiгiн белгiлi бiр ортада ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы ақпаратты ұсыну мен өңдеуге бағытталған арнайы ұйымдастырылған процесс деп қабылдай аламыз.

Осы орайда, мультимедиаға және оған қатысты ұғымдарға өздiгiмiзше анықтама бере кетейiк.



Мультимедиа - компьютерлiк графикамен, суреттермен, бейнеақпараттармен, анимациямен, мәтiндермен, жоғары сапалы дыбыстармен жұмыс iстеудi қамтамасыз ететiн интерактивтi жүйе.

Кез келген қарым-қатынас тілінде әртүрлі мағынада қолданылатын сөздер бар. Сол секілді „мультимедиа” сөзін де бірнеше мағынада қолдана аламыз.

Яғни, мультимедиа –


  • әртүрлі типті ақпараттарды өңдейтін құралдарды жасаудың, пайдаланудың тәртібін анықтайтын технология;

  • әртүрлі типті ақпараттарды өңдеу мен ұсыну технологиясы негізінде құрылған ақпараттық ресурс;

  • түрлі типті ақпараттарды өңдеу мен ұсынуға мүмкіндік беретін компьютерлік бағдарламалық жабдық;

  • пайдаланушыға барынша тиімді әсер ету мақсатында түрлі бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдаланатын ақпараттық технологиялар спектрі.

Мультимедиалық технологиялар - әртүрлi типтi мәлiметтердi дайындау, өңдеу, бiрiктiру, ұсыну әрекеттерiн аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын технологиялар (әдiстер мен тәсiлдер)жиынтығы.

Бiлiм берудегi мультимедиа - бiрiншiден, таным процесiнiң жоғарылауына септiгiн тигiзетiн, екiншiден, бiлiм беру мазмұнын интерактивтi формада ұсынатын дидактикалық аппаратты-бағдарламалық құрал.

Мультимедианың бағдарламалық құралдары – кез келген типті ақпаратты интерактивтi режимде пайдалануға мүмкiндiк беретiн компьютердiң бағдарламалық жабдықтары.

Мультимедиалық ресурстар - мультимедиалық құралдар және арнайы бағдарламалық жабдықтар көмегiмен дайындалған ақпараттық өнімдер.

Мультимедианың дамуы бейнетехникалық және дербес компьютерлiк технологиялардың өркендеуi нәтижесiнде жүзеге асуда. Мультимедиа статикалық (мәтiндiк, кестелiк, графиктiк) және динамикалық (анимациялық, бейнелiк), дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды iске асырады. Оның жалпы сипатын 1-ші суреттегiдей бейнелей аламыз.








жүктеу 3,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау