9
Ә
лемнің көптеген елдерінде балалар уақытының басым
бөлігін мектепте өткізеді. Ата-аналар сияқты, балалар
да мектептің өздері үшін қауіпсіз, өсіп-жетілуіне
жәрдемдесетін, балаларды оқытып, дамытуға қолдау
көрсетіп, септігін тигізетін орта болады деп күтеді. Өкінішке
қарай, әлемдегі көптеген бала мектепте кемсітушілікке,
зорлық-зомбылыққа ұшырайды, бұл олардың мектептке
баруына, оқуға деген қабілетіне, академиялық үлгеріміне
кері әсерін тигізетіні дәлелденді.
Мектептегі зорлық-
зомбылықтың кесірінен балалар оқуын ерте тастап кетеді.
Соның салдарынан мектепте зорлық-зомбылыққа тап
болған балалар өз құқықтарынан, оның ішінде білім алу
құқығынан да айырылады (1).
«БҰҰ-ның балаларға қатысты зорлық-зомбылық
мәселелері бойынша дүниежүзілік баяндамасына» сәйкес,
мектептерде басшылық жасайтын және басқа да қызметтер
атқаратын ересектер мектеп қабырғасында гендерлік теңдік
құндылықтарын, зорлық-зомбылық пен кемсітушілікті
болдырмау төзімділік пен өзара сыйластық ұстанымдарын
орнықтыруға жауап береді. Бұл құндылықтарды әр елдің
үкіметі мемлекеттердің балаларды зорлық-зомбылықтың
кез келген түрінен, оның ішінде білім беру мекемелеріндегі
зорлық-зомбылықтан қорғау, сондай-ақ балаларға қарсы
зорлық-зомбылықтың барлық түрлеріне
тыйым салу мен
алдын алу және оларды қорғау үшін барлық шараларды
қарастырудың құқықтық құрылымын қамтамасыз ету
міндеттемелерімен бірге Бала құқығы жөніндегі БҰҰ
конвенциясын (БҚК) ратификациялау кезінде қабылдайды
(2). Оны былай қойғанда, барлық бала үшін сапалы білімге
қол жеткізуді қамтамасыз ету БҰҰ-ның Мыңжылдық Даму
Мақсаттарының ажырамас бөлігі болып табылады, бұл
мақсатқа қол жеткізу үшін мектептер барлық баланың
кемсітушілік пен зорлық-зомбылық қаупінен тәуелсіз
ортада білім алуы үшін қауіпсіз әрі мейірімді атмосфераны
қамтамасыз етуі тиіс (3).
10
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Зерттеудің
алғышарттары
БҰҰ-ның Қазақстан үшін даму мақсаттарында
жәрдем көрсетудің Негіздемелік бағдарламасына
(Қазақстандағы ЮНДАФ) сүйенген
Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің 2010-2015 жж.
арналған Елдік бағдарламасына сәйкес, ба-
лаларды қорғау саласындағы реформа басым
мақсаттардың бірі болып табылады. Соған сәйкес
Қазақстан Республикасының Адам құқықтары
жөніндегі ұлттық орталығы (Омбудсмен
мекемесі), Білім және ғылым министрлігі (БҒМ),
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
(ЕХӘҚМ), Денсаулық сақтау министрлігі
(ДСМ), Әділет министрлігі (ӘМ) және Ішкі
істер министрлігі (ІІМ) ЮНИСЕФ-пен бірлесіп,
мектептердегі балаларға қатысты зорлық-
зомбылық бойынша зерттеу жүргізуге келісті.
2010 жылы жүргізілген «Қазақстан Республикасы
мемлекеттік интернат мекемелеріндегі балаларға
қатысты зорлық-зомбылық» және 2011 жылы
жүргізілген «Қазақстандағы
тәуекелді мінез-
құлық, жыныстық қанаушылық пен адам сауда-
сына қатысты балалардың осалдығын бағалау»
зерттеулеріне жалғаса өткізілгендіктен, (4, 5)
бұл зерттеудің маңызы өте жоғары. Бұл екі зерт-
теу Қазақстандағы ең осал балалардың кейбіріне
қатысты жасалған зорлық-зомбылық пен
қанаушылықтың табиғаты мен дәрежесі туралы
қорытындыларды көрсетті. Олар сонымен бірге
балаларды қорғау жүйесі мен әділ сот жүйесінің
балаларға зорлық-зомбылық көрсету мен олар-
ды қанау және сату сондай-ақ осал балалар
мен құрбан балаларды одан әрі құрбандыққа
ұшыраудан қорғауға қатысты мәселелерге
бұл жүйелердің жауап қайтару және мұндай
іс-әрекеттерді анықтау
қабілеттеріне қатысты
кемшіліктерін анықтады. Мұндай бағалау
сондай-ақ Қазақстандағы осал балалардың
арасындағы, олардың ішінде үйінен кетіп қалған,
көшеде өскен балалар, жабық типтегі мекемелер-
ге орналастырылған балалар, бала саудасының
құрбандары, жыныстық қанауға ұшыраған
қыздар мен жас әйелдер арасында суицид пен
өзін-өзі зақым келтіруге соқтыратын әрекет сипа-
ты мен мінез-құлық үлгісінің дәрежесін анықтауға
көмектесті.
2010 жылы жүргізілген Қазақстан
Республикасындағы мемлекеттік интер-
нат мекемелердегі балаларға қатысты
зорлық-зомбылықты
бағалау Қазақстандағы
осындай алғашқы жүйелі зерттеу болып табы-
лады. Бұл бағалаудың қорытындылары зерт-
теуге қатыстырылған балалар тұратын түрлі
типті мемлекеттік мекемелердің әрқайсысында,
атап айтқанда, сәбилер үйі, жетімхана, бала-
лар үйлері мен интернаттар, девиантты мінез-
құлқы бар балаларға арналған арнайы білім беру
ұйымдары, арнайы түзету білім беру мекемелері,
мүгедектіктің психо-неврологиялық және
басқа да ауыр түрлеріне шалдыққан балаларға
арналған мекемелер,
сондай-ақ жасөспірімдер
үйлерінде орын алып отырған зорлық-зомбылық
табиғаты мен дәрежесін анықтады. Мемлекеттік
интернат мекемелеріндегі балаларға зорлық-
зомбылықты осы мекемедегі басқа балалар
немесе қызметкерлер жасаған. Мысалы, ин-
тернат мекемелерінде сауалнамаға қатысқан
балалардың 50%-ы басқа балалардың
арасындағы зорлық-зомбылыққа куәгер болғаны,
ал қызметкерлердің 35%-ының балаларға
зорлық-зомбылық жасағанына куәгер болғаны
анықталды. Девиантты мінез-құлқы бар балаларға
білім беретін арнайы ұйымдарда балалардың
50%-ы мекемедегі балалар арасындағы зорлық-
зомбылықтың куәгері болса, 28%-ы баланың
өзге
балаға дене жарақатын салғанын, ал 41%-
ы қызметкерлердің балаларға зорлық-зомбылық
жасағанын көрген. Сондай-ақ, балалар
үйлеріндегі сауалнамаға қатысқан балалардың
14%-ы, девиантты мінез-құлқы бар балаларға
білім беретін арнайы ұйымдардағы балалардың
15%-ы мекемедегі басқа бала тарапынан жәбір
көргенін, мұның өздеріне қатты батқанын айтты.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беретін
арнайы түзету мекемелерінде қызметкерлердің
80%-ы мекемедегі балалар арасындағы зорлық-
зомбылыққа, 25%-ы бір баланың өзге балаға
дене жарақатын салғанына куә болса, 56%-ы
қызметкерлердің мекемедегі балаларға зорлық-
зомбылық жасайтынын хабарлады. Осы зерт-
теу
барысында, сонымен бірге, балалар үйіндегі
тәрбиеленушілерінің кем дегенде 8%-ы және де-
виантты мінез-құлқы бар балаларға білім беретін
арнайы ұйымдардағы балалардың 12%-ы өзін-
өзі зақымдауға және/немесе суицидке барғаны,
«мекемелердегі зорлық-зомбылық құрбаны
немесе куәгері болу» мен өзін-өзі зақымдау не
суицидке баруға бағытталған әрекетке қатысу
арасында себеп-салдарлық байланыс бары да
анықталды. Көптеген жағдайда жетім балалар
мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға
арналған мекемелерде тұратын балалар жергілікті