Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет5/73
Дата15.01.2020
өлшемі2,14 Mb.
#26636
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73

13
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Урумова (2012 ж.) балаларға қатысты үйдегі және 
отбасындағы зорлық-зомбылық мәселелерін 
қарастыратын ҚР «Тұрмыстық зорлық-
зомбылықтың профилактикасы туралы» Заңының 
кейбір кемшін тұстарын көрсетеді. Оның бірі – 
бүгінгі таңда балаға қатал қарағаны байқалған 
ата-аналарды немесе олардың орнындағы адам-
дарды жазалауға ғана назар аударылады. Оның 
айтуынша, БҚК-ге сәйкес, жаза да, ата-аналық 
құқығынан айыру шарасы да істі барынша жан-
жақты зерттеп алған соң ғана жүзеге асуы тиіс; 
ал ата-аналық құқығынан айыру тек ықпал етудің 
басқа барлық түрлері қолданылып, оң нәтиже 
бермеген жағдайда ғана іске асырылуы тиіс 
(11). Бірақ, Қазақстан үкіметі баланы күтуде 
қиындыққа тап болған ата-аналар мен отба-
сылар үшін Бала құқығы туралы конвенцияның 
18(2)-бабына сәйкес  қолдау қызметтеріне қол 
жетімділікті жақсартуы қажет.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилакти-
касы туралы» Заңның тағы бір әлсіз жағы – Заң 
әрекетінің аясына жәбірленушіге отбасылық-
тұрмыстық қарым-қатынастағы адам жасаған 
құқыққа қарсы әрекеттер ғана кіреді. Ал 
мұндай адам ретінде Заң тек неке-отбасылық 
қатынастағы, бір үйде, бір пәтерде не басқа да 
тұрғын-жайда тұрып жатқан адамдарды не бұрын 
некеде болған адамдарды ғана қарастырады. Заң 
жәбірленушімен бірге тұрмайтын адам тарапынан 
жасалған зорлық-зомбылықты қарастырмайды 
(13). Урумованың (2012) айтуынша, анықтама 
шеңберінің тарлығы балаларға қатысты зорлық-
зомбылықпен күрес жағдайында екі себептен 
қиындықтар тудырады. Біріншіден, бұл жағдайда 
Заң жәбірленушінің зорлық-зомбылық жасаған 
адаммен бірге тұрмайтын, тұрмыстық зорлық-
зомбылықтан жанама түрде зардап шегетін 
кәмелетке толмаған балаларына қорғау мен тиісті 
қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етпеген. 
Екіншіден, өздеріне қатысты зорлық-зомбылық 
жасаушы адаммен қатынастағы жасөспірімдер 
үшін қорғау мен тиісті көмекке қолжетімділік те 
қамтамасыз етілмеген (т.н. dating violence).
Отбасылық қарым-қатынастың жеке са-
ласынан өзге балаларға қатысты зорлық-
зомбылық пен жаны ашымаушылық қоғамдық 
салаларда да, мәселен, оқу мекемелерінде, 
балаларға арналған интернат мекемелерде, 
қамауда ұстау мекемелерінде және балалар-
ды түзеу мекемелерінде де өте үлкен мәселеге 
айналғаны құжат түрінде расталып отыр (14, 
15). Сондықтан балаларға мұндай мекеме-
лерде қауіпсіз жағдай жасауды, сондай-ақ 
балаларды осындай мекемелердегі зорлық-
зомбылықтан, мейірімсіз әрі жаны ашымас 
қарым-қатынастан қорғау үшін профилак-
тика және ерте анықтау бойынша күш салу-
ды қамтамасыз ететін заңнаманың болуы өте 
маңызды (16). Сонымен бірге, заңнама мұндай 
мекемелердегі жәбірленуші балаларды қорғау 
мен көмек қызметтерімен қамтамасыз етуге, 
мекемеде зорлық-зомбылық жасағандар тиісті 
жазасын алуын бақылауға тиісті. Қазіргі таңда 
оқу мекемелерінде, балаларға арналған интер-
нат мекемелерде, қамауда ұстау мекемелерінде 
және балаларды түзеу мекемелерінде де про-
филактика, ерте анықтау және араласудың 
аталған мәселелеріне қатысты тиімді заңнама 
жоқ.
Қазақстандағы заңнамалық нормативтік-
құқықтық база тәрбиеленушілердің балаларға 
арналған интернат мекемелерде, қамауда 
ұстау мекемелерінде және балаларды түзеу 
мекемелерінде ер және қыз балалар деп бөлінуін 
де қарастырады; бірақ тәрбиеленушілердің 
мұндай мекемелерде жас ерекшеліктеріне 
қарай бөлінуін қарастырмайды (17) . Жақында 
жүргізілген Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік интернат мекемелеріндегі және білім 
беру мекемелеріндегі балаларға қатысты зорлық-
зомбылықты бағалау барлық жастағы бала-
ларды бір мекемеде қалдыру үлкен және ере-
сек балалар тарапынан кіші балаларға қатысты 
зорлық-зомбылыққа және мейірімсіз қарым-
қатынасқа жағдай жасайтынын көрсеткенін 
есепке алсақ, бұл мәселенің маңызы өте үлкен 
4
  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ерекше режімде ұстайтын білім беру ұйымдары туралы» бұйрығына 
сәйкес, ерекше режімде ұстайтын білім беру ұйымдары 11 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналып, ер және қыз балалар 
үшін бөлек құрылады. 
6
  Қазақстан Республикасы үкіметінің «Жалпы орта білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдары іс-әрекетінің үлгілік ережесін 
бекіту туралы» қаулысына сәйкес, ұйымға педагогикалық қызметке қажетті біліктілік мінездеменің талаптарына сай кәсіби-
педагогикалық біліктілігі бар адамдар қабылданады. Ал тиісті кәсіби білімі жоқ адамдар қажетті мамандар болмаған жағдайда ғана 
педагогикалық іс-әрекетпен ұйымның педагогикалық кеңесі шығарған шешім негізінде айналысу құқығына ие болады. Сот шешімімен 
педагогикалық әрекетпен айналысуға тыйым салынған адамдар ұйымдарда білім беру ісімен шұғылдана алмайды. 


14
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
болып отыр. Бұл бағалау барысында балаларға 
арналған мемлекеттік интернат мекемелеріндегі 
зорлық-зомбылық балаларға кері әсер 
етіп, психологиялық жарақаттарға, өзін-өзі 
зақымдауға, суицидтік әрекетке, дене жарақатын 
салуға, кей жағдайларда өлімге де душар етіп 
жататыны құжат түрінде дәлелденді (18). Мұндай 
зорлық-зомбылық балалардың мекемеден 
кетіп қалуына да әкеледі. Бұл жағдайда қашып 
кету жәбірленген балалардың мекеменің қатал 
өмірінен, оның ішінде басқа балалар, тіпті ересек 
қызметкерлер тарапынан көрсетілетін зорлық-
зомбылық пен асыра пайдаланудан құтылу үшін 
қолданатын тіршілік ету стратегиясы болып табы-
лады. Сонда да болса, балаларды қорғау және 
құқық қорғау жүйесі қашқындардың көбінесе 
зорлық-зомбылық пен мейірімсіз қарым-қатынас 
құрбандары екенін, олардың қашып кетуі тіршілік 
үшін күрес стратегиясы болып табылатынын мой-
ындай қоймайды; керісінше, олар қашқын бала-
ларды қылмыскерлер ретінде танып, жазаға тар-
тады (19).
Сонымен бірге, оқу мекемелерінде, балаларға 
арналған интернат мекемелерде, қамауда 
ұстау мекемелерінде және балаларды түзеу 
мекемелеріндегі ересек қызметкер адамдардың 
балаларға қатысты зорлық-зомбылығы да назар 
аударуға тұрарлық үлкен мәселе екені құжатқа түсті 
(20, 21). Қазақстанда педагогикалық құрамды 
іріктеу, қызметкерлердің тиісті дағдыларының 
жоқтығы себепті қызметіне сай болмауы, сондай-
ақ құқыққа қарсы әрекет жасаған кінәсі үшін 
қызметінен аластату мүмкіндігін қарастыратын 
нормативтік актілер бар . Алайда бұл нормативтік 
актілер білім беру мекемелерінің педагогикалық 
іс-әрекетпен айналыспайтын қызметкерлерін 
қамтымайды (22).
Дей тұрғанмен, Қазақстан Республикасында 
балаларға қатысты ұрып-соғып жазалау мен 
психологиялық зорлық-зомбылық көрсетуге 
тыйым салатын заңнама бар, бұл білім беру 
ұйымдарына, құқық бұзушылық профилактикасы 
жүйесінің органдары мен мекемелеріне, тергеу 
изоляторларына және уақытша ұстау изолятор-
ларына, қылмыстық жазаны орындау жүйесінің 
мекемелеріне де қатысты (23). Сонда да болса, 
бұл мекемелерде қызметкерлердің ұрып-соғу 
арқылы жазалауы әлі де жалғасып келеді, әдетте 
мұндай жаза түрін қолданған қызметкерлерге 
қатысты болмашы шаралар қолданылады не 
олар қызметтен босатылады (24). 
Мектептердегі зорлық-зомбылық 
бойынша қысқаша шолу
Мектептегі зорлық-зомбылық – мектеп 
аумағында, мектепке, мектептегі шараға бара 
жатқан не мектептен, мектепте өткен шарадан 
қайтып келе жатқан жолда немесе сол шара өтіп 
жатқан кезде орын алатын жасөспірімдердің 
зорлық-зомбылығы. Мектеп жасындағы бала-
лар мектептегі зорлық-зомбылықтың құрбаны, 
кінәлісі не куәгері болуы мүмкін. Халықаралық 
зерттеулер барысында әдетте мектептерде 
орын алатын зорлық-зомбылықтың нысанда-
рын анықтау үшін түрлі критерийлерді пайдала-
нады. Жалпы әдіс ретінде зорлық-зомбылықты 
әрекеттің түріне сәйкес жіктеу қолданылады. 
1.1. шеңберінде осы бағалауда қарастырылатын 
мектептегі зорлық-зомбылықтың алуан түрі 
сәйкестендіріліп, көрсетіледі. Олардың ішінде 
психологиялық зорлық-зомбылық, физикалық 
зорлық-зомбылық, жыныстық сипаттағы сөздер 
мен қысым көрсету, бопсалау, қоқан-лоқы, ки-
бербуллинг, құрбылар тарапынан қорқытып-
үркіту, кемсітушілік және мектеп қызметкерлерінің 
ұрып-соғуы арқылы жазалаулар кіреді. 
Соңғы жылдары қоғамның мектептегі зорлық-
зомбылық туралы түсінігі көбінесе БАҚ-
тардың мектептердегі зорлық-зомбылықтың 
төтенше жағдайларына, мәселен, оқушылар 
арасындағы төбелес, мектепте өз сыныптаста-
рына оқ ату секілді жағдайларға назар аударуы-
мен қалыптасты; солай бола тұрғанмен, мұндай 
жағдайлар жиі кездеспейді, олар мектептегі 
зорлық-зомбылықтың болмашы бөлігін ғана 
құрайды (25). Өткен жылы Қазақстанның 
ақпараттық БАҚ-тары мектептегі зорлық-
зомбылық жайлы көптеген оқиғаларды жазды. 
«11 мамыр күні №46 мектептің стадионында 
мектептер арасында төбелес болды. Сабақтан 
кейін футбол ойнауға келіскен жоғары сынып 
оқушыларының арасында төбелес басталды. 
№65 мектептің қырық оқушысы №46 мектептің 
он оқушысымен айқасқа түскен. № 46 мектеп 
оқушылары өздерімен кірпіш, тас, бөтелке секілді 
қаруларын ала келген. Төбелеске қатысушылардың 
айтуынша, төбелестің себебі №46 мектептің 
тоғыз оқушысы №65 мектептің оқушыларына 
«салық» төлеуден бас тартқан. №46 мектептің 
оқушысы басынан жарақат алып, комаға түскен». 
(14 мамыр 2012, http://internets.kz/)


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау