Қазақстан мектептердегі балаларғА Қатысты зорлық-зомбылықты бағалау



жүктеу 2,14 Mb.
Pdf просмотр
бет14/73
Дата15.01.2020
өлшемі2,14 Mb.
#26636
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   73

32
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
3-ТАРАУ: 
БАЛАЛАРДЫҢ 
МЕКТЕПТЕРДЕГІ 
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА 
ҚАТЫСТЫ ТӘЖІРИБЕСІ


33
Б
ұл тарау мемлекеттік мектептердегі мектеп жасындағы 
балалармен жүргізілген сауалнамалар мен 
сұхбаттардың деректерін және қорытындыларын таны-
стырады. Мұнда сондай-ақ сауалнамаға қатысқан балалар 
туралы демографиялық ақпарат қамтылды, оның ішінде от-
басы құрамы, отбасылық орта және ата-анасына бауыр басу 
дәрежесі де көрсетілген. Тарауда сонымен бірге балалардың 
мектепке бауыр басуы, олардың мектепте өздерін қауіпсіз 
сезінуі, балалардың мектеп қабырғасында куә болған не 
өздері тап болған зорлық-зомбылық пен кемсітушіліктің 
түрлі формаларының сипаты мен дәрежесі туралы ақпарат 
та берілген. Деректер бізге балаларды куәгерлер, құрбандар 
және/немесе мектепте зорлық-зомбылық пен кемсітушілік 
жасайтындар деп бірнеше санатқа бөлуге, сондай-ақ әр 
санаттағы балалардың мінездемесін түсінуге мүмкіндік 
береді. Тарауда өздерінің үйден кетіп қалғаны және/неме-
се өзін-өзі зақымдауға, сонымен бірге суицидалды мінез-
құлыққа тартылғаны туралы хабарлаған балалар туралы 
ақпарат қамтылған.    
Бұл тараудың мақсаты – мектеп қызметкерлері мен 
саясаткерлердің мектептегі зорлық-зомбылықты дұрыс 
түсініп, анықтама бере алу, сондай-ақ мектептерді балалар 
үшін барынша қауіпсіз орынға айналдыруға көмектесетін, 
мектептегі зорлық-зомбылық деңгейін азайтуға бағытталған 
бастамалар мен бағдарламалар әзірлеу үшін пайдалануына 
болатын деректер мен қорытындылар жасау. Бұл тарауда 
қамтылған деректер мен қорытындылар сонымен бірге 
мектеп жұмысшылары үшін тренингтер мен оқулар өткізуде 
көмектесе алады, бұл оларға мектептегі зорлық-зомбылықты 
ерте анықтауға және оқиғаның алдын алып, араласуға 
мүмкіндік береді.  


34
ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ
Балалардың демографиялық 
деректері
Сауалнама Қазақстанның 4 өңіріндегі 40 мек-
тепте 4207 бала арасында жүргізілді. 3.1-ке-
стеде 4207 баладан тұратын іріктемелі топ 
бойынша демографиялық мінездеме берілген. 
Өңірлер ішінде, сауалнамаға ең көп қатысқан 2, 
3, 4-өңірлердің балалары, себебі оларды мектеп 
саны және әр мектептегі бала саны 1- өңірмен 
салыстырғанда көбірек. (2.1-қараңыз). 4-өңірде 
де ауыл мектептерінің саны басым болғанымен 
(2.1 және 2.2-кестелер), ауыл мектептерімен 
(45,7%) салыстырғанда, қала мектептерінің ба-
лалары сауалнамаға көбірек тартылды (54,3%), 
себебі қала мектептерінде бала саны артық және 
сыныптар да үлкен. Таңдап алынған қала және 
ауыл мектептеріндегі балалардың арақатынасы 
2011 жылдың ресми бағалауымен ұқсас, яғни 
Қазақстан тұрғындарының басым бөлігі қалалық 
жерді мекен етеді (54%), ауыл тұрғындарының 
саны сәл аздау (46%) (1).
Жыныстық белгі бойынша, іріктеудің 50,9%-ы 
қыздар, 49,1%-ы ұл балалар болды. Балалардың 
жасы 9 бен 18 аралығында, ал орташа жас 13-ті 
құрады. 11 мен 15 жас аралығындағы балалардың 
үлесі бірдей болды, ал 9, 10, 16 және 17 жастағы 
балалардың саны аздау. Білім алу сыныбына 
қарай, 5 пен 9-сыныптар аралығында бала саны 
бірдей дерлік, ал 10-сыныпта іріктемеге қатысқан 
бала саны біраз аздау болды. 
3.1-кесте сауалнамаға қатысқан балалардың 
69,0%-ы қазақтар, ал 20,6%-ы орыстар 
болғанын көрсетті. Өзбек, қырғыз немесе басқа 
да ұлт балаларының үлес салмағы аз болды. Бұл 
арасалмақ, жалпылай алғанда, 2009 жылғы 
халық санағында көрсетілген ұлттық бағалауға 
сәйкес. Онда тұрғындардың 63,1%-ы қазақтар, 
23,7%-ы орыстар, 2,9% – өзбектер және 4,5%-
ы өзге ұлттардың өкілдері екені көрсетілген. 
Балалардың басым бөлігі (91,3%) былтыр қай 
мектепте оқыса, биыл да сонда оқитынын айтқан.    
Балалардың отбасылық ортасы
Балалардан ата-анасымен қарым-қатынасын 
қоса отырып, отбасылық ортасы мен отба-
сы туралы әңгімелеу сұралды. 3.2-кестеде 
балалардың көпшілігі (77,5%) ата-анасымен 
тұрақты түрде тұратынын айтқаны көрсетілген. 
Балалардың 14,0%-ы тек анасымен, ал 1,2% – 
тек әкесімен тұрады. Бұдан бөлек, балалардың 
тек 4,5%-ы анасымен және өгей әкесімен тұрса, 
0,8%-ы әкесімен және өгей шешесімен тұрады. 
Ал балалардың 2,0%-ы ата-анасымен емес, 
өзге туыстарымен тұратын болып шықты.
3.1-кесте. Балалардың демографиялық 
деректері (сауалнама)
Іріктеме N=4207
Облыс
n
%
 1-өңір
539
12,8%
 2-өңір
1402
33,3%
 3-өңір
1196 
28,4%
 4-өңір
1070
25,4%
Қала/ауыл
 Қала 
2285
54,3%
 Ауыл 
1922
45,7%
Жыныс 
 Қыз 
2140
50,9%
 Ұл
2067
49,1%
Сынып 
 5-сынып
734
17,4%
 6-сынып
766
18,2%
 7-сынып
716
17,0%
 8-сынып
695
16,5%
 9-сынып
698
16,6%
 10-сынып
598
14,2%
Жасы
 9 жас
13
0,3%
 10 жас
378
9,0%
 11 жас
733
17,4%
 12 жас
718
17,1%
 13 жас
643
15,3%
 14 жас
669
15,9%
 15 жас
657
15,6%
 16 жас
383
9,1%
 17 жас
13
0,3%
Ұлты
 Қазақтар
2904
69,0%
 Орыстар
867
20,6%
 Өзбектер
15
0,4%
 Қырғыздар
6
0,1%
 Басқалар 
415
9,9%


жүктеу 2,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау