Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет8/73
Дата15.01.2020
өлшемі2,14 Mb.
#26636
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73

19
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
басым бөлігі 12 мен 15 жас аралығындағы орта 
жасөспірімдік кезеңде басталады және бұл апта, 
ай, тіпті бірнеше жыл да созыла береді екен (68).
Қазақстанда балалар арасындағы суицид 
мәселесіне назар аударылады, себебі 5 пен 14 
жас аралығындағы балалар және 15 пен 24 
жас аралығындағы жастар арасындағы суицид 
деңгейі Еуропа мен ТМД-ның көптеген елдерімен 
салыстырғанда біршама жоғары. Қазақстан 
үкіметі бұл мәселенің бар екенін мойындап, оны 
шешу үшін біраз қадамдар жасап жатыр; сонда 
да болса, балалар арасындағы суицид туралы 
түсінік біршама шектеулі. Қазіргі уақытта балалар 
арасындағы суицид және Қазақстандағы өзіне-
өзі қол жұмсау түсініктеріне біраз жан-жақты 
талдау жүргізілуде. Бірақ 2010 жылы жүргізілген 
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік 
интернат мекемелеріндегі балаларға қатысты 
зорлық-зомбылық» және 2011 жылы жүргізілген 
«Қазақстандағы қауіпті мінез-құлық, жыныстық 
қанаушылық пен адамдарды сатуға қатысты 
балалардың осалдығын бағалау» зерттеулері 
анықтағандай, балалардың суицидалды мінез-
құлқының себептері әр түрлі болуы мүмкін, 
көбінесе олар балалардың өміріндегі зорлық-
зомбылықтың түрлі нысандарына, қатыгездік 
немесе жаны ашымастық қарым-қатынасқа, 
қанаушылыққа, олармен қатар жүретін ба-
сып-жаншу, стигматизация және кемсітушілікке 
байланысты болады (69, 70). Бұл кезеңде 
балалардың суицидалды мінез-құлық түсінігі 
мектептегі зорлық-зомбылық контексінде өте 
маңызды мәселе болып табылады (71).    
Мектептердегі балаларға қатысты 
зорлық-зомбылықты не үшін 
зерттеу қажет?  
Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігі Адам 
құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа Қазақстан 
мектептеріндегі зорлық-зомбылыққа бағалау 
жүргізуде қолдау көрсетті. Ел мектептеріндегі 
балаларға қатысты зорлық-зомбылықты 
жүйелі түрде бағалау бұрын жүргізілмеген, ал 
мектептердегі зорлық-зомбылық оқиғалары ту-
ралы ресми деректерге қол жеткізу мүмкін емес, 
себебі мұндай оқиғалар көбінесе ашылмаған 
күйінде қалады немесе олар туралы ешкім хабар-
ламайды. Бүгінгі таңда мектептердегі балаларға 
қатысты зорлық-зомбылық туралы нақты бір 
мәлімет жоқ. Сондықтан белгілі бір шешім 
қабылдау үшін мектептердегі зорлық-зомбылық 
туралы деректерді жинау қажеттілігі туындап 
отыр. 
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың 
Қазақстандағы бала құқығы және балаларға 
қатысты зорлық-зомбылықтың мониторингін 
өткізу саласындағы әлеуетін кеңейтуге күш 
жұмсауына байланысты бұл зерттеудің міндеттері 
мыналарды қамтыды:
•  Мектептердегі  балаларға  қатысты  зорлық-
зомбылық, оның ішінде балалар арасындағы 
және мектеп қызметкерлері тарапынан жа-
салатын зорлық-зомбылық туралы нақты 
деректерді жинау.
•  Мектептердегі  зорлық-зомбылықты  анықтау
және шара қолдану оқиғаларын құжатқа түсіру 
және баланы қорғауды қамтамасыз ету.
•  Мектеп  жасындағы  балалардың  өзін-өзі
зақымдау мен суицидалды мінез-құлқының 
жиілігі туралы деректерді жинау, өзін-өзі 
зақымдау мен суицидалды мінез-құлық пен 
мектептегі зорлық-зомбылық арасындағы 
байланысты зерттеу.
•  Деректерді талдап, Қазақстан мектептеріндегі
зорлық-зомбылық сипаты мен таралуы, 
сондай-ақ өзін-өзі зақымдау және суицидалды 
мінез-құлық пен мектептегі зорлық-зомбылық 
арасындағы байланыс туралы толық мәліметті 
көрсететін қорытындылар жасау. 
•  Мектептегі  зорлық-зомбылық  оқиғалары  ту-
ралы есепке алу, жазба түсіру және хабарлау, 
сондай-ақ мектептегі зорлық-зомбылыққа 
шара қолдану, үйлестіру тетіктерінің 
тәжірибесін зерттеу. 
•  Мектептегі  зорлық-зомбылық  оқиғаларын
анықтау және шара қолдану бойын-
ша ұсыныстар әзірлеу үшін деректер мен 
қорытындыларды пайдалану. 
Бұл бағалау елдегі бүкіл мектептегі жағдайды 
ашып көрсетеді деп айта алмаймыз, себебі бұл 
бағалау тек төрт ауданда/өңірде және 4 мектепте 
жүргізілді. Сонда да болса, алынған мәліметтер 
Қазақстан мектептеріндегі зорлық-зомбылық си-
паты мен дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді. 
Тағы бір маңызды жайт, бұл бағалау Қазақстан 
мектептеріндегі балаларға қатысты зорлық-
зомбылық жөніндегі шектеулі әдебиеттер мен 
мәліметтердің орнын толтыруға көмектесе алады.    


20
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
27. Пинейро, 2006, стр. 117.
28. Пинейро, 2006.
29. Джимерсон, С.Р. және басқалар (2012). 
Мектептегі зорлық-зомбылық және мектептегі 
қауіпсіздік анықтамалығы: Халықаралық 
зерттеулер мен тәжірибе. Раутледж: Нью 
Йорк, Нью Йорк.
30. Джимерсон, С.Р. және басқалар (2010). 
Мектептегі жәбірлеушілік анықтамалығы: 
Халықаралық көзқарас. Раутледж: Нью Йорк, 
Нью Йорк.
31. Петкова, E. (2005). Косово мектептеріндегі 
балаларға қатысты зорлық-зомбылық бой-
ынша зерттеу. ЮНИСЕФ: Косово.
32. Чен, Дж.. және Р.А. Астор (2010). Тайвань 
мектептеріндегі зорлық-зомбылық: 
Батыстан келген тәуекел факторлары 
азиялық мәдениетте мектептердегі зорлық-
зомбылықты қалай болжайтынын зерттеу. 
Тұлғааралық зорлық-зомбылық журналы, 
25(8), 1388-1410 бб.
33. Антонович, Л. (2010). Көбінесе әдейі жа-
сырады. : Батыс және Орталық Африка 
мектептеріндегі зорлық-зомбылық бойын-
ша есеп. ЮНИСЕФ, Батыс Африка, Save the 
Children, Швеция, West Africa and Action Aid.
34.  Бала құқығы жөніндегі Manara желісі (2011). 
Мектептердегі балаларға қатысты зорлық-
зомбылық: Ливан, Морокко және Йемендегі 
өңірлік талдау. Save the Children, Швеция.
35. Пинейро, 2006,122-126-бет.
36. Петкова, 2005, 46-бет.
37. Пинейро, 2006, 123-бет.
38. Пинейро, 2006, 122-126-бет.
39. Пинейро, 2006, 116-бет.
40. Human Rights Watch (2008). Білім берудегі 
зорлық-зомбылық: АҚШ-тың орта мектеп-
терде балаларды ұрып-соғу. НЙ, НЙ.
41. Локвуд, Д. (1997). Орта және жоғары мек-
теп оқушыларының арасындағы зорлық-
зомбылық: алдын алу үшін талдау мен 
қорытындылар. АҚШ Әділет департаменті, 
Вашингтон, ОК. 
42. Антонович, Л., 2010.
43. Пинейро, 2006, 118-119 бет.
44. Пинейро, 2006, 118- бет.
Пайдаланылған дереккөздер тізімі 
1. 
Пинейро, Паоло Серхио (2006). 
Мектептердегі және білім беру 
мекемелеріндегі балаларға қатысты 
зорлық-зомбылық (111 бет). Мектептердегі 
балаларға қатысты зорлық-зомбылық ту-
ралы дүниежүзілік есеп. ЮНИСЕФ: Женева, 
Швейцария. 
2.  Пинейро, 2006, 111 бет.
3.  Пинейро, 2006, 112 бет.
4.  Хаарр, Робин. (2011). Қазақстанда тұратын, 
мемлекеттік мекемелердегі балаларға 
қатысты зорлық-зомбылық: Бағалау. БҰҰ 
Балалар қоры (ЮНИСЕФ): Астана, Қазақстан.
5.  Хаарр, Робин. (2012). Қазақстандағы қауіпті 
мінез-құлық, жыныстық қанаушылық пен 
адамдарды сатуға қатысты балалардың 
осалдығын жылдам бағалау. БҰҰ Балалар 
қоры (ЮНИСЕФ): Астана, Қазақстан.
6.  Хаарр, 2011.
7.  Хаарр, 2012.
8. Урумова И. (2012). Балаларға қатысты 
зорлық-зомбылық бойынша Қазақстан 
Республикасындағы заңнамаларға шолу. БҰҰ 
Балалар қоры (ЮНИСЕФ): Астана, Қазақстан.
9.  Урумова, 2012.
10. Урумова, 2012.
11. Урумова, 2012.
12. Урумова, 2012.
13. Урумова, 2012.
14. Пинейро, 2006.
15. Хаарр, 2011.
16. Урумова, 2012.
17. Урумова, 2012.
18. Хаарр, 2011.
19. Хаарр, 2011.
20. Пинейро, 2006.
21. Хаарр, 2011.
22. Урумова, 2012.
23. Урумова, 2012.
24. Хаарр, 2011.
25. Пинейро, 2006, 111-бет.
26. Пинейро, 2006, 116-бет.


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау